Журек дамуы Актилек.pptx
- Количество слайдов: 14
Ф
МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ ФАКУЛЬТЕТ: Жалпы медицина КАФЕДРА: Қалыпты Анатомия СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ Орындағандар: Сарсенов А, Өтегенова А, Садуова Ә Макауова Д, Қыныртаева Ә Тексерген: Жорабекова Г. А
Жүректің дамуы - ұрықтық кезеңде жүректің ішкі қабығы эндокард эмбриондық дәнекер ұлпасы мезенхимадан, ал жүректің ортаңғы қабығы миокард пен сыртқы қабығы - эпикард мезодермадан дамып жетіледі. Эмбриондық дамудың алдыңғы сатыларында жүрек жеке екі түтікше болып қалыптасып, соңынан олар өзара бірігіп, біртұтас болып, жүрекке айналады
Ұрықта жүрек түтікшесі 4 аптадан кейін дами бастайды. 6 аптада жүрекше 2 бөлікке бөлініп, 3 камералы жүрек пайда болады. Төртінші аптаның аяғынан бастап жүрек қарыншасы бөліне бастайды, одан кейін қақпақшалар пайда болады. Ұрықта алғашқы плацентарлық қан 3 -4 аптадан кейін дами бастайды.
Foramen ovale- нің қалыптасуы
Ұрық кіндік венасы арқылы оттегіне бай қан алады. Ол бауырдан өткеннен кейін әуелі төменгі (полая) сосын қақпа венасының қанымен араласады. Сондықтан таза, оттегіне бай қанды бауыр алады, қалған ағзаларға аралас қан жеткіэіледі. Ұрықтың жүрек сығысы минутына 15 -35 -тен басталып, плацентарлық қан айналымы дамығанда 125 -130 шамасында тұрақты болады. Нәресте дүниеге келгеннен кейін оның қан айналу процесі өзгереді. Яғни плацентарлық қан айналу тоқталады.
Нәресте туылғанда болатын өзгерістер Нәресте туылған кезде күрт плацентарлық қан айналымнан өкпелік қан айналымға көшу іске асады. Ең бірінші ауа жұтып, өкпе созылған кезде оның тамырлары қатты кеңейіп, қанға толады. Сол кезде ductus arteriosus қабысып, алғашқы 8 – 10 күнде бітеліп ligamentum arterosum- ға айналады.
Қанның оң жақ жүрекше мен сол жақ жүрекшеге сопақ тесік арқылы дереу тоқталады, өйткені сол жақ жүрекше өкпеден келетін қанмен Толады да, оң және сол жақ қарыншаларының қысымындағы айырмашылық теңеледі. Foramen ovale ductus arteriosus- тің бітелуіне қарағанда едәуір кейіндеу жабылады және бір жас бойы, ал үштен бір жағдайда өмір бойы сақталады.
Жүректің жастық ерекшелігі Осы өзгерістердің нәтижесінде кіші және үлкен қан айналу шеңберлері іске қосылады. Нәрестенің жүрегі оның салмағының 0, 89 тән болады. 8 айлық баланың жүрегі 2 есе, 3 жаста 3 есе, 6 жаста 11 есе өседі. Жүрек бұлшық етінің жетілу процесі 3 тен 7 -8 жасқа дейін жүреді. Жүрек дамуына сәйкес магистралдық тамырларда өседі, бірақ олардық өсу процесі жәй жүреді. Нәрестенің өкпе артериясы аортадан кең болады, олардың диаметрі тек 10 -12 жасқа жақын теңеледі. Нәрестенің жүрек кеуде ішінде горизонтальды орналасқан жеткіншектік кезеңге дейін ол өзінің орналасу орнын бірнеше рет өзгертеді. Осыған байланысты жүректің шекаралары да баланың жасына сәйкес өзгеріп отырады. Жүректің ұшы нәрестеде төртінші қабырға аралығында орналасады, 1, 5 жастан кейін ол 5 қабырға аралыққа ығысады
1. Жалпы анатомия, М. Нұрышев (окулық) Алматы 2006 2. Адам анатомиясы, Е. Керімбеков. 1992 3. Адам анатомиясы, А. Рақышев, Алматы 1994 4. Мейірбике ісі, Р. С. Есетова, 2006
Журек дамуы Актилек.pptx