Этил спирти.pptx
- Количество слайдов: 14
ЭТИЛ СПИРТІ ОРЫНДАҒАН: АСКЕЕВ Б. ТЕКСЕРГЕН: ЕСЕТОВА К.
Этил спирті наркотикалық әсері бар зат. Ол ОЖЖ – жалпы тежегіш әсер көрсетеді. Жергілікті қолданғанда этил спирті айқын антисептикалық қасиет көрсетеді.
Медициналық практикада этил спиртінің қолданылуы шектеулі. Оны негізінен антисептик түрінде қолданады. Оған әлеуметтік жағдайда көп көңіл бөлінуде, өйткені спиртті ішімдіктерді қабылдау жедел және созылмалы уланулардың себебі болады.
Этил спиртін ішке қабылдағанда ол көбінесе жіңішке ішекте және шамамен 20% азқазанда жылдам сіңеді. Абсорбцияның жылдамдығы айтарлықтай дәрежеде азқазан – ішек жолдарының ішіндегісінің сипатына және күшіне байланысты. Этил спиртінің резорбтивті әсері аш қарынға қабылдағанда жылдам дамиды.
Этил спиртінің тотығуы бауырда жүреді, мұнда энергияның айтарлықтай мөлшері бөлінеді (7, 1 ккал/г). Ұзақ қолданғанда этил спиртінің инактивациясы жылдамдығының жоғарлауын шақыратын бауыр ферменттерінің индукциясы байқалады.
Өзгермеген түрінде этил спирті мына мүшелер арқылы шығады: өкпе бауыр тер бездері
Этил спиртінің резорбтивті әсері ОЖЖ – не бағытталған. Оған этил спиртінің концентрациясы қанда және ми тіндерінде жоғарылаған сайын тежегіш қасиеті өсетін әсер көрсетеді. Бұл негізгі үш кезеңмен жүреді: 1. Қозу кезеңі 2. Наркоз кезеңі 3. Агония кезеңі
Қозу кезеңінің себебі мидың тежегіш әсерінің басылуы болып табылады. Бұл адамда мынадай көріністермен байқалады: Жұмысқа қабілеті төмендейді. Эйфория дамиды. Айналадағы жағдайды бағалауы кемиді. Көңілі көтеріңкі Шамадан тыс көпшіл Өзін бақылауы кемиді. Сөйлегіш
Ұйқышылдық болады. Сана және сезім бұзылады. Жұлындық рефлекстер тежеледі. Бұл жағдайлар этил спиртінің қанда концентрация сының жоғарлауынан болады.
Этил спиртінің орталықтан дамитын әсерінің бірі – оның жылуды реттеуге қатысы, бұл жылу берілуінің жоғарлауымен сипатталады. Сондықтан, этил спирті суықта жылынуға емес, керісінше тоңуға әкеледі.
Этил спирті асқорыту жүйесіне айқын әсер көрсетеді. Ол сілекей және асқазан бездерінің секреторлық белсенділігін күшейтеді. Асқазан бездері секрециясының жоғарлауы этил спиртінің шырышты қабаттарға әсер етеді. Этил спирті тұз қышқылының секрециясын күшейтеді.
Медицинада этил спиртінің резорбтивті әсері сирек қолданылады. Кейде оны шокқа қарсы зат ретінде, сирек – ұйықтатқыш немесе тыныштандырғыш зат ретінде қолданады.
Спиртті ішімдіктерді қабылдау дәрежесі этил спиртінің қандағы концентрациясына байланысты жедел улануларға ікеледі. Мас болу шамамен 1 -2 г/л концентрациясында дамиды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ФАРМАКОЛОГИЯ. ХАРКЕВИЧ Д. А. ЛЕКАРСТЫЕННЫЕ СРЕДСТВА. МАШКОВСКИЙ М. Д. WWW. MEDUNIVER. COM WWW. ZDOROVIEINFO. RU
Этил спирти.pptx