Скачать презентацию ФАГОЦИТОЗ Фагоцитоз- фаг және грек kytos жасуша Скачать презентацию ФАГОЦИТОЗ Фагоцитоз- фаг және грек kytos жасуша

Презентация1.pptx

  • Количество слайдов: 12

ФАГОЦИТОЗ • Фагоцитоз-(фаг және грек. kytos — жасуша) — бір клеткалы организмдердің немесе кейбір ФАГОЦИТОЗ • Фагоцитоз-(фаг және грек. kytos — жасуша) — бір клеткалы организмдердің немесе кейбір көп жасушалы жануарлар жасушасыныңмикроскопиялық бөтен тірі нысандар (бактериялар, т. б. ) мен қатты бөлшектерді жұтып алып, қорытып жіберуі. Фагоцитоз процесі организмдердің қарапайым қоректенуінің негізінде жүзеге асады. Организмдердің бұл қабілеті эволюция барысында фагоциттерге ауысқан.

 • Сондай-ақ кейбір жануарлардың ооциттері, ұрық жасушалары, дененің жазылғыш қуыстары және көздің пигментті • Сондай-ақ кейбір жануарлардың ооциттері, ұрық жасушалары, дененің жазылғыш қуыстары және көздің пигментті эпителийлері де нысан бөлшектерін белсенді түрде жұтып, қорыта алады. Фагоцитоз құбылысын және оның иммунол. маңызын. И. И. Мечников ашқан (1882). Фагоцитоз осы процеске қатысатын нысандар мен фагоциттердің жақындасуы (хемотаксис) жәнеаттракция (фагоцит бетіне микробтардың жабысуы), қармап алу, жасуша ішінде қорытылу сатыларымен өтеді. Кейбір микробтар (мысалы, алапесті қоздырушылар) организмдегі фагоциттердің ішінде орналасқанда ғана әрекет ете алады.

 • Фагоцитоз процесі антиденелер, әр түрлі физикалық және химиялық факторлар әсерінен тез жандануы • Фагоцитоз процесі антиденелер, әр түрлі физикалық және химиялық факторлар әсерінен тез жандануы мүмкін. Мысалы, кальций тұздары мен магний бар жерде Фагоцитоз процесінің күшейетіні анықталды. Фагоцитоз процесі кезінде жасуша мембранасы белсенді рөл атқарады. Ол фагосома түзілу үшін қорытылатын нысандар бөлшектерін бүркеп алып, цитоплазманың түбіне қарай тартады. Лизосома жасушаларынан фагосомаға жұтып алған бөлшектерді қорытатын ферменттер түседі. Ал қорытылмаған бөлшектер жасушада ұзақ уақыт сақталуы мүмкін. Фагоцитоз қабыну, жараның жазылуы кезінде иммунитеттің арнайы емес түрінің факторы ретінде шешуші рөл атқарады.

 • Эндоцитоз (endocytosis, грек, endon ішкі, kytos жасуша) жасушаға қоректік заттардың плазмолемма арқылы • Эндоцитоз (endocytosis, грек, endon ішкі, kytos жасуша) жасушаға қоректік заттардың плазмолемма арқылы өту процесі. эндоцитоз кезінде плазмолемма цитоплазмаға қарай иіле еніп, әртүрлі мөлшердегі ойықтар жасайды. Ойықтар қармаған заттарымен бірге жасуша плазмолеммасымен цитоплазмаға қарай тартылып үзіледі де, көпіршіктерге (вакуольдерге) айналады. Жасушаға қармалған заттардың табиғатына байланысты эндоцитоз: фагоцитоз және пиноцитоз болып екіге бөлінеді. Фагоцитоз — тығыз қатты заттардың жасуша цитоплазмасына қабылданып, лизосомалар гидролазаларының көмегімен қорытылу процесі. Пиноцитоз жасушаның заттарды сұйық ерітінді түрінде ішу процесі. Жұтылатын пиноцитозды көпіршіктердің мөлшеріне байланысты олар: макропиноцитоз және микропиноцитоз деп аталады.

Эндосомалар цитоплазмаға батып лизосомалармен кездеседі. Олардың мембраналары бірігіп кетеді. Сөйтіп екінші реттегі лизосома пайда Эндосомалар цитоплазмаға батып лизосомалармен кездеседі. Олардың мембраналары бірігіп кетеді. Сөйтіп екінші реттегі лизосома пайда болады. Осындай екінші реттегі лизосомада клеткаға түскен заттар түрлі биохимиялық реакцияларға түседі. Осы үрдіс аяқталғаннан кейін лизосома мембранасы ұсақ фрагменттерге бөлініп кетулері мүмкін, ал екінші реттегі лизосоманың өнімдері жасушаішілік метоболизм реакцияларына түседі. Мысалы, аминқышқылдары т. РНҚмен байланысып, рибосомаларға жеткізіледі, ал глюкоза Гольджи кешеніне немесе тегіс ЭПТ каналдарына жетікізіледі.

