Ezhelgi__1178_ytay_filosofiasy.ppt
- Количество слайдов: 18
Ежелгі Қытай философиясы
б. д. д. VII ғ. -IIIғ. Ежелгі ұлттық философиялық мектептердің пайда болуы мен қалыптасуы. б. д. д III - XIX ғ. ғ –Қытайға үндіден буддизмнің енуі (б. д. д. III) және оның ұлттық философиялық мектептерге ықпалы. б. д. XX ғ. Қазіргі кезең Қытай қоғамының туықтығының жойылып Қытай философиясының европалық және әлемдік философия жетістіктерімен баюы. Қытайдың ежелгі ұлттық философиялық ілімдері: даосизм конфуциандық легизм Кең таралмаған ілімдері: моизм натурфилософия чань- буддизм XX ғасырда ұлттық қытай философиясы әлеуметтәк философиялық ойдың мынадай түрлерімен және идеяларымен байыды: христиан діні марксизм Европаның озық ойлы философиялық идеялары америкалық прагматизм
Қытай философиясында көрініс берген қытайлық дүниетанымның жалпы сипаты: өз елін- Қытай дүниенің кіндігі деп есептеу; Көк пен жер арасындағы жауапкершілікті әрбәр адам сезіну; жеке оқиғаларды, тарихты, циклды процесс деп ұғыну; адамды, табиғатты, космосты біртұтас деп қабылдау: консерватизм, өткенді дәріптеу, жаңалық алдындағы үрей қорқыныш; коллективті сана: жеке адамның өз өзін коллективтен бөлінбес тұтастыұта қарастыруы мемлекет алдында қорқыныш және құрмет қоғамда вертикальды байланыстардың, субординациялардың кең тарауы мемлекет басшысын – ең жоғарғы біріктіруші күш, ал мемлекетқоғамды біріктіруші күш ретінде қабылдау Императорлардың қызмет билігін құдіретті, тұлғасын Аспан ұлы, Тәңірінің жердегі елшісі деп қабылдау. өзара қатынастағы конформизм: тыныштық пен әрекетсіздікті жақтау, насихаттау; о дүниені емес, бұл дүниелік өмірді жоғары бағалау, онымүмкіндігінше ұзартуға ұмтылу о дүниелік күштерді реалды деп түсіну, ата – баба әруақтарын құрметтеу: ата-анаға, үлкенге ізет – құрмет;
Қытай философиясындағы өзекті ұғымдар Ежелгі Қытай философиялық дәстүрі бойынша адам үш түрлі космостық энергияның жиынтығы болып табылады: 1. цзин 2. ци 3. шэнь Цзин-тіршіліктің, жаратылыстың туылу, пайда болу қуаты. Оны әдетте тірі тіршіліктің, организмнің «тамыры» , «ұрығы» деп атайды. Бұл психофизиологиялық қуат екі түрге жіктеледі: «Алдынғы Аспан ұрығы» - адамға туа біткен гендік программа, денелік – тәндік ерекшеліктер; «Кейінгі Аспан ұрығы» - адамның өмір бойғы әрекеттерінің сипаты. Сонымен қатар цзин сексуалды энергияны да білдіреді. Ци – дүние тіршіліктің құрылыс материалы қызметін атқаратын материалдық –рухани энергия. Ци энергиясы былай жіктеледі: заттық ци арқасында заттар мен тірі организмдер материалды формаға ие болады. рухани ци – адам ментірі тіршіліктің жаны
