Lecture-1.ppt
- Количество слайдов: 14
Этнопедагогика- белгілі бір ұлттың өзіне ғана тән дүниетанымдық, тәрбиелік, мәдени мұрасы. Ол -халық ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрлер жинағы және ұлттық тәлім- тәрбиенің жазу мәдениетіндегі көрінісі. Этнопедагогика ғылымы әр халықтың оқу, білім, тәлім-тәрбие т. б. мәдени болмысындағы ұлттық ерекшеліктерді көрсетеді.
“Этнопедагогика” термині екі сөзден құралған: “paidagogike”(грек тілінен аударғанда тәрбие туралы ғылым) және “ethnos” (грек тілінен аударғанда ұлт, халық). Этнопедагогика ғылымы халықтың қалыптасқан ұлттық құндылықтарын, қоғамның ерекше қарымқатынасын, халықтың әлеуметтік талаптарын жеке тұлғаның қалыптасуына бағыттап үйретеді. Этнопедагогика – ұрпақ тәрбиелеудің ұлттық жолдарын, мәдениеттің ұлттық негіздерін үйрететін ғылым. Этнопедагогика пәні халықтық педагогика болып табылады. Ал «Этнопедагогика» терминінің бірнеше анықтамасы бар. Г. Н. Волков этнопедагогика халықтық (табиғи, қарапайым, бейресми, мектептен тыс, дәстүрлі) тәрбиенің тарихы мен анықтамасы болып табылады, этнопедагогика этностық топтардағы бала тәрбиесі мен білімі негізіндегі отбасының, рудың, тайпаның, ұлыстың, ұлттың байырғы құндылықтар мен моральдық – этикалық және эстетикалық көзқарастарының эмпирикалық тәжірибесі туралы ғылым болып табылады деп көрсетеді
Этнопедагогиканың мақсаты – халықтық салт-дәстүрді, ӛнерді дәріптейтін, ана тілі мен дінін қадірлейтін, отанын, елін, жерін сүйетін, жан-жақты жетілген, саналы намысқор, патриот азамат тәрбиелеу. Этнопедагогика пәнiнiң міндеті: халықтық сан ғасырға созылған ұрпақ тәрбиелеудегi бай салт-дәстүрi мен әдет-ғұрып, фольклорлық шығармаларын жастардың бойына дарыту; iзгiлiктi, иманжүздi, адал, өмiрге бейiм, дене еңбегіне де, ой еңбегіне де қабілетті, нарық жағдайында өмір сүруге икемді, жан -жақты жетілген іскер азамат етіп шығару. Зерттеуші педагог Г. С. Виноградов халық педагогикасын халықтың педагогикалық мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырып, оны «білім мен дағдылар жиынтығы» деген пікірді құптаған. Г. Н. Волков педагогикалық әдебиеттерге тұңңғыш рет «этнопедагогика» деген ұғымды енгізген. « Этнопедагогика халықтың жас ұрпақты тәрбиелеу тәжірибесі туралы, олардың педагогикалық көзқарастары туралы ғылым. » дейді Г. Н. Волков.
Ұлттық тәлім-тәрбиені (этнопедагогиканы) іске асыратын ұлттық тіл (этнолингвистика), ал оның ішкі жан дүниесімен, сана сезіммен байланысты (этнопсихология) жүргізіледі. Этнолингвистика – тілді этносқа қатысы жағынан зерттесе, психолингвистика – оны адам психологиясына, ал социолингвистика – қоғам дамуына қатысы тұрғысынан қарастырады. Этнолингвистика- ғылымы мына ғылымдармен тығыз байланысты: 1. Фольклористика 2. Этнология 3. Культурология 4. Мифология Себебі, бұлардың қай-қайсысы болсын, этнос табиғатын ашуға қызмет етеді және олардың зерттеу нысанасы (обьектісі) да ортақ. Мысалы, диалектология - этностың жергілікті сөйлеу ерекшелігін, этнология мен фольклористика – этностың әлденеше ғасырға созылған мәдени даму үрдісін, заттық және рухани мәдениетін, салтдәстүрін зерттесе, мифология- этностың дүниетанымын, сенімнанымын өзін қоршаған ортаға деген көзқарасын зерттейді.
