Етеккір циклы Лектор: доц. Кожабекова. Т.
Етеккір циклы Лектор: доц. Кожабекова. Т. А.
Етеккір циклының физиологиясы n Етеккір циклы (ЕЦ) екі менструалды қан ағу аралығындағы уақытты айтады. (қазіргі қан ағудың бірінші күнінен бастап келесі қан ағудың бірінші күніне дейін). n ЕЦ әйел ағзасының ең күрделі биологиялық үрдіс, бұл кезде заңдастырылған циклдік өзгерістер болады, нәтижесінде жыныс жүйесі және барлық функционалды жағдайдың ауытқуы байқалады.
Етеккір циклының физиологиясы n Циклды өзгерістердің көбі ұрық жұмыртқасында және жатырда өтеді. Олардың негізгі ерекшелігі – екі фазаға, яғни ұрық жұмыртқаларындағы циклды өзгерістерге негізделген, фоликулланың пісіп жетілу фазасы, овуляция және сары дене фазасы болып табылады. n ЕЦ жыныстық жетілу кезеңінде басталып, әйелдің 45 -47 жасына дейін созылады. n ЕЦ ұзақтығы 21 нен 30 -35 күнге дейін, 60 % әйелдерде – 28 күн.
«Менструация» термині n Екі фазалы менструалды цикл кезінде эндометрийдің сылынуы нәтижесінде әйелдердің жыныс жолдарынан кезеңді қанды бөліністердің болуын айтады. Бұл жағдай пісіп жетілген ұрықтың ұрықтануы болмаған жағдайда болады. n Менархе – бірінші етеккір.
Қалыпты етеккір циклының сыртқы параметрлері n Ұзақтығы 21 ден 35 күнге дейін (60% әйелдерде ЕЦ ұзақтығы 28 күнді құрайды). n Етеккір бөлінісі 2 күннен 7 күнге дейін созылады n Етеккір күндері қан жоғалту көлемі 40 -60 мл құрайды (орташа 50 мл)
Қалыпты ЕЦ негізгі үш компоненттен тұрады: n Әйел жыныс бездерінде циклды өзгерістер кездеседі, дәлірек айтқанда гипоталамус-гипофиз- аналық без жүйесінде, аналық безінде. (аналық бездік цикл); n Жатырдағы циклдық өзгерістер, көбінесе эндометрийде байқалады (жатырлық цикл); n Ағза функциясының түрлі физиологиялық қозғалыстары (менструалды толқын).
Аналық без циклы 2 фазадан тұрады 1– фаза (фолликулинді фаза) Фолликуланың дамуы және пісіп жетілуі овуляциямен аяқталады 2 - фаза (лютеинді фаза) сары дене жетілуі
I фаза – фолликулланың пісіп жетілуі n Цикл ағымында бір фолликулла пісіп жетіледі. n Доминантты фолликулланың іріктелу себебі белгісіз. Фолликулярлы эпителий дәнді жасушаға ауысып, тез жылдамдықпен көбейеді, нәтижесінде фолликуланың дәнді қабығын ( stratum granulosum ) түзеді. Бұл жасушалар шырыш бөледі де дәнді қабаттың арасында жиналады.
I фаза – фолликуланың пісіп жетілуі n Доминантты фолликула ЕЦ бірінші күндері d 2 мм, 14 күнде 21 мм дейін үлкейеді. Осы уақыт аралығында фолликулярлық сұйықтық жүз есе жоғарылайды. Базальды мембранадағы жайылған гранулезді жасушалар 0, 5 х10 6 нен 50 х10 6 жоғарылайды. Фолликулалар сұйықтығында Е 2 және ФСГ деңгейі көбейеді. Е 2 көбеюі ЛГ шығуын және овуляцияны реттейді.
I фаза – фолликуланың пісіп жетілуі n Овуляция кезінде ооцитте мейоз үрдісі қайта жаңарады. Пайда болған сұйықтық ұрық жұмыртқасын периферияға ысырады, ол жерде дәнді жасушалы қабат жұмыртқа жотасын түзеді, жасушалардың кейбір бөлігі фолликулалардың перифериясына ығысып сол жерде дәнді мембрананы (membrana granulosus) түзеді.