Рухани ци-адам өмірінің негізі. Тәні-жаны сау, табысты, жолы болғыш адамның циі – «таза» , «сәулелі» . Әлсіз, ауру, жолы сәтсіз адамның циі «ауыр» , «лас» , «күңгірт» . Табысқа, тәндік және рухани саулыққа, бақытқы жету үшінадам өз бойын барлық артық, ауыр, лас энегиядан тазартуы қажет. Шэнь – адам тұлғасының негізін құрайтын және өләмнен соң жойылмайтын адам бойындағы сарқылмас рухани энергия. Мұндай 3 түрлі космостық энергиядан өзге қытай философиясы екі түрлі сексуалды энергияны бөледі: Инь-ерлік бастама, сексуалды энергия; Янь - әйелдік бастама, сексуалды энергия; Бүкіл тіршілік екі қарама қарсылықтан тұрады: тірі табиғатта адамдар, жануарлар ер - әйелге бөлінсе, өлі табиғатта да ерлік бастама (янь)және инь бар. Қытайлық дүниетаным бойынша тірі және өлі табиғат, бүкіл дүние тіршілігі негізінде Тай-цзи-ян мен иньнің бірін – бірі өзара толықтыруы, алмастырылуы, бірлігімен күресі жатыр. Ежелгі Қытай философиясының қайнар көзі ретіндегі кітаптардың тізімі: Ши – цзин (б. д. д. XI-VI ғ. ғ) (Жыр кітабы) – ертегі халық поэзиясының жинағы. Шу цзин (б. д. д. I мыңжылдықтың басы) (Тарихи аңыздар кітабы)- ресми құжаттар жинағы. Ли шу (б. д. д. IV –I ғ. ғ. ) (Тәртіп кітабы) діни және саяси рәсім, салттарды жүргізу ережелерінің жинағы. Чунь – цю (б. д. д. VII-IVғ. ) (Көктем және күз кітабы) Лу мемлекетінің хроникасы(жылнамалар) И-цзин (б. д. д. XII-VI ғ. ғ )(өзгерістер кітабы).
Философиялық тұрғыдан, «өзгерістер кітабы» - Қытай философиясының қайнары болып табылатын кітаптардың ішіндегі ең маңыздысы. Ол негізгі екі бөлімнен тұрады: 1. Канондық текстерден және 2. сол текстерге берілетін түсініктемелерден тұрады. Канондық текстерде 64 гексаграммалар құрайды. Әр гексаграмма шындықтың, қоршаған ортаның болмыстың белгілі бір күйін суреттейді. Өз кезегінде гексакраммалар триграммалардан пайда болады. Триграммалар сипаттаманың кестесі мынадай: Бейнесі Қасиеті Цянь(шығарма шылық) Аспан Беріктік, тұрақтылык Кунь(орындалу ) Жер өз-өзін белгілі жолға арнау Атауы И-цзин кітабындағы философияны инь мен янь туралы ілім сипаттайды. Ежелгі Қытай мифологиясындағыәлемнің екі бастамасын білдіретін инь мен янь бұл шығармада ұғымдық түрге ие болады. Инь сөзінің мағынасы таудың , жотаның, сайдың қараңғы, көлеңкелі жақтарын білдірсе, «ян» сөзінің мағынасы аталған объектілердің жарық жағын білдіреді. Инь мен Янь ежелгі Қытай философиясында әлемнің бүкіл заттары мен құбылыстарын екі қарама-қарсы топқа жіктеуге болады.
Янь тобы Қараңғы Жер Әйел Төменгі Ай Ішкі Салқын Енжар Тыныштық т. б. Инь тобы Жарық Аспан Еркек Жоғарғы Күн Сыртқы Жылы Белсенді Қозғалыс т. б.