 • Фагоцитоз. Кейбір ірі бөлшектердің бетінде клетканың рецепторлары танитын молекулярлы топтар болады, клетканың • Фагоцитоз. Кейбір ірі бөлшектердің бетінде клетканың рецепторлары танитын молекулярлы топтар болады, клетканың рецепторлары сондай бөлшектермен байланысқа түседі. Сырттан келген бөтен бөлшектердің барлығында бірдей мұндай топтар болма бермейді. Дегенмен, ағзаға түскен бөтен зат әрқашанда қанда және клеткааралық ортада болатын иммуноглобулин молекулаларымен (опсиониндермен) қоршалады. Иммуноглобулиндерді фагоцит-клеткалар таниды.

 • Эндосомалардың сыртында клатринді жиек болмаса да олардың барлығы лизосомамен қосыла бермейді. Олардың • Эндосомалардың сыртында клатринді жиек болмаса да олардың барлығы лизосомамен қосыла бермейді. Олардың бір бөлігі клетканың бір бетінен екінші бетіне бағытталады. Ол жерде эндосома мембранасы плазмалеммамен қосылып, құрамындағы заттар сыртқа шығарылады. Нәтижесінде заттар бір ортадан екінші ортаға өзгеріссіз тасымалданады. Бұл үрдіс трансцитоз деп аталады. Трансцитоз жолымен ақуыз молекулалары, әсіресе иммуноглобулиндер тасымалданады.

 • Бөтен бөлшектерді қаптайтын опсониндер фагоцит рецепторларымен байланысқаннан кейін, фагоциттің беттік кешені толығымен • Бөтен бөлшектерді қаптайтын опсониндер фагоцит рецепторларымен байланысқаннан кейін, фагоциттің беттік кешені толығымен активтелінеді. Актинді микрофиламенттер миозинмен қарым-қатынасқа түсе бастайды, клетка бетінің конфигурациясы өзгереді. Бөтен бөлшектің айналасына фагоцит цитоплазмасының өсінділері пайда болады. Олар бөлшектің бетін қаптайды да, өсінділер бөлшектің үстіңгі жағында қосылып кетеді

 • Өсінділердің терең жапырақшалары жұтылған бөлшектің айналасына мембрана түзеді де, фагосома пайда болады. • Өсінділердің терең жапырақшалары жұтылған бөлшектің айналасына мембрана түзеді де, фагосома пайда болады. Фагосома лизосомамен қосылып гетеролизосома (гетеросома, немесе фаголизосома) деген кешен түзіледі. Гетеролизосомада ұсталынған бөлшектің компоненттерінің лизисі жүреді. Лизис өнімдерінің бір бөлігі гетеросомадан шығарылып, клеткада утилизацияланады, қалған бөлігі лизосома ферменттерінің әсеріне төтеп беріп, қорытылмай қалып қояды. Мұндай қалдықтар қалдық денешіктерді түзеді. • Жалпы барлық клеткалар фагоцитозға қабілетті, дегенмен кейбір клеткалар осы бағытта арнайы маманданады. Ондай клеткаларға нейтрофильді лейкоциттер мен макрофагтар жатады.

ҚОРЫТЫНДЫ: • Фагоцитоз-(фаг және грек. kytos — жасуша) — бір клеткалы организмдердің немесе кейбір ҚОРЫТЫНДЫ: • Фагоцитоз-(фаг және грек. kytos — жасуша) — бір клеткалы организмдердің немесе кейбір көп жасушалы жануарлар жасушасыныңмикроскопиялық бөтен тірі нысандар (бактериялар, т. б. ) мен қатты бөлшектерді жұтып алып, қорытып жіберуі. Фагоцитоз құбылысын және оның иммунол. маңызын. И. И. Мечников ашқан (1882). Фагоцитоз осы процеске қатысатын нысандар мен фагоциттердің жақындасуы (хемотаксис) жәнеаттракция (фагоцит бетіне микробтардың жабысуы), қармап алу, жасуша ішінде қорытылу сатыларымен өтеді. Фагоцитоз процесі антиденелер, әр түрлі физикалық және химиялық факторлар әсерінен тез жандануы мүмкін. Мысалы, кальций тұздары мен магний бар жерде Фагоцитоз процесінің күшейетіні анықталды. Бөтен бөлшектерді қаптайтын опсониндер фагоцит рецепторларымен байланысқаннан кейін, фагоциттің беттік кешені толығымен активтелінеді. Актинді микрофиламенттер миозинмен қарым-қатынасқа түсе бастайды, клетка бетінің конфигурациясы өзгереді. Бөтен бөлшектің айналасына фагоцит цитоплазмасының өсінділері пайда болады. Өсінділердің терең жапырақшалары жұтылған бөлшектің айналасына мембрана түзеді де, фагосома пайда болады. Фагосома лизосомамен қосылып гетеролизосома (гетеросома, немесе фаголизосома) деген кешен түзіледі. Гетеролизосомада ұсталынған бөлшектің компоненттерінің лизисі жүреді.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: • Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Сл • оварь» , ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: • Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Сл • оварь» , 2009 жыл. • Патологиялық анотомия терминдерінің орысша – латынша – қазақша түсініктеме сөздігі. - Ақтөбе. • Биологический энциклопедический словарь / глав. ред. М. С. Гиляров. — М. : Советская энциклопедия, 1986. — С. 664. • Интернет желісі