Ердаулет.pptx
- Количество слайдов: 14
ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЖҮЙКЕПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫН БАҒАЛАУ Балтабай Е. 603 -ЖТД
Кіріспе Соңғы жылдары психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың танымдық қабілеттерін дамыту – түзету (коррекциялық) жұмыстарының , сондай – ақ арнайы мамандарды дайындаудың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Психикалық дамуы кешеуілдеген балалар тобын, соңғы көрсеткіш бойынша 35 процентке жуығын нервтік – психикалық сферасы зақымданған мектепке дейінгі балалар құрайды. Қазақстан Республикасының «Білім беру заңының» 20–шы бабында мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы білім беру мәселелері қарастырылған, яғни, -арнаулы білім беру бағдарламаларын арнаулы білім беру ұйымдары жүзеге асырады. -дамуында әртүрлі ауытқулары бар балаларды емдеуге және психологиялық педагогикалық тұрғыда түзетуге, оған диагноз қоюда арнайы ұйымдар, бала бақшалар, психологиялық – медициналық – педагогикалық консультациялық ұйымдар құрылады. -ұзақ емдеуді қажет ететін балалар үшін, сондай – ақ білім беру ұйымдарында оқытуда кедергісі бар мүмкіншіліктері шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арнаулы түзету мекемелері ұйымдастырылады. Балалар мен жасөспірімдердер бұл ұйымдарға ата – аналарының, психологиялық – медициналық – педагогикалық консультациялар негізінде жіберіледі
Этиопатогенезі Резидуальды – органикалық жағдайлар, жылжымайтын ауру процесі емес, яғни потологиялық жағдай тұрғысынан қаралатын мәселе. Зақымдалған кезде іштегі нәрестеге, оттегі жетіспей уланып, нәресте әр түрлі аурулармен үш айға дейін ауырып, бас сүйектері зақымданады. Көптеген факторлардың негізінде мида өзгерістер пайда болады. Мысалы, тыртықтану мен сұйықтығының айналымы бұзылады. Әр түрлі жұқпалы факторлар әсер еткенде, мидың диэнцефалия сияқты белсенді аймақтар зақымданады. Аурудың клиникалық көрінісінің қалыптасуында, этиологиялық факторларға шоғырлануы, ауру адамның жасына байланысты. Факторлар неғұрлым жас кезінде әсер етсе, соғұрлым ауыр зардабы болады. Ми зақымданғанда көрінісі жағына олигофренияға ұқсас келеді. Егер зақымдану процесі ми бағанымен базальды бөлімдерінде болса, онда диэнцефальды және церебрастениялық көріністері пайда болады.
Зерттеулер Зерттеу мақсаты психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың танымдық қабілеттерін анықтауда оқу тапсырмаларын әр түрлі тәсілдермен диагностикалау арқылы зерттеу жолдарын теориялық тұрғыдан негіздеп, оны тәжірибеге енгізудің тиімді әдіс-тәсілдерін ұсыну. Зерттеу болжамы егер, психикалық дамуы кешеуілдеген балаларды алдын ала диагностикалық тексеру шаралары ұйымдастырылса, психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың танымдық қабілеттерін анықтаудың мүмкіндіктері артады. Зерттеу міндеттері 1. Психикалық дамуы кешеуілдеген балаларды қоршаған ортамен байланыстыру; 2. Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың ерекшеліктерін ескеріп, білім беру; 3. Қажетті материалдарды іріктеп алу; .
Зерттеу жұмысының әдістері Зерттеу болжамына сәйкес төмендегідей міндеттер анықталды. -Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың танымдық қабілеттеріндегі кемшіліктерді теориялық тұрғыдан зерттеу; -Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың танымдық қабілеттерін диагностикалау, түзету жұмыстары кезіндегі әдістемелерді жүйелеу;
Баланың психикалық дамуының тежелуінің негізгі себептері түрлі болуы мүмкін. Олар басынан өткерген аурулар, негізгі әлеуметті жағдайы, нашар көруі, құлақ ауруы, тағы басқа себептерден болуы мүмкін. Психиатр, невропатологтың зерттеулері бойынша психикалық дамуының тежелуі балада малярия, тұмау, сары ауру, іштегі улану сияқты аурулардан кейін пайда болады. Психикалық дамуының тежелуінің негізгі бұзылыстары – интеллектуалды деңгейі, көбіне таным процестері. Зейіні, логикалық есте сақтауы, ойлауы, кеңістікті бағдарлауы төмен болып келеді.