Инь мен Яньның өзара әсері бүкіл әлемдік құбылыстардың мәнін анықтайды. Мұндай қызметті олар адамның өмірі мен парасаты ісәрекетінде де, таным процесінде де байланысты атқарады. Инь және Янь бүкіл әлемдік хаосты реттеуші бастау болып табылады. Инь мен Янь ілімін Ұлы жалпы заң деп атайды. Ауысу, өзгеру, толықтыру Инь мен Яньның өзара қатынасқа түсуі нәтижесінде жүзеге асып жатады. Инь Янь бір – бірінсіз өмір сүрмейді. Б. д. д. VIII-V ғасырларда ежелгі Қытай философиясының «инь» , янь теориясы «ци» концепциясымен толықтырылды. У- син ілімінің қалыптасуы Цзоу Янь есімімен байланысты. Бұл ілім заттар мен құбылыстардың негізгі даму кезеңдерін бақылау нәтижесінде қалыптасқан. Кез –келген зат немесе құбылыс мынадай даму кезеңдерден өтеді: Жаралу, пайда болу. . символы ағаш; Ең жоғарғы белсенділік. . . . символы от; Торығу. . . . символы металл; Ең төменгі енжар. . символы су;
Сондай-ақ осы стихияға Жер де қосылады, өйткені жоғарыда көрсеткен құбылыстар, процестер жер үстінде жүреді. У-син ілімі Инь мен Яньды зерттеу барысында пайда болғандықтан бес элементтер арасындағы байланыстар қарма-қарсы түрде болады. Конструктивті (бір біріне оң әсер ететін) байланыс. Су – отты өшәрәп жояды. От металлды балқытып, оның күшін жояды. Металл ағашты жояды. Ағаш тамырлары мен жерді бұзады. Жер суды сіңіріп жояды. Ежелгі Қытай философиясында әлемнің әр затын немесе құбылысын осы бес элементтермен байланыстырылады. Мысалы адамды алатын болсақ, , онда оның ішкі органдарын мынадай түрге жіктеуге негіз бар: бүйрек су элементіне жатады, бауыр ағашқа, жүрек отқа, өт жерге, өкпе металға. Бір қызығы қазіргі заманда медициналық зерттеуге жүгінсек, аталған органдар арасындағы оң және теріс байланыстардың жиынтығы екендігін дәлелдегеніне көз жеткізуде. Сөйтіп, Инь мен Янь, У-син ілімдері ежелгі Қытайлықтардың дүниетанымының негізін құрайды.
Даосизм Дүние құрылысы мен тіршілігінің адам, табиғат, космостың байланыс жүйелерін түсіндіруге тырысатын қытайдың ең ежелгі философиялық ілім. Негізін қалаушысы б. д. д VI ғасырдың соңы мен Vғ. Басында өмір сүрген Лао-Цзы ( «Қарт ұстаз» ) Негізгі еңбектері- Даоцизм және Дэцзин немесе қосарлана аталатын Даодэцзин туралы кітап. Өзекті ұғымдары: «Дао» және «Дэ» Дао ұғымы екі мағына береді: бүкіл дүние жаратылған бастапқы негіз(субстанция) әлем тіршілігін қамтамассыз ететін универсалды заң, адам және табиғат дамуында сақталуға тиісті жол.
Дэ бастапқы Даоны дүниеге айналдыратын, жоғарыдан келген құдіретті энергия. Даосизмнің негізгі қайнар көзі ретінде Дао де цзин. Даосизм әдебиеті 4, 5 мыңнан астам томдардан тұрады. Әлемнің түпнегізі, субстанциясы ретінде «Дао» ұғым кітапта мынадай сипаттама берілген: Аспан жерден бұрын пайда болады. Дыбыссызықта, жайбарақаттылықта Тәуелсіз өзгермей тұрады Жойылмай шеңбер бойымен қозғалады. Осы тұрғыдан алғанда, дао заттардың күретамыры, жаратушы, өзгертуші күш болып табылады. Бұл мағынада Даосизм данышпандары Даоны көбінесе бос кеңістік ретінде қарастырған. Ол – барлық нәрсені көріктендіретін «әлем анасының» жатыры тәріздес. Барлық заттар Даодан бастама алып, ең соңында оған қайта оралады. Екіншіден «дао» дао тікелей «жол» деп аударылып, «жаратылыс заңы» ретінде қолданылады, яғни Дао заттардың дамуының табиғи жолы: пайда болуы; өмір сүруі және жойылуы. (Даоға оралу). Бұл жойылумен аяқталмайды: жойылған зат басқа түрде қайтадан өмір сүруге даодан бастама алады. Даоның онтологиялық мәні «дэ» ұғымы арқылы ашылады. Дэ дегеніміз даоның шығармашылық қуаты, даоның құбылыстар әлеміндегі көрініс табуы. Дао дамудың табиғи заңы. Даму тізбегі. Адам, жер, аспан, дао, табиғат ретімен байланысты. Дао нақты затқа көшкенде Дэ күшіне айналады. Дэ игі қасиет, адамгершілік. S немесе S дао жолынан таймаса, онда оларды дэ энергиясы толтырады.
