
lechebnyi seminar.pptx
- Количество слайдов: 26
Емдік туризмдегі рекреациялық іс әрекет Орындаған: Елжанова Г. Ерехан А. Жүнісова А. Мусахан А. Тексерген: Жылқыбаева М. І.
Рекреациялық іс-әрекет – бұл адамның бос уақытында пайда болатын физикалық және психикалық күшін қалпына келтіру және өз-өзін жан -жақты дамыту мақсатында орындалатын іс-әрекет.
Рекреациялық іс-әрекет белгілі бір тәсілдер арқылы жүзеге асады. Бұндай тәсілдерді "рекреациялық шаралар" деп атайды. Сонымен, "рекреациялық шаралар" – бұл рекреациялық іс-әрекет түрлерін іске асырудағы тәсілдер Рекреациялық шаралардың түрлері Рекреациялық емдеу шаралары Рекреациялық сауықтыру шаралары Рекреациялық спорт Рекреациялық танымдық
Рекреациялық емдеу шаралары - қатаң түрде анықтау әдісі бойынша санаторлық-курорттық емдеу шарасы. Рекреациялық бальнеологиялық емдеу Рекреациялық емдеу шараларының типологиясы Рекреациялық балшықпен емдеу Рекреациялық климатпен емдеу
Бальнеологиялық курорттарда табиғи минералды және физикалық-химиялық элементтері бар емдік сулармен емдейді. Бальнеотерапияның негізіне минералды суларды сырттай пайдалану жатады. Сонымен қатар минералды суларды ауыз су ретінде (ішу, ингаляция, ішекті тазарту) пайдалануды да жатқызамыз. Минералды сулар деп су құрамында минералды компоненттердің, газдардың, физикалық қасиеттерінің жоғары шамада болуы. Ішуге арналған сулардың минерализациясы 8 -12 г/л. Қазіргі кезде бальнеологиялық емдік курорттарды классификациялауда В. В. Иванова и Г. А. Невраеваның бөлінісін қолданады.
ü “Спецификалық” құрамы мен қасиеті жоқ сулар. Емдік мәні иондық құрамы мен жалпы минерализациясымен анықталынады. Құрамында еріген заттары бойынша былай бөлінеді: аз минералданған (диуретикалық қызметі бар), орташа минералданған (ауыз суы ретінде пайдаланылады), қатты минералданған (шомылуға пайдаланылады). Су құрамындағы иондар маңызды болып табылады. Су құрамы сульфат аниондарынан, гидрокарбонат, хлор, натрий, магнийден тұрады. Миргород курорты
üКөмірқышқыл газды сулар. Мұндай сулардың бальнеологиялық факторы суда еріген көмірқышқыл газ бен иондық құрам болып табылады. Оларды ауыз суы және шомылуға пайдаланады. Көмірқышқылды сулар құрамында тұз, қышқыл мөлшері көп болады. Сонымен қатар Менделеев кестесіндегі барлық дерлік элементтер кездеседі. Ессентукки курорты
üСульфидты сулар. Мұндай сулардың емдік факторы су құрамындағы сульфиттер болып табылады. Сульфитті сулар өте қатты бағаланады, себебі көптеген аурулардың емі болып табылады. Физиологиялық әсері күкірт қышқылы мен гидросульфитті ионға байланысты. Ол адам организміне тері және дем алу органдары арқылы жетеді.
Темірлі, күшәнді сулар құрамында Mn, Cu, Al сияқты микрокомпоненттерден тұрады. Құрамында темірі бар суды ішке қолдану емдік дәрі- дәрмекке қарағанда тезірек әсер етеді. Бұл топқа Синегорск, Полюстровск бұлақтары жатады.
Йодты сулар, мысалы, Марциалды, Хадыжендық суларды ішуге пайдаланады. Бромды сулар йодтыға қарағанда табиғатта жиі кездеседі. Йод және бром жиі бір бұлақта кездеседі, мысалы, Майкопты, Хадыжендық. Бойдың өсуі мен бактерицидтік әсер ететін органикалық заттар судың құраында кездеседі. Ерекше емдік органикалық заттары бар Труцкавтағы «Нафтуся» бұлағы.
Бұған Цхалтубо, Белокурих, Пятигорск және тағы басқалары жатады. Радиоактивті суларда жақсы әсер ететін радон газы емес, ал- фа сәулелері жатады. Газ тәрізді радон ванна қабылдағанда тері және қан арқылы өтіп әсер етеді. Суда ерітілген радонның 1 % ғана емдік қасиетін береді. Буын аурулары, бұлшық ет, ревматизм, полиартрит, диабет ауруларын емдеуде болады.
Көбіне вулканды аймақтарда орналасқан. Камчатка түбегіндегі суларды жатқызамыз. Кремнийлі сулар тері ауруларын, асқазан, ішек ауруларын емдегенде қолданады.
Температура- минералды сулардың ең маңызды қасиеттінің бірі. Табиғатта минералды суардың әр түрлі температуралын кездестіруге болады: мұздай сулардан жылы суларға дейін(2030. 6°С) вулкандар аймағында. Көп қолданатын 35 -42, 5°С, яғни денесінің температурасы өзгеретіндей шамада қолданады.
