17 ай жане уакыт.pptx
- Количество слайдов: 27
ФУНКЦИЯ АНЫҚТАМАСЫ. Функция деген тек бір рет ғана кодтың ішінде анықталып сосын оны орындау үшін кез келген уақытта шектеусіз қайталап шақыра беруге болатын атауы бар программа бөлігі.
• 1. Бұл жерде байқап тұрғаныңыздай функция "function" деген арнайы сөзден басталады. • Одан кейін идентификатор - функцияның аты жазылады. Ол кейін осы функцияны мәні ретінде қабылдайтын айнымалы үшін керек болады. Функция аты айнымалы аты сықылды әріптерден, сандардан және астыңғы сызықтан құралуы мүмкін, бірақ тек санмен басталмаса болғаны. | • 2. Атынан кейін дөңгелек жақшалар жазылады, олардың іші бос болуы мүмкін, не болмаса функция параметрлерінің аттарын анықтайтын бірбірлерінен үтір арқылы ажыратылған бірнеше идентификаторлардан тұрады. • Ол идентификаторлар функция денесінде жергілікті айнымалылар ретінде қолданылады. • 3. Одан кейінгі пішінді жақшалардың іші бос не болмаса бірнеше нұсқаулардан тұруы мүмкін. Бұл нұсқаулар функцияның денесін құрайды және олар функция щақырылған сайын орындалады. • 4. Тік жақшалар өз ішіндегі параметрлердың болуы міндетті емес дегенді білдіреді. • Енді осы функцияға мысал келтірейік және оны қалай қолдануға болатынын көрсетейік:
ФУНКЦИЯНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ. • Функция орындалуға шақырылған кезде оның денесінің ішіндегі нұсқау орындалады. • Ол программаның кез келген жерінде анықтала береді, сол сияқты егер ол шартты түрде анықталатын функция болмаса ол да программа кодының кез келген жерінен орындалуыға шақырыла алады.
МЫСАЛЫ:
PHP - НЫҢ БАРЛЫҚ ФУНКЦИЯЛАРЫНЫҢ ҒАЛАМДЫҚ КӨРІНУ АУМАҒЫ БАР, ЯҒНИ ОЛАР ФУНКЦИЯНЫҢ ІШІНДЕ АНЫҚТАЛҒАНЫНА ҚАРАМАСТАН СОЛ ФУНКЦИЯДАН СЫРТ ШАҚЫРЫЛА БЕРЕДІ ИЯ БОЛМАСА КЕРІСІНШЕ.
ФУНКЦИЯ АРГУМЕНТТЕРІ МЕН ПАРАМЕТРЛЕРІ. • Негізінде функциялар қандай да бір берілген мәндер арқылы жұмыс істейді. Ал оларға мән беру үшін оларда параметрлер анықталған болуы керек. Параметрлер дегеніміз кәдімгі айнымалылар және функция шақырылғанда олар берілетін мәндерге - аргументтерге ие болады, яғни инициализацияланады. Сонымен аргумент дегеніміз функцияға берілетін мән. • Жоғарыда функция анықтамасында көрсетілгендей параметрлер дөңгелек жақшаның ішіне орналасады және ол болуы да мүмкін, болмауы да мүмкін , себебі ол тік жақшаның ішінде көрсетіліп тұр. Енді бір мысалды көрсетейік:
АРГУМЕНТТЕР ҚАЛАЙ БЕРІЛЕДІ. • PHP функцияларға аргументті үш түрде жібере алады. • 1. Аргументке мән беру арқылы (үнсіздік бойынша), яғни функцияның ішінде параметрдің мәні өзгертілсе де сырттағы мәні сол күйінде өзгеріссіз қала береді.
МЫСАЛЫ:
2. АЛ ЕГЕР ФУНКЦИЯ АРГУМЕНТІНЕ МӘН БЕРУ АРҚЫЛЫ СЫРТТАҒЫ МӘНІН ДЕ ӨЗГЕРТКІҢІЗ КЕЛСЕ, ОНДА ПАРАМЕТРДІҢ АЛДЫНА АМПЕРСАНД & БЕЛГІСІН ҚОЮ КЕРЕК.
3. ФУНКЦИЯЛАР ПАРАМЕТР МӘНІН ҮНСІЗДІК БОЙЫНША АНЫҚТАЙ АЛАДЫ. ОЛ ҮШІН ФУНКЦИЯ АНЫҚТАЛҒАНДА ОНЫҢ ПАРАМЕТРІНЕ КЕРЕК МӘНДІ ТЕҢЕСТІРСЕК БОЛҒАНЫ.
ЕСКЕРТУ: • Мәндері үнсіздік бойынша анықталған параметрлер басқа параметрлерден оң жақта орналасуы керек, әйтпесе программа орындалу барысында сәтсіздікке ұшырайды.
ФУНКЦИЯ ҚАЙТАРАТЫН МӘНДЕР. • Шақырылған функция өз жұмысын бітірген кезде, ол өзін шақырған программаға өз жұмысының нәтижесі ретінде қандай да бір мән қайтаруы мүмкін. Осы үшін функцияның ішінде оның қайтарған мәнін анықтауға "return" операторы қолданылады. Қайтарылған мәннің типі әр түрлі бола береді. Оның синтаксисі мынадай:
• Return операторы функцияның кез келген жерінде орналаса береді. Оған кодтың орындалу барысы жеткен кезде , егер ол көрсетілсе, мәнді қайтарады да жұмысын тоқтатады. Егер "return" операторы көрсетілмесе, не болмаса қайтаратын мәні жазылмаған болса, онда ол Null мәнін қайтарады. • Қайтарылған мәнді керек болған жерде қолдану үшін функцияның жұмысының нәтижесін белгілі бір айнымалыға теңестіруге болады.
ФУНКЦИЯНЫ АЙНЫМАЛЫ АРҚЫЛЫ ШАҚЫРУ. • Алдыңғы мысалда функцияны айнымалыға теңестіргенді көрдік, сол сияқты оны жай мәнге де теңестіруге болады. • Ол үшін айнымалыға функцияны дөңгелек жақшаларсыз теңестіру керек:
ФУНКЦИЯЛАРҒА ҚОЛДАНУҒА БОЛМАЙДЫ, ӘЙТСЕ ДЕ ТӨМЕНДЕ КӨРСЕТІЛГЕН МЫСАЛ СИЯҚТЫ ОЛАР ҮШІН ФУНКЦИЯ-ОРАМА (WRAPPER) ЖАСАУҒА БОЛАДЫ:
ЖАСЫРЫН ФУНКЦИЯ. • PHP да жасырын функция анықтауға болады. Олай аталатын себебіолардың атауы болмайды. Жасырын функцияларды кәдімгі мән сияқты анықтап, айнымалыларға теңестіруге болады:
• Жасырын функцияның басқа функциялардан айырмашылығы - ол тек оған программаның орындалуы жеткенде ғана пайда болады, сондықтан ондай функция ол анықталған соң ғана жазылуы керек:
CALLBACK/CALLABLE - КЕРІ ШАҚЫРЫЛАТЫН ФУНКЦИЯ. • Бұл функция программа жазғанда ең көп қолданылатын әдістердің бірі. • Callback дегеніміз - бұл функцияға берілетін және де сол функция арқылы орындалатын функция:
СОҢЫ
17 ай жане уакыт.pptx