
Асылбек.pptx
- Количество слайдов: 14
Фармацевтикалық өнімді ынталандырудағы жарнаманың рөлі
Кіріспе Жарнама, реклама (франц. reclame, лат. reclamo — жар саламын) — тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама; белгілі бір адамдар, ұйымдар, әдебиет пен өнер шығармалары туралы хабар таратып, оларды әйгілеу. Жарнаманың қарапайым түрлері б. з. б. пайда болды. Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римде жарнама хабарландыруларын ағаш тақтайларға жазып, халық көп жиналатын алаңдарда айғайлап жар салатын болған. Баспаға басылған. Жарнамалар Англиямен Францияда 17 ғ-да пайда болды. Қазіргі уақытта жарнамаларды теледидар, радио, газет, Интернет, проспектілер, плакаттар, т. б. арқылы көруге болады.
Дәрі-дәрмектер Дәрілер және оларды пайдалану денсаулық сақтау саласының маңызды саласы болып саналады. Олар емдеп қана қоймай, симптомдарды жеңілдетіп, асқынулардың алдын алады. Жалпы, дәрілік препараттарды дұрыс пайлану дегеніміз – қажет жағдайда оны белгілі бір мөлшерде қабылдау немесе денсаулыққа зиянды, тіпті, қажетсіз деп табылатын дәрідәрмектерді пайдаланбау болып саналады. Дәрі-дәрмектерді тағайындауда пациенттің денсаулық жағдайы, оның өмірлік ұстанымы ескерілуі тиіс, сондай-ақ, олар емдеудің пайдалы және тиімсіз әсерлері туралы шынайы ақпаратпен қамтамасыз етілуі қажет. Осы орайда, фармацевтика өнеркәсібі дәрілерді әзірлеуде, өндіруде және оларды таратуда маңызды роль атқаратыны айқын.
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы (ДДСҰ) «заңды коммерциялық мақсаттағы өндірушілер мен халық және денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің әлеуметтік, медициналық және экономикалық қажеттіліктерін өтеуде, дәрілерлі дұрыс пайдалану және таңдау арасында сөзсіз түсініспеушілік орын алатынын» алға тартуда.
Дәрілік препараттарды жарнамалау Осы ретте, дәрілік препараттарды белсенді түрде жарнамалау оларды тағайындауға және пайдалануға кері әсерін тигізеді. Бұл олардың бағасы мен көмек көрсету сапасына ықпал етеді. Әлемнің көптеген елдерінде дәрі сатылымын реттейтін заңдар бар. Ал, жалпы дәрі-дәрмектер өндірушілерге жалған әрі жаңылысуға әкеп соқтыратын ақпаратты немесе рұқсат берілмеген көрсеткіштер бойынша сатуға тыйым салынған. Бұдан, дәрілік заттар сауықтырып қана қоймай, ағзаға зиян келтіретін жағдайлары да орын алуы мүмкін деген қорытынды жасауға болады. Сондықтан оларды пайдаланғанда өте сақ болған жөн.
Осы ретте, дәрілік препараттарды белсенді түрде жарнамалау оларды тағайындауға және пайдалануға кері әсерін тигізетінін айта кеткен жөн. Бұл олардың бағасы мен көмек көрсету сапасына ықпал ететіні сөзсіз. Әлемнің көптеген елдерінде дәрі сатылымын реттейтін заңдар бар. Ал, жалпы дәрі-дәрмектер өндірушілерге жалған әрі жаңылысуға әкеп соқтыратын ақпаратты немесе рұқсат берілмеген көрсеткіштер бойынша сатуға тыйым салынған. Бұдан, дәрілік заттар сауықтырып қана қоймай, ағзаға зиян келтіретін жағдайлары да орын алуы мүмкін деген қорытынды жасауға болады. Сондықтан оларды пайдаланғанда өте сақ болған жөн.
Фармацевтикалық компаниялар өз мақсатына жетудің түрлі әдіс-тәсілдерін қолға алады. Оған фармацевтикалық сауда өндірушілерінің жарнамалары мен демеушілер, қоғаммен байланыс орнату кіреді. Бұл амалдар, өз кезегінде, дәрігерлердің тағайындауына және халықтың дәрілерді қолдануына әсер етуі мүмкін. Компаниялар көптеген жағдайда өз тауарының сатылымын күшейту үшін, жарнаманы ең тиімді әдіс ретінде пайдаланады.