“Этнос” гректің – etnos – тайпа, халық деген сөзінен шыққан. Ғылымда “халық” терминінің орнына “этнос” терминін орынды қолдана бастады. Ұлт мәдениетін ғылыми-методологиялық тұрғыдан терең зерттеген, тұңғыш рет құнды еңбек жазған тарихшы ғалым Лев Гумилев. Айталықғ біреулер, “этнос дегеніміз – шығу тегі бір халықтар тегі” де – се, екіншілер “этнос - тілдің бірлігіне негізделген мәдениеттің тууы” дейді. Л. Гумилев: “Этнос дегеніміз – жер бетіндегі белгілі бір тіршілік аймағы мен әлеуметтік ортаның білігінде жатқан салт – дәстүрі, тұрмыс- тіршілігі, шаруашылық кәсібі, мінез-құлқы, тілі мен мәдени мұрасы бір халықтар тобы” деген анықтама береді. Ұлтсыз халық – рухсыз адам болмайды
Тәрбиенің негізгі қағидалары(принциптері): - Ақылды, арлы, намысқой болуын қарастыру - Еңбек сүйгіш, елгезек етіп тәрбиелеу - Тән сұлулығын қарастыру, әсемдікке баулу - Адамгершілік қасиеттерге (ізгілікке, имандылыққа, қайырымдылыққа, адалдыққа, т. б. ) тәрбиелеу - Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, бүкіл адам баласын сүюге тәрбиелеу - Өнер мен білімді насихаттау - Табиғатты, қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу - Денені шынықтыруға тәрбиелеу
Халық педагогикасының ғылыми жүйедегі қағидалары: 1. Халық педагогикасының мақсаты мен міндеттері – «сегіз қырлы, бір сырлы» , жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу. 2. Мазмұны – ұлттық салт-дәстүрлер арқылы балаға ақыл-ой, адамгершілік, әсемдік, дене, денсаулық, еңбек тәрбиелерін беру, мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру. 3. Әдістері – әңгімелесу, кеңесу, түсіндіру, сендіру, талап ету, кеңес беру, үйрету, көрсету, үлгі көрсету, өтіну, бұйыру, жаттықтыру, бата беру, мадақтау, алғыс айту, жалбарыну, қарғау, сөгу, кінәлау, айыптау, жазалау т. б. 4. Түрлері – ойындар, тойлар, еңбек мерекелері, ойын-сауықтар. 5. Құралдары – санамақ, жаңылтпаш, өлең-жыр, тақпақ, ертегі-аңыздар, жұмбақтар, айтыстар, мақал -мәтелдер, шешендік сөздер, салттар, ырымдар, жол-жоралар, ұлттық ойындар, әңгіме, кештер, айтыстар, сабақтар мен үйірмелер. 6. Нәтижесі – «сегіз қырлы, бір сырлы» , жаны таза, тәні сау адам. 7. Тәрбиеге себепші күштер – табиғат, еңбек, тұрмыс, салт-дәстүр, өнеркәсіптер, дін, ана тілі, ұлттық ойындар. 8. Тәрбие ортасы – отбасы, ауыл-аймақтар, ру, қауым, тайпа, ұлт, мектеп, медресе. 9. Тәрбие объектісі – бала. 10. Халық тәрбиешілері – әке-шешесі, атасы мен әжесі, апа, ағалары, ауыл үлкендері, өнер иелері.
