Ф КГМУ 4/3 -04/02 ИП № 06 УМС при Каз. ГМА от 14 июня 2007 Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы ДӘРІС Тақырыбы: Исламдық орта ғасырлық мәдениет контекстіндегі арабтықмұсылмандық философия. Ибн Сина және “Дәрігер ғылымының каноны” Мамандығы: « 5 В 130100 – Жалпы медицина» Пән: «Философия» Курс: 2 Уақыт (ұзақтығы) : 50 минут Қарағанды – 2013 ж. Аға оқытушы: Нұрмаханова Н. Ж
Мақсаты: Студенттер осы дәріс тақырыбын игеруді аяқтаған кезде арабтықмұсылмандық философияны, оның негізгі бағыттарын және қарастырған мәселелерін егжей –тегжей білуге тиісті.
Дәріс жоспары: Арабтық- мұсылмандық философияның мәдени - әлеуметтік және рухани контексті. Араб тілдес перипатизмнің энциклопедизмі, универсализмі: Әл – Кинди, Әл – Фараби, Ибн Сина, Ибн Рушд, Әл Ғазали. Дүниенің исламдық моделі. Ислам мәдениетіндегі суфизмнің орны мен ролі. Түрік тілдес философияның қалыптасуы. Жүсіп Баласағұн философиясы: А. Иүгінекидің, М. Қашқаридің философиялық ізденістері. Қожа Ахмет Иассауидың суфилік ілімінің түп негізгі идеялары мен принциптері.
Араб тілді философия тілді Арабтардың ықпалында болған және Орта Шығыс халықтары мен арабтар жасаған философияны айтады. Ортағасырда философияны негіздеуге атсалысқандар түрлі ұлттардың өкілдері болғанмен өз еңбектерін бәрі де араб тілінде жазғандықтан, “араб философиясы” емес, “арабтілді философия” деп атау қабылданған.
Орта ғасырлық араб тілді философия даму кезеңдері: 1. VII-IXғ. ғ. – араб тілді философияның тууы мен қалыптасуы. 2. IX-Xғ. ғ. – мұсылман Ренессансы кезеңі 3. ХI-XVғ. ғ. -шығыстық перипатетизм, арабтың грек филасофиясын игеріп, өзіндік даму кезеңі
Бірінші кезеңдегі негізгі бағыттар • мутакаллимдер мектебі • мутазилиттер мектебі • суфизм
Мутакаллимдер Радикалды исламды жақтаушылар. Мутакаллимдер мектебінің өкілдері исламның діни догмаларын негіздеп, араб-ислам схоластарының рөлін атқарды. Мутакаллимдер мұсылмандық фатализм мен креационизм философтары, Құранды жақсы игергендер. Олар жазып отырған адамға Алла төрт жағдайды бірден жасайды дейді: 1. қауырсынды ұстауға құштарлық; 2. оны қозғауға қабілеттілік; 3. қолдың өзінің қозғалысы; 4. қауырсынның қозғалысы.
Мутазилиттер Ислам философиясын дамытқанымен, кейбір мәселелерді материалистик тұрғыдан түсіндірді. Мысалы: 1. Исламның дамуының жаратылуы, дүниенің шығуы, тағдырдың жазылуы, т. б. туралы догмаларды рационализм мен материалистік тұрғыдан түсіндірді; 2. Құдай туралы антропоморфты түсінікті(Құдайдың адам бейнелілігін) терістеді; 3. Құдай мен Әлемді бір деп жариялады; 4. Адам ақылының күшіне сенді; 5. Адам танымының күші мен мүмкіндіктеріне сенді.
Суфизм – адамның өз еркімен сыртқы дүниеден, бұ дүниелік қызықтан бас тартып, өз өмірін Құдай жолына арнау. Суфизм аскетизм, мистиканы жоғары игілік деп есептейді. (“суф” – “жүн шекпен киген адам”; “саф”, “сафа”- “тазалық”; “сафуа”- “таңдаулы болу” деген мағыналар гректің “софос”“даналық” сөзінен алынған). Негізін қалаушылар: Египеттік Зун-н-Нун Әл-Мисри, Абу Абдаллах әл-Мухасиби Ілім тағдыры: Суфизм мұсылман философиясы дамуына үлкен ықпал етті.
