КРИПТОРХИЗМ.pptx
- Количество слайдов: 14
Факультет: Медицина Қабылдаған: Елікбаев Ғ. М. Орындаған: Азимова И. Тобы: ЖМ - 108
2, 5 жастағы баланың анасы баласында аталық бездің ұмаға түспеуіне шағымданады. Кіші дәретке отырған сайын жылайды, күпегі іседі? Болжам диагноз ? Диагнозы: 1. Крипторхизм 2. Фимоз
Крипторхизм – жұмыртқаның ұмаға түсу үрдісінің бұзылуына байланысты өз орнынан ауытқып, ұмаға түсіп келе жатқан жолында тоқтап қалуы (ретенциясы). Крипторхизм 75% жиілікте басқа органдардың диспластикалық үрдістерімен қабаттасып кезігеді.
Крипторхизм анатомо – механикалық себептердің немесе жұмыртқаның біріншілік дамымауынан, гормональдық жетімсіздіктің салдарынан дамиды. Оның шаптық (ингивиналдық) және абдоминалдық түрлері бар. Крипторхизмде жалған крипторхизммен, жұмыртқа эктопиясымен дифференциалдық диагноз жүргізіледі.
Диагноз қою Аталық бездің ауытқып орналасуы жұмыртқаларды пальпация жасау арқылы теріасты майына орналасқан ісік тәрізді сәлғана ауырсынатын, консистенциясы серіппелі жұмсақ, аз қозғалатын құрылым анықталады. Ұманың осы жақтағы бөлімі жиырылып дамымай қалады. Ультрадыбыстық зерттеу кезіндегі крипторхизм көрінісі крипторхизм сыртқы көрінісі жұмыртқалар құрсақ ішінде тоқтап қалса (абдоминальды ретенцияда) алақанға білінбейді, ал шап арасында тоқтап қалса, баланы жатқызып тексергенде алақанға білінеді. Шап арнасында тоқтап қалған жұмыртқа қозғалмалы болғанымен ұманың түбіне дейін түспейді. Жалған шап крипторхизмінде жұмыртқалар жоғары – төмен қозғалып тұрады. Нағыз шап крипторхизмін жалған шап крипторхизмінен ажырату үшін баланы жатқызып шап өзегінің үстінен қатты баса отырып, алақанға білінген жұмыртқаны төмен сығымдап итеру керек. Кремастер рефлексі өте белсенді балаларда жалған крипторхизмнің белгілері жиі кездеседі.
Емі Крипторхизмі бар нәрестелерде жыныс ағзасы жетілгенге дейін жұмыртқасының орнына түсу мүмкіндігі бар екендігін ескере отырып, тым ерте операция жасауға көрсеткіштер болғанда (орнына ауытқуына байланысты жұмыртқаның айналып кетіп өліеттенуі, қысылуы, семуі сияқты асқынулар) ғана жасалады. Операция негізінен 1, 5 – 2 жаста жасалады. Операцияның түрі крипторхизмнің түріне байланысты: абдоминалдық немесе инвагиналдық. Операция бірнеше тәсілмен жасалады (Китли – Тороко – Герцен, Джавад – Заде, Петривальский, Шумахер т. б. ). Ғылымның соңғы жылдардағы жетістіктеріне қарағанда орнына түспеген жұмыртқаны орнына түсіру шараларын баланың 2 жасынан бастаған жөн. Операция жасауға байланысты көрсеткіштер: баланың жасы 2 жасқа дейін болу керек, гормондық емнің нәтижесіздігі, ауырсыну болса крипторхизм жарық пен қабаттасса ЛГ (лютеинзациялаушы гормон) мөлшері 124, 8 СИ/л (ХБ литрге)
Фимоз –ұл балада жыныс мүшесінің басы толық ашылмайтын, күпек тесігінің тарылуымен жүретін ауру.
. Бұл ауру күпектің тазаланбауынан және зәрдің ыдырауынан болады. Ер бала 2 -3 жасқа келгенше жыныс мүшесінің басы ашылмай тұрады, оны “физиологиялық бүрік” деп атайды. Бүрік сүндетке отырғызылмаған ер адамдардың 2 -3 %-ында кездеседі. Бұл ауру ұзаққа созылса, қуықтың зәрден босауы қиындап, несеп жолдарының қызметі бұзылады. Сүндеттелген ер балалар мен еркекке алғашқы екі-үш апта гигиеналық тазалықты мұқият сақтау керек. Егерде тазалық ережесі сақталмаса, мүше кір қолмен ұсталынып немесе ластану арқылы тағы да қабынуларға жол берілуі мүмкін. Сондықтан да арнайы антисептикалық жақпа майлармен, марганц сұйықтығымен тазарту шараларын жасаған жөн.
Тыртықты фимозда терінің шетін айналдыра кесіп сүндетке отырғызады.
Назар аударғандарыңызға рахмет!
КРИПТОРХИЗМ.pptx