философия 15.pptx
- Количество слайдов: 11
Гносеология
Таным проблемалары: оның мүмкіндік шарттары мен ұқсас ақиқатқа жету жолдары ғылыми және ғылыми емес білімнің қатыстылығы; танымдылығы мен күйзелісі яғни таным шындығына қатысты барлық сұрақтарды гносеология зерттейді.
Гносеология немесе таным теориясы философиялық білімнің бөлігі, танымдық іс - әрекетінің мәні шарттары ұқсас білімге жету жолдарын қарастырады. Одан басқа таным теориясын адасушылық оның пайда болу себептері мен оны жеңу жолдары білімнің өмірлік экзистенциалды мазмұны қызықтырады. Гносеология философиялық білімнің бір бөлімі, сондықтан оның зерттеуі адам өмір жүйесіндегі жалпылық болып қолданады. Бірақ, гносеология - бұл қатынастың тек танымдық аспектісін зерттеп, танымның негізділігі мен жақтылығын ашады.
Қарапайым реализм - адамнан тыс тұрған заттарды, құбылыстарды біз қалай қабылдасақ, ол шындықта дәл солай болады, ал олар түйсіктер формасына ешқандай әсер етпейді. Сезімдік таным формалары: Түйсік - заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерін бейнелеу; Қабылдау - сезім мүшелеріне тікелей әсер ететін сыртқы заттар мен құбылыстардың тұтас бейнесі; Елестету - бұрын қабылданған заттар мен құбылыстардың бейнесін қайта жаңғырту.
Рационалистік таным формалары: Ұғым - заттар мен құбылыстардың елеулі белгілері мен қасиеттерін бейнелейтін абстрактілі ойлау формасы. Пікір - дегеніміз бір нәрсені растайтын немесе терістейтін ойлау формасы. Пікір объективтік шындықтағы құбылыстардың, заттардың болмысының ақиқаттығын, не жалғандығын бейнелейтін ойлау формасы. Тұжырым деп бір немесе бірнеше пікірден жаңа пікір шығаратын ойлау формасын айтады.
Эмпирикалық зерттеулер методтары. Бақылау - сыртқы дүниені алдын ала, мақсатты түрде қабылдау, яғни құбылыстарды табиғи шындықта, оларға араласпай, тікелей қабылдау, зерттеу. Эксперимент - шындықты, құбылыстарды бақылауға, басқаруға болатын жағдайларда, шарттарда зерттеу. Зерттеуші объект жасанды, тәжірибелік, жан-жақты ескерілетін жағдайда қарастырылады. Салыстыру - объекттердің ұқсастығы мен айырмашылығын аңғару, салыстыру әдісі. Өлшеу - бір шаманың басқа бір шамаға қатынасын анықтау. Аналогия - бір немесе бірнеше қасиеттері бойынша «заттардың ұқсастығын анықтау. Индукция (лат. т. нысанаға алу) - ой қозғалысы процесінің жекеден ерекше арқылы жалпылыққа өтуі.
Теориялық зерттеулер методтары Дедукция (лат. т. шығару) - ой қозғалысы процесінің жалпылықтан ерекше арқылы жекелікке өтуі. Моделдеу (лат. т. өлшем, норма, үлгі) - оригиналдың аналогын жасау. Оригиналды тану үшін моделді жасау немесе таңдау процесі. Идеализация (гр. т. түр, көлеңке) - шындығында бейнесі бар, бірақ күнделікті тіршілікте кездеспейтін объекттерді ойда құрастыру, конструкциялау. Абстракциялау (лат. т. дерексіз, тиянақсыз) – заттардың бірқатар қасиеттерінің ойда дерексізденуі немесе кейбір қасиеттерінің жіктеленуі, бөлініп шығуы. Анализ - бүтіннің құрамдас бөліктерге ойша немесе іс жүзінде ыдырауы, жіктелінуі, бөлінуі. Синтез - әртүрлі элементтердің біртұтастыққа бірігу процесі.
Гносеология - таным теориясы, философияның маңызды бөлігі, адамның тану қабілеті, танымның бастауы, формалары, әдістері туралы, ақиқат және оған жетудің жолдары туралы ілім. Гносеология философиямен катар пайда болып, өмір сүріп келе жатыр. Дегенмен егер қателік жібермесе, адам ақиқатты ақиқат ретінде тани алмас еді. Сондықтан гносеологияда адамның қалай адасатыны және одан кейін қалай тура жол табатыны да зерттеледі.
Гносеология үшін дүние, адам және адамзат коғамы туралы дәйекті білімдердің болуының қандай практикалық маңызы бар деген мәселенің өмірлік мәні ерекше. Осындай толып жатқан мәселелер жиналып келіп, "Білім деген не? "деген сұраққа жауап беретін таным теориясының өзекті мәселесін құрайды.
Әдебиет: 1) Назарбаев Н. А. В потоке истории. – Алматы, 2008. 2) Назарбаев Н. А. Избранные произведения. В двух томах. – А. , 2010. 3) Абишев К. А. Философия. – Алматы, 2000. 4) Абдильдин Ж. М. Соч. В 5 -ти т. – А. , 2001 -2002. 5) История философии. – М. , 2004. 6) Атымбаева К. Философия истории (учебное пособие для бакалавриата) – Алматы, 2010. 7) Алтаев Ж. А. , Габитов Т. Х. История философии. – Алматы, 2010.
Назарларыңызға рахмет!
философия 15.pptx