Фармакогнозия аударма.pptx
- Количество слайдов: 6
Фармакогнозияның негізгі терминдері Негізділігі, өзі екендігі , шынайылығы- талдауға алынған шикізаттын өзінің атауына сәйкестігі. Диагностикалық белгілер – тек зерттелетін шикізатқа тән және оны басқалардан ажырататын, оның өзі екендігін дәлелдейтін, морфологиялық, анатомиялық және гистохимиялық белгілер жиынтығы. Сапалығы – ДӨШ немесе одан дайындалған өнімдерінің стандарт талаптарына сәйкестігі (сапа көрсеткіштеріне сай болуы). Сапа көрсеткіштерін «сан көрсеткіштері» деп атайды, олар негізінен %-бен белгіленеді. Мысалы ББЗ мөлшері-кем болмау керек, ал ылғалдылығы, күлі, органикалық, минералды қөспалар - шегінен аспау керек.
Фармакопея жеке бабының құрылысы • ДӨШ атаулары – қазақ, лат. орыс тілдерінде – Жөке ағашының гүлдері-Цветки липы-Flores Tiliae • Кіріспе бөлігі – ДӨ атауы, тұқымдасы, дайындау кезеңі, өндіруші мекеме, кәсіп орын, мемлекет. • Сыртқы белгілері – ДӨШ түріне қарай көзбен немесе лупа арқылы көрінетін сыртқы негізгі морфологиялық диагностикалық белгілерінің толық сипаттамасы беріледі. Зерттеу кезінде ДӨШ –морфологиялық тобының ерекшеліктеріне, өлшемдеріне, түсіне, дәміне, иісіне қөңіл аударады. • Микроскопиясы – микропрепараттағы ДӨШ негізгі анатомиялық диагностикалық белгілерінің толық сипаттамасы беріледі. • Сапалық реакциялар – ДӨШ құрамындағы әсер етуші заттарды химиялық реакциялармен анықтау әдістемелері немесе хроматографиялық, спектірлік талдау әдістері беріледі. • Люминесцентті микроскопия – ДӨШ жасушаларының немесе тіндерінің УК жарығындағы түсі бойынша микроскопиялық анықтау әдістемесі беріледі.
Сан көрсеткіштері - % шектелетін ДӨШ құрамындағы әсер етуші заттар немесе экстрактивті заттардың мөлшері, ылғалдылығы, жалпы күлі, 10% тұз қышқылында ерімейтін күл, ДӨШ жатпайтын бөліктері, түсін өзгерткен бөліктері, органикалық, минералды қоспалар. Сандық талдау – ДӨШ құрамындағы негізгі әсер етуші заттардың сандық мөлшерін анықтау әдістемесі беріледі. Кейбір ДӨШ құрамындағы ББЗ мөлшерін әсер бірлігі арқылы анықтайды (мысалы жүрек гликозидтерінің мөлшері БӨБ, МӨБ, КӨБ деп белгіленеді; ). Микробиологиялық тазалығы – ДӨШ тазалығы фармакопея талабы бойынша 4 А ; 4 Б категорияларына сәйкес анықталады. Орау– ДӨШ тауарлық түріне, массасына қарай қолданылатын орау түрлері –тұтас (қаптар, тюктер, жәшіктер), ұсақталған (пачкалар, картоннан , полиэтиленнен жасалған қораптар). Рәсімдеу: өлшеніп оралған шикізаттын қорабының сыртында көрсетілетін мәліметтер.
• Сақтау – Улы немесе әсері күшті ДӨШ бөлек бөлмелерде немесе құлып салынған сөрелерде сақталады. Жүрек гликозидтері бар ДӨШ сақтауға ерекше көңіл бөлінеді, себебі олардың белсенділігін міндетті түрде жыл сайын тексеріп тұру қажет. • Жарамдылық мерзімі – сақтау шарттары сақталған жағдайда ДӨШ сапасы, қауіпсіздігі, тиімділігі жойылмайтын уақыт кезеңі. • Фармакологиялық тобы ДӨШ негізгі терапевтикалық әсері бойынша жіктелуі. • Мысалы: жөтелге қарсы, зеңге қарсы т. б.
ДӨШ ДАЙЫНДАУ КЕЗЕНДЕРІ 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. Жинау Біріншілік өндеу Кептіру ДӨШ стандартты қалпына келтіру Ұсақтау Қаптау Маркілеу Сақтау Тасымалдау
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1. Барлық жер үсті бөліктері, тек құрғақ ауа райында шық кепкенде жиналады, ал жер асты бөліктерін кезкелген ауа райында жинауға болады, себебі кептіру алдында олар тез ағын суда жуылады. 2. Шаң, тозаң жинаған, зақымдалған, дамымаған, ауруға шалдыққан өсімдіктерді жинауға болмайды. 3. ДӨШ дайындауда экологиялық жағдайды ескеру қажет: тас, темір жолдар шетінде өсіп түрған, өндірістерге жақын аймақтарда өсетін өсімдіктерді жинауға болмайды, себебі оларда токсикалық заттардың ауыр металдар, пестицидтер, нитрит, нитраттар, нитрозаминдер, радионуклидтер мөлшері жоғары болады.


