Емдеу-профилактикалық мекемелерінің гигиенасы. Дәрістің жоспары
Емдеу-профилактикалық мекемелерінің гигиенасы.
Дәрістің жоспары § ЕПМ-інің жер учаскесіне қойылатын талартар. § Архитектуралық-жоспарлаушы шешімдер. § Бөлмелердің ішкі әрлеу жұмыстарына қойылатын талаптар. § Жылыту және желдету. § Жарықтандыру. § Бөлмелерді тазарту және науқастар гигиенасы. § ЕПМ-іне күнделікті санитарлық бақылау.
Ауруха • орталықтандырылған, на құрылы • орталықтандырылмаған сы • аралас жүйе кезінде
Орталықтандырылған жүйе соматикалық профильдегі ауруханалар үшін қолданылады. Бұл құрылыс жүйесінде барлық емдік-диагностикалық бөлімдер бір ғимаратта, инженерлік коммуникация және маршруттар қысқартылған, құрылыс онша қымбат емес, бірақ санитарлық режимді сақтау қиынға түседі.
Ауруларды топтық оқшаулау үшін орталықтандырылмаған жүйе қолданылады, ол инфекционды және туберкулездік ауруханалар үшін өте ыңғайлы. Бөлімдер әр ғимаратта орналасады, гигиеналық тұрғыдан қарағанда осындай құрылыс жүйесі ең дұрыс (тыныш, участок максимальды көгалдандырылуы, дем алуға ыңғайлы жағдай). Бірақ бұндай ауруханаларды салу қымбат және үлкен жер учаскесін қамтиды. Көбінесе қала жағдайында аурахана құрылысының аралас жүйесі қолданылады.
• учаскелік, Көп • аудандық, • орталық аудандық профил • қалалық ьді • облыстық • Республикалық аурухан алар • ведомствалық
• жедел медициналық Бөлек көмек • балалар, типтегі аурухан • қалпына келтіру емі алар
• Туберкулездік Арнайы • инфекциялық, Стаци • онкологиялық, онар • психиатриялық лары Ауруха • перзентханалар
Емханалар стационарлар құрамында немесе бөлек мекеме болуы мүмкін. Арнайы және көп профильді емханалар өздігімен келуші ауруларға немесе үйлерінде медициналық көмек көрсетеді. Оның құрамына тіркеу бөлімі, хирургиялық және терапиялық бөлімдер, сондай-ақ арнайы кабинеттер: көз, неврологиялық, урологиялық, стоматологиялық және қосымша емдік- диагностикалық кабинеттер: рентгенологиялық, процедуралық, физиотерапиялық және т. б. кіреді.
Стационарлар мен емханаларға қойылатын негізгі гигиеналық талаптар ауа-тамшылы инфекцияның таралуының алдын алу. Ол үшін ғимараттың рациональды жоспарлануы, тиімді желдету (табиғи және механикалық) және алдын алу шараларын жүргізу керек. Соңғысына күнделікті ылғалды жинаудан басқа, химиялық және физикалық әдістерді қолдана отырып дезинфекциялау, қатаң санитарлық режимді сақтау жатады. Бұрынғы жылдары орталықтандырылған аурухананың негізгі корпусында стационардың барлық бөлімдері (инфекциялықөтан басқа), емхана және барлық диагностикалық бөлімдер кіретін. Бұндай вариант оңтайлы емес және санитарлық дәрігерлер тарабынан қолдау таппаған.
Мысалы, емхана және стационар әр контингенттегі ауруларға қызмет көрсетеді. Амбулаторлық аурулар шу, мазасыздық әкеледі, емдік және гигиеналық режимді бұзады. Стационары мен емханасы біріккен ауруханалар гигиеналық ережелерді қанағаттандырмайды. Мұнда аурухана учаскесі мен ғимараттың өзінде де қалыпты режим бұзылады. Стационарлық және амбулаторлық аурулар диагностикалық кабинеттер мен аурухана бақтарында кездеседі.
Босанатын әйелдер, әйелдер кеңесіне келетін жүкті әйелдер, персонал және келушілердің оқшау графигін ұйымдастыру қажеттігіне байланысты, жалпы корпуста ірі перзентхана бөлімін орналастыру көптеген қиындықтар алып келеді. Бұндай ұйғарымдардың тері-венерологиялық, балалар және радиологиялық бөлімдердің құрылысына да қатысы бар.
Сондықтан, инфекциялық бөлімнен басқа барлық бөлімдерді бір ғимаратта орналастыру, тек кіші ауруханалар үшін ғана тиімді. Сонымен қатар аурухана территориясында функциональды жағынан бір-бірімен байланыссыз ғимараттарды салуға болмайды.
