исаева. А..pptx
- Количество слайдов: 11
ЕРТЕ ТЕМІР ДӘУІРІНДЕГІ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН
Шығыс Қазақстан аймағындағы орналасқан жоталар: Қалба Нарын Тарбағатай Маңырақ Сауыр
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРТЕ ТЕМІР ДӘУІРІ 3 КЕЗЕҢНЕН ТҰРАДЫ: Майәмір кезеңі (б. з. б. VII-VI ғ. ) Берел кезеңі (б. з. б. V-IV ғ. ) Құлажорга кезеңі (б. з. б. III-I ғ. )
Майәмір кезеңі(б. з. б. VII-VI ғ. ) Майәмір кезеңі Нарым өзенінің жоғарғы ағысындағы Майәмір даласындағы обалы қорымдар бойынша белгіленген. Таулы Алтайдың карапайым майәмір обаларының көбінсе іргесін белдеулей қоршаған аласа тас үйінділері болды. Берел кезеңі (б. з. б. V-IV ғ. ) Шығыс Қазақстанда ерте темір дәуірінің б. з. б. 5 - 4 ғасырларына жататын Берел қорымынан 40 -тан астам обалар табылған. Ішіндегі ең үлкенінің биіктігі 9 метр. Берел кезеңі деп аталуы Катонқарағай ауданындағы Берел қорымына байланысты. Бұл қорымдағы обаға жерленген адам жер бетінен 6 -7 метр тереңдікте жатыр. Құлажорга кезеңі (б. з. б. III-I ғ. ) Тарбағатай мен Ертістің жоғарғы бойы аралығындағы далаларда құлажорғалық деп аталатын жерлеу құрылыстары таралады.
Шілікті патша қорғандары Шығыс Қазақстанның далалық аймақтарында, әсіресе Тарбағатай мен Маңырақ тауларының арасында, қазіргі Зайсан ауданының жерінде алып патша қорғандары кездеседі. Шілікті қорымында барлығы 51 оба бар. Оның бәрі де алып немесе орташа қорғандар. Алып қорғандардың диаметрі 100 метрдің маңайында, ал биіктігі 8 -10 метр, яғни 3 -4 қабат үйдің биіктігіндей. Мұндай обаның саны – 13. Орташа деп есептелетін обалардың шеңберінің диаметрі 20 метрден 60 метрге дейн жетеді, ал биіктігі 2 -5 метр
САБАҚТЫ БЕКІТУ 1. Зайсан, Алакөл Қазақстанның қай аймағында орналасқан? 2. Шілікті ескерт-н алғаш зерттеген профессор? 3. Майәмір кезеңі қай ғасырларды қамтыды және қысқаша түсінік беріңіз? 4. Берел кезеңі қай ғасырларды қамтыды және қысқаша түсінік беріңіз? 5. Берел обасы жанындағы қабірден неше жылқының қаңқасы табылған? 6. Құлажорга кезеңі қай ғасырларды қамтыды және қысқаша түсінік беріңіз? (Шығыс Қазақстан) (С. Черников) Майәмір кезеңі (б. з. б. VII-VI ғ. ) Берел кезеңі (б. з. б 5 -4 ғ) 16 Құлажорга кезеңі (б. з. б. III-I ғ. )
СЕРГІТУ СӘТІ Ән. Ұстазым Тұлғаңды арманыма ұстатқанмын Үлгіңді көңіліме қыстатканмын Есімде, әліппені жаттатқызып Ең алғаш қолға қалам ұстатұаның Ұстазым, менің ұстазым Өзіңмен өткен қыс- жазым Қалдырған ізің мәңгілік Жадымда тұрар жаңғырып Ұстазым, менің ұстазым
САБАҚТЫ ҚОРЫТУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА ЕРТЕ ТЕМІР ДӘУІРІНДЕГІ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ТАҚЫРЫБЫН ОҚЫП, МАЗМҰНЫН АЙТУ ЖӘНЕ ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА РЕФЕРАТ ЖАСАУ
НАЗАР АУДАРЫП ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА КӨП РАХМЕТ
исаева. А..pptx