IX ғасырда араб философияның жаңа, II кезеңі басталады 1. Медицина мен жаратылыстану саласындағы жаңалықтар нәтижесінде материалистік идеялардың күшеюі; 2. Ежелгі грек философиялық идеяларының енуі нәтижесінде араб философиясына айналуы;
II ғасырда еуропаландырылған араб тілді философияның қалыптасуына үлес қосқан философтар: Ибн Сина(Авицина) Әл Фараби Әл Кинди Ибн Рушд(Аверроэс)
Араб философиясын еуропаландыруға алғашқы қадам жасаған алғашқы ойшыл. Бірінші болып арабтарға ежелгі грек философиясын, Аристотельді ашты. Аристотель философиясының әдісімен категориялар ұғымы, логика, таным туралы ілім, т. б материалистік идеалар жетті. Сонымен қатар, Әл Кинди өз заман үшін ревалюциялық мәні бар идеяны – адам ақылының дүниені тани алатының жариялады және ғылыми танымның ақиқат білімге апаратын үш сатысын жіктеді: Логикалық материалистік Ғылыми жаратылыстық метафизикалық(философиялық) Әл Кинди пікірінше, ақыл ғана таным көзі бола алады. Әл Кинди(800 -879) Әбу Насыр Әл-Фараби – философия тарихында “Екінші мұғалім” атағын алған ғалым. Шығыс философиясының жұлдызы, тіпті дүниежүзілік философияның ең ірі тұлғаларының бірі. Әл- Фарабидің мәдениет туралы пікірлері негізінен араб мәдениетінің мына төрт тармағына байланысты: Хақиқат (бір Алланың ақиқаттығын дәледеу) Шариғат (мұсылманның тұрмыс салт заңдары) Тарихат (Аллаға қызмет еткен әулиелер өмірі) Мағрифат (білімділік, парасаттылық идеялары) Әл Фараби(870 -950)
Араб философиясын жаңа деңгейге көтерген ойшыл. Ибн Сина: Мұсылман теологтарының біржақтылығын, догматизм әжуалады. Философияны діннен ажыратуға тырысты Философия адам ақылының жетістіктерін жүйелейтін дербес ғылым деп есептеді Философиялық идеаларды жаратылыстаным ғылымының, өзінің медициналық жаңалықтарын енгізді Құдайдың бар екенін мойындағанымен, оның құдіретінің шексіздігіне күмән келтірді. Ибн Сина (980 -1037) Ибн Рушд (1126 -1198) Аристотель, Птолемей, Евклид, ілімдерін араб тіліде шығарып, шығыс ғалымдарының еңбектерін уағыздауы. Авеэроэс Испания жеріндегі Кордова халифатында өмір сүрген. Ол Аристотель ілімін жалғастырды. Дүниені үздіксіз өзгерістегі процесс деп қарады. Ол мынада үш түрлі қорытынды жасады: а) материалдық дүние мәңгі ә) барлық құбылыстар себепті байланыста б) әрбір жеке зат өледі, адам өлмейді деген пікірді ол жоққа шығарды. Ол әрі теолог, әрі юрист, дәрігер, философ. Ибн Рушдтың «Ақиқаттың екі жақтылығы» немесе «Қарама қарсылығы» ілімі дін мен философияны екеуінің арасындағы алшақтықты, айырмашылықты көрсетеді.
Ибн Сина (980 -1037) Ибн Сина (Авиценна). Ибн Синаның философиялық шығармасы он сегіз бөлімнен тұратын «Сауығу кітабы» логиканы, физиканы, математиканы және философияны қамтыған. Ибн Синаның филосфияға қосқан үлесі орта ғасырлық философияның негізгі мәселесі номинализм мен реализм арасындағы пікір- таласты үйлесімді шешуі. Одан Батыс философтары үлгі алған. Оның айтуынша жалпы ұғымдар үш ұдай өмір сүреді: Заттарға дейін құдіреттің ақыл- ойында Заттың өзінде, себебі ол сол заттың мәні. Заттан кейін адамдардың санасында Оның «Медицина каноны» деген еңбегі сол кездегі медицина энциклопедиясы ретінде болған. Ол Луй Пастерге дейін, бірнеше ғасыр бұрын жұқпалы аурулардаң көзге көрінбейтін таратушылары ауа мен суда бар екендігін болжаған. Ол өзінің «Дониш-Наме» (білім кітабында) философияны үш бөлімге бөледі: физика (табиғат жйлы ілімі) логика (ғылым тану жолдары туралы ілім) метафизика (жалпы болмысты тану ілімі)