Ритуальды зона, патологиялық- анатомиялық корпус, палаталық корпус, қоғамдық ғимараттардың терезелерінен көрінбеу керек. Онымен және емдік корпустың арасы 30 м кем болмау керек. Радиологиялық және инфекциондық корпустың айналасына ені 5 м кем емес қиып өтетін бұталар егілуі қажет.
Инфекциялық аурухана территориясында бір-бірінен жасыл желекпен бөлінген «тазаң және «лас» зоналар бөліп қарастырылады. «Лас» зонадан шығарда транспортты дезинфекциялайтын алаң қарастыру керек.
Аурухана учаскесінің құрылыс дәрежесінің гигиеналық маңызы бар, соның ішінде егер аурухана жалпы құрылыс алаңының 15%-ын алатын болса тиімді болып саналады. Бұндай қадам табиғи факторларды сауықтыру үшін пайдалануға, керек кезінде аурухана құрылысын кеңейтуге мүмкіндік береді. Бірақ қала жағдайында, жер территориясы шектелгенде, ғимараттың қабаттылығын жоғарылатуға және ауруханалық кешендерін жоғарғы деңгейде тығыз орналастыру қажеттігі туындайды.
Типтік жоба бойынша аурухана ғимараттын салғанда қоршаған территорияны ғана емес, сонымен қатар жекелеген обьектілердің арақашықтығын ескере отырып құрылыс учаскесін функциональдық зоналау арқылы жергілікті жерге ұштастырады. Корпус қабырғасы мен палата терезесінің арақашықтығы 24 м, ал палаталық корпус пен қызыл сызық және тұрғын үйлер ара қашықтығы 30 м кем болмау керек.
ЕПМ территориясын жинау күнделікті жүргізілу керек. Арнайы асфальтталған немесе бетондалған контейнерлік алаңдардағы қоқыс пен тұрмыстық қалдықтарды жинауға тығыз қақпағы бар қоқыс жинағыш орнатылады. Бұл алаңдардың көлемі 40 м 2 кем емес, палаталық және емдік-диагностикалық корпустан арақашықтығы 25 м, ал контейнерлер жүйелі түрде залалсыздандыру керек. Соған қаса әр 700 м 2 территорияға бір қалдық салғыш қойылады, оның тазалануы және қоқыс шығарылуы күнделікті жүргізілуі қажет.
Санитарлық заңдылыққа сәйкес тері-венерологиялық, инфекциялық, онкологиялық, хирургиялық бөлімдердің қалдықтарын қоқыстар тастайтын жерге шығаруға болмайды. Оларды жою үшін әртүрлі ортақ жағу (өртеу) түрлері, химиялық дезинфекция немесе көму қолданылады. Көбінесе оларды өртеу қолданылады. Санитарлық қызметпен келісілгендей қалдықтар пештерде ЕПМ территориясында немесе басқа арнайы обьектілерде жағылады. Тәулігіне 100 кг қалдық жаққанда пеш пен басқа да ғимараттар арасы 30 м, ал пешке тәулігіне 100 кг жоғары жүктеме түссе 100 м кем болмауы керек. Территорияда пешті орналастырғанда желдің бағытын есекере отырып, көрсетілген ара қашықтықтар санитарлық эпидемиялық қызметтің талап етуімен ұзартылуы мүмкін.
«Тұрғын және қоғамдық ғимаратарды инсоляциямен қамтамасыз ету» санитарлық нормалар мен ережелер талаптарына сәйкес емдік-профилактикалық мекемелердің бағытталуы бөлмелер мен территорияда үздіксіз 3 сағаттық инсоляцияны қамтамасыз етуі керек. Операция және перзентхана бөлмелері С, СШ, СБ бағытталуы қажет. Палаталар О, ОШ және Ш бағытталуы қажет. Бөлмелер солтүстік ендіктен 55 0 С оңтүстік қараған ауданда Б, ОБ бағытқа бағытталған болса, күн сәулесінен қызып кетпес үшін қорғанысты қажет етеді (жалюзи немесе т. б. қондырғылар).
Ауруханалардың құрылымдық бөлімшелері Қабылдау • балалар бөлімі • акушерлік Қабылдау • инфекциондық • тері- бөлімі венерологиялық Қабылдау • туберкулездік бөлімі • психиатриялық
Басқа бөлімдерде қабылдау бөлімі жалпы және басты емдік корпусында немесе төсек көп корпуста орналастырылады. Барлық ауруханаларда аурулардың әр ағымына 1 қарау бөлмесі және 1 санитарлық өткізгіш болу керек. Балалар және инфекциондық ауруханаларға ауруларды қабылдау үшін қабылдау-қарау бокстері қарастырылады.