Дэ адамның тірішілігінде, өмір сүру барысында У-вей принципі арқылы орын алады. Даосизм мектебі У-вей принципін уағыздады. Бұл принциптің мағынасы «табиғи күйге араласпау» дегенге келіп саяды. Мысалы, ағашты өссін деп төбесінен тартып-тартып, созып-созып қойып отырудың қажеті жоқ. Табиғи күйге араласу осындай әрекетпен бірдей. У-вей ұғымының тікелей аудармасы ісәрекет жасамау. Бірақ даосизм философиясында У-вей адам мен табиғат арасындағы үйлесімділікті қалыптастыруға бағытталған іс -әрекет. Сондықтан У-вей принципін ұстану дегеніміз: Табиғат заңдарына қарсы шықпау, іс-әрекеттерді оларға сәйкестендіру. «заттың мқлшерін бұзбау, алтын ортаны» сақтау. Сонымен даосизм философиясы адам мен табиғат арасындағы қатынасты үйлестіруге бағытталады. Адамның мақсаты. Даоны білу және оны іске асыру. Ол мына ережелер арқылы өмір сүруді талап етеді. қарапайым өмір жанды, рахатты қанағаттандыру
Даоның екіұдайылығы Жалғыз, басқадан бөлек Барлығын қамтиды(су сияқты барлығына енеді) Тұрақты, тыныштық күйдегі әрекет Дүниемен бірге өзгереді, әрекеттенеді Сезім таным арқылы қабылданбайды Сенім, ұғым арқылы қабылданады Сөзбен сипаттауға келмейді, атаусыз, есімсіз Символдық есім арқылы белгіленеді, беріледі. Тәнсіз Жоғары ақиқатқа ие ұсақ бөлшектертереңінде жасырылған. Өте ұсақ Шексіз Бос Түпсіз «бейболмысты тудырып Аспан мен жерге бастама береді» Бүкіл болмысты тудырады, «сансыз заттардың» бастауы, арғы тегі.
Нәтижесінде, Дао екі түрлі болып шығады: есімі жоқ, бейболмыс аты бар, болмыс Бейболмысты және ең алдымен жерді жаратады. Бірақ болмысты құрайтын заттардың бәрі орнықты емес, олар өтпелі және өз тіршілігін аяқтап болып өз мәніне – мәңгі болып табылатын Бейболмысқа оралады. Таным туралы ілім. «Даодэцзинде» Дао туралы білім барлық адамдарға емес, тек даналарға ғана ашылатындығы айтылған. Ондайлар құштарлық атаулыдан арылған, нәрселер күресінің ар жағындағы гармонияны, қозғалыстан тыныштықты, болмыстан бейболмысты ажырата алатындар. Даоны білу үнсіздіктен көрінеді. «Білген айтпайды, айтушы білмейді» . Адам және адам қоғамы- табиғаттың бір бөлшегі, сондықтан олардың дамуын да Дао анықтайды. Даостық этиканың басты қағидасы У-вей, жоғары Дэге ие адам әрекетсіз және ол әрекет етпеуді жүзеге асырады, ол қайырымды іс жасауға ұмтылмайды, сондықтан ол қайырымды. Мемлекетті басқару туралы даостық концепцияның негізінде де әрекет етпеу, қарсыласпау принципі жатыр. «Жақсы билеуші – басқаруға килікпей, барлығына өз табиғи жолымен жүруге мүмкіндік беретін әмірші» . «Жақсы билеуші –халық оның бар екенін ғана білетін билеуші» . «Билеушілер әрекетшіл болса, халық сорлайды» . Ілімнің тағдыры: Даосизм(конфуциандықпен кейінірек буддизммен қатар) ежелгі және орта ғасырлық Қытайда жетекшілік философиялық ілімге айналды.