“Дәрігер ғылымының каноны” Дәрігерлік ғылымның ережесі Ибн Синаға дүниежүзілік атақ әперген 5 томдық энциклопедия, медицина тарихында атағы жайылған кітап болды. Еңбек оның мазмұны мен дәл құрылымен ерекшеленді. Бірінші кітап • • Екіншісінде дәрілік қаржылардың капиталды жинақ мәліметі туралы. Онда 800 аса өсімдік, жануар және минералды пайда болғандардың емдік құрамын және пайдалану әдісімен көрсетеді. Орта Азияда өндірілген дәрілерді, сонымен бірге Индиядан, Қытайдан, Грекциядан, Африкадан, Жерорта теңізінің аралынан әкелгендерді жазып қояды. Алғаш Ибн Сина ұсынған көптеген дәрілер қазір де қолданылып жүр Бірінші кітабында медицина теориясы жазылған. Бұл жерде шырындар туралы жазылған (қан, өт, лимфа) және табиғаттағы (қызу қандылық), адам денесінде мүшенің қарапайымдылығы қысқа анатомиялық очерк беріледі - сүйектерді, шеміршектерді, қан тамырларын, жүйкені еңбектерінде және аурулардың бөлінуінде жүргізіледі. Екінші кітап
Бесінші кітабы • Үшінші кітабы адам ағзасындағы жеке аурулар жаййлы • Төртінші кітабы Үшінші кітабы • Төртінші бөлімінде хирургияға, сынық пен буын тайғанды емдеуге арналған, безгек туралы жалпы оқуды, сонымен қоса жұқпалы ауруларды емдеу жолын жазды. Бесінші кітабы күрделі дәрі-дәрмектердің құрамы туралы жазылды, сонымен қатар у және уға қарсы дәрілерді. Кейбір күрделі дәрі -дәрмектердің құрамына, Ибн Сина жазып көрсеткендей, 37 бөлікке дейін кіреді. Ибн Сина көрінбейтін жұқпалы аурулардың қоздырушысы туралы ғылыми болжамды алға тартты, бұлар ауа жіне су арқылы тарайтын, жыл өткеннен соң ғана француз Пастер ғалымның қоздырушы микроб туралы бұл жұмбағын 800 дәлелдеді.
Араб философиясындағы негізгі бағыттар: шығыст ық перипате тизм • тазалық ағайындары суфи зм • калам
Шығыстық перипатетизм немесе аристотелизм Араб философтары Аристотель мұрасын терең зерттеп, оған түсініктемелер берген, ІХ-ХІғ. ғ. шығыстық перипатетизм Мұсылман немесе Ислам Ренессансы кезеңімен тұтас келеді. Бұл дәуірде араб әдебиеті, мәдениеті, ғылымы шарықтап дамыды. Арабтар математика, логика, астрономия және т. б. ғылымдардың негізін салды. Шығыс перипатетизмінің көрнекті өкілдері - Әл-Кинди (800 -879 ж. ж. ), Әл. Фараби (870 -950 ж. ж. ), Ибн-Сина (980 -1037 ж. ж. ), Ибн. Рушд (1126 -1198 ж. ж. ).
“Тазалық ағайындары” - Х ғасырда пайда болған құпия ғылыми қоғам. Олардың ілімінің негізі синкретизм болды, яғни Аристотель ілімінің, медицинада Галеннің ілімі, діни мәселелерде неоплатонизм, неопифагоризмнің синтезі қалыптасты. “Тазалық ағайындары” көзқарасында діни мүдделерге қарағанда ғылыми, философиялық ілім басым болды.
Мұсылман философиясының түрлері Мұсылмандық философияның ең бірінші түрі КАЛАМ деп аталады. X ғасырда мұсылмандық (Батыс және Шығыс) перипатетизм(аристотелизм) дамыды. Мұсылмандық философияда маңызды орынды мистикалық философия (суфизм) иеленді. Калам (сөз, тіл) – спекулятивтік теология. Спекуляция -тәжірибеден тыс жатқан заттар туралы білімге ойлау жолымен қол жеткізу дегенді білдіреді.
Орта ғасырлық мұсылман философиясының ерекшеліктері: * ислам дінімен тығыз байланыстылығы. Ғылым мен діннің бірін-бірі үйлесімді толықтыруының жақсы мысалы. * көпұлттылық – араб, парсы, түркі және т. б. ұлт философтары. * негізгі философиялық тіл – араб тілі. Араб тілінде философия «фалсафа» деп аталды. * Басты мәселелер – адам және оның тағдыры, адам және Құдай, адам және қоғам, онтология мәселелері.
