556.ppt
- Количество слайдов: 15
Есепке алу-тіркеу тәртібін жетілдіру Қылмыстар туралы азаматтардың барлық өтініштері мен хабарламаларын есепке алу және тіркеу Азаматтардың өтініштерін қарау ашықтығы Өтініштерді қараудың заңдылығы мен жеделдігі Нақты уақыт режимінде прокурорлық және ведомстволық бақылау
Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарламаларды тіркеудің схемасы SMS-хабарлама Өтініш беруші Өтініш береді Бірегей нөмірмен талон береді Қалалық, аудандық ІІБ-нің кезекші бөлімі БП ҚСж. АЕАК базасына талонның бірегей нөмірін енгізеді БП ҚСж. АЕАК веб -сайты Өтініштің тіркелгені, оның барысы және қарау нәтижесі туралы мәлімет нақты уақыт режимінде қорғалған түрде коммуникациялық желіге беріледі. БП ҚСж. АЕАК базасы Call-орталық
Азаматтардың өтініштері мен хабарламаларын есепке алу және тіркеу Азаматтардың қылмыстар туралы өтініштері мен хабарламаларының қарау жеделдігі айтарлықтай артты. Бүгінгі күні азаматтардың 94% хабарламасы 3 күндік мерзімде шешіледі.
Барлығы 347, 6 мың қылмыс (+26%, 71, 6 мыңға) тіркелді. Қылмыс құрылымында ұрлықтардың үлесі 60% (210, 2 мың, 17, 8% өсті) құрайды. Әрбір екінші тонау (9, 2 мың) және төртінші ұрлық (54, 6 мың) ұялы телефондардың ұрлығымен байланысты. Бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы күрес іс-қимыл жасау жөніндегі 2012 -2014 жылдарға арналған ведомстволық бағдарлама іске асырылуда. 5
ІІМ 93% Анықталған есірткі қылмысы 8322 КБК 2% 4066 2338 2292 Есірткі қылмысы 2010 ж. 2011 ж. 3525 2121 3228 ҰҚК 5% ҰҚК 77% Алынған героин 1942 оның ішінде оны2013 ж. өткізу 2012 ж. ІІМ 18% КБК 5% 2012– 2016 жылдарға арналған салалық бағдарлама іске асырылуда (Үкіметтің 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 451 қаулысы). (Жалпы бюджет - 6, 2 млрд. теңге, олардың ішінде ҰҚК ШҚ - 4, 1 млрд. , кеден органдарына - 804, 7 млн. , ІІМ - 182, 2 млн. теңге). Барлығы 23, 3 тонна (-2, 9%) есірткі, оның ішінде 136 кг астам (+21, 6%) героин алынды. 51 есірткі қылмысын жасаған 12 ҰҚТ жойылды. «Бақылаудағы жеткізілім» әдісі бойынша 25 арнайы операция, оның ішінде 10 сыртқы Қырғызстан және Ресей ІІМ-мен өткізілді, олардың барысында Қырғызстаннан Астана қаласына және Оңтүстік Қазақстан облысына баратын есірткі трафигінің екі арнасы жойылды, 521, 8 кг есірткі, оның ішінде 90 кг героин алынды. 2013 жылғы 1 маусым - 30 қазан аралығында Шу алқабынан есірткі шикізатын тарату арналарын жабу бойынша «Көкнәр-2013» ауқымды операциясы өткізілді. ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттермен өзара іс-қимыл жасасу шеңберінде бірнеше кезеңде «Арна» операциясы (есірткі контрабандасына қатысы бар ҰҚТ әрекетінің жолын кесу, Кеден одағының елдеріне ауған есірткі контрабандасының арналарын жабу) өткізілді. 6