Этнопедагогика пәнінің басқа ғылым салаларымен байланысы ЭТ Н ОП СИ ЛО Г ЭТ НО ЭТН МӘ ДЕ ОФ ЭТНОПЕДАГОГИКА ИН ГВ ИС Т ИК А НИ ЕТ ИЛО СОФ ҰЛ ИЯ ТТЫ Қ РУ Х Г НО Т ИЯ НО Л Я Р ХО ЭТ И АФ АНИ ЯТ Э Я И ОГ Л О ЭТ С НО О ЦИ Я Г ЭТ О ГЕ ФИ РА НО Р А ҚТ Ы Л ДЫ Н ДІ Н ҚҰ И А ИХ М НА О Н ЭТ Р ТА
Ұлттық тәлім-тәрбиенің әдіс-тәсілдері , зу ес қы њ , йт ке лау. . А л ы ру зу ау Ақы Бақ ты Жа с. ан. , с ену улу. алы тар у р а с қ у. та й п ат у, ү е б әне мба қыт ла Ж ет ән Ж жұ о та р ж у е үй еру ала мен жән қ ы б йт р у ал қа нда сыз ик йы кт О а д Ди Ы ры К Т жә ем әрт жә не шіл іпт і жі не сенд ігін , ұқ се а ып г і жа ерле нді ру. йту ты ру М. с нд Әл ер ір. Т ақ Та бол ек у. ал та ла у. еу ше М пы у, п ме лік іне н ма қо тт те з – дыр дақ ю рг құ та ік-э е лы у ж тау ла ти мә қ ән п ка н п е лы бе ен ру қ Ұлттық тәлім-тәрбиенің әдіс-тәсілдері р м да Ке р та рег сө м ян ег зд ен е Са ба. ке ер ты Та Т у Ш р іл ңд аб са йы ай ал қт аш ме ы ың. Ж м та ың ды ян ды ры шо ды а ба қ ш ж ғы. қа ты ай а ңд Кө қп тп йм ы лд а. бас а. а. і Б па ба үй. сп ір а. ің ді а а пт л та н ық ғы тт ра ы тт лы. ұл ша ры у ал уш зек рып у. А -с ғ с із ы е ы ы гін ыз жән от етк бе рм ж Қ а е. лау лан өз у. . Ең Тұ г у а К т не а -ө аз айд ру. оя бер ау. і Ж г і н л п Үл ру. ді сінд сы рма аға ты ер Тү мы сы б рт түрл у. на Тап імін а с н у. біл дә лда ыр не қо нд ә ла ж Ой қ
Ұлттық тәлім-тәрбие дүниесін қалыптастырушы факторлар Дүниетанымдық–мифологиялық және діни-рухани ықпалдар Тарихи-әлеуметтік және мәдениэтнографиялық ықпалдар Қоршаған ортадағы табиғат құбылыстары. Жертану ћәм аспантану әфсаналары. Аллаћтану негіздері. Эндогендік ћәм экзогендік күштер. Қоршаған ортадағы климаттыќ, биосфералық, экологиялық құбылыстар. Мифологиялық, дүниетанымдық, философиялық қағидалар. Діни-рухани жазбалар мен болжамдар Қоғамдық құрылыс кезеңдеріндегі саяси оқиғалар. Әлеуметтік өзгерістер мен қарым-қатынастар. Мәдени-этнографиялыќ мұралар. Салт-дәстүрлер шежірелер, жазбалар және сына таңбалар. Өнер, білім ћәм ғылым. Тұрмыс-салттар. Рухани жєне материалдық мәдени мұралар. ҰЛТТЫҚ ТӘЛІМТӘРБИЕ Ұлттық болмыс ћәм қасиеттер ықпалдары Қазіргі заман ықпалдары Болжау мен көріпкелділік. Таным жүйесі. Ойлау мен сөйлеу ћәм тұспалдау мәдениеті. Мақалмәтелдер мен бата-тілектер. Ұлттық сана-сезім. Жақсылық пен жамандық қайшылықтары. Тұлға болмысы. Ғылыми-техникалық прогресс. Соңғы технологиялар жетістіктері. Технократиялық жүйелер. Компьютерлік жобалау және Интернет жүйесі. Заң және адам. Экономикалық, демографиялық, интеграциялық және экологиялық алғышарттар. Ұлттық генофонд және менталитет. Кибернетика және синергетика негізді. Оқыту жүйесінің жаңа модельдері
