тех.pptx
- Количество слайдов: 12
Ет тарту машиналары өнімділігіне байланысты үш түрге бөлінеді: өнімділігі сағатына 10 кг болатын тұрмыстық; өнімділігі сағатына 10 500 кг – тамақтандыру кәсіпорындағы; өнімділігі сағатына 500 кг нан артық өндірістік.
Тамақтандыру кәсіпорында қолмен немесе электр қуатымен жұмыс істейтін ет тарту машиналары қолданылады. Олар ембебап жетектерге жалғанатын ауыспалы механизм және жеке машина болып екіге бөлінеді.
Ет тарту машинасының корпусындағы жұмыс камерасының ішіндегі қабырғалар өнімнің айналмауын қамтамасыз етеді. Өнімді жұмыс камерасында жылжытатын бұранданың (шнектің) қадамдары бірте кішірейе береді. Ет тарту машинасының кесу құрылымы кесу торынан, айналатын пышақтардан, әр түрлі өлшемдері бар пышақ торларынан тұрады.
Қазіргі уақытта МИМ 60, МИМ 500, МИМ 82, М 2 (764) деп аталатын дербес жетектері бар ет турағыштар, сондай ақ ММП 11 1, МС 2 150, М 2 70 және УММ 2 деп аталатын әмбебап жетектермен жұмыс істейтін ет тарту машиналары кеңінен қолданылады. МИМ 500 машинасы шойыннан жасалынған корпустан, негізден, жұмыс құралдарынан, шнектен, жетектен және қаңқадан тұрады. Машинаның 4 кор пусықуысты цилиндр тәрізді жасалынған және ол жұмыс камерасы болып есептелінеді.
М 02 150, МС 2 70 және УММ 2 деп аталатын ет тарту машиналары. Бұлардың құрылымдары мен жұмыс істеу тәртібі ММП 11 деп аталатын ет тарту механизміне ұқсас.
Балықты жуу, жару, бөлшектеу, тоңазыту, тұздау, ыстау, консервілеу, т. б. процесстер кезінде қолданылатын техникалық құрал жабдықтар. Балықты сыртқы шылымынан, шөп шаламнан, т. б. тазарту үшін балық жуғыш машинасы пайдаланылады. Бұл процесс кезінде қиындық туғызбас үшін өте ірі балықтар алдын ала бөлшектелінеді.
Балықты механикалық жолмен бөлшектеп өңдеу арнайы машинамен атқарылады. Мұндай машиналардың бір амалдық және көп амалдық түрлері болады. Бір амалды машиналарға: балықтың қанаттары мен құйрықтарын, басын кесіп тастайтын, ішек-қарнын тазалайтын, кеспелейтін, т. б. машиналар жатады. Жұмыс процестері дискілі не белгілі үлгідегі пышақтар, арасы, икемді тазартқыш құралдары бар машинамен орындалады. Ал көп амалды машиналар жұмыстың барлық түрлерін бір мезгілде атқарады. Олар Республиканың құтылау цехтары бар комбинанттарында қолданылады.
тех.pptx