Калам-ислам қағидаларын негіздеуші бағыт Калам VIII-XVғ. мұсылмандық философиядағы ағымның атауы (арабтың “калам” сөзі “әңгіме”, “ойтолғау” мағынасын береді). Каламды жақтаушылар мутакаллимдер деп аталады. Каламды “мұсылмандық схоластика” деп атауға болады: калам исламдағы діни идеяларды рационалды тұрғыдан негіздеудің алғашқы талпынысы. Ортағасырлық дәуірдегі еуропалық схоластика сияқты, калам да мұсылмандық мәдениетте “құдайтанудың қызметшісі” рөлін атқарады. Калам да христиандық философия сияқты, антикалық философияға екіұдай қатынасты ұсынады: мұсылмандық ойшылдардың бірі антикалық философияны білу-діни сенім ақиқаттарын терең түсіну үшін қажет деп санаса, екіншілері философияны білу қажеттінің бәрі Құран деп сенді. Араб авторларының бірінде калам туралы: “калам – философтардың метафизикасын терістеу үшін – Құдай, оның атрибуттары және ислам заңдары бойынша болуы мүмкін, нәрселердің шарттары туралы ілім” деген анықтама берді.
Каламның даму тарихы мынандай кезеңдерге жіктеледі: 1. Алғашқы кезең (VII соңы-VIII ғ басы аралығы). Өз дамуының алғашқы кезеңінде калам мұсылмандық құдайтану шеңберінде дамыды. Бұл кезеңде иудаизм мен христиандық діндер өкілдерімен жүргізілетін полемика маңызды орында. Кең талданатын орталық мәселелерге мыналар жатады: q Үлкен және кіші күнәлар мәселесі. Олардың ара-жігін ажырату және ұлы күнә жасаған адам статусы, яғни содан кейін де ол мұсылман болып қалама? q Құдіреттің жазуы-ислам догматтары бойынша Алла әрбір адамның тағдырын ол туылғанға дейін белгілеп қояды. Құдіреттің жазуын мойындау адамның өзі жасаған әрекеті мен күнәләрі алдыңдағы жауап кершілік туралы мәселе қояды: “Адамның күнәға бататындығы Алланың жазуы болса, сол үшін адам жауапта ма? Жоқ па? ”
2. Мутазилиттік кезең(VIII-Xғ ортасы) Мутазилиттік кезең Хасан аль Басри (728 ж дүние салған) мен оның шәкірттері әрекеттерінен басталады. Ежелгі грек философиясынның әдістері мен идеяларын философиялық зерттеуге қолдануды дәл осы мутазилиттер бастады. Сондықтан мұсылмандық философияның тарихы белгілі дәрежеде ислам теологиясынан бөлініп шыққан мутазилиттерден басталады деуге болады. Ø Мутазилиттер Құранды догма ретінде қарастыруға қарсы шығып, оның аллегориялық тұрғыдағы түсіндірмелік сипатын жақтады. Ø Құранның мәңгіліктігі тезисіне қарсы шығып, оның жаратылғандығы идеасын жақтады. Ø Олар құдіретті жазу догматына қарсы шығып, адам еркінің бостандығы идеасын демек, адамның өз іс әрекетіне жауаптылығын қорғады. Ø Мутазилиттер дүниенің атомарлы құрылымы туралы түсінікті жақтады; атомдар – әрқайсысын әрдайым Алла басқарып отыратын бөлшектер деп түсінілді. Ø Мутазилиттер жиі талдайтын мәселе қатарына Жаратушы мен алғашқы жаратылу, және Құдай атрибуттары туралы сұрақтар енді.
3. Классикалық кезең(VIII-Xғ ) Ортодоксалды каламның классикалық кезеңінің негізін қалаушы – өз әрекетін мутазилит ретінде бастаған әл-Ашади (873 -935), Матуриди (941) және әл-Газали (1058 -1111) болып табылады. Ортадоксалды каламның толық қалыптасу уақытын Халиф әл Каирдің 1041 жылғы мұсылмандық “сенім символдарын” жариялап, келіспеушілермен пікір таластыруға тиым салатын жарлығымен байланыстырады.