Жасөспірім қылмысы 4654 4275 3875 2012 жыл 3523 2013 жыл кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар мектеп, лицей, гимназия оқушылары жасаған қылмыстар саны Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөліністердің профилактикалық есебінде 12 мыңнан аса жасөспірім, сондай-ақ қолайсыз отбасыларында тұратын 18 мыңнан астам бала тіркеуде тұр, олармен жеке-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. 7
Қоғамдық тәртіпті сақтауда бейнебақылау құралдарын пайдалану Бейнебақылау қондырғыларының саны 2749 бірлікке дейін жеткізілді, олардың 694 -і елордада жұмыс істейді. ЭКСПО-2017 дайындау шеңберінде Астана қаласында қосымша 2, 5 мың бейнебақылау камерасын орнату жоспарлануда «Қауіпсіз аула» бағдарлама шеңберінде тұрғын шағын аудандарда және азаматтар көп жиналатын аудандарда бейнебақылау камераларын орнату бойынша жұмыс жалғасуда. Олардың көмегімен 290 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды және жолы кесілді, 1, 7 мыңнан астам қылмыс ашылды
Жедел басқару орталықтары (ЖБО) Еліміздің барлық облыс орталықтарында қылмыстарға жедел ден қоюға, қаланың қоғамдық орындары мен жолдарын бейнебақылаумен қамтуға мүмкіндік беретін Жедел басқару орталықтары (ЖБО) салынған және жұмыс істейді. 2013 жылы шағын қалаларда ЖБО құрылысы басталды. 2013 жылы қарашада Жаңаөзен қаласында ЖБО салынып, пайдалануға енгізілді. Рудный, Щучье, Семей және Хромтау қалаларында ЖБО ғимараттарының құрылысы аяқталды. 2014 жылы оларды техникалық жарақтауы жүзеге асырылады және пайдалануға енгізіледі. Жедел басқару орталықтары қалаларда жедел жағдайға бақылауды жүзеге асыруға, қоғамдық тәртіпті сақтауға және қылмыстарды ашуға жұмылдырылған күштер мен құралдарды жедел және тиімді басқаруға мүмкіндік береді. 2013 жылы ЖБО « 102» арналары бойынша жедел ден қоюды талап ететін 2, 6 миллионнан астам хабарлама келіп түсті, «ізін суытпай» 64 мыңнан астам қылмыс ашылды, 2, 6 млн. әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді. 9
Учаскелік полиция инспекторлары Олардың тұрғын үй шағын аудандарындағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі, тұрмыс саласындағы қылмыстардың алдын алудағы, алкоголизм, рецидивті қылмыстардың профилактикасындағы әлеуеті күшті. Олар құқық бұзушылықтарды жасауға бейім 11 мыңнан астам адаммен профилактикалық жұмыстар жүргізуде (оның ішінде әкімшілік қадағалауда тұрғандар 700 -ден, мерзімінен бұрын шартты босатылғандар 7 мыңнан асады, тұрмыста құқық бұзушылық жасаған адамдар 1, 5 мың және т. б. ). Қызмет көрсететін әкімшілік учаскеде ІІО негізгі өкілі болып табылады Халық пен полицияны негізгі байланыстырушы буын болып табылады Учаскелік полиция инспекторлары халықпен есеп беру кездесулерін жиі өткізеді. 2013 жылы осындай 17 мыңнан астам кездесу өткізілді. 2, 8 мың учаскелік полиция пункті бар (қалаларда – 649, ауылдарда – 2167), олардың 1, 2 мыңнан астамы жөндеуді қажет етеді. Ал тиесілік нормасына дейін қосымша учаскелік инспекторлардың 1740 бірлігі және олардың көмекшілерінің – 3752 бірлігі, сондай-ақ 419 учаскелік полиция пункті (қалаларда – 65, ауылдарда – 354) қажет.
