Zadacha_32_po_khirurgii_kaz.ppt
- Количество слайдов: 24
Есеп № 32 Науқас Х. , 62 жаста Шағымдары: Аш қарынға эпигастрии аймағындағы әсіресе түнде күшейетін ауырсынуға. Ауру ауыр кекірікпен, қыжылдау және түнгі жөтелмен білінеді.
Ауру анамнезі Осындай ауырсыну үш аптаға созылған, тұрақсыз тамақтануға байланысты. Соданы қолдану ауруды уақытша ғана тоқтатады. Жағдайының күрт төмендеуіне байланысты хирургиялық стационарға жатқызылды.
Өмірінің анамнезі Бұрын тұмау ауруымен ауырған. Аллергологиялық анамнезі теріс.
Клиникалық тексеру Жалпы қарау Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, терісінің түсі қалыпты, дене пішіні дұрыс, тамақтануы жақсы. Пульсі - 88 рет/мин. АҚҚ - 120/80 мм. с. бб. Ішін пальпациялау кезінде эпигастрии аймағында ауырсынады.
Сіздің болжам диагнозыңыз?
Болжам диагноз Гастроэзофагальді-рефлюксті ауру
Қандай аурумен салыстырмалы диагностика жасау қажет?
Салыстырмалы диагностика: 1. Көкеттің өнештік саңылауының жарығымен, 2. Өнеш дивертикулымен, 3. Жүректің ишемиялық ауруы, 4. Асқазан ойық жара ауруы.
Науқасты зерттеу жоспарын құрастырыңыз.
Зерттеу жоспары: 1. ЖҚА 2. ЖЗА 3. Қан биохимиясы 4. Өнештің контрастты рентгенографиясы 5. ФГДС 6. Эзофаготонокимография 7. ЭКГ 8. р. Н-метрия
ЖҚА Гб -130 г/л Эр -3, 8 х1012 Лейкц – 6, 6 х109 ЭТЖ – 12 мм/сағ ЖЗА Ақуыз–нет Эр – 0 -1 Лейкц – 0 -1 -2 Қан биохимиясы Билирубин- 19. 04 ммоль/л Мочевина -6, 3 ммоль /л Жалпы ақуыз- 74 г/л р. Н-метрия- 4, 0 төмен
ЭКГ – синустық ритм, ЖСЖ – 88 рет мин.
Бормен рентгенография– патологиясыз
ФГДС – шырышты қабатының қызарған ошағы және өнештің асқазанға өтетін аймағының аздаған ойықшалар.
Эндоскопиялық жіктелу бойынша (Савари-Миллер бойынша) аурудың қандай сатысына тән?
Петровский бойынша II саты (араласқан, циркуляцияланбаған эрозия).
Толық клиникалық диагнозды құрастырыңыз?
Клиникалық диагноз Гастроэзофагальді–рефлюкстық ауру, рефлюксэзофагит II ауырлық сатысы.
Заманауя консервативті емдеу әдісі?
Консервативті емдеу әдісі: 1. Салауатты өмір салты. 2. Диета, аздап-жиі тамақтану (тәулігіне 4— 6 рет), 3. Н 2 -блокаторлар(ранитидин, фамотидин), протон помпасының 4. блокаторлары, церукал, омепразол, 5. бүркелеуші заттар (вентер-сукральфат), 6. прокинетиктер (метоклопрамид, цизаприд, мотилиум) 7. Спазмолитиктер (атропин, папаверин) 8. Витаминдер
Қандай жағдайларда хирургиялық ем көрсетілген?
Хирургиялық ем: 1. Консервативті ем тиімсіздігі, 2. Қайталанбалы қансырау, 3. Баррет өнеші, 4. Эпителии дисплазиясы, 5. Малигнизация, 6. Стеноз.
Осы жағдайдағы хирургиялық ем әдісі.
Антирефлюкстық операция, Гис үшбұрышын түзету арқылы – жиі Ниссен, Билсэй (Belsay) бойынша фундопликация немесе Хиллу бойынша терес-пластика
Zadacha_32_po_khirurgii_kaz.ppt