emdik_tamaktanu.pptx
- Количество слайдов: 8
Емдік тамақтану Орындаған Асан Амандықұлы Тексерген Венера Шаймұратовна
Емдік тамақтану емдік шаралар кешенімен бірге бірқатар аурулардың алдын алу және асқындырмай емдеу үшін пайдаланылады. Емдік тағам - науқасқа басқа да емдік шаралар кешенімен бірге белгіленетін тағам. Гастрит, ішкі жара аурулары, тоқ ішектің қабынуы, бауыр аурулары үшін емдеудің негізгі әдісі болып табылады. Станционарлық немесе емхана жағдайында қолданылады. Емдік тамақтануды дәрігер кеңесі бойынша және оның бақылауымен жүргізіледі, өз бетімен белгіленген тұрақты диета денсаулық үшін қолайсыз жағдайларға ұшыратуы мүмкін. Тамақтану[1] - ағзаның қуат шығынының орнын толтыруға, тіндер құрылуына және жаңартылуына және қызметтерін реттеп отыруға кажетті, ағзаға түсетін заттардың қорытылу, сіңу және сіңірілу үрдістері. ағзаның өмір сүруге, денсаулықты және жұмысқа қабілеттілікті сақтауға қажет нәрлі заттарды (ақуыз, май, көміртегі, дәрумендер, минералды тұздар) бойға сіңіру процесі.
Емдік тағам белгілеудің негізгі принциптері Тағам үлесін (рацион), тамақ ішу режимін және оны кулинариялық өңдеуді әр адамға жеке белгілеу; Тағамдық рационның патологиялық процесс сипатына және сырқаттың жағдайы мен оның организімінің ерекшелігіне сандық (рационды азайту және көбейту) және сапалық (организмнің жекелеген азық-түлік пен тағамдық заттарды қабылдауын тоқтату немесе шектету) жағынан сәйкес келуін қадағалау; Теңестірілген (негізгі тағамдық заттардың неғұрлым үйлесімді арақатынасы) және физиологиялық жағынан құнды рациондар жасау болып табылады. Емдік тағамдарда сандық және сапалық тамақ өзгерістері қолданылады. Мұнымен ас қорыту мүшесін механикалық және химиялық бұзылудан сақтауға, ауру мүшеге қолайсыз әсер ететін заттың түсуін шектеуге немесе сырқат организмге өте қажет және оның қызметін жақсартуға әсер етіп, қалыпты жағдайға келуіне жәрдемдесетін химиялық заттарды толықтыруға болады. Емдік тағамдар диеталық талаптарға сай, әр сырқаттың талғамын қанағаттандыратындай әр түрлі болғаны дұрыс. Егер тағам шектелетін болса, сырқат организмі оны жеңіл көтеретін болуын қарастырған жөн.
Емдік тағам дайындау барысындағы кулинариялық өңдеудің ерекшеліктері: Емдік тағам дайындау азық-түлікті кулинариялық өңдеудің өзіндік ерекшеліктері бар: жүрек, бауыр, бүйрек ауруларына тұзсыз диета белгілеу; тұзсыз тамақ науқас адамның тәбетін жоймас үшін тамаққа қант, бал, лимон қышқылын, әр түрлі жеміс-жидек қосып, оған қышқыл не тәтті беру; Кейбір тағамдарға әуелі қайнатылған, сонан соң қуырылған пияз қосу. үгілген тағамдарды пайдалану (пісірлген көкеністерді үккіштен немесе елеуіштен өткізу, жармаларды ұнтақтап алу); тамақты буға пісру (асқазан және ішек аурулары, жұқпалы аурулар және т. б. ). тағам температурасы; ыстық тағамдар үшін ең қолайлы температура 60°С, салқын тағамдар үшін - 10°С. Аса ыстық және өте суық тағамдар өңештің сілекейлі қабатын және асқазанды тітіркендіреді.
Көктемде тамақтану Көктемде көп адамдардың суық тиіп ауруының себебі көкөніс, жеміс-жидектерді аз жеуден, дәрумендердің жетіспеуінен. Сол себепті көк-темгі айларда тамаққа ерте пісетін көкөністерді: көк пиязды, салатты, шалғамды, қымыздықты т. с. с. мол пайдалану қажет. Қара өзек шақ – көктемде қалбырланған көкөністерді, тұздалған қырыққабатты, көк пиязды молынан пайдалану адам ағзасында түрлі ауруға қарсы тұру қабілетті күшейтеді. Бұл кезде көк пияздың пайдалылығы: оның 100 грамында тәулікке қа-жетті С дәрумені бар. Оны майдалап турап, тағамға қосып жеуге де болады. Ашы-тылған қырыққабаттың 100 грамында 20 мг С витамині бар. Сүт өнімдерін, қазы-қартаны, сүр етті де көктем-де пайдаланған дұрыс. Ол тәндегі дәрумендер қорын үнемдеуге көмектеседі
Жазда тамақтану Қыс айларымен салыстырғанда жазда адам ағзасы қуатты азырақ керексінеді. Тек ауыр еңбекпен айналыс-атындар ғана бұрынғысын-ша қуатты тағамдарды ішіпжеуге тиіс. Жеңіл жұмыспен айналысатын ер адамдар-дың жазғы асында қуат құн-дылығының кем дегенде 2300 калорийге тең болғаны жөн, ал осы топтағы әйелдерге тәулігіне 2100 калорий қуат қажет. Жазда күн сәулесінің радиациясы жоғары, қайнаған ыс-тық баланың иммунитетін төмендетеді. Асқазан-ішек жолдары мен паразитарлық аурулар көбейеді. Сол себепті жазда балалардың кейбір дәрумендерге деген мұқтаждығы артады. Күн астында көп жүретіндіктен балалардың терісінің сыртқы қабаты жиі зақымданады. Сол үшін оларға антиоксиданттық дәрумендер-ге бай (С, А, Е дәрумендері) тағамдар беру қажет.
Салерндік денсаулық кодексі Емдік тамақтанудың маңы-зы Салерндік денсаулық кодек-сінде былайша бейнеленген: «Бізге Гиппократ өлімнің неден болатынын айтып кетті. Медицинаның ең жоғары заңы – диетаны бұлжытпай сақта. Емделіп жүріп диетаны ұмытсаң, ем қонбайды. Қанша, қашан, неге, қайда, неше мәрте және нені қолдану керек. Осының бәрін диета таға-йындаған дәрігер айтуға тиіс. Денсаулық қайтып келсін, аурулардан алас болсын де-сеңіз, Тауқыметке мойымаңыз, ашуға бой алдырмаңыз. Тамақты тартынып жеңіз, шарапты мүлде ұмытыңыз, Түскі ұйқыны тәрік қылып, тамақтан соң сергек жүріңіз. Егер дәрігер жетіспесе, мына үшеуі: жайдары мінез, тыныштық, тағамға қанағатшыл-дық дәрігер болсын» .
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ
emdik_tamaktanu.pptx