Түрік тілдес философияның қалыптасуы Жүсіп Баласағұн Махмұт Қашғари Ахмед Иүгінеки қысқаша тақырыптарға бөліп, ислам құндылықтарына негізделген өлең-жырларын өмірге келтіре бастайды. Кейін бұл жәдігерліктердің басы біріктіріліп, “һибуат-ул -хақаиқ” (“Ақиқат сыйы”) деп аталатын дидактикалық өлеңдер жинағына айналған. Мазмұны, танымдық нәрі жағынан алғанда “Ақиқат сыйы” — Әбу Насыр әл-Фараби, Махмуд Қашқари, жылы Баласағұни, Қожа Ахмет Иасауи мұраларымен іштей астасып, 9 — 13 ғ. аралығындағы түркі дүниесінің рухани қазыналарының жарқын туындысына айналды. Негізгі еңбегі «Диуани лұғат ат-түрік» ( «Түркі сөздерінің жинағы» ) деп аталады. М. Қашқаридың негіззгі зерттеген мәселесі- түрік тайпаларының мәдениеті. Осы мақсатпен ол бүкіл түрік тайпалары мекендеген кеністікті аралап шыққан. Лұғатта тек Қарахандар мемлекетінің мәдени өмірі ғана емес, сонымен бірге ежелгі дәуірден келе жатқан түрік мәдениетіндегі миф- аңыздар, тұрмыс- салт ерекшеліктері, түріктердің Көк Тәңірісі мен Күнге табынуы, табиғат құбылыстары тамаша суреттелген. М. Қашқариды халық эпосын жазбаша түрік мәдениетінде алғашқы зерттеген ғұлама деп бағалауға болады.
Ахмед Иүгінеки Қожа Ахмет Йассауи Ақынның «Құтты білік» поэмасынан басқа жазған көптеген рубаилары да болған. Мысалы, Наманган қолжазбаларының ішінен оның 600 жолдан астам рубаилары табылған. Олардың да поэзиялық көркемдігі жоғары, философиялық толғамдары терең. Орта ғасыр ойшылы Жүсіп Баласағұн идеяларының сипатын төмендегідей етіп даралап көрсетуге болар еді: v 1) дүниетаным, эстетикалық көзқарас, адамгершілік мұрат бірлігі; v 2) қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді, заман тынысын нақты сезіну, көркемдік танымда реалистік – рационалдық қасиеттерге жүгіну; v 3) тақырып тамырластығы, ой толғап отырған жайлардың ортақтығы; v 4) поэтикалық табиғаттың үндестігі (ойшылдық, табиғатындағы жақындық). Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы — «Диуани Хикмат» (Хикмат жинақ). Бұл шығарма алғаш рет 1878 ж. жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Ыстамбұл, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылады. Соның бірі 1901 ж. Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын. «Диуани Хикматтан» түркі халықтарына, соның ішінде қазақ халқына, ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады. «Диуани хикмет» ( «Ақыл кітабы» ). Иассауи туралы Ы. Алтынсариннің берген бағасын келтірейік: «Муштафид ғұламалар арасындағы ұлықтары төртеу: имам Ағзам, имам Мәлік, имам Шафиг, имам Ахмед Ханбал Яссауи. Бұл төртеуі шариғат мәнісін толық тексеріп халыққа түсіндіріп берді» .
Әдебиеттер: ü Негізгі: ü Ахмет Иассауи Диуани хикмет Қазан 1964. ü Баласағұн Ж. Құтты білік Алматы 1986 ü Қашқари М. Түбі бір түркі тілі Алматы 1993 § Қосымша: v Әбішев Қ. Ерғалиев У. Әлеуметтік философи. Хрестоматия Алматы, 1998 v Ғабитов Т. , Мүтәліпов Ж. , Құлсариева А. Мәдениеттану негіздері Алматы 2000 v Алтай Ж. , Қасабек А. , Мұхамедәли Қ. , Философия тарихы Алматы 1999 v Қоңыратбаев Ә. , Қоңыратбаев Т. Көне мәдениет жазбалары. Алматы 1991 v Келімбетов М. Ежелгі әуір әдебиеті Алматы, 1991 v Бақылау сұрақтары (кері байланыс) 1. Перипатизм деген не 2. Не себепті Әл Фараби Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанды 3. Ибн Рушдтың «Екі ұдайы» ақиқатының мәні неде 4. Суфизм философиясын дамытудағы Ибн Араби мен Әл- Ғазалидің үлесі 5. Суфизмнің негізгі рухани құндылықтарын атаңыз 6. Ахмет Иассаумдың суфисттік ілімінің түп негізі 7. Батыс елдерінің философиясына суфизмнің әсері болды ма • Ж. Баласұғынның «Құтты білігі» туралы не ой түйдіңіз


