oyyn_saba_1179___1178__1201_daybergen_A_N.pptx
- Количество слайдов: 28
«Географиялық алаң» интеллектуалды ойыны
1 тур: «ИӘ, ЖОҚ» ойыны Әрбір топқа 10 сұрақ беріледі, әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай. Жауап тез -тез берілу керек.
І топтың сұрақтары • • • 1. Қазақстанның шекарасы 2 724, 9 мың км Иә 2. Таулар биіктігіне қарай 4 -ке бөлінеді Жоқ 3. Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама Анхель Иә 4. Қазақстан 6 елмен шектеседі Жоқ 5. Өскемен -Шығыс Қазақстан облысының орталығы Иә 6. Қазақстанда 5 экономикалық аудан бар Иә 7. Мұнайды экспортқа шығаратын елдерді ОПЕК ұйымына мүше елдер деп атайды Иә 8. Италия мемлекеті Апеннин түбегінде орналасқан Иә 9. Түркияның астанасы- Стамбул Жоқ 10. Ең ежелгі материк Гондвана Жоқ
ІІ топтың сұрақтары • 1. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болып жарияланды Иә • 2. Тау жыныстары пайда болуына қарай 2 -ге бөлінеді Жоқ • 3. Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен -Ніл өзені Иә • 4. Қазақстаноңтүстігінде. Тәжікстанменшекараласады Жоқ • 5. Петропавл -Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Иә • 6. БҰҰ-ның штаб пәтері Вена қаласында орналасқан Жоқ • 7. Испания -Пиреней түбегінде орналасқан Иә • 8. Қазақстанда 16 облысбар Жоқ • 9. Иранның астанасы-Ереван Жоқ • 10. Ең ежелгі мұхит–Тетис Жоқ
2 тур: «Елтану» ойыны • Әрбір топқа тақтада 6 -дан елдердің мемлекеттік тулары және сол елдерге қатысты нысандар беріледі. • Уақыты 30 секунд, түгел дұрыс орындаса 10 ұпай.
І топтың сұрақтары
• • АҚШ- «Бостандық статуясы» Қытай- «Қытай қорғаны» Франция- «Эйфель мұнарасы» Ұлыбритания- «Вестминстер- парламент үйі» • Испания- «Тореадор» • Италия- «Колизей»
ІІ топтың сұрақтары
• • • Үндістан- «Тадж Макал» Түркия- «Босфор көпірі» Германия- «Бранденбург қақпасы» Жапония- «Фудзияма» Ресей- «Қызыл алаң» Чехия- «Карлов көпірі»
3 тур: “Ойлан тап” Жасырылатын заттың сипаттамасы беріледі , сол арқылы заттың атын табу керек. 3 көмек болады , әрбір көмек алған сайын 1 ұпай шегеріліп отырады Ойлануға 1 минут, дұрыс жауап 10 ұпай.
• • • Бұл өсімдікті орта ғасырларда І топқа: ежелгі гректер жыланның шаққан жеріне бірден бір ем ретінде қолданған. Сондықтан оны "жылан өсімдігі" деп атаған. Ал ежелгі Мысырда оны пирамида құрылысы кезінде мыңдаған құлдарға күн сайын беріп тұрған.
• Бірінші көмек: Бұл өсімдіктің отаны-Орта Азия. • Екінші көмек: Францияда шілдеден қаңтарға дейін әрбейсенбіде бұл • өсімдіктің ғажайып жәрмеңкесі өткізіліп тұрады. • Үшінші көмек: Исі өткір, ащы, тамаққа пайдаланамыз. • Жауап: Сарымсақ
• • • Грек мифологиясында Аполлон бұл өсімдік жапырағынан гүлдесте жасап басына және өзінің саз аспабына әдемілік ретінде тағып жүрген. Содан бері күні бүгінге дейін бұл гүлдесте "даңқ символы“ ретінде халықаралық түрлі сайыстағы жеңімпаздардың мойындарына тағылып жүр.
• Бірінші көмек: Отаны-Жерорта теңізі жағалауы. • Екінші көмек: Бұл өсімдік Греция мемлекетінің елтаңбасында бейнеленген. • Үшінші көмек: Бұл өсімдік жапырағын дәмдеуіш ретінде тамаққа да • пайдаланады. • Жауап: Лавр жапырағы.
ІІ топқа: • • Ең алғаш бұл сусын 18 ғасырда голландықтар дастарханында пайда болған. Ресейге бұл сусын тосыннан келген. 1638 жылы Москвадан монғол ханына сыйлық келеді. Риза болған хан жауап ретінде өз сыйын жібереді. Орыс елшілері бұл сыйды көріп, жарамсыз зат ретінде қабылдап, өз елдерін төмендету деп есептейді. Дегенмен сыйлық Ресейге жетеді, патша оны ұнатады. Басында оны дәрі ретінде пайдаланады, ал 19 ғасырдан бастап оны өте көп мөлшерде пайдалана бастады.
• Бірінші көмек: Отаны-Қытай • Екінші көмек: Қытайдан басқаҮндістанда, Шри-Ланкада, Жапонияда, Индонезияда, Вьетнамда. Грузияда, Таиландта, Бирмада өсіріледі. • Үшінші көмек: Бұл сусынды ішпесе қазақтардың басы аурады. • Жауабы: Шай
• • • Қытайда бұл өсімдік дәмдеуіш ретінде жоғары бағаланады. Оның тарихы да қызықты. Қытай әміршісінің сарайында аула сыпырушылардан бастап барлық қызмет көрсетушілер ауыздарынан жағымды иіс шығып тұру үшін бұл дәнді ауыздарына салып жүруі керек болған.