Конфуциандық Негізін қалаушы б. д. д. 551 -479 ж. ж. өмір сүрген Конфуций(Кун-фуцзы) « ұстаз-кун» . Конфуций шәкірттерінің жазбаларынан құралған «ұстазбен болған сұхбаттары» туралы «Лунь- Юй» біздер үшін Конфуций ілімі туралы мәлімет көзі болып табылады. Конфуций ілімі адамды бірінші әлуметтік өмірдің мүшесі ретінде қарастыратын ежелгі философиялық мектеп. Конфуциондық қарастыратын негізгі сұрақтар: адамды қалай басқару керек? Қоғамда өзін қалай үстау керек? Конфуций іліміндегі алтын ереже «жэнь -адамсүйгіштік» «Өзіңе тілемейтінді өзгеге жасама» . Конфуций ілімінің басты қағидалары: қоғамда және қоғам үшін өмір сүру; патшаға бағыну; жасы мен жағдайы үлкен, атағы жоғарыларды тыңдау; адамгершілікті сақтау; ұстамды болу, шектен шықпау, ұштарлыққа салынбау; бір-біріне жол беру, өзара ізет-ілтипат;
Конфуций ілімі басшы, жетекші қандай болу керек деген сұраққа мән береді, көп тоқталады. Басшы, жетекші: Патшаға бағынады конфуциандық қағидаларды сақтайды қажетті білімдерді игерген еліне қызмет ететін патриот биікті көксейтін, жоғарғы мақсаттарға ұмтылатын ізгілікті мемлекетке, айналасындағыларға тек жақсылық жасайтын мәжбүр ету ғана емес, үлгі көрсету, түсіндіру арқылы ықпал ету; қол астындағылардың және мемлекеттің қамын ойлау Бағыныштылар: Басшыға, жетекшіге құрмет көрсету; жұмыста тыңғылықты болуға; үздіксіз оқу және өзін-өзі жетілдіруі тиіс;
Легистер (заңгерлер) — Негізгі өкілдер: Шан Ян (б. д. д. IV ғ), Хань-Фэй-цзы (шамамен б. д. д, III ғ). Легистер конфуцийшылдардың мемлекеттегі әдептілікке негізделген заңдарды жүзеге асыру арқылы басқару керек деген пікірлеріне қарсы болып, керісінше, мемлекетті тек қана заңға сүйеніп басқаруға болады, себебі, "Мейірімділік пен адамгершілік" - қылмысқа апаратын бірден-бір жол, ал шын қайырымдылық өзінің бастамасын жазалаудан алады деп уағыздайды. Сөйтіп, легистер ар-ожданның. орнына қорқынышты дәріптейді. Елде тәртіпсіздік болмас үшін, 1. мақтаудан жазалау көп болу керек; 2. аямай жазалау арқылы халық арасында үрей тудыру қажет; 3. ұсақ қылмыс жасағандарды аямай жазалау керек, сонда олар үлкен қылмыс жасамайтын болады; 4. адамдар арасында бір-біріне сенімсіздік тудыру керек. Осы қағидаларды бұлжытпай орындағанда ғана халық билеушінің айтқанын екі етпей орындайды және керек болса, өлімге де барады.
Конфуцийшылдардың мемлекет - үлкен отбасы, оның басшысы - халықтың әкесі деген ілімінің орнына легистер: мемлекет - өз аясына бір машина сияқты құбылыс, билеуші өзін ата-баба аруағынан да, халықтан да, аспаннан да жоғары қоятын деспот. Мемлекеттің негізгі мақсаттары: 1. ұсақ патшалықтарды біріктіріп, Аспан аясындағы (Қытай) мемлекет құру; 2. осы мемлекетке басқа халықтарды бағындыру. Осы тұрғыдан өнерге, білімге деген құштарлық теңелуі қажет. Мемлекеттің экономикалық негізі қолөнер немесе сауда емес, егін шаруашылығы болуы керек. Мемлекеттегі қызмет орындары адамдардың жұмыс істеу қабілетіне қарай бөлінуі тиіс. Конфуцийшылдар мен легистердің арасындағы күрес көп жылдарға созылды. Тіпті қазірдің өзінде де осы философиялық бағыттарды жақтаған немесе қарсы шыққан саяси топтардың кездесетінін ескерткен артық болмас.
Ezhelgi__1178_ytay_filosofiasy.ppt