Ұлттық тәлім-тәрбиенің негізгі қағидалары Ақылды, намысқор және көпшіл болу. Өнегелі және арманшыл болып өсу. Айтқан сөзді тыңдау. Адамгершіл, шыншыл және байсалды болу. Қонақжайлылық. Сыпайылық. Мейірбандылық. Әдет-ғұрыптарды қастерлеу. Үлкен адамдарды сыйлау. Бата-тілектерді дәріптеу. Ұлттық тәлімтәрбиенің негізгі қағидалары Парасатты, қанағатшыл, елжанды және отансүйгіш болып өсу. Қайратты, әділетшіл һәм адалдық қасиеттерді бойына сіңірген тұлға болу Тыйым сөздер мен ырым-сырымдарды сақтау және қастерлеу Тәлім-тәрбиенің біртұтас этнокомплексті түрде жүргізілуі Денсаулықты шыңдау және тазалықты (гигиенаны) сақтау. Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Үлкенді өнеге тұту. Кішіге ізет көрсету. Ұлттық қазыналарды қастерлеу. Өсиеттер мен аманаттарға назар аудару. Өскен ортаның ықпалдарына мән беру. Табиғат заңдылықтарын, жануарлар дүниесін, өсімдік жамылғысымен танысу Ақылды, білімді болып өсу. Ақыл-ойды дамыту әрекеттері. Дамыта отырып тәрбиелеу үрдістері.
Этнопедагогиканың қызметі: - білім алуға құштар, өміршең, дені сау және елдің зиялы көзі ашық элитасын тәрбиелеу -кішкентай жасынан бастап, ақылды, еңбекқор-өнерлі, қастық пен достықты ажырата білетін адам тәрбиелеу -адамгершілік қасиеттері мен патриоттық сезімін тудыру -рухани-мәдени дамыған тұлға тәрбиелеу
Еуропалық тәрбие жүйесінің бесігі – ежелгі Греция философиясында қалыптасқан. Оның көрнекті өкілі Демокрит (460 -370 жж. Б. э. д. )- балалар тәрбиесі бойынша алғашқы нұсқаулар кітабын жазған. Сол уақыттың өзінде ол: «Табиғат және тәрбие мегзес. Дәлірек айтсақ, тәрбие адамды қайта жасайды және оны өзгерте отырып, болмыс табиғатын түзеді… Жақсы адам болу табиғат ықпалынан гөрі тәрбиеге көбірек тәуелді» Педагогиканың философиядан бөлініп, өз алдына ғылыми жүйеге келуі ұлы чех педагогы Ян Амос Коменскийдің (1592 -1670) есімімен байланысты. Ол тек ақылды адамдар тәрбиелеу емес, жеке тұлғаны түгелдей дамыту оқудың ең басты міндеті — деп есептеді. Тәрбиенің рөлін жоғары бағалаған педагог » Адам тек тәрбие арқылы ғана адам болады» . 1648 жылы Коменский латын тілінде » Ұлы дидактика» (Білім берудің мақсаты мен басты принциптері) атты еңбегін жариялады. Педагогика тарихында Коменский тұңғыш рет ерекше ғылым ретінде дидактика жүйесін жасады. Орыс педагогикасын әлемдік даңққа бөлеген Константин Дмитриевич Ушинский (1824 -1871) оқу-тәрбие теориясын түбегейлі өзгеріске келтіріп, педагогикалық практикада төңкеріс
Семинар тапсырмалары 1) Этнопедагогиканың қазiргi қоғамымызда алатын орны, қажеттiлiгi туралы айтыңыз. 2) Этнопедагогика пәнi қандай мәселелерді зерттейді? . 3) Этнопедагогиканың негiзiн салушы көрнектi педагогғалымдар. 4) Этнопедагогика қағидаларының ғылыми педагогика принциптерiмен қандай байланысы бар және ерекшелiктерiн 1) атаңыз. 2)5) А. Құнанбаев, Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, С. Торайғыров 3) педагогикалық ойдың дамуына қосқан үлестерi.
Lecture-1.ppt