порошки СРСП Самал.ppt
- Количество слайдов: 14
“Фармацевт-технолог” модулі Ұнтақтар. Улы, күшті әсер ететін, қиын ұнтақталатын, бояғыш заттар және экстракттар қосылған қарапайым және күрделі ұнтақтардың технологиясы. Орындаған: Байжырыкова С. Д. Курс: 5 Топ: ФА 10 -003 -02 Тексерген: Амантаева М. Е. Алматы, 2015 жылы 1
Жоспар: I. Кіріспе: II. Негізгі бөлім: 1. 2. 3. 4. Улы, күшті әсер ететін заттары бар ұнтақтар. Қиын ұнтақталатын ингредиенттері бар ұнтақтар. Бояғыш заттары бар ұнтақтар. Экстракттар қосылған ұнтақтар. III. Қорытынды. www. kaznmu. kz 2
Ұнтақтар - ішке, сыртқа немесе инъекцияға (сәйкес еріткіште еріткеннен кейін) қолдануға арналған, себілгіштік қасиеті бар қатты дәрілік қалып. Ұнтақтарды даярлау ҚР МФ жалпы статьясымен регламенттеледі. Дәріханаларда негізінен құрамында 3 -5 және одан да көп дәрілік заттар болатын күрделі ұнтақтар дайындалады. Күрделі ұнтақтарды дайындауда құрамына кіретін ингредиенттердің физико-химиялық қасиеттерін және олардың мөлшерін ескеру қажет. Ұнтақтарды дайындау әдісі олардың біркелкілігін, себілгштігін, мөлшерлеу дәлдігін және сақтағанда тұрақтылығын камтамасыз етуі керек. Жеке ұнтақтардың салмақ айырмашылығы 02. 08. 2003 № 634 бұйрық бойынша тексеріледі. Буып-түйілуі құрамындағы ингредиенттердің физико-химиялық қасиеттеріне сай www. kaznmu. kz жүргізіледі. 3
Артықшылығы Дәрілік заттарының өте майда ұсақталуына байланысты жоғарғы фармакологиялық белсенділігі. Таблеткаларға, пилюляларға қарағанда дайындалуы оңай. Сұйық дәрілік қалыптармен салыстырғанда сақтағанда тұрақты және ықшамды. Кемшілігі Ерітінділермен салыстырғанда дәрілік заттардың әсерінің баяулығы, онда сіңуден бұрын бірінші еруі қажет. Кейбір заттар өздерінің қасиеттерін қоршаған орта әсерінен өзгертуі мүмкін. Ұнтақ қалпындағы кейбір дәрілік заттар шырышты қабатқа тітіргендіргіш әсер көрсетуі ( К және Na бромидтері ). Ащы дәмді, иісті, бояулы заттар қабылдауға ыңғайсыз және жағымсыз. www. kaznmu. kz 4
ҰНТАҚТАР ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ САТЫЛАРЫ 1. Ұсақтау ( Pulveratio ). Ұсақтау сатысының мақсаты – тез және толық әсерге жету, бөлшектердің мөлшерін кішірейтіп, олардың санын көбейту арқылы біртекті ұнтақ тәрізді қоспаны алу. 2. Елеу ( cubratio ). Елеудің мақсаты – бөлшектердің өлшемі бірдей өнім алу дәріхана тәжірибесінде елеу сирек қолданылады. 3. Араластыру (mixtio). Араластыру сатысының мақсаты – біртекті ұнтақты қоспаны алу. 4. Мөлшерлеу. Ұнтақтарды мөлшерлеу екі жолмен жүреді: 1) Массасы бойынша, 2) Көлемі бойынша. 5. Ұнтақтарды рәсімдеу және безендіру. Егер рецептте упаковка түрі көрсетілмесе онда ұнтақтарды қағаз капсулаларда жіберу керек. www. kaznmu. kz 5
УЛЫ, КҮШТІ ӘСЕР ЕТЕТІН ЗАТТАРЫ БАР ҰНТАҚТАР www. kaznmu. kz 6
www. kaznmu. kz 7
ҚИЫН ҰНТАҚТАЛАТЫН ИНГРЕДИЕНТТЕРІ БАР ҰНТАҚТАР. Ұнтақ дайындауда көбірек қолданылатын қиын ұнтақталатын заттарға: ментол, тимол камфора, йод жатады. Олар ұшқыш еріткіштерде, көбінесе этанолда жақсы ериді. Сондықтан бұл заттарды ұнтақ құрамына ерітінді түрінде енгізу керек. Еріткіш буланғаннан кейін қиын ұнтақталатын зат, рекристаллизация құбылысы есебінен ұнтақ массасында біркелкі таралады. Ментол, тимол камфораны еріту үшін 90% этанолды 1: 1 қатынасында, ал йод үшін 95% этанол 1: 10 қатынасында алынады. www. kaznmu. kz 8