Жол қауіпсіздігі Қазақстанда апаттылықтың жай-күйі көбінесе халықтың автомобилизациялану деңгейімен және жол инфрақұрылымының дамуымен айқындалады. Соңғы он жылда еліміздегі автомашиналардың саны 1, 5 млн. -нан 4, 1 млн. -ға дейін өсті. Кеңес уақытында автомобилизацияланудың есептік деңгейі 1 мың халыққа 60 автомобиль құрған, бүгінгі күні – 240 автомобильді құрайды. Өткен ғасырдың 60 -70 жылдары жобаланған жол инфрақұрылымы автокөліктің қауіпсіз және үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етпейді. 11
Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша (2012 жылғы 27 қаңтар) өткен жылдан бастап ІІМ ККМ-мен бірлесіп азаматтарға жүргізуші куәліктерін беруге, автокөлік құралдарын тіркеуге, қайта тіркеуге және нөмірлік белгілерді беруге арналған Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарын құруға кірісті. 2013 жылы Ақтау, Қарағанды, Алматы және Астана қалаларында 4 пайдалануға енгізілді. мамандандырылған ХҚКО Тараз қаласында пилоттық режимде мамандандырылған ХҚКО жұмыс істейді. Мамандандырылған ХҚКО-нда 300 мыңға жуық автокөлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілді. 2014 жылы – Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Талдықорған қалаларында; 2015 жылы – Ақтөбе, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларында мамандандырылған ХҚКО салу жоспарлануда 12
Жол қозғалысы ережесінің негізгі бұзушылықтары Маневрлеу ережесін бұзу – 11% (2320) 2013 жылы мас күйде болған Жылдамдықты арттыру– 23% (4879) жүргізушілердің кінәсі бойынша 583 ЖКО жасалды, олардың нәтижесінде 106 адам қайтыс болды және 867 -сі жарақат алды. Қиылыстарды өту ережесін бұзу– 11% (2349) Мас күйде автокөлікті басқарғаны үшін 42, 8 жүргізуші ұсталды мың және жазаланды, олардың Қарама-қарсы жолаққа шығу– 8% (1659) Жаяу жүрушілер қиылыстарын өту ережесін бұзу– 10% (2164) 5, 3 мыңнан астамы қамауға алынды. әкімшілік
Түрлері бойынша мекемелердің саны Ұсталатын адамдардың саны 22 жалпы режимдегі 17 139 21 қатаң режимдегі 17 560 5 ерекше режимдегі 3 542 1 ұстаудың әртүрлі режимдері бар мекеме 99 7 медициналық мекеме (ауруханалар) 2 116 18 қоныс колониясы 2 736 1 тәрбие колония 122 1 түрме 195 18 тергеу изоляторы 6 676 Барлық мекеме – 94 Барлық адам – 49 878 Сотталған және колонияларды жазасын өтеп жатқан 49878 -дің ішінде - 46, 7 мың (93, 7%) еркек, 3 мың (6, 1%) әйел және 122 (0, 2%) кәмелетке толмаған. Қылмыстық-атқару жүйесін дамытудың 2012 -2015 жылдарға арналған бағдарламасы іске асырылуда, онда қылмыстық-атқару жүйесін сотталғандарды жасақтықтан камералық ұстауға ауыстыруға басым мән берілген. Қоғамнан оқшауламай бас бостандығын шектеуге сотталғандарға бақылауды күшейту үшін 2015 жылдан бастап электрондық ізге түсу құралдары (электрондық білезіктер) қолданылатын болады. Үкімет 2012 жылы электрондық ізге түсу құралдарының тізбесін бекітті. Қылмыстық-атқару кодексінің жобасы әзірленді (Парламент Мәжілісінің қарауында), онда бас бостандығынан айырудың балама жазаларын қолдану саласын кеңейту көзделген. 14
ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ 2012 жылы Қылмыстық-атқару жүйесінің құрылымында пробация қызметі құрылды Қазіргі уақытта пробация қызметі: - шартты түрде сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуді; - білім алуға, мамандықты игеруге, жұмысқа орналасуға, емделуге көмек көрсетуді; - құқықтық көмекті қамтамасыз етуді; - құқық бұзушылықтардың профилактикасын жүзеге асырады. Қылмыстық-атқару инспекцияларының есептері бойынша 32, 8 мың сотталған бостандығын айырмау жазалауға өтті, олардың 11, 3 мыңы шартты сотталған, олардың 7 мыңына қатысты сотталғанға сот пробациялық бақылауды орнатты. Жаңа Қылмыстық-атқару кодексінің қабылдануымен пробациялық бақылау орнатылатын адамдар тізбесі айтарлықтай кеңейтіледі Пробациялық бақылау: - бас бостандығы шектелген сотталғандарға; - шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандарға қатысты орнатылады; - сот әкімшілік қадағалау орнатқан, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек алуға көмектеседі. 15
556.ppt