Есеп 1 • Жеке тұлғаның ай сайынғы алатын жалақысы 12000 тн. Кітап шығарғаны үшін авторлық гонорар 24000 тн. құрады. Қарауында мемелетке толмаған үш бала бар. Кітап шығару бойынша нақты шығыстарды растайтын құжаттар аңықталмаған. Жеке тұлғаның жиынтық табысына салынатын салық сомасын анықтаңыз
Есеп 2 • Банк жеке тұлғаға екі ай мерзіміне 30000 тн. сомасына жедел тенге салымын ашты. Жылына 15% есептен алынған пайыздарды банк ай сайын есептейді және салым сомасына қосады. Пайыздарды төлеу келісімшарт мерзімі аяқталған соң негізгі сомамен бірге іске асырылады. Келісім-шарт бекіту сәтіндегі Орталық Банктың қайта қаржыландыру ставкасы - жылына 12%. Табысқа салынатын салық сомасын және келісім-шарт мерзімі аяқталған кездегі төлем мөлшерін анықтаңыз.
Есеп 3 • Банк жеке тұлғаға 1 наурызда 2 айға 40000 тн. сомасында жылына 12% есебінен жедел салым ашты. Қайта қаржыландыру ставкасы алғашқы айда жылына 13% құрды, екінші айда жылына 12%. Салым бойынша пайыздар ай сайын қаржыландырумен (капитал салу) есептеледі. Салық төлеуші салым бойынша алған пайыз түріндегі табыс сомасын, жеке тұлғаның таысына салынатын салыкты және қолға тиетш соманы анықтаңыз.
Есеп 4 • Банк жеке тұлғаға жылына 11% 12 айға 1000 АКШ доллары сомасында валюта салымын ашты. Пайыздар келісім-шарт мерзімі аяқталған соң есептелетін болады. Салық салынатын табыс сомасын, жеке тұлғаның табысына салынатын салықты және келісімшарт мерзімі аяқталған соң қолға берілетін (тиетін) соманы анықтаңыз.
Есеп 5 • Бөлшек сауда ұйымының желтоқсан айында тауар сатудан түскен ақшасы мынаны құрды: 18% ставкамен салық түсетін тауарлар бойынша - 690 000 тн. 10% ставкамен салық тусетін тауарлар бойынша - 250 000 тн. Тауар-материалдық құндылықтардың жеткізіп берушілеріне төленген ҚҚС сомасы - 19000 тн. Бюджетке төленетін ҚҚС сомасын анықтаңыз.
Есеп 6 • Бөлшек сауда үйымының тауарларды сатудан түскен ақшасы 850 000 тн. құрайды (ҚҚС-сыз). Барлық сатылғаы тауар жеткізіп берушіге 550 000 тн. сомасында төленді (ҚҚС-сыз). Айналым шығындарына жаткызылған, шет ұйымдардың қызметтері 60 000 тн. құрады (соның ішінде ҚҚС 9 153 тн. ). Бюджетке төленетін ҚҚС сомасын анықтаңыз
Есеп 7 • Көтерме сауда ұйымының наурыз айында тауар сатудан түскен ақшасы, ҚҚС-ты қоса алғанда, 690 000 тн. қүрады. Тауарды бөлшектеп сатудан түскен ақша, ҚҚС-ты қоса алғанда - 340 000 тн. Сатып алынған тауарматериалдық құндылықтар мен қызметтер бойынша ҚҚС сомасы -120 000 тн. наурыз айында сатып алушылардан түскен алдын ала төлеу сомасы - 20 000 тн. , ақпан айында түскен алдын ала төлем есебінен - 40 000 тн. тауар түсірілді. Бюджетке төленетін ҚҚС сомасын анықтаңыз.
Есеп 8 • Көтерме сауда ұйымы ҚҚС-ты қоса алғанда 60 000 тн. тауар партиясьш сатып алды. Барлық тауар партиясы есеп беру кезеңінде 40% үстеме бағамен сатылды. Есеп айырысу банк арқылы іске асырылды. Түскен қаражаттан жеткізіп берушіыің тауарына арналған шот төленді. Бюджетке төленетін ҚҚС сомасын анықтаңыз.
