Индия Сымбат.pptx
- Количество слайдов: 11
Ертедегі Индия Орындаған: Сапарғалиева С. Қ. Тексерген: Тулекова М. К.
Ұлан-байтақ территориясы және көптеген миллион халқы бар дүние жүзіндегі ең үлкен елдердің бірі Индия—дүниежүзілік тарихта орасан зор роль атқарады. Б. з. д. ІІІ м. ж. өзінде-ақ солтүстік батыс индияда өзгеше жазбасы бар, мәдениетті тайпалар мекендеген мемлекеттер болды.
Деректер Қасиетті «Веда кітабында » діни гимндер, ерте заманғы ертегі-аңыздар мен астыртын әрекеттер жинағы және құрбандық қағидалары бар. «Махабхарата» мен «Рамаяна » поэмаларында Индияның өте ертедегі тарихы туралы деректер кездеседі. «Дхармашастра» әдет-ғұрып правосының жинағында адамның правосынан гөрі, оның міндеттері туралы көбірек айтылады. Индия туралы жазған антик заманының авторы—Геродот. Грек географы Мегасфен де едәуір мәлімет жинаған. Грек тарихшысы Арриан өте бағалы мәліметтер қалдырған. Ол Индияны толық бағамдап жазған келелі еңбегі мен А. Македонскийдің Индияны жаулап алу тарихын жазып қалдырды.
Жаратылыс жағдайлары Индияның географиялық жағдайы өте күрделі болып келеді. индия айналадағы барлық дүниеден екі мұхит және дүние жүзіндегі аса үлкен Гималай тау жоталары арқылы бөлініп жатқан орасан зор түбек болып табылады. Суының молдығы, жерінің құнарлығы ж/е климатының жұмсақтығы өте ерте кезде ірі мем. дің құылуына себепші болды.
Халқы Индияның халқы 40 ру, өте ала -құла келеді. Индияның жергілікті халқы негізінен алғанда, Индияның орта ж/е оңтүстік бөлімінде тұратын дравидтер, бұлар аласа бойлы ж/е қоңыр түсті тайпалардың үлкен ж/е күрделі тобын құрайды. Бірақ Индияның ең ертедегі этникалық тобы мунд тілінде сөйлейтін тайпалар. Бұл тайпалар Индияның орталық облыстарында , Гималай тауларында және Чота. Нагпурда тұрады.
Қоғамдық құрылысы Гопати—тайпа көсемі. Сиыр малы иесі деген мағынада. Гавишти—сиыр жинауға құмарлық. Джана—ру. Вишь—жан қияр дос, үлкен семья. Грама—селолық қауым. Сабха, самити—рутайпалық советтер.
Мәдениеті мен шаруашылығы Олар түрлі дәнді-дақылдарды, соның ішінде арпа егетін. Күріш пен күнжіт те болған. Қолөнер кәсібі едәуір өркендеген. Қыш құмыра жасау, ағаш өндеу, тоқыма өндірісі ж/е металлургия өте ерте кездің өзінде-ақ болған. Әсіресе, мақтаны белгілі бір дәрежеде қолданған тоқыма өндірісін баса көрсету қажет. Басқа қолөнері кәсіптерінің ішінде қола мен темірді қолдануға негізделген металлургия көрнекті орын алған.
Каста деген сөз португал тілінен шыққан, тайпа тегінің тазалығы деген мағынада. Касталар— белгілі бір аудандарда шыққан тегі бір, кәсібі бір, діни салттары бір ж/е әлеуметтік сатының бір басқышында тұрған адамдарды қамтитын ертедегі әлеуметтік топтар.
Индия жазуының аса ертедегі шығармалары солтүстік Индияда ру құрылысының ыдырап, ертедегі құл иеленуші мемлекеттердің пайда болған заманнан бастап ғылыми білімдердің пайда болу процесі мен ерте кездегі қалыптасуын байқауға мүмкіншілік береді.
Назарларыңызға рахмет!
Индия Сымбат.pptx