Эпидемиологиялық диагностика Дайындаған: Даниярова А. Б.
Эпидемиологиялық диагностика Дайындаған: Даниярова А. Б.
n Дәріс жоспары: 1. Эпиддиагностика түсінігіне анықтама 2. Эпиддиагностиканы жоспарлау және кезеңдері 3. Эпиддиагностика құрамы 4. Диагностикалық қателер 5. Эпидемия алдылық диагностика
Эпидемиологиялық диагноз (ЭД) n Жұқпалы ауру ошағында жүргізілген эпидемиологиялық тексерудің, эпидталдаудың негізгі түйіні, шығар шыңы, оның негізінде ошаққа ЭД қойылады. Оның сапасы мен толықтығы ошақты эпидтексеруді дер кезінде сапалы, толық көлемде жүргізуге және орындалған эпидталдаудың әдістемелік деңгейі мен сапасына тікелей тәуелді.
ЭД ұғымы n Егер клиникалық диагноз (гр. -тану) жеке науқастың ауруы мәнін ашатын дәрігерлік тұжырым болса, онда ЭД- профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды (ЭҚШ) ұтымды жоспарлаумен жүргізу және эпидболжам жасау мақсатымен нақты аумақта, белгілі халық топтары арасында, белгіленген зерттеу мерзімінде қалыптасқан эпиджағдайды бағалайтын ақырғы формула.
ЭД мәні n Эпиддиагноз қалыптасқан эпиджағдайдың себептерін, шарттарын және шығу механизмдерін, спецификалық ерекшеліктерін, тек оған тиесілі ішкі байланыстары мен заңдылықтарын шынайы көрсетеді. Сондықтан дұрыс қойылған ЭД шараларды ұтымды коррекциялауға және олардың жоспарын негіздеуге тірек болады.
n ЭД – зерттеу уақытына қалыптасқан эпиджағдай тек танып шешу ғана емес, ол сонымен бірге эпидпроцесс дамуын, яғни эпидболжам негіздерін де бағалайды. n ЭД болашақсыз, тоқырап қалған формула емес, ол эпиджағдай өзгеруіне сәйкес және жүргізілетін шаралар әсеріне байланысты өзгеріп тұрады. Осы себепті оның формуласы және болжамдық деректері әрқашанда динамикалы (уақытқа сай құбылады).
n ЭД - эпидемиологтың күрделі жұмыс нәтижесі болғандықтан ойлау арқылы аналитикалық және синтетикалық талдауларға жүгінеді. Бұл жұмыстың ең қиын түрі, үлкен сақтықты және қолда бар деректерді жан-жақты қарастыруды талап етеді. Толыққанды эпиддиагноз қою үшін эпидемиолог пәнді толықтай (жеке нозоформаларды да), эпидемиология теорияларын терең білуі, практикалық тәжірибесі, кәсіби дарындылығы болуы тиіс.
n ЭД- эпидемиологияның бір бөлімі, онда эпиджағдайды бағалау процесі мазмұны, әдістері, кезеңдері беріледі. Басқаша айтқанда ЭД- эпиддиагноз қою процесінің өзі, ол үшін эпиддеректер талданады, қорытындыланады және синтезделеді. Сондықтан эпидемиолог ойлаушы маман болуы шарт. ЭД қою – эпидемиолог қызметінің басындағы “тәжі” – деп, Л. Громашевский тегін айтпаса керек.
n Қазіргі уақытта ЭД аясы кеңейеді, себебі ауру шығуының алғышарттары, алғашқы жаршыларын анықтау, яғни эпидемия алдылық диагноз қою талап етілуде. Бұл талап ауруға стандартты анықтама беру үшін де қажет. n Практикада эпиджағдайды бағалаудың 2 әдісі бар: а) сырқаттылық деңгейін сандық және б) эпидпроцесті өзіне тән белгілер тіркесі бойынша бағалау.
ЭД кезеңдері 1. Орныққан эпиджағдай мен оны анықтаушы факторлардың себеп- салдарлық байланыстары туралы болжам жасау. 2. Осы болжамды статистикалық сынау. 3. Болжамның эпидғылым деректеріне сәйкестігін логикалық салыстыру жолымен анықтау. 4. Ақырғы ЭД формуласын беру. 5. Алдын алу және ЭҚШ-ң ұтымдығын арттыру үшін ұсыныстар беру. 6. Алдағы эпиджағдайға болжам жасау.
ЭД құрамы: а) эпид. семиотика, б) диагн. техника, в) ойлау, а) – эпидпроцестің белгілері, параметрлері, көрсеткіштері, көрінулері және олардың диагн. маңызы туралы ілім. б) – базалық көрсеткіштерді анықтауға арналаған амалдар мен тәсілдер жиынтығы в) – эпид. ойлау – ЭД логикасы, ЭД тану тәсілі. Индуктивті әдістер: аналогия, жалғыз сәйкестік, жалғыз айырма, екі ұқсастық, қатарлас өзгерістер, қалдықтар әдісі көбіне практикада аналогия әдісі қолданылады.
n Диагностикалық қателер (ДҚ) ДҚ-ң субъективті себебі – логикалық қателер: - объективті жиналған деректерден дұрыс қорытынды шығара алмау. Себептер – асығыстық, ақпарат жеткіліксіздігі; - оқиғалар кезектілігін дұрыс анықтамау; - аналогияларды дұрыс пайдаланбау. Мысалы, токсикоинфекция (салаттан) 6 адам отбасын 3 ауырған, олар қыдырыста болып, кафеде тамақтанған.
Эпидемия алдылық диагностика (ЭАД) ЭАД- аумаққа және уақытқа сай қалыптасқан нормалды және қолайсыз эпиджағдай арасындағы аумалы эпиджағдайды (яғни шекаралас) тану болып табылады. ЭАД- ң басты мақсаты – болжамдық, оның негізіне алғышарттар мен алғашқы хабаршылар кіреді. Алғышарттар – ЭП паразитарлық жүйесін белсендіретін табиғи және әлеуметтік құбылыстар. Алғашқы хабаршылар – паразитарлық жүйе мүшелерін белсенділігі басталғандығы белгілері. Бұл ретте эпидемиолог әдеттегіден тыс, себептен – салдарға қарай қозғалады.
Диагностика Microsoft PowerPoint.ppt
- Количество слайдов: 13