I фаза – фолликуланың пісіп жетілуі n Пісіп жетілу кезеңінде фолликуллярлы сұйықтық қабырғасы созылады, ұрық жұмыртқасы 100 -180 мкн дейін ұлғаяды. n Жұмыртқа жотасында орналасқан ұрық жұмыртқасы шыны тәріздес қабықпен (zona pellicida) қапталған. Бұл қабықта жасуша радиалды орналасқан «күн сәулесі» көрінісін түзеді. Бұл жағдай Граффов немесе үлкен пісіп жетілген фолликулла деп аталады. n Фолликуланың пісіп жетілу ұзақтығы 14 күннен кем емес. Сұйықтықтың ұлғаюы мен өлшемінің ары қарай өсуі нәтижесінде пісіп жетілген фолликулла аналық без үстіне қарай ығысады.
Овуляция n Үлкен пісіп жетілген фолликуланың базалды мембранасының жарылуы нәтижесінде жұмыртқа жасушасының шығуы. n Жарылған фолликуланың қабырғасына қан құйылумен жүреді. n Егер ұрықтану болмаса, онда жұмыртқа жасушасы 12 -24 сағат ішінде бұзылысқа ұшырайды. n Қалыпты етеккір циклы кезінде бір ғана фолликула пісіп жетіледі, қалғаны атрезияға ұшырайды, бұл кезде фолликула сұйықтығы сорылып, фолликула қуысы дәнеккер тінге толады. n Барлық репродуктивті кезеңде 400 жұмыртқа жасушасы пісіп жетіледі, қалғаны атрезияға ұшырайды. Овуляция түрлері: n спонтанды. n спорадикалық.
II – лютеинизация фазасы ►Овуляциядан кейінгі фолликуланың қайта дамуы. ► Сары дене – бұл фолликуланың дәнді қабатындағы жасушалар, олар овуляция кезінде жиналған липохромды пигментацияның әсерінен сары түске боялады. ► Тіндер, ішкі шекара жасушалары лютеинизацияға ұшырайды, нәтижесінде теколютеинді жасушаларға айналады.
II – лютеинизация фазасы n Егер ұрықтану болмаса сары дене 10 -14 күн ғана өмір сүреді, осы уақыт аралықтарында мынандай сатылардан өтеді: - пролиферация сатысы (дәнді жасушалардың еніп өсуі және ішкі шекара гиперемиясы), - васкуляризация сатысы (бай қан тамыр торларының пайда болуы), - регрессия сатысы (дегенеративті жетілу, жасуша түссізденуі және сары дене көлемінің кішіреюі). 1 -2 айдан кейін сары дене орнына ақ дене пайда болады, содан кейін ол сорылып кетеді.
Жатырлық цикл n Екі етеккір циклы арасындағы жатыр бұлшықеттерінің және шырышты қабатының циклді өзгеріске ұшырауы. n Циклдың фолликулярлық фазасында жасушалық миометрийдің гипертрофиясы сипат алады, ал лютеин фазасында оның гипоплазиясы орын алады. Лютеин фазасында жатыр салмағы 5 -10 г артады. n Эндометрийде фолликула және лютеин фазасында пролиферация және шырыш бөлу жүреді. Ұрықтану болмаса шырыш бөлу фазасынан кейін етеккір циклының үшінші фазасы – десквамация фазасы болады.
Жатырлық цикл 8 эндометрий қалыңдығы (мм) (эстрогендер) (прогестерондар) 4 0 имплантацияға дайындық
Эндометрийде екі қабатты ажыратылады: n Базальды қабаты, миометрийге жақын орналасады және эндометрийдің 1/5 бөлігін (1, 0 – 1, 5 мм) алады, етеккір кезінде тек аз ғана бөлігі ғана ажырайды. Базальды қабат арқасында регенерация жүреді. n Функциональды қабаты, эндометрийдің 4/5 (4 – 8 мм) бөлігін алады. Шырыш бөлу фазасында функционалды қабаты, компакты және спонгиозды қабаттардан түзіледі. Етеккір кезінде толығымен сылынады. Оның қайта құрылуы призматикалық жасуша нәтижесінде жүзеге асады.