БОЯҒЫШ ЗАТТАРЫ БАР ҰНТАҚТАР. Бояғыш заттарды (метилен көгі, рибофлавин және т. б. ) аз мөлшерде жазады. Себебі бұл заттар келі, келсапты ластайды, сондықтан бояғыш заттарды екі бояғыш емес заттардың қабатында араластыру керек. Осылай жұмыс істеу барысында бояғыш заттардың жоғалуы азаяды, келі мен келсап және басқа да көмекші заттар ластанбайды. Капсулаланған ұнтақтар ауыз қуысының шырышты қабығын бояғыш заттармен ластанудан сақтайды. www. kaznmu. kz 9
БОЯҒЫШ ДӘРІЛІК ЗАТТАР • • Акрихин Метилен көгі Бриллиантты жасыл Рибофлавин Иньекцияға арналған индигокармин Фурацилин Этакридин лактаты Калий перманганаты www. kaznmu. kz 10
ЭКСТРАКТТАР ҚОСЫЛҒАН ҰНТАҚТАР Экстракттар - дәрілік өсімдік шикізатынан алынған концентрлі сығынды болып табылады. Консистенциясы бойынша: сұйық экстаркттар (ехtгасtа fiuidi), қою экстракттар (ехtгасtа spissa), құрғақ экстракттар (ехtгасtа sicca) болып бөлінеді. Ұнтақтар технологиясында көпшілігінде белладонна экстрактты қолданылады. Өндірісте құрғақ белладонна экстракттының 1: 2 және қою белладонна экстрактты 1: 1 қатынасында өндіріледі. Дәріханада дайындау ыңғайлы болу үшін, МФ ХІ басылымының бабына сәйкес оның қою түрінен ерітінді дайындайды - Ехtгасtum ВеІІаdonnае soiutum 1: 2. Ол үшін қою экстракттың 100 бөлігін: 60 бөлік су, 10 бөлік этанол, 30 бөлік глицерин қоспасында ерітеді. Су негізгі еріткіш, глицерин пептизатор рөлін атқарады, яғни ол ерітіндіні коагуляциядан және бөлшектердің іріленуінен сақтайды. Этанол экстрактың ерігіштігін жоғарлатады және де антисептик рөлін атқарыды. МФ ХІ бойынша қою экстрактты сақтау мерзімі 15 күн. www. kaznmu. kz 11
Дәл және ыңғайлы өлшеу үшін эмпирикалық немесе "көз" пипеткасымен өлшейді және флаконды арнайы этикеткамен безендіреді. Мысалы, қою белладонна экстракт ерітіндісінің 20 тамшысы 0, 5 г тең. Яғни 0, 1 г қою белладонна экстракт ерітіндісі 4 тамшыға тең, ал 0, 1 г қою экстракт 8 тамшыға тең. Extractum Belladonnae solutum 1: 2 0, 1 қою экстракт=8 тамшы ер-ді Осы этикетканы қолдана отырып, рецептте жазылған белладонна экстракт ерітіндісінің мөлшерін есептейміз. Мысалы, рецептте белладонна экстрактісі 0, 15 г берілген. Жоғарыда көрсетілген жазба бойынша қою белладонна экстракт ерітіндісі 12 тамшыға тең. www. kaznmu. kz 12
Пайданылған әдебиеттер: 1. 2. 3. 4. Сағындықова Б. А. , Анарбаева Р. М. Дәрілердің дәріханалық технологиясы. - Шымкент, 2008. - 436 б. Дільбарханов Р. Д. , Сағындықова Б. А. Дәрілердің өндірістік технологиясы. – Алматы. – 1998. – 128 б. Технология лекарственных форм. /Под ред. Т. С. Кондратьевой. – М. , Медицина, 1991 г. - 1 -й том. – 496 с. Руководство к лабораторным занятиям по аптечной технологии лекарственных форм. – (Под ред. Кондратьевой Т. С. ). – М. , 1986. – 287 с. www. kaznmu. kz 13
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ! www. kaznmu. kz 14
порошки СРСП Самал.ppt