Гиг. даму тарихы.ppt
- Количество слайдов: 24
Гигиенаның даму тарихын шартты түрде ұзақтығы бiр-бiрiне тең емес негiзгi екi кезеңге бөлуге болады: 1. Эмпириялық гигиена (тәжірибеге негiзделген) көп ғасырлар бойына дамыған. 2. Ғылыми - эксперименталдық гигиена, салыстырмалы түрде қысқа кезеңді қамтиды.
►Бiрiнші кезеңi тамырымен тарихқа дейiнгi уакытқа өтiп кетедi, адам өзiнiң өмiр сүруi үшiн күресу нәтижесiнде, өзiн қоршаған табиғатпен және оның әртүрлi факторларымен қатынасу тәжірибесiн жинай бастады.
p. Адам табиғатта өтiп жаткан құбылыстардың нағыз себебiн түсiнбей, тек жеке факторларды бiлiп отырған, сөйтiп олардың денсаулыққа зияндылығы немесе пайдалылығы жөнiнде белгiлi бiр тұжырымдамалар жасаған.
p Вавилон мен Ассирийдiц заңдылы құжаттарында (бiздің эрамызға дейiнгi 19 ғасыр) жекебастың және қоғам гигиенасына қатысты жерлерi болған. p Ерте дүниедегi Египетте тағамдық азықтарды, сумен емдеудi, массаж қолдану жөнiнде, базарларда бақылау жүргiзу т. б. жөнiнде санитарлық ұсыныстар болған.
p. Ерте дүниедегi Қытайдың медициналық трактаттарында, ауруды емдеудiң күрделiлiгiне байланысты, олардың алдын алу қажет екендiгi көрсетiлген.
p Гипократтың еңбектерiнде (б. э. дейiнгi 460 -377 жылдар) адамның денсаулығына әсер ететiн жалпы (топырақ, су, ауа райы) және жеке бастың (тамақтану, тұкым қуалаушылық, өмiр сүруiндегi әдет-ғұрыптары) факторлары көрсетiлген.
p. Ерте дүниедегi Грецияда сусындар мен тағамдық азықтарды сату кезiнде 6 ақылау жүргiзiлген, су тасымалдау жүйесi, канализациялар салынған (Афины), елдi мекендер жоспарланған.
p Санитарлық техникалық құрылыстардың ең жоғары дамыған жерi ерте дүниедегi Рим (Рим акведуктерi, канализациялар. бассейндер, қоғамдық моншалар).
p Ерте, орта ғасырлардағы шығыстың атақты дәрiгерi Ибн. Сина (980— 1037) бес томдық “Дәрiгерлiк ғылымның кононы” (конон врачебн. науки) жазған. Оған ауа, су т. б. гигиенасы жөнiнде тараулар кiрген. ХІIғасырда «Салериндiк денсаулық кодексi» құрылган.
p Жалпы орта ғасырлар кезеңi санитарлық мәдениеттiң шұғыл төмендеуiмен сипатталады. p Мұндай жағдайлар халық арасында өлiм санын арттыратын кемшiлiктiң ауруына әкеп соқты.
p ХV ғасырда санитарлық мәдениеттiң бiраз жоғарылағаны байқалады. Бұл уақытта өндiрiс дамиды, техника өндiрiле бастайды, мұның өзi ғылыммен мәдениеттiң дамуына ыкпал етедi.
►Левенгук микроскоп ойлап шығарады, медицина мен табиғаттануда түбегейлi ғылыми жұмыстар пайда болады. ►ХVIII ғасырдың соңында Петр Франктың сол кезеңдегi санитарлық мәлiметтердi тұжырымдайтын “Медициналық полицияның толық жүйесі (полная система медицинской полиции) деп аталатын шығармасы жарық көредi.
►Тек ХIХ ғасырда гигиенаның эмпириялық даму кезеңi ғылыми -эксперименталдылыққа ауысады. ► Бұған ыпал еткен өндiрiстiк революция мен өте iрi ғылыми жаңалықтардың ашылуы едi. ► Гигиенадан бiрiншi жұмыстар шыға бастады, мысалы, ағылшын Э. Паркстың (1857 Практикалық медицинаға басшылық).
►Ғылыми-эксперименталды гигиенаның дамуына елеулi үлес қоскан Мюнхеннiң санитарлық дәрiгерi Макс Петтенкофер болды. 1865 жылы ол Мюнхен университетiнде бiрiншi гигиена кафедрасын ашты, содан кейiн гигиена институтын ашты.