8 (эстрогены) (прогестерон) Жатырлық цикл Имплантацияға дайындық
Етеккір толқыны n Екі етеккір арасында жүйелер мен мүшелерде циклды өзгерістер дамиды. n Барлық жүйелер мен ағзалар өзгеріске ұшырайды. АҚҚ етеккір алдында 10 -15 мм с. б. б. төмендейді. Ең алдында эритроциттер 9 % жоғарылайды, ал кейін 15 төмендейді. Бұл жағдай 8 -10 % күнде қалпына келеді. Негізгі айналымда жоғарылайды, кейін төмендейді. n I фазада ми қыртысында қозу үрдісі басым, II фазада оның тежелуі байқалады. I фазада парасимпатикалық жүйке жүйесі тонусы жоғары, ал II фазада симпатикалық жүйке жүйесінің тонусы жоғары. I фазада қалқанша без қызметі өзгермейді, ал II фазада қызметі жоғарылайды. II фазада өкпе гипервентеляциясы жоғары. Ең алдында 2 % әйелдерде көңіл күйі бұзылыды.
Аналық безінің гормондары n Аналық безде үш топ гормон синтезделеді: - эстрогендер, - гестагендер, - андрогендер. n I фазада – фолликуллярлы – негізінде эстрогендер бөлінеді. n II фазада – гестагендер.
Эстрогендер n Аналық без эстрогендері: - эстрадиол, - эстрон, - эстриол. Эстрогендер фолликулдың ішкі қабатында синтезделеді. Сары дене және бүйрек үсті безінде аз мөлшерде синтезделеді. n Эстрогендер жыныстық жетілудің екіншілік белгілерін стимульдейді, эндометридің және миометридің гиперплазиясы мен гипертрофиясын шақырады, жатырдың қандануын жақсартады. Олар сүт бездерінің қызметін жақсартады және сүт шығару жолдарындағы шырыш бөлу эпителиінің өсуіне әкеледі. n Жалпы әсері: экстрогендер ретикулоэндотелиалды жүйені стимулдейді, антидене шығуына және оның активтілігін жоғарылату нәтижесінде ағзаның инфекцияға қарсы тұру қабілеті артады. Ағзада сұйықтықтың, азоттың, натрийдің, ал сүйекте кальциймен фосфордың көп ұсталуына әкеледі. Қанда және бұлшық етте гликоген, глюкоза, фосфор, креатинин, темір, мыс концентрациясының ұлғаюын шақырады.
Гестагендер n Гестагендер: лютеин жасушалары және дәнді қабаттың лютеиндеуші жаушасы мен фолликула қабығынан синтезделеді. n Аналық бездің негізгі гестогені – прогестерон. n Жыныс ағзаларына эстроген стимуляциясынан кейін әсер етеді: шырыш бөлу фазасында жатыр шырышты қабатын қайта жаңартады. Ұрықтану болған жағдайда овуляцияны тежеп, жатыр жиырылуын болдырмайды. Сүт бездерінде альвеола дамуына әкеледі. n Жалпы әсері: ағзада сумен тұз кідіруіне, ал зәрде азот мөлшерінің ұлғаюына әкеледі. Асқазан сөлінің бөлінуін жоғарылатады, өттің бөлінуін тежейді.
