
Сектадан са__танайы__.ppt
- Количество слайдов: 36
ЕЛІМІЗДЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС АҒЫМДАР Сақ бол! Бұл методикалық әдістеме қала аудан АНТ мүшелеріне тақырыптық бағдарлама ретінде ұсынылады
ҚҰРАНДА: “ӨЗДЕРІҢЕ АЛЛАНЫҢ БЕРГЕН НЫҒМЕТІН ЕСКЕ АЛЫҢДАР. СЕНДЕР БІРБІРІҢЕ ДҰШПАН ЕДІҢДЕР, ОЛ ЖