ximia.ppt
- Количество слайдов: 8
Ертінділер Орындаған
Қазіргі көзқарас бойынша өмір бейорганикалық және органикалық қосылыстардың сулы ерітіндісі болатын мұхиттарда пайда болған. Эволюция нәтижесінде тірі өсіп өзгерген. Оладың көпшілігі судан кетіп, ауаға және суға өткен. Бірақ өсімдіктер мен жан-жануарлар су бесігін тастағанымен, өздерінің ағзаларында құрамында әр түрлі бейорганикалық иондар және органикалық қосылыстар бар сулы ерітінділерді сақтаған.
Ерітінділер туралы ілімнің дәрігерлер үшін ерекше мәні бар, себебі негізгі биологиялық сұйықтықтар –қан плазмасы, жұлын сұйықтығы, лимфа, несеп, тер, сілекей, судағы тұздар, ақсылдар, көмірсутектер, липидтер тірі ағзада ерітінділер күйінде болады. Дәрілік заттар тек ерітінді немесе ағзада еріген күйге көшкен кезде ғана пайдалы. Тағам құрамындағы қоректік заттар ағзаға сіңуі үшін ерітіндіге айналуы керек. Тірі ағзадағы биохимиялық реакциялар ерітінділерде өтед.
Биосұйықтықтар қоректік заттардың (майлар, аминқылқылдары, оттегі) қозғалуына, дәрімектік қосылыстарды ұлпаға және дене мүшелеріне тасымалдауға қатынасады, сонымен қатар метаболиттерді (мочевина, билирубин, көмір қышқыл газын және т. б. ) ағзадан шығаруға атсалысады. Қан плазмасы жасуша (лимфоцит, эритроцит, тромбоцит) үшін орта болады.
Органикалық химия – химияның көміртек және оның басқа элементтермен түзілген органикалық қосылыстарын, олардың өзара түрлену заңдылықтарын зерттейтін саласы. Органикалық химияның органикалық заттардың синтезі мен құрылымын анықтауда, ондағы электрон тығыздығының таралуын, атомдардың кеңістіктік орналасуын және химиялық реакция механизмін белгілеудегі мүмкіндіктері шексіз. Сонымен қатар ол ғылым мен техниканың жаңа салаларының пайда болуына және дамуына ықпал етеді. Органикалық химия терминін алғаш 1808 жылы швед химигі И. Берцелиус (1779 – 1848) ұсынған. Бұл термин ол кезде тек тірі организмдермен ғана байланыстырылып түсіндірілді. 19 ғасырдың аяғында көптеген зерттеулер нәтижесінде органикалық қосылыстар синтезделіп, ол түсінік жоққа шығарылды. Органикалық химияның ғылым ретінде дамуы осы кезден басталады.
Органикалық химияның дамуында 1861 жылы. А. Бутлеров ашқан органикалық заттардың құрылыс теориясы маңызды орын алады. Осыған байланысты органикалық химияға химиялық байланыс, молекулада атомдардың байланысу реті, олардың өзара әсері, т. б. жаңа ұғымдар енді. Бутлеровтың құрылыс теориясы осыған дейін белгісіз болып келгенизомерия құбылысын толық түсіндіре алды. Одан басқа: типтер теориясы, фрагменттердің молекуладан өзгеріссіз жаңа молекулаға өтуі, валенттілік ережесі, бензолдық теория, құрылыс, изомерия құбылысы, молекуладағы атомдардың кеңістіктік орналасуы, атомдардың өзара әсер теориялары, т. б. көптеген жаңалықтар органикалық химияны одан әрі дамытты.
20 ғасырдың басында талдаудың жаңа физикалық әдістері жасалып, жетілдірілді: хроматографиялық, ЭПР, рентген, құрылымдық талдау, массспектроскопия, ядролықмагниттік резонанс, инфрақызыл және ультра күлгін-спектрометриясы, т. б. Бұл әдістер химиялық әдістерді қолданбай-ақ, күрделі органикалық заттардың құрылымын тез және дәл анықтау мүмкіндігін берді.
ximia.ppt