ГАПЛОИДТЫ ТЕХНОЛОГИЯ Орындаған: Жуат С. Ж.
• Гаплоидты организмдер – ол, соматикалық жасушаларда бір ғана хромосомы бар, яғни белгілі түрге тән жиынтықтың жартысы. Гаплоидтарды аналық немесе аталық гаметофиттерді өсіру арқылы in vitro алуға болады. Культурада тозаңқап пен тозаңдық спорофитінің микроспорадан пайда болуы андрогенез деп аталады. Микроспоралар дамудың күрделі жолымен өтіп, эмбриоид немесе каллус түзеді сондықтан да регенерант-өсімдіктер гаплоидты, диплоидты және полиплоидты болуы мүмкін.
• Андрогендік гаплоидтың шығуына донорлық өсімдіктің генотипі, микроспораның даму кезеңі, қоректік ортаның құрамы және де түрлі стресстік әсер ететін факторлар ықпалын тигізеді. Тозаңқаптар мен тозаңды өсіргенде пайда болатын регенерант өсімдіктерінің саны аз және олардың көбісі альбинос болады, әсіресе бұл астық тұқымдастарында байқалады. Соған қарамай, осы әдіспен көптеген ауыл шаруашылық дақылдарының гаплоидтық өсімдіктері алынып, солардың негізінде бағалы сорттар шығарылды.
Гиногенез • Тұқым бүршігін in vitro өсіріп, оның жұмыртқа клеткасының дамуы арқасында гаплоидтық регенерант өсімдіктің шығуын гиногенез деп атайды. Бұл табиғатта кездесетін жыныссыз көбеюдіңапомиксистің-бір түрі. Аналық гаметофитті өсіргенде, регенерант өсімдігі эмбриоидогенез арқылы немесе каллуста өтетін органогенездің нәтижесінде шығады. Гиногаплоидтарды алу андрогаплоидтарға қарағанда әжептәуір қиынырақ. Бірақ бұл әдістің кейбір артықшылықтары(альбиностар болмайды және цитоплазмалық ұрықсыз өсімдіктерден гаплоидтарды алу мүмкіншілігі) оны пайдалануға ерекше көңіл аудартады.
• Арпаның және басқа астық тұқымдастарының гиногаплоидтарын шығару үшін табиғатта кездесетін партеногенздің бір ерекше түрін қолданған дұрыс. Екпе арпаның (Hordeum vulgare) жабайы пиязшық арпамен (H. bulbosum) тозаңдандырғанда, будан ұрық пен эндоспермнің бастапқы даму кезеңдерінде жабайы арпаның хромосомалары жойылады. Гаплоидтық ұрық 15 күн өткен соң дамуын тоқтатады. Оны сақтау үшін бөліп алып in vitro өсіру қажет. Жабайы арпаны аталық та, аналық та ретінде пайдаланып, гаплоидтар алуға болады. Осы гаплопродюсер әдісімен арпаның жаңа сорттары шығарылған.
Гаплоидты технологияның маңызы • Гаплоидық өсімдіктер практикалық селекция мен генетикалық зерттеулер үшін өте құнды. Дағдылы әдістермен оларды алу ұзаққа созылады, ал in vitro әдістерімен, әсіресе тозаңқаптарды өсіру арқылы және гаплопродюсер әдісімен гаплоидтарды алу селеция процесін жеделдетеді.
Қолданылған әдебиеттер • Уәлиханова Г. Ж. Өсімдік биотехнологиясы. Алматы: Қазақ университеті, 2001, 350 б. • Бутенко Р. Г. Биология клеток высших растений in vitro и биотехнология на их основе. М. : ФБК-ПРЕСС, 1999. 160 с. • www. google. kz