іске қатысы жоқ ақпарат арқылы оны бұрмалау Адамды жаңылыстыратын ақпараттар жалған ақпарат беру қажет ақпараттың таратылуы
Әсіресе, медициналық қызметкер емес, қарапайым адамның өзі жарнамаға сеніп, дәрілерді қабылдағанда мәселе тіпті күрделі болмақ. Мысалы, оны қажет емес жағдайда, дұрыс қабылдамаған уақытта (мәселен, қате мөлшерлеме, немесе препаратты өзге пациентке тағайындаған сәтте және т. б. )
Осыған орай, бұқаралық ақпарат құралдарында дәрілік заттар жарнамасының ауқымды түрде көрініс табуын ескере келе, Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы Дәрілерді сатылымға шығарудың этикалық қағидаттарын жасап шығарды. Оның басты мақсаты – дәріні тағайындауға қажет шешім қабылдау үшін қажет негізгі ақпарат тек біреу ғана екенін дәлелдеу. Дәрінің халықаралық патенттелмеген атауы (ДХПА), әдетте генерикалық атауымен аталған, міндетті түрде қосылуы тиіс негізгі ақпарат болып табылады. Дәрінің генерикалық атауы дәрігерлер мен провизорларға/фармацевтерге оның қай тапқа жатанынын және пациентке бір таптың дәрілік препараттарын қателікпен тағайындалуына жол бермеуіне мүмкіндік береді. Әсіресе, антибиотиктер жарнамасына аса көңіл аударған абзал. Себебі, антибиотиктерді шамадан тыс қолдану, оларды қабылдаудың тиімділігін төмендетуі мүмкін.
Егер рецептімен тағайындалған дәрі теледидардан жарнамаланатын болса, кез келген адам оны көп уақыт бойы жарнамаланып келген қандай да бір зат тәрізді дүкеннен сатып ала алмайды. Себебі, жарнамаланған дәріні көргеннен кейін, міндетті түрде дәрігер кеңесіне жүгінген шарт. Ал, жалпы фармацевтикалық өндіріс қоғам дамуына зор үлес қосатыны анық, десе де, фармацевтикалық индустрия – ең алдымен, бизнес екенін ұмытпаған қажет. Дәрілік препараттарды кең көлемде жарнамалау оларды дұрыс пайдаланбауға әкеп соқтыруы да мүмкін. Бұл, өз кезегінде, жанама әсерлердің туындау көрсеткішінің жоғарылауына және денсаулық сақтау саласындағы шығындардың көбеюіне әкеліп соқтырады.
Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығы өткізген әлеуметтік зерттеу нәтижелеріне сәйкес, 2013 жылы Қазақстанның әрбір екінші азаматының дәрілерді дәрігердің тағайындауынсыз, телеарналардағы және мерзімді басылым беттеріндегі жарнамаға сүйеніп, өз бетінше қабылдағаны анықталған(42%). Жарнамаланатын дәрі-дәрмектер арасында белгілі бір ауруларды емдейтін дәрілер де баршылық. Алайда, аталмыш препараттың пациентке қажет немесе керісінше, қажет еместігін тек дәрігер ғана тағайындау қажет.
Қазақстанда 2014 жылдың қараша айынан бастап, бұқаралық ақпарат құралдарында дәрілерді жарнамалауға тыйым салынады. Осылайша, дәрілік заттар жарнамасы енді тек медицина тақырыбындағы мақалаларды, монографияларды жариялайтын арнайы журналдарда, мерзімді басылым беттерінде көрініс табатын болады.
Медицина қызметкерлері мен халыққа дәрілік заттар туралы шынайы ақпарат ұсыну мақсатында, 2009 жылы ҚР ДСМ жетекшілігімен Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығы (бұдан әрі – ДАТО) құрылды. ДАТО құрылуының басты мақсаты – халыққа, фармацевтерге және медицина қызметкерлеріне дәрілік заттар туралы ақпарат беру арқылы дәрілік заттарды дұрыс пайдалануға ықпал ету, формулярлық жүйені дамыту, Call-қызметінің байланыс телефондары және Веб-сайт арқылы тұрғындар сауалдарына жауап ұсыну болып табылады.
Асылбек.pptx