Психикалық дамуының тежелуі бар балалардың оқу үлгірімі төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушілігі 1 -сыныптан бастап көріне бастайды. Бірақ, анық белгілері 2 -3 сыныптарда белгілі болады. Олардың оқу дағдыларындағы кездесетін кемшіліктері: сабақ процесіне жай қосылады; оқу материалын баяу қабылдайды немесе мүлдем қабылдамайды; берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындай алмайды; оқуы мен жазуы жай; оқыған мәтінін түсінбейді және түсінгенін айтып бере алмайды; есептер шығарған кезде қателер жібереді; тез шаршағыш; сыныптстарымен аз араласады; өз ойын анық айта алмайды.
Психикалық дамуының тежелуі бар балалар көбіне олигофрения балаларға ұқсайды, Бірақ, егер де оқу процесі, әдістемелік нұсқаулары дұрыс ұйымдастырылған болса, 1 -3 жылда өз құрдастарының білім дағдысын қуып жетуге болады.
Психикалық дамудың кешеуілдеуінің конституционалдық түрде анықталуы 1. Гормониялық инфантилизм – жеңіл түрдегі психикалық және психофизикалық инфантилизм болып табылады. Бұл топтың ең негізгі себептері: Тұқым қуалаушылық, ерте кезден пайда болатын ауру түрлері.
2. Дисгормониялық инфантилизм – ми қабілетінің ерте жастан бастап зақымдалған психикалық, психофизикалық инфантилизмнің ауыр түрі. Зерттеулердің нәтижесі бойынша: бұл топқа жататын балаларда ерік эмоцияларында тұрақсыздық, қабылдау, ойлау қабілеттерінің төмен екендігі анықталды. Көп жағдайда, бұл типке жататын балаларымен жылы шырай таныту арқылы қарым – қатынасты орната алады.
3. Эндокриндік жетіспеушіліктен пада болған психикофизикалық инфантилизм – бұл аталған тип көбінесе жиі немесе сирек кездеседі. Бұл топтағы балалар физикалық жағынан қалыс қалған, психомоторлық қабілеттері, қимылдық іс — әрекеттерінің бұзылуы, сондай – ақ кеңістікті бағдарлауының бұзылулары байқалады. Кейбір жағдайда бұл типтегі балалар өз құрдастарынан қашады. Тіпті қоғамдық жұмыстарға да араласудан қалыс қалып отырады. Түзету – педагогикалық жұмыстарды бұл типтегі балаларға міндетті түрде, психологиялық көмек ретінде көрсетілуі тиіс.
Емі Емдік дене шынықтыру Емдік гимнастика, массаж Ортопедиялық коррекция Гипербарриялық оксигенация Медикаментозды ем
Қолданылған әдебиет Мустаева Л. Г. Коррекционная падегогика и социолого психологические аспекты сопровождения детей с задержкой психического развития. 2005. -146 С Лапшин В. А, Пузанов Б. Т. Основы дефектологии. Москва: Просвещения. 1990. – 143 С Никуленко. Коррекционная педагогика высшие образования. Растовка Дону: Феникс. 2006. -456 С Мишина Г. А. Моргачева Е. Н. Коррекционная педагогика. Москва. 2007. -257 C Кузнецов Л. В. Особенности мотивационно – волевой готовности детей С ЗПР к школьному обучению// Дефектология. 2005. — № 4. Торшин О. В. Жулина Е. В. Логопсихология. Москва. 2005. -349 С
Осымен болды-ау
Ердаулет.pptx