Мухаметжанова Аяулым Сары ауруPowerPoint.ppt
- Количество слайдов: 14
Гепатит (сары ауру) — бауырды зақымдайтын вирустық инфекция. Оны кей жерде "қызба" деп атағанымен, гепатит көбіне температураны көтермейді Бұл ауру жас балаларда жеңіл формасында өтеді, ал қарт адамдар мен екі қабат әйелдерде өте ауыр болады. Науқас әдетте, 2 апта бойы өте ауыр халде болады және ауырудан кейін 1 айдан 3 айға дейін қатты әлсірейді.
Жұқпалы сары ауру немесе вирусты гепатит – бауырдың кең тараған ауруларының бірі. Оны сыртқы ортада тұрақты өмірге бейімділігі жоғары кішкентай (майда) тірі организм - вирус тудырады. Ол аурудың қаны мен зәрінде болады. Вирус тұрмыстағы ластанған заттар, қол, су, тағам өнімдері арқылы айналадағыларға беріледі. Гепатит А-ның негізгі белгілері: тәбеттің төмендеуі; оң қабырғаның астының ауруы; дене қызуының көтерілуі (37, 5); жүректің айнуы, кейде құсу; әлсіздік, дімкәстік; зәрдің түсінің қоңырлануы; үлкен дәреттің түсінің ағаруы; таңдайдың, көз ағының сарғаюы, кейін терінің сарғаюы.
Санитарлық ережелерді сақтамай дайындаған тағам өнімдері, сондай-ақ вирусты гепатит ауру адамдар дайындап, таратқан тағамдар да осы ауруға ұшыратады. Сары ауру адам организмін бүтіндей зақымдайды. Бірақ өзгерістер бауырда өтеді. Алғашқы үш аптада аурудың ешқандай белгілері білінбейді. Мұны жасырын инкубациялық кезең деп атайды. Дәл осы кезеңде дәрігерге қаралу өте маңызды, дәрігер зерттеу тәсілдерінің көмегімен диагнозды дұрыс қойып, ем береді және режим, диета белгілейді, асқынудың алдын алады. Инкубациялық кезеңнен соң дененің сарғаюы басталады.
Алайда, аурудың сарғаймайтын формасы да кездеседі, бұл айналадағы адамдарға қауіпті. Егер ауырған адам дер кезінде емделмесе, үш аптадан соң дене сарғаюлары кетіп, денсаулығы қалыптасып кетеді. Науқас жеке адам гигиенасын және қоғамдық гигиенаны сақтауы керек: қайнатылған немесе өз шөлмегіндегі суды ішу; тамақ ішер алдында, дәретханадан кейін, серуендеп келгеннан соң қолыңызды сабындап жууды әдетке айналдыру; суға әдейілеп бөлінген жерде шомылу; ашық су айдындарынан, өзеннен алынған суды ішуге пайдаланбау; көкөністер мен жемістерді жақсылап, мұқият жуып пайдалану.
Белгілері n n n Асқа тәбеті болмайды, темекі де шеккісі келмейді. Көбіне бірнеше күн бойы тамақ ішпей қояды. Кейде оң жақ бауырының тұсы ауырады Дене қызуы көтерілуі мүмкін. Бірнеше күннен кейін көз сарғаяды. Тамақтан және оның иісінен лоқсып, құсады. Несептің түсі қызғылт-сары, ал үлкен дәрет — ақшыл болады.
Емдеу жолдары n n n Антибиотиктердің гепатитке еш пайдасы жоқ. Оның үстіне кейбір дәрілер бауырға одан сайын зиян келтіреді. Дәрілерді пайдаланбаңыз. Науқас демалып, көп сұйық ішуі керек. Егер тамақ ішкісі келмесе, оған апельсин, папайя және басқа жемістердің шырындарын беріңіз, бұған қоса сорпа немесе көкөністер организмді витаминдермен байытады. Науқас тамақ іше бастаған кезде тамақтың түр-түрін теңдестіріп беріңіз. Құрамында протеин аздау көкөністі және жеміс-жидекті көбірек қабылдағаны дұрыс. Құрамында протеині мол тағамдарды (ет, жұмыртқа, балық т. б. ) көп бермеуді кеңес етеміз, өйткені бұл бауырға салмақ түсіруі мүмкін. Ауырғаннан кейін кем дегенде 6 ай бойы ішімдік ішпеңіз.
Алдын алу n n n Гепатит вирусы бір адамнан екінші адамға дәрет, лас су мен тағам арқылы тарайды. Ауруды жұқтырмау үшін науқас адамның дәретін көміп тастау немесе жағып жіберу керек және өзін таза ұстау керек Мұндай науқастарды күткен кезде оған жақындаған сайын қолды мұқият жуу қажет. Жас балаларда гепатиттің белгілері байқалмайды, бірақ олар ауруды басқаларға таратады. Гепатиттің алдын алуда жеке гигиена ережелерін қатаң сақтаудың ерекше маңызы бар. Аурудың белгілері жойылғаннан кейін кемінде 3 апта бойы ауруды басқаларға жұқтырмауға тырысыңыз. Жеке ыдыс пайдаланыңыз. Жыныстық қатынас жасамаңыз, тіпті презервативпен болса да, басқаларға дайындалған тамақтан аулақ болыңыз.
Ауру шыққан үйлерде, мектептерде, балабақшаларда, т. б. нысандарда қорытынды дезинфекция 3% хлорлы дәрімен міндетті түрде өткізілуі қажет немесе соңғы шыққан дезинфекциялық дәрілерді кеңінен пайдалану керек: деохлор және жавелин таблеткалары, авансепт, мистраль, ID-212, FD -312 концентрациялық сұйықтар. Аурудың үйінде бөлмелері, ыдыс-аяқтары, әжетханалар, ал мектептер мен мектепке дейінгі балалар мекемелерінде ауырған болса, сол ауырған бала оқитын сынып бөлмелері, дәліздер және әжетханалар зарарсыздандырылады.
Мухаметжанова Аяулым Сары ауруPowerPoint.ppt