ufvtnf by.pptx
- Количество слайдов: 13
Гаметалардың in vivo культивирлеу Орындаған: Рахметова Айкөз Бозанова Гульфайруз Кәрім Нургуль Группа: БТ 13 -1 -22
Мазмұн: жануарлардың еркектерінің репродукциялық аппараты. Гаметаларды in vivo культивирлеу. Гаметаларды ұрықтандыруға арналған физиологиялық жағдайлар. Ұрықтарды in vivo культивирлеу.
ЖАНУАРЛАРДЫҢ ЕРКЕКТЕРІНІҢ РЕПРОДУКЦИЯЛЫҚ АППАРАТЫ Еркек жануарлардың жыныс аппаратының биологиялық маңыздығы – сперматазоидтерді жарату, олардың дамуына қолайлы жағдайлар тұдыру, сол сперматазоидтерді жыныс мүшелерінен шығарып ұрғашылардың жыныс мүшелерне кіргізу. Еркек жануарлардың жыныс мүшелерінің құрамы – аталық ұрық бездері, шығару аңғарлар, жыныс бездері, жыныс мүшесі.
ЖЫНЫС МҮШЕСІ ҰРҒАШЫЛАРДЫҢ ЖЫНЫС МҮШЕЛЕРІНЕ ЭЯКУЛЯТТЫ (СЕКРЕТТЕРМЕН АРАЛАСҚАН СПЕРМАТАЗОИДТЕР) ЖЕТКІЗЕДІ. СПЕРМАТАЗОИД – ЖҰМЫРТҚА ЖАСУШАҒА ЕҢГІЗІЛУ ҚАСИЕТІ БАР ГАПЛОИДТІК ЖАСУША. СПЕРМАТАЗОИДТІҢ ҚҰРАМЫНА ЯДРО ЖӘНЕ ОРГАНОИДТЕРДІ КІРГІЗЕТІН ЦИТОПЛАЗМА БАР. СПЕРМАТАЗОИД БАС, МОЙЫН, ҚҰЙРЫҚ БӨЛІМДЕРДЕН ТҰРАДЫ.
Бас жағы – 4 -6 мкм, домалақ келген. Нуклеопротеидтерге бай ядро бар. Осында нәсілдік материал орналасқан – еркек хромосомалардың жиынтығы. Ядроның алдында акросома орналасқан (across – жоғары, шеткі, soma – дене). Акросома – вакуоляда орналасқан тығыз бөлшек, бас жақтың алдында Гольджи кешенінің күрделі қайта құру қортындысында жаратылған. Акросомада акросомалдық жіп және ферменттер – гиалуронидаза, Д, Еспермолизиндер, про-акрозин бар. Жұмыртқа жасұшасын ұрықтандырғанда осы ферменттер жұмыртқа жасұшаның қабыршығын бұзып сперматазоид жұмыртқа жасұшаның ішіне кіреді. Акросома жұмыртқа жасұшаның дамуына жол береді. Мойын жағы – ұзындығы 0, 6 мкм, екі центриолядан тұрады: проксималдық және дисталдық. Проксималдық центриоля ұрықтандыру үдірісінде жұмыртқа жасұшаның цитоплазмасына кіріп бөлінуге қатысады. Дисталдық центриоля артқы және алдынғы бөлшектерге бөлінеді. Дисталдық центриоля сперматазоидтың құйрығының жұмысына қатысты. Құйрық жағы – 20 -30 мкм – бас, орта, ұш жақ бөлектерден тұрады. Құйрық болімнің ортасынан қысқарту жұмысын атқаратын білік жіп өтеді. Әдетте құйрық қатты созылған болып, оның мөлшері бас бөлектен бір неше есе артық болады. Құйрықтың бас жағында сперматазоидтің цитоплазмасының негізгі бөлегі орналасқан. Осында митохондриялар көп болып, олар білік жіптің қасында спираль түрінде орналасады. Құйрықтың мәні – ұрғашының жыныс мүшелерінде сперматазоидтерге қозғалуға мүмкіншілік беру. Сперматазоидтер жұмыртқа жасұшасына қарай (хемотаксис) және сұйықтықтың ағынына қарсы (реотаксис) қозғалады. Құйрықта ферменттер сукциндегидраза және аденозинтрифосфатаза, ақуыз-спермозин бар. Осы заттар кешен құрып сперматазоидтердің қозғалысында маңызды жұмыс атқарады.
СЫРТТАЙ ҰРЫҚТАНДЫРЫЛАТЫН ЖАНУАРЛАРДА СПЕРМАТАЗОИДТЕР СПИРАЛЬ ТҮРІНДЕ ҚОЗҒАЛАДЫ. ІШТЕЙ ҰРЫҚТАНДЫРЫЛАТЫН ЖАНУАРЛАРДА ҰРҒАШЫЛАРДЫҢ ЖЫНЫС ЖОЛДАРЫНДА СПЕРМАТАЗОИДТЕР ТҰРА ЖОЛМЕН ЖҮРЕДІ. СПЕРМАТАЗОИДТЕРДІҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫ 7, 5 СМ/СЕК.