Орыс гигиенистерiнiң iшiнде бiрiншi кезекте А. Л. Доброславиндi айтқан жөн. Ол 1971 ж. p Петербургтағы әскери-медициналық академия базасында гигиена кафедрасын ашты. Осы жылдан бастап Ресейде өз алдына гигиена сабағы жүргiзiле бастады. p А. Я. Доброславин гигиена практикасына лабораториялық зерттеу әдiстерiн кеңiнен енгiздi, мұның өзi гигиенаның ғылыми пән болып қалыптасуына ықпал еттi. p
p 1882 ж. Ф. Ф. Эрисман Ресейде, Москва университетiнде, екiншi гигиена кафедрасын ұйымдастырады. Одан кейiн ол Москвада санитарлы-гигиенальқ лаборатория және санитарлық станция ашады. Ф. Ф. Эрисман көп гигиеналық жұмыстар жазды. Ол бiрiншi болып медицина мен гигиенаның арасындағы айырмасын байланысты көрсеттi.
p Ф. Ф. Эрисманныц оқушысы Г. В. Хлопин (1863 -1929) Әскеримедицина академиясының гигиена кафедрасын басқарды және сумен жабдықтау, су көздерiн қорғау, тұрғын үй т. б. гигиенасыньң саласында санитарлы-гигиеналық зерттеу жүргiзуге көп көңiл бөлдi. Көптеген оқулықтар мен кiтаптардың авторы. «Гигиена және санитария» журналының редакторы болды.
p 1872 ж. Ресейде санитарлық дәрiгердiң жұмыс орны бекiтiлдi. p. Оған И. И. Моллесон (1942 -1920) тағайындалды.
p 1922 жылы Ресейде “Республиканық санитарлық органдары туралы” деген декрет қабылданды, мұнда елдiң санитарлық қызметiнiң негiзгi құқы мен мiндеттерi құрастырылып жазылған. p Осы жылы қазiргi «Гигиена және санитария» журналы шыға бастады, оның бұрынғы бiрiншi он жыл бойындағы аты “Гигиена және эпидемиология» .
Атақы гигиенистердiң iшiнен А. Н. Сысиндi атап кеткен жөн. p Ол 1913 жылдан бастап Москва қаласының санитарлық дәрiгерi болып жұмыс iстедi, одан кейiн РСФСР-дiң денсаулық сақтау наркомының сан. -эпид. бөлiмiнiң бiрiншi бастығы және Москваның I-шi Медициналық институтының гигиена кафедрасының профессоры болды. p
p. А. В. Мольков (1870 -1947) отандық гигиенистер мектебiнiң негiзiн қалаушы.
p. Коммуналдық гигиенаның дамуына аса елеулi үлес қосқан А. Н. Марзеев (1883 -1956) Украина Наркомздравының санэпид бөлiмiнiң бiрiншi бастығы.
Гигиена бiрқатар бөлiмдерден тұрады, оның әрқайсысы гигиена ғылымы мен практикасының өз алдына жеке салаларын қамтиды.
► ► ► Коммуналдық гигиена. Елдi мекендердегi табиғи және әлеуметтiк факторлардың организмге әсерiн зерттейдi және қолайлы өмiр сүру жағдайын жасау үшiн гигиеналық нормативтер мен шараларды даярлайды. Тамақтану гигиенасы - құрамында әртурлi қоректiк заттары бар тағам рационының организмге әсерiн, тамақтық заттардың саны мен сапа жағынан ағзаға қажеттiлiгiн, жұмыс және тұрмыс жағдайына байланысты олардың организм үшiн үйлесімді арақатынастарын зерттейдi, алиментарльқ аурулардың алдын алу шараларын даярлайды. Еңбек гигиенасы — адамның жұмыс iс-әрекеттерi мен өндiрiстiк ортаның организмге әсер ету мүмкiндiгi тұрғысынан зерттейдi, жұмыс жағдайын сауықтыруға кәсiби аурулардың алдын алуға бағытталған гигиеналық шаралар мен нормативтердi даярлайды. Балалар мен жасөспiрiмдер гигиенасы. ҚО факторларының, оқу тәрбиелеу процесстерiнiң балалар организмiне әсерiн зерттейдi және балалардың дене құрылысы мен ой-өрiсiнiң дамуын қамтамасыз ететін, гигиеналық жағдайын жасау мақсатында гигиеналық талаптар мен нормативтерді даярлайды. Радиациялық гигиена - иондағыш сәулеленудiң, радиациялық заттардьң адам организмiне әсерiн зерттейдi және осы заттармен жұмыс iстейтiн адамдардың радиациялық қауiпсiздiгiн қамтамасыздау жөнiнде санитарлық гигиеналық шаралар мен нормативтерді даярлайды.
Гиг. даму тарихы.ppt