Балшықпен емдеу (пелоидотерапия) – пелоидтерді (грек. pelos - балшық) қолданып емдеу тәсілі. Курорттарда және курорттан тыс жерлерде қолданылады. Емдік тәсілмен балшықты алғаш боп Ежелгі Шығыста (Египет, Үндістан) пайдаланды. Бұл тәсілмен емдеуді ежелгі грек ғалымы Диоскорид (б. ғ. I ғ. ) пен римдік ғалым аға Плиний (б. ғ. I ғ. ) өз еңбектерінде көрсетіп кеткен.
XVIII ғасырдың аяғы–XIX ғасырдың басында Еуропаның көптеген елдерінде балшықпен емдеу шаралары жүргізіле бастады. Ресейде балшықпен емдеу мақсатында XIV-XVI ғғ. да әйгілі болды. Халықтық медицинада Қырымдағы Сакский көлі мен Астраханьға жақын Тинакский көлінің балшықтары қолданылған. Бірақ, XIX ғасырдың басында балшықпен емдеу тәсілі дәрігерлердің бақылауымен қарала бастады. Осы уақыттан бастап бұл тәсіл Марциальды су, Кавказ Минеральды суларында, Сергеев минеральды су, Липецк, Славянск және т. б. бальнеологиялық курорттарында кең түрде пайдаланылды.
Емдік балшықтар – сулардан, минералдардан, органикалық заттардан құралған түрлі суайдындар жауын-шашындары, батпақтың торфты қордалары, жалғанвулкандық балшық және басқа да табиғи заттар. Ол белгілі бір климаттық, гидрогеологиялық, биологиялық және басқа да табиғи факторлардың ықпалымен жасалады.
Балшықпен емдеудің материалдары болып минералды бөлшектер, органикалық заттар, органикалық және бейорганикалық заттардың коллоидті бөліктері табылады. Биохимиялық процесстер әсерінен балшықпен емдеу биогенді компоненттермен (көміртектердің қосылуы, азот, күкірт, темір, т. б. ) байығады, әсіресе күкірттісутек жоғарғы терапевті активтілікті көрсетеді.
Емдік балшықтар құрылымы бойынша балшықты ерітіндіден, коллоидті комплекстен тұратын ауыр физикохимиялық жүйе. Балшықты ерітінділер 25 -тен 90%-ға дейінгі балшық үлесінен және тұз, органикалық заттар мен газдар қосылып ерітінділенген судан тұрады. Органикалық заттардың мазмұны бойынша емдік балшықтар органикалық (жертезекті балшықтар, шіріктұнбалар) және бейорганикалық (сульфидті тұнба, шоқы балшықтар) болып бөлінеді.
Жертезек балшығы Сапропели Сопок-Вулкан қалдығынан пайда болған балшық Терапевтік эффект
Балшықтың 7 түсі бар: ақ, көк, жасыл, сары, қызыл, сұржәне қоңыр. Қара түстісі өте сирек кездеседі. Әдетте халық медицинасында аурудың тұрғылықты жерінде өндірілетін балшық қолданылады. Ғылыми медицинада ақ және көк балшықтарға басымдылық беріледі.
Ақ балшықты коалин деп атайды. Оның құрамында кремнезем, цинк және магний көп. Жасыл балшықта – мыс, темір және кейбір микроэлементтер басым болады. Мыс шашты нығайтуға қатысып, ағзаның қартаюын анықтайды. Сондықтан егер қарттықты уақытынан бұрын сезінгіңіз келмесе, ағзаңызда оның жеткілікті болуын қадағалауыңыз керек.
Біздің ағзамызға керекті микроэлементтер мен минералдық тұздардың бәрін дерлік көк балшықтан табуға болады. Ол әмбебап болып есептеледі әрі барлық балшықтардан артық бағаланады. . Қазіргі заманғы дәрігерлер де бұны мақұлдайды, олар көк балшықты зат алмасу процесін қалыпқа келтіретін және емдеудің фитотерапия, гомеопатия, медикаменттермен және хирургиялық емдеу түрлерінің әсерін күшейтуге көмектесетін тиімділігі жоғары табиғи құрал деп атайды.
Ал сұр балшық – теріні нәрлендіріп, ылғалдандырады. Бірақ бәрінен пайдалысы жасыл балшықболып табылады. Ол өте сирек кездеседі, бірақ балшықтың басқа түрлеріне қарағанда, әлдеқайда күшті болып саналады. Бұл балшық жүрек жұмысын тұрақтандырып, ағзаның сыртқы әсерлерге қарсылығын күшейтеді. Жасыл балшық ежелден бар ауруды емдеуші болып есептеледі. Бұл қазіргі кезге дейін расталып келеді.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 1. 2. Николаенко Д. В. Рекреационная география: Учебное пособие для студентов высших учебных заведений / Д. В. Николаенко. – М. : ВЛАДОС, 2005. – 288 с. Преображенский В. С. , Веденин Ю. А. география и отдых: Учебное пособие / В. С. Преображенский, Ю. А. Веденин. – М. : Знание, 2002. – 328 с.
lechebnyi seminar.pptx