ГАМЕТАЛАРДЫ IN VIVО КУЛЬТИВИРЛЕУ Гаметогенез – жыныс жасұшалардың даму кезеңі, диплоидтық жыныс жасұшалардың гаплоидтық дифференциалданған ұрғашы (жұмыртқа жасұшасы) және еркек (сперматазоид) жыныс жасұшаларына аусу үдірісі. Жыныс түрлеріне байланысты гаметогенезды сперматогенезге және ооге незге бөледі. Сперматогенез төрт кезеңнен тұрады: көбею, өсу, пісу, қалыптасу, ал оогенез үш кезеңнен тұрады: көбею, өсу, пісу.
Гаметаларды ұрықтандыруға арналған физиологиялық жағдайлар Жаңа ағза жаратылу үшін керекті жағдайлар – жұмыртқа жасұшасы және сперматазоид қосылып, ата-ананың нәсілдік қасиеттерін біріктіріп алу. Гаметалардың ұрықтануы ұрғашы жануарлардың жыныс мүшелерінде өтеді, фаллопий түтігінің ампуласында. Ұрықтану физиологиялық жағдайлар – олар: 1. жыныс акті – сперматазоидтер ұрғашының жыныс мүшелеріне түсу үшін; 2. сперматазоидтердің қозғалыс жігерлігі – сперматазоидтер фаллопий түтігінің ампуласына жету үшін; 3. сперматазоидтерді іріктеу – биологиялық толық төл алу үшін; 4. ұрғашының гормоналдық мүмкіншілігі – ұрықтануға жарамдығын анықтау үшін.
Гаметалардың ұрықтану жеріне жылжу. Овуляциядан өткен жұмыртқа жасушасы іштің ішінде бос күйінде жатады. Жұмыртқа жасушасы ұрықтанатын жеріне жылжу үшін келесі жағдайлар болу керек: Фолликулярлық жасушалармен қапталған жұмыртқа жасушфалардың фаллопий түтігінің кірпікшелерімен қарым қатнасуы. Овуляция кезінде кірпікшелердің жігерлігі стероидтық гормондармен реттеледі. Фаллопий түтігінің воронкасына жылжығанда ана бездер қозғалып туру керек. Жұмыртқаларды жұргізетін түтіктердің бұялшық етті қабыршығы иреленіп қысқартылып туру керек.
Ұрықтарды in vivo культивирлеу Тіркелу алдындағы даму – даму кезең. Осы кезеңде зигота ұрықтандырылған жерден (фаллопий түтігінің ампуласы) репродукция жолдан тіркелу орнына (жатырдың мүйізшесі немесе денесі) бір неше бөлінуден өтіп бластула жаратып барады.
ЗИГОТА – ҰРЫҚТАНДЫРЫЛҒАН ЖҰМЫРТҚА ЖАСҰШАСЫ. ЗИГОТАНЫҢ ДАМУЫНЫҢ ЕКІ КЕЗЕҢІН АЙЫРАДЫ: екі пронуклеус кезеңі (кари огамияға дейін) Пронуклеустердің кезеңіндегі біржасұшалы ұрық. Пронуклеустер ұрықтандырудан кейін 1, 5 -2 сағат өтіп қалыптасады. піскен зигота кезеңі (кариогамиядан кейін). Екі пронуклеус кезеңінде ата ананың нәсілдік белгілері жұмыртқа жасұшаның цитоплазмасында әлі бөлек орналасады. Кариогамидан кейін 6 -10 сағатта зигота Кариогамия ( гаметалардың екеүінің «пісу» кезеңіне өтеді. Осы кезең 10 -12 ядролық материалының бірігуі) жұмыртқа сағатқа созылады. Осыдан кейін бірінші жасұшасы толық пісіп жеткенде басталады. бөліну басталады. Осы ұрықтанудың ақырғы кезеңі.
Бөліну – зиготаның бластомераларға бөлінуі. Митодикалы бөліну қортындысында зигота бөлініп бластомералардың көп саны жаратылады. Осыдан кейін құысы (бластоцель) бар бластула жаратылады. Бластула жаратылу бөліну үдірісін тоқтатып гаструляция басталады. Ұрықтың тіркелу жеріне жылжуы. Жануарлардың ұрығының бөлінуі фаллопий түтігінен жылжығанда өтеді. Ұрық ұрықтану жерінен тіркелу жеріне дейін жылжып барады ірі қара малда 7 -8 (морула), жылқыларда 5 -7 (морула – бластоциста), қойларда 4 -5 (алғашқы морула), шошкаларда 2 -3 (8 -16 бластомералық ұрық) күн. Жатырдың түтіктерінің суйықтығы дамып жатқан ұрықты қоректендіреді. Ұрықтандырылмаған жұмыртқа жасұшалардың мөлдір қабыршығы жұмсарып ыдырап кетеді. Сперматазоидтер жыныс жолынан нейтрофилдармен жойылып шығарылады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
ufvtnf by.pptx