Гераклит
Эфестік Гераклит (Ἡράκλειτος, б. з. д. 535 – c. 475 ж. ) антикалық филсофияның бірегей өкілдерінің бірі, Эфес мектебінің ұстазы, Сократқа дейінгі философияның көшбасшыларының бірі.
• Ол диалектикалық ойлау дәстүрінің негізін салған ойшыл. Табиғат философиясы дәстүрін жалғастырушы. "Логос", "От", "Ағын", "Қайшылық" ұғымдары арқылы өзінің онтологиялық философиясын қалыптастырған. Оның мағынасы терең нақыл сөздері бүгінге дейін айтылады. Ақсүйек болса да, бірақ мінезі тұйық, мұңлы жүзді болғандықтан, әсіресе жазған, айтқан сөздері астарлы, күрделі, сырлы болып келетіндіктен замандастары оны Тұңғиық әулие деп атаған екен. •
• Гераклит философиясы грек философиясының алғашқы қалыптасу кезеңіне тұспа тұс келеді. Оның идеялары кейінгі ғасырдағы көптеген ойшылдарға, философиялық бағыттарға әсер етті. Гегель тапқырлаған "диалектиканың үш заңы" Гераклиттен алған шабыттың жемісі екені байқалып тұр және мұны Гегельдің өзі де мойындайды.
• Ол қалыптастырған логоцентризм жосыны постмодернизм бойынша еуропаның 2500 жыл бойғы негіздік ойлау ерекшелігі болған делінді.
• Гераклитті гносеология мәселесін тұңғыш көтерген ойшыл деуге де болады. Ол сезімдік танымға мән берді, сезімдік танымның рас-өтірігін алғаш рет қарастырды, адамзаттың ортақ парасатқа (логосқа) ие екенін түсіндірді. Ол философияны адам танымы мен таным субъектін тану ретінде қарастырған алғашқы ойшыл деуге болады.
• Гераклит Эфестегі (Қазіргі Түркия жерінде) ақсүйек отбасында өмірге келген. Ол тіпті хандық таққа лайық болса да, орнын өз інісіне беріп, өзі Артемида ғибадатханасынажасырынып, қарапайым ойшылдық өмір кешірген. Кезінде Парсы патшасы Дарий оған хат жазып, ордада грек мәдениетінен сабақ беруге ұсыныс еткен кезде де ол асқақтықпен бас тартыпты.
• Ол: «атақты болудан үрейленемін, сондықтан парсылар арасына барғым келмейді. Мен үшін өзімнің осылай жай адам болғаным қымбат» деген екен. Ол саясатты - ponêra деп атапты (ponêra сөзі екі мағына береді: мүлдем қате және қиыншылық
Шығармалары • Гераклит «Тұңғиық» (αἰνικτής ainiktēs)десе дегендей жазғандары күрделі, сырлы, астарлы мағынаға бай болып келеді. Ол «Табиғат туралы» деген үлкен кітап жазған екен. Кітап үш бөлімнен тұрған көрінеді: «Ғалам туралы» , «Саясат туралы» және «Рух туралы» . Өкініштісі бұл кітап толық сақталмаған. Бізге жеткені Гераклиттің 130 -дан артық нақыл сөзі. Олар оның кітабының ішінен үзіп алынған болуы да мүмкін, немесе дербес жазылған нәрсе болуы да мүмкін.
Діни көзқарасы • Дін жөнінде арнайы пікір айтпағанымен, оның идеяларынан Ксенофан секілді дәстүрлі діни түсінікке сын айтуды, астыртын мазақтауды байқаймыз. Ол діни құрбандық шалуды, тасаттық беруді, мүсінге табынушылықты соқырсенім ретінде бағалады. Гераклит Құдай бар деп сенгені анық, бірақ оның сенген құдайы «Логосқа бағынатын Мәңгілік От» болды. Ол құдайды салт-жосын мағынасында емес, ақылдық мағынада түсінуге тырысқан ойшыл. Дегенмен кейінгі грек-рим философиясындағы Стоикағымы Логос пен Мәңгілік отты Құдай ретінде танып, философияны дінилестіруге тырысқанын көреміз.
Назарларыңызға рахмет!