Андрогендер n Андрогендер: бүйрек үсті безінің милы қабатындағы торлы шекарадан және ішкі фолликула қабығының интестициалды жасушасынан түзеледі. n Аналық без негізгі андрогендері: - андростендион - детроэпиандростерон
Функционалды диагностика тесттері (ТФТ) n Етеккір циклының фазасын анықтайтын тест: - Базалды температура - Кристаллизация және папоротник симптомы - Қарашық симптомы - Шырыш созылғыштығы
Базальды температура n Толық тыныштық жағдай кезінде, таңертең тұрғандағы күнделікті активті жұмыс, таңғы ас ішпестен бұрынғы дене температурасы. n Етеккір циклының фазасында базальды температура 37 °С төмен, овуляция алдында 0, 1 – 0, 2 °С төмендейді, кейін бірден 0, 3 °С до 1 °С көтеріледі, ал лютеин фазасында 8– 10 күндей температура 37 °С жоғары болады. n Базальды температураны төсектен тұрмас бұрын тік ішектен өлшеп арнайы күнтізбеге жазып қояды.
екіфазалы монофазды
Кристаллизация немесе папоротник феномені В 1945 г. Папаникула бірінші рет цервикалды шырыштан алынған жағындыны ағаш суретіне ұқсас екенін сипаттап, овуляция кезінде және фолликулярлы фазада анықтап жазды. Бұл көрініс цервикалды канал шырышындағы ас тұзының және муцин әсері болып табылады.
Кристаллизация немесе папоротник феномені ЕЦ 9 -шы күні ЕЦ 12 -шы күні ЕЦ 14 -шы ЕЦ 19 -шы күні күні
Қарашық симптомы Жатырдың ішкі кіре берісі 8 -9 күндері кеңейеді ол жерде түссіз шырыш пайда болады. Келесі 2 -3 күнде жатыр мойны каналы әлі кеңейе түседі оның диаметрі 1 /4 немесе 1/3 см дейін болмайды, жатыр мойнының сыртқы кіреберісі қараяды, нәтижесінде көз қарашығы көрініс береді бұл жағдай бірнеше күнге созылады, осыдан кейін ол жер жабылады, ал шырыш жоқ болады.
Шырыш созылғыштығы n Периовуляторлы кезеңде шырыш ашық түсті, тұтқыр және көп мөлшерде болады (эстрогендердің шыңы нәтижесінде) n Бұл жағдай қынап шырышының бөлінуі және вульваның ылғалдануымен жүреді.
Етеккір циклының ағымындағы әйел ағзасындағы өзгерістер Етеккір циклы кезінде: n Жалпы жағдайының бұзылысы, әлсіздік, делдалдық, бел және іштің төменгі жағындағы ауру сезімі. n Етеккір циклына дейінгі 5 -6 күн бұрын дене қызуының жоғарылауы. n Жатыр мен қуықтың нервтенуі бір болғандықтан кіші дәрет сындыруы көп болады. n Кіші жамбас астауындағы ағзалардың гиперемия нәтижесінде гемрроидальды түйіндердің етеккірге дейін және етеккір кезінде ісінуі. n Қынап бөліністерінің бөлінуінің жоғарылауы. n Етеккір циклы кезінде мұрын шырышты қабатының ісінуі n Сүт бездеріндегі қысымды және шаншыған ауру сезімді
Етеккір циклының ағымындағы әйел ағзасының өзгерісі Етеккір циклы кезінде: n Эритроциттер санының 1 млн және Hb 15% төмендейді. n Етеккір циклы бірнеше күн бұрын жалпы лейкоциттер санының жоғарылауы. Етеккір кезінде лейкоциттер саны қалыпты жағдайдан төмендейді. Оның қалыпты жағдайға келуі етеккір біткеннен кейін 3 -4 күнде болады жалпы саны лейкоциттер саны 1 куб. мм 1000 ға дейін төмендейді. n Етеккір циклы кезінде лимфоциттер саны төмендейді, ал етеккір циклы алдында тромбоцит саны 80. 000 в куб. мм дейін төмендейді.
