жибек жолы.pptx
- Количество слайдов: 8
Ертеректегі және дамыған орта ғасырлық мәдениет
ЖОСПАРЫ: Ұлы Жібек жолының бойындағы қалалар; Сәулет өнерінің дамуы;
Ұлы Жібек жолы ü üЖібек жолымен ең алғашқы сауда байланысы б. з. б. III-II ғасырларда жасалған. üБұл сауда жолының Жібек жолы атануында үлкен мән бар. üСебебі алғашқы негізгі тауары жібек (Қытай) болған. üСонымен қатар VII ғасырда будда ламасы Сюань-Цзянь Ыстықкөл маңындағы Түрік қағанатының Суяб қаласына келеді. Түрік қағанының оған жібекті сыйға бергені айтылады.
• Жібек жолы бағыты: Хуанхэ өзені – Ұлы Қытай қорғанының батысы – Іле өзені – Ыстықкөл. Бірнеше сауда жолдары қалыптасып, дамыды. • Лазурит жолы: Бадахшан тауы – Иран – Месопатамия – Мысыр – Сирия-Қытай. • Нефрит жолы: Жаркентдария – Шығыс Түркістан – Қытай. • Дала жолы (б. з. б. 1 мыңжылдықтың ортасы).
Жібек жолының бойында Тараз, Баласағұн, Бұхара, Самарқан, Сайрам, Сауран, Отырар, Сығанақ, Мерв, Талхиз, Үргеніш, Испиджаб, Шаш. Весидж, Шауғар т. б. ірі ортағасырлық қалалар орналасқан Отырар Қазақстанның ортағасырлық ірі қалаларының бірі. Сырдарияның Арыс өзеніне құяр сағасына таяу орналасқан. Құлан Жамбыл облысындағы Тұрар Рысқұлов ауданының орталығы Құлан ауылы. Әл. Макдиси Құланды 10 ғасырда былай сипаттады: «Күмбезді мешіті бар, мықты қоршалған қамал. Бұл үлкен Тараз жолының бойында орналасқан бекіністі қала» . Саудакент Қаратаудың солтүстік беткейінде қазіргі Байқадам кентінің маңында орналасқан. Сайрам (Испиджап) туралы алғашқы деректер біздің жыл санауымызға дейінгі ІV ғасырда парсылардың шежіре кітабы "Авестада" кездеседі. "Муджам-ал-булдан" атты географиялық сөздіктің авторы Яқұт Ханауи әр-Руми былай деп жазды: "Испиджаб, Тараз, Сауран, Усбаникент және Фараб жазмыштың тәлкегіне тап болды. . . сонан соң 616 жылы аспан мен жер жаралғаннан ешбір болмаған апатқа ұшырады. Олар осы қалада қалғандарды қырып-жойды. Тамаша баулар мен әсем қалаларда қираған қабырғалардан басқа және құрып кеткен халықтың сүрлеусорабынан басқа ештеңе қалған жоқ". Сарайджук (Сарайшық) қаласының қираған орны жатыр. Қаланың іргесі XI ғасырда қаланған, гүлденген дәуірі XIII-XIV ғасырлар аралығы.
Сәулет өнерінің дамуы: Орта Азия мен Қазақстанда ағаштан салынған сәулет өнерінің ең ежелгі бірегей ескерткіштері болып табылады. Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жағасында. Ол 31 обадан тұрады, олардың 21 -і таспен, ал 10 -ы қиыршық таспен және топырақпен жабылған. Үлкен обалардың диаметрі 45 м-ден 105 м-ге, биіктігі 6 мден 18 м-ге дейін жетеді. «Алтын адам» табылған Есік обасы үлкен қорымның оңтүстік шетінде орналасқан. Біздің заманымыздың 6 – 7 ғасырларында керуен жолының үстінде, Қазақстан жерінде Тараз, Құлан, Сайрам (Исфиджаб) Отырар, Сығанақ, Құмкент, Созақ, Алмалық сияқты ірі қалалар, Ақыртас, Баба Ата, Ақсүмбе сияқты қорған -бекіністер болған. Оңтүстік қалалары бекініс, шаһристан, рабаттан тұрған, су құбырлары болған. Торғай, Жыланшық, Кеңгір, Жезді, Сарысу өзендері бойынан 10 – 11 ғасырларда өмір сүрген алпысқа жуық қалашық орындары анықталды. Бабаджа хатун күмбезі, Айша Бибі мазары, Жұбан ана күмбезі, сәулет өнерінің күрт дамығанын көрсетеді. Қарахан әулеті тұсында Алаша хан күмбезі, Жошы хан күмбезі, Аяққамыр күмбезі, Қожа Ахмет Иасауи кесенесі 10 – 14 ғасырлардағы Қазақстандағы сәулет өнерінің жоғары деңгейін танытады. [1]
Орхон ескерткіштері - бұл түрік қағанатының Орхон, Сэлэнгі, Тоғыл дарияларының бойында қалдырған жазу үлгілерінің тарихи-мәдени мұралары болып табылады. Қорқыт ата ескерткіші Сырдария жағасында 1950 жылға дейін жергілікті халық қобыз атасы Қорқытқа теліген мазар тұрғызған. Қорқыт мазарын 19 ғасырда Ә. А. Диваев пен И. А. Кастенье зерттеді. Алаша хан күмбезі - Х-ХІ ғасырлардағы архитектуралық ескерткіш. Қаракеңгір өзенінің оң жағалауында орналасқан. Пішіні төртбұрышты, биіктігі 10 м. Кірпіштер қолдан тоқылған кілем (алаша) өрнегімен қаланған. Ахмет Йасауи кесенесі - көне архитектуралық ескерткіш, әуелі Қарахан дәуірінде (XIIғ. ) тұрғызылып, оның қираған іргесіне XIV ғасырдың аяқ шені мен XV ғасырдың басында Әмір Темірдің бұйрығымен салынған.
Глоссарий: 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. 10. Шахристан – қала билеушілері, ақсүйектер мен діни қызметкерлердің тұрағы. Рабад – қаланың қолөнершілері мен саудагерлері тұратын бөлігі. Цитадель – қаланың қорғаныс бөлігі, яғни қамал мен бекіністер. Архитектура– құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Архитектура латынша archіtectura, ал грекше аrchіtekton, яғни құрылысшы деген мағынаны білдіреді Дольмен – қатар қойылған екі тастың үсті үшінші таспен жабылып, біріне-бірі жалғасып келетін дәліз іспеттес Менгирлер - тігінен қойылған биік тастар тізбегінен тұрады. . Сәулет өнері – техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері Субмәдениет - Қоғамда үстемдік ететін мәдени бағыттан айтарлықтай ерекшеленетін саяси бағдар. Социум - адамдардың өмір сүру жағдайы және мәдениеттің бірлігіне байланысты құрылған әлеуметтік қауымдастық. Саяси мәдениет-өкіметпен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар , қазыналар, адамның өзін -өзі ұстауы жөніндегі жарлық , қаулылар жүйесі.
жибек жолы.pptx