• Бірінші көмек: Гүлін көбінесе ер адамдарға сыйлайды • Екіншікөмек: Емге де пайдаланады. • Үшінші көмек: Бұл өсімдіктің отаны. Индонезия. • Жауап: Қалампыр дәні.
4 тур: «Бұл қай ел» Бір елдің сипаттамасы беріледі, сол бойынша елдің атын табу керек. 3 көмек болады , әрбір көмек алған сайын 1 ұпай шегеріліп отырады. Ойлануға 1 минут, дұрыс жауап 10 ұпай.
І топқа сұрақ: • Бұл дамушы елдің аумағы екі дүние бөлігінде орналасқан. Ел халқының көп бөлігі әлемдегі ең белгілі өзенің аңғары мен атырауында тұрады. Ел астанасы материктегі аса ірі агломерациялардың бірі. Тарихи -мәдени ескерткіштер мен рекреациялық ресурстарға бай болуы себепті туризм халықаралық дәрежеде дамыған. Ел аумағында мұнай өндіріледі. Жергілікті халық негізінен ауыл шаруашылығымен айналысады. Мақта- ел экспортының маңызды бөлігінің бірі.
• Бірінші көмек: Африка мен Азия дүние бөлігінде орналасқан. • Екінші көмек: Жерорта теңізінің оңтүстігінде орналасқан. • Үшінші көмек: Пирамидалар елі. • Жауап: Египет
ІІ топқа: • Бұл елдің атауы өз тілдерінен аударғанда "төмен жатқан жер « деген мағына береді. Ел Солтүстік теңіз жағалауында орналасқан. ел аумағында халық өте тығыз орналасқан. Өнеркәсіптегі жоғарғы технология салаларының үлесі жөнінен дүние жүзінде Жапониядан кейін 2 орын алады. Ауыл шаруашылығының басты саласы -көкөніс және жеміс-жидек өсіру. Мал шаруашылығының негізі- сүтті сиыр өсіруге маманданған. Дүние жүзіне әйгілі қара ала сиыр тұқымы өсіріледі.
• Бірінші көмек: Мұнда сиырға арнап ескерткіш қойылған. • Екінші көмек: Бұл елді гүлдердің отаны деп атайды. • Үшінші көмек: Бұл елді екінші атауымен Голландия деп те атайды. • Жауап: Нидерланд
5 тур: " Географиялық ассоциация" Оқушыларға әр түрлі ұғымдар беріледі , соларды саралап карап қандай географиялық ұғымды білдіріп турғанын табулары керек. Ойлануға 30 секунд, әрбір дұрыс жауапқа 3 ұпай
I топқа • • • • • 1. Толқын, қауіп-қатер, жылдамдық, апатты құбылыс, жер сілкіну. Цунами 2. Өзен, теңіз, булану, бұлт, жауын- шашын, күн. Дүние жүзілік су айналымы 3. Ессентуки, Анталия, Майами. Курортты жерлер 4. Москва, Дели, Мадрид, Вильнюс, Осло. Астаналар 5. Теңіз, көл, өзен. Су қоймалары 6. Игуасу, Анхель, Виктория Сарқырамалар 7. Гольфстрим, Солтүстік Атлант, Бразилия Жылы ағыстар 8. Мариана, Ява, Пуэрто-Рико. Шұңғымалар 9. Гренландия, Отты Жер, Мадагаскар, Хонсю Аралдар 10. Атлас, Аппалач, Декан, Анд, Карпат. Таулар
ІІ топқа: • • • • • • 1. Мұхит, мұз, тау, "Титаник", қауіп-қатер. Айсберг 2. Тау, су, гүрілдеу, ғажайып көрініс, жыра Сарқырама 3. Самум, бриз, тайфун, муссон, ураган. Желдер 4. Гвинея, Бискай, Парсы. Шығанақтар 5. Гоби, Сахара, Такла-Макан, Тар Шөлдер 6. Ганг, Евфрат, Колумбия, Хуанхэ, Дунай Өзендер 7. Чад, Байкал, Гурон, Эри, Виктория Көлдер 8. Тайга, саванна, тундра Табиғат зонала 9. Рим, Пекин, Братислава, Копенгаген , Каир Астаналар 10. Ла-Манш, Беринг, Гибралтар Бұғаздар •
6 тур: «Интеллектуалдыжекпежек» капитандар сайысы. 16 сұрақ қойылады, екі топ капитандары қатар шығып тұрады да, кезекпен- кезек жауап береді. Біреуінің жауап бере алмағанына екіншісі жауап беріп ұпайын алуға болады. Тез-тез жауап беру керек. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай.
• • • • 1. Ең ұзын өзен? Ніл 2. Ең жүйрік аң? Гепард 3. Ең алып құс? Африка түйеқұсы 4. Ең суыққа төзімді құс? Пингвин 5. Ең үлкен мұхит? Тынық мұхтиты 6. Ең үлкен арал? Гренландия 7. Ең терең көл? Байкал 8. Ең биік шың? Эверест 9. Ең биік сарқырама? Анхель 10. Ең қалың мұз жамылғысы? Вилкес жері ( Антарктидада) 11. Ең құрғақ жер? Атакама шөлі 12. Ең төмен теңіз? Өлі теңіз 13. Ең биік тау көлі? Титикака 14. Ең тұзды теңіз? Қызыл теңіз 15. Ең үлкен архипелаг? Индонезия 16. Ең терең шұңғыма? Мариан
oyyn_saba_1179___1178__1201_daybergen_A_N.pptx