Қабылдау-қарау боксі - балалар және инфекциондық ауруханаларындағы қабылдау бөлімінің негізгі бөлмесі. Көп профильді ауруханалардағы қарау кабинетінің қызметін атқарады. Онда тамбур және шлюз (сыртқы тамбур- аурулар үшін, ішкі шлюз- қызметкерлерге), қарау бөлмесі, санитарлық түйін бар.
Санитарлық өткізгіште – ауруханаға жатқызылған ауруларды гигиеналық өңдеу, жеке заттарын өткізу және ауруханалық киім беру қарастырылады. Аурудың палаталық бөлімге барар жолында жеке немесе қарау кабинеттерімен бірге орналастырылады.
Палаталық бөлім. Стационарлардың негізгі құрылымдық элементі болып табылады және екі палаталық секция және жалпы бөлмеден (емдік, диагностикалық, қызметкерлер бөлмесі, асхана) тұрады. Палаталық секция - оқшауланған палаталар кешені және бір профильдік аурулар үшін қосымша бөлмелерден тұрады. Бір секциядағы төсек саны 20 -дан кем емес, 30 -дан көп болмау қажет.
Санитарлық түйін - жуынатын орын, ванна, дәретхана және санитарлық бөлмеден тұрады. Санитарлық бөлмеде ыдыстарды жуу және стерилизациялау, анализге арналған ыдыстарды сақтау, клеенкаларды жуу, лас киімді уақытша сақтау жүргізіледі.
Хирургиялық бөлімнің негізгі құрылымдық бірлігі - операциялық блок. Оперблокқа кіру қызметкерлер үшін санитарлық өткізгіш, ал аурулар үшін шлюз қолданылады. Оперблок 2 қиылыспайтын оқшауланған асептикалық және септикалық бөлімдерден тұрады және ал ішкі бөлмелер қатаң зоналануы (стерильді зона, қатаң режим аймағы) қажет. Оперблокта тек бір асептикалық бөлім болады (кардиохирургия, нейрохирургия). Екі бөлім де болғанда, септикалық бөлім асептикалықтан жоғары орналасады. Оперблок жанында операциядан кейінгі аурулар үшін 1 операциялық бөлмеге - 2 төсектен есептелген палата орналасады. Ауруханадағы операциялық бөлменің саны - хирургиялық профильдегі 70 төсекке 1 операциялық бөлме есебінен алынады.
Бөлім палаталары мен кабинеттерде түбегейлі тазалау график бойынша жүргізіледі, бірақ айына 1 реттен кем емес, ал операциялық блок, таңу және босанатын бөлмелер инвентарь мен жиһаздан босатылып аптасына 1 рет жүргізіледі. Коридор, дәретхана және қосымша бөлмелерде қоқыс салатын ыдыстар, ал процедуралық және басқа кабинеттерде аяқпен басып ашатын шелектер қойылу керек.
Қатаң стерильдік режимді, асептика мен антисептиканы қажет ететін бөлмелерде (операциялық, таңу, реанимация палаталары, процедуралық, босану палаталары және т. б. ) жинаудан кейін ультракүлгінді бактериоцидтік лампалармен сәулелендіру жүргізу қажет. Олар стационарлық және жылжымалы болуы мүмкін. Сәулелендіру кезінде қызметкерлерге бұл бөлмелерде аз уақыт ғана болуына рұқсат етіледі.
Ауруханалар санитарлық бақылаудың маңызды обьектілерінің бірі болып табылады. Оған жеке және жалпы сұрақтар кіреді. Жалпыларға территорияның санитарлық жағдайы, көгалдандыру, зоналау, қалдықтарды шығарып тастау, сумен қамтамасыз ету, канализация және басқалар, ал жеке сұрақтарына – құрылымына, қондырғыларға және аурахана бөлімдерінің мазмұнына қойылатын гигиеналық талаптар жатады.
ЕПМ-нің санитарлық-гигиеналық жағдайын кешенді бақылау коммунальдық гигиена дәрігері, эпидемиологтар, бактериологтар, дезинфекционистер, керек жағдайда басқа да мамандардың қатысуымен жүреді. Кешенді тексеру жылына 1 реттен жиі емес және бұл кезде елді мекендегі барлық ЕПМ тексеріледі.
Тексеру актілерінде мекеменің санитарлық-гигиеналық ережелер мен нормаларға сай екендігі, ҚР денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемияға қарсы режимі туралы бұйрықтарын орындау туралы мәліметтер көрсетіледі.
7 кредит 1лек..ppt
- Количество слайдов: 32