Есеп 9 • Кәсіпорынның өнімді көтерме сатудан түскен ақшасы, ҚҚС-ты қоса алғанда, бір ай ішінде 300 000 тн. құрайды. Үй-жайды жалға беруден түскен табыс - 70 000 тн. Кәсіпорын жеткізіп берушінің тауарды жеткізгені үшін 13 000 тн сомасындағы шотын төледі (ҚҚС-ты қоса алғанда). Бюджетке төленетін ҚҚС сомасын анықтаңыз.
Есеп 10 • «А» ұйымы жеткізіп берушіден ҚҚС-ты қоса алғанда, 440 000 тн. сомасына тауар сатып алды және оны «Б» ұйымына ҚҚС-ты қоса алғанда 680 000 тн. сатты. «А» ұйымынан бюджетке төленетін ҚҚС сомасын анықтаңыз.
Есеп 11 • Ұйымның есепті кезеңде тауарларды көтерме сатудан түскен ақшасы 750 000 тн. құрайды (ҚҚС-сыз), құрылтайшылардың жарғылық капиталға салымдары - 52 000 тн. Ұйым 110 000 тн. сомасына негізгі қаражатты төледі және қолдануға енгізді (соның ішінде ҚҚС 16 780 тн. ), 15 000 тн. сомасына көрсетілген қызметтер үшін атқарушының шоты төленді (соның ішінде ҚҚС 2 288 тн. ). Есепті кезең ішінде бюджетке төленетін ҚҚС сомасьш анықтаңыз.
• Кәсшорынның бір ай ішінде тауарларды көтерме сатудан түскен ақшасы 1 300 000 тн. құрайды (ҚҚС-ты қоспағанда); жеткізіп беру келісім-шартын бұзғаны үшін жеткізіп берушілерден түскен айыпқұл сомасы - 70 000 тн. Кәсіпорын тауарды жеткізіп бергені үшін жеткізіп берушілерге 300 000 тн. сомасындағы шотты төледі (соның ішінде ҚҚС 45 763 тн. ). Бюджетке төленетіы ҚҚС сомасын анықтаңыз.
• Ұйым тауар кредитінің келісім-шарты бойынша 60 күннен кейін қайтару және әрбір күн үшін 0, 2% есебінен пайыз төлеу шартымен 100 000 тн. сомасына тауарды қарызға берді. Бұл кезеңдеғі қайта қаржыландыру ставкасы жылына 12% құрайды. Осы мәміле бойынша ҚҚС сомасын анықтаңыз.
• 2007 жылғы наурыз айыыда бөлшек сауда ұйымы 30% жеңілдікпен бірлігі үшін 5 000 тн. тұратын 100 бірлік әйелдердің қысқы пальтосын сатты, бұл тауардың сатып алу бағасына сәйкес келді. Іссі пальтоның басқа бөлшек сауда ұйымдарындағы орташа бағасы бірлігі үшін 7 500 тн. Бухгалтерлік және салық есебі мақсатында наурыз айында пальто сатудан түскен ақша сомасын анықтаңыз.
• Ұйымның салық кезеңіндегі кіріс ақшасы 900 000 тн. құрайды (ҚҚС-ты коса алғанда), сатылған өнімнін өзіндік құны - 800 000 тн. , сатудан тыс кірістер - 450 000 тн. , сатудан тыс шығыстар - 300 000 тн. Бюджеттерге бөлу арқылы пайдаға салынатын салық сомасын аныктаңыз
• Ұйымның өнімдерді сатудан түскен кіріс ақшасы 42 млн. тн. құрайды (ҚҚС-ты қоса алғанда), бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша сатылған өнімнің өзіндік құны - 35 млн. тн. , соның ішінде: бұқаралық жарнама компаниясы кезеңінде ойын жеңімпаздарына сыйлықтар сатып алуға арналған шығыстар - 400 000 тн. , өкілеттік шығыстар - 35 000 тн. Бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша пайда - 950 000 тн. құрайды. Еңбекке төлеу шығыстары - 800 000 тн. Салық салынатын пайда көлемін анықтаңыз.
