
ETIKA_1_SRS_PREZANTATsIYa.pptx
- Количество слайдов: 13
Фармацевтикалық денсаулық сақтаудағы науқастың мәселері Орындаған: Кутышева Н. Қабылдаған: Абилдаева А.
Жоспар Кіріспе Ø Науқаспен қарым қатынас Негізгі бөлімі Ø Медициналық қызметкерлердің беделі Ø Дәрігердің парызы Ø Кәсіби құпия Қорытынды Ø Фармацевтикалық денсаулық сақтау саласындағы науқастың рөлі
Дәрігер мен науқас арасындағы қатынас деонтология мен ар-намыс негізі болатындай өзара сыйластық және руханилық қағидада болуы қажет. Деонтология бастамалары ертеден келе жатыр. Медициналық көмекті алғаш рет көрсеткен адам оны жаны ашығандықтан, бақытсыздыққа көмектесу үшін, ауру сезімін жеңілдету үшін, яғни адамгершілік сезіммен жасаған. Осы адамгершілік әрқашан медицинаның және оның басты өкілі – дәрігердің ерекшелігі болған.
Дәрігердің науқаспен қарым қатынасы алғашқы кездесуден, ал кейде одан да бұрын дәрігер пациенттің медициналық құжаттарымен танысқанда басталады. Осы секілді сәт фармацевт пен пациент арасында да болады. Олардың ішіндегі бастысы – келген науқаспен қарым қатынас үшін оны барлық жағынан танып білу.
q Медицинадағы «Науқасты емес ауруды емдеу» қағидасын сақтай отырып, дәрігерді дайындауды, көрсетілген медициналық қызметтің сапасын жақсарту міндеттерін алға қою керек. q Дәрігер парызы – науқастың, қайғылы адамның қызығушылықтарын өз қызығушылығынан жоғары қоя білу міндеті. Дәрігерге келіп науқас ешкімге айтпаған сырлары мен ойларын айтып, сенім білдіреді. Мұны әрқашан есте сақтап, түсініп, бағалау қажет.
Ø Дәрігер беделі ең алдымен өзіне және оны қоршаған ортадағы медициналық қызметкерлердің компетенттілігіне байланысты екені айдан анық. Ø Көрсетілген нұсқауларды догма деп санамауға болмайды, себебі дәрігер әрқашан науқас туыстарымен – әртүрлі интеллектуалды деңгейдегі, әртүрлі тәрбиелі, мінезқұлықты, медицина саласынан көп немесе аз танымы бар жақын адамының ауруына әртүрлі қарайтын адамдармен қарым-қатынаста болады. Өкінішке орай, медицина мүмкіндіктерін түсінбеушіліктен, нашар тәрбиеден, тәкаппарлық немесе моральдік төменділіктен туындайтын, дәрігерге деген сенімсіздік, сыйламаушылық, дөрекі қатынастар кездеседі. Қоғам парызы – медициналық қызметкерлерді осындай адамдардан қорғау.
Дәрігердің факторлар мен жағдайларды объективті, ғылыми негізделген, терең түрде бағалауы, бірінші себебін және мақсатын анықтап, сосын ғана талдау жасап, өз көзқарасын қалыптастыру – дұрыс және шынайы шешім қабылдауға көмектесудің логикалық жолы. Осы клиникалық ойлау деп аталады. Сөз емдейді, сөз өлтіреді. Шынында да дәрігердің ақылмен айтылған беделді және жұмсақ, белгілі бір интонациямен, уақытында айтылған сөзі науқастың операцияға келісімін шешеді, оның қорқынышты жеңуіне көмектеседі, жауапты шешім кезінде сабырға келтіріп, жазылып кетуге үміт арттырады. Дәрігердің орынсыз қолданған сөзі – науқасты қатты жаралайды, ал кейде ауыр, қайғылы нәтижелерге алып келеді.
Егер науқасқа дәрігермен әңгімелескеннен кейін жеңіл болмаса – онда ол дәрігер емес. Міне сондықтан сөзді дұрыс меңгеру дәрігер мен фармацевт бүкіл өмірінде оқуға тиіс ұлы өнер болып саналады.
Дәрігер жауапкершілігі – дәрігер іс-әрекетінің ерекшеліктеріне пациент пен дәрігердің өзара сеніміне негізделген. Дәрігер мен науқастар (оның туыстары) арасындағы келіспеушіліктер жиі емнің нәтижесіз болуынан пайда болады. Емнің нәтижесіз болуының себептері өте көп. Науқастың жағдайының түзелуіне әкелмейтін дәрігерлер әрекетін сот медиктері мен заңгерлер үш топқа бөледі: v қайғылы оқиғалар; v қылмыстық түрде жазаланатын дәрігер қателіктері; v кәсіби қылмыстар.
Көрсетілген кәсіби қылмыстар негізінде медициналық қызметкерлердің төмен моральдық деңгейімен байланысқан арамдық емес, жеткіліксіз біліктілік жатыр. Дәрігерлік құпия екі мың жылдан аса белгілі. Гиппократ Антында дәрігер кәсіби құпияны сақтауға ант береді. Дәрігерлік құпия үш түрлі мәліметтерден тұрады: науқастың ауруы, интимді және жанұялық өмірі туралы. Кәсіби құпияны тек дәрігерлер мен орта буынды медициналық қызметкерлер ғана емес, сонымен қатар фармациялық қызметкерлер де сақтауы керек.
Əдетте, дәрігерлік құпияны тарату медициналық қызметкерлердің абайсыздығынан, өзін өзі жоғары бағалауынан болады. § § § 1. Дәрігердің кез келген емі, барлық іс-әрекеттері мен нұсқаулары науқас үшін, оған пайда келтіру үшін бағытталу керек; 2. Адам өмірі шартсыз бағалылық болып табылады; § 3. Дәрігер пациенттің жеке өмірін сыйлауы қажет, аморальдық қылықтардан алшақ болуы керек; § 4. Дәрігер дәрігерлік құпияны сақтауы, өз мамандығын сыйлауы қажет; § 5. Дәрігер әрқашан кәсіби дайындықтың ең жоғарғы деңгейін ұстануы керек; § 6. Дәрігер өз жұмысын пайда табу мақсатында жасамауы керек.
Қорыта келе айтарым В. М. Бехтеревтің <Дәрігердің жұбатушы бір сөзінің өзі қандай сиқырлы сауықтырушы әсер етуі мүмкін екендігін, керісінше, кейде сендіруді білмейтін дәрігердің суық та қатаң сөзі науқасқа өліммен тең әсер ететінін барлығы біледі>деп жазғанындай фармацевтикалық салада да осы бір тұжырымның маңызы зор секілді.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР q Халық денсаулығы " мемлекеттік бағдарламасы 1998 ж. q "ҚР азаматтарының денсаулыгын қорғау туралы" ҚР заңы, 19. 05. 1997 ж. q Финансирование и медицинское страхование в условиях рынка. О. Т. Жузжанов, М. К. Кулжанов, Алматы 1992 ж. q "Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" ҚР заңы, 08. 07. 1994 ж. q ҚР “Денсаулық сақтау жүйесі туралы” Заң; q 2005 -2010 жылдарға арналған ҚР денсаулық сақтауды реформалау және дамыту жөніндегі мемлекеттік Бағдарлама;
ETIKA_1_SRS_PREZANTATsIYa.pptx