Еске алу
2 МАМЫР 2014 жыл
Сапа ұлы Заманбек 1. 06. 1935 - 30. 04. 1994
Аяулы әкеміздің арамыздан кеткеніне 20 жыл
Ұшырдың баптап ұядан, Кетпейсің ойдан, қиялдан. Арманға биік қол созсам, Тұрасың демеп жиі алдан
Жапырағын жайған бәйтерек, Тереңге тартқан тамырын. Сезбеппін әке ертерек, Жаныңның ыстық жалынын.
Ыстық-ау кімкімге де әке деген, Суыққа шалындырмай мәпелеген. Өмірдің соқпағынан өрге тартып, Алдымен адам бол деп жетелеген.
Балалары, күйеу балалары, келіндері
Шаңырақ көтерген немелері
Шөберелері
Сапиновтар әулеті Ұрпағың бар, ер менен ел намысын Өкінбе, әке, отың бар сөнбейтұғын… Тірі тұрса жанады бермейтұғын Ол мәңгілікқолынан көрмей тыным
Әке, тілегің есімізде: Алла барын ұмытпағын, жарығым, Дос пейілін қабағынан танығын. Ата-анасын сыйламаған- ақымақ, Ешкімге де жасай алмас қайырым. Ар аттама, иманыңды кірлетпе, Жексұрын боп жеті атаңды тілдетпе. Ары таза арманы асқақ азамат, Бөленеді қошемет пен құрметке. “Құдай деген- құр қалмайды“, -ұқ, мәнін, Ақиқаттың ақ жолынан шықпағын. Аруақтарды шығармасаң жадыңнан, Онда, қалқам, кісілікті ұққаның.