• Бір жыл бойы ұйым өзінің қызметкерлері үшін 250 000 тн. сомасына ерікті медициналық сақтандыру полистерін және қызметкерлердің өмірін ерікті ұзақ мерзімді сақтандыру үшін 825 000 тн. төледі. Осы кезең ішінде еңбекке төлеу шығыстары 6 500 000 тн. құрайды. Салық салу мақсатында ұйымның сақтандыру бойынша шығыстар сомасын және артық шығыс сомасын анықтаңыз.
• 2007 жылғы қаңтар айында өнеркәсіптік ұйым бағасы 150 000 тн. тұратын жаңа жабдық сатып алды. Жабдықтың қызмет мерзімі 5 жыл. Есептеудің желілік әдісін пайдалану шартымен салықтық есепке алудағы ай сайнғы амортизацияны анықтаңыз
• Ұйымның 1 -ші жартыжылдыққа арналған салық салынатын пайдасы 290 000 тн. құрайды, соның ішінде 1 тоқсанға - 70 000 тн. 1 және 2 тоқсанға арналған тоқсандық аванс төлемдерінің нақты сомасың сондайақ 2 тоқсанға арналған ай сайнғы аванстық төлемдер сомасын аныктаңыз
• Ресей өнеркәсіптік-құрылыс ұйымының екі филиалы бар. Есептік жылдық қорытындысы бойынша мынадай деректер бар: • № 1 филиал бойынша амортизацияланатын мүліктің қалдық құны - 57 845 020 тн. , қызметкерлердің орташа тізімдік саны 355 адам; • № 2 филиал бойынша амортизацияланатын мүліктің қалдық құны - 114 108 620 тн. , қызметкерлердің орташа тізімдік саны 284 адам; Жалпы ұйым бойынша пайда сомасы 2 400 000 тн. құрады. Филиалдардың әрқайсысы бойынша пайдаға салынатын салық сомасын аньтқтаңыз.
• Қазақстан бірлескен кәсіпорны шетелдік кұрылтайшыға 100 000 тн. сомасында, қазақстандық құрылтайшыға 120 000 тн. сомасында 2005 жылға арналған дивидендтерді аударды. Әрбір құрылтайшының кірісіне арналған салық сомасын анықтаңыз
• Қазақстан Республикасына қызметі үшін шетелдік ұйым өзінің тұрақты өкілдігі арқылы 200 000 тн. сомасында, тұракты өкілдігіне байланысты емес қызметтен 50 000 тн. сомасьгада пайда алды. Бюджетке төленетін пайдаға арналған салық сомасын анықтаңыз.
• Қазақстандық ұйымы өзінің өкілеттігі арқылы Финляндияда коммерциялық қызметін жүзеғе асырады. Есептік жыл ұшін салық салынатын пайда мынаны құрайды: • Қазақстандағы қызмет үшін - 130 000 тн. • Финляндиядағы қызмет үшін - 100 000 тн. (фин заңнамасы бойынша) және 130 000 тн. (қазақстандық заңнамасы бойынша). • Ескерту: Қазақстан Республикасы мен Финляндия арасында халықаралық екі мәрте салық салуды болдырмау жөнінде келісім-шарт бар. Егер Финляндияда 26% ставкасы бойынша салық төленген болса, Қазақстандық төленуге тиіс пайдаға салынатын салық сомасын анықтаңыз
• Қазақстандық ұйымы комиссиялық бастамамен шетелден тауар енгізеді. Тауарлардың кедендік құны 30 000 еуро. Жүк кеден декларациясын рәсімдеу кезіндегі еуро бағамы 35 тн. құрады. Тауар 1 200 000 тн. сатылды. Комиссиялық сыйақы 15%. Қазақстандық және шетелдік фирмалардың кіріс және шығыс көлемдерін, әр фирманың пайдаға арналған салық сомасын және төлеу тәртібін анықтаңыз