Етеккір циклінің реттелуі Репродуктивті жүйе 5 деңгейге бөлінеді: n I деңгей: тіндер - нысанасы – гормондар жиналатын нүкте. Оларға жыныс ағзалары, сүт бездері және терінің түкті фолликулалары жатады. Бір деңгейде жасуша ішілік медиатор, протогормон, циклды АМФ, қышқыл, жасушалық регулятор – простоглондиндерге жатады. n II деңгей: эндокринді бездер – аналық без (гранулезді және тека- клеткалары). Оларда стериодтық биосинтезі, эстрадиол, прогестерон және тестостерон күрделі үрдісі жүреді. n III деңгейі: гипоталамустың гипофизарлы шекарасы. Ол нейрондарды іске қосып, вентро және дорсомедиалды аркуатты ядролар түзіп нәтижесінде гипофизарлы релизинг гормоны (ГРГ) – либерин түзіледі, ол химиялық құрылымы жағынан декапептидке жатады. n IV деңгей: гипоталамус n V деңгей: ОЖЖ экстрагипотоламусты құрылымы.
Етеккір циклының реттелуі Бас миы Гипоталамус Етеккір негізінің патогенезінің негізі болып гипотоламус- гипофиз-аналық без – жатыр қызметінің Гипофиз бұзылыстары болып табылады. Аналық без Эндометрий
Репродуктивті жүйе n Әйел ағзасының ең маңызды жұмысы болып өзіне тән ағзаны дүниеге әкелу болып табылады. n Оларға: орталық бөлім (гипоталамус, гипофиз) және перифериялық (аналық без, жыныс ағзаларының нысана ағзалары) жатады.
Гипоталамус n Ағзалардың негізгі реттелу орталығы болып табылады. n Гипотоламуста жүйке трансформациясының импульсі гуморальді жүреді. Бұл жерде шығарылған гормон гипофиз гормонын стимулдейді және ингибирлейді. n Үздіксіз (тоникалық) фоллитропин және лютропин секрециясы гипоталамус ядросының аркуатты және вентромедиалды ядросының арқасында дамиды. бұл кезде жоғары мөлшерде бөлінген гормондар фолликуланың пісіп жетілуін шақырады, бірақ овуляцияның тез дамуына қосымша тез лютропин және фоллитропин гормондарының шығарылуы қажет (циклді секреция), бұл жағдай супрахизматикалық ядроның любериндерінің әсері нәтижесінде жүзеге асады.
Гипофиз n Гипофизден бөлінген гонодотропиндер аналық бездегі эстроген мен гестагендердің секрециясын шақырады. Тікелей байланысқан аналық без гормондары жеткілікті деңгейге жеткенде соңғылары гонадотропты гормондардың бөлінуіне тежегіш әсер етеді. (кері байланыс)
Етеккір циклы келесі жолдармен жүзеге асады: n Гонадотропин, рилизинг-гормон, ФСГ және ЛГ – ның тоникалық секрециясын стимулдейді. Олар фолликулалардың дамуы мен өсуін реттейді. n Гонадотропин рилизинг-гормонының циклды секрециясы гонодотропиннің және эстрогендердің максимальды өндірілуін шақырады, бұл овуляцияға әкеледі. n Осы уақытта қандағы эстрогендердің саны ФСГ-нің секрециясын тежейді, нәтижесінде ЛГ – секрециясы активтенеді.
Етеккір циклі келесі жолдармен жүзеге асады: n ЛГ сары дене түзілуін стимулдейді нәтижесінде прогестерон секрецияланады. n Прогестерон мөлшерінің көбеюі лютропин секрециясын тежейді. (қайта байланыс) n Гипотоламус, гипофиз, аналық без гормондарының деңгейі төмендеуі нәтижесінде етеккір басталады. n Гипотоламус – гипофиз жүйесінің қызметіне, веготативті жүйке жүйесі және жатырдың биологиялық активті заттарынан шыққан импулстер әсер етеді. Оларға аминдер (катехоламиндер, серотонин, простоглондиндер) шишка тәрізді дене, эндокринді бездердің перфериялық гормондары (қалқанша, бүйрек үсті, асқазан асты бездері және т. б. ) жатады.
Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!
Менструальный цикл каз.ppt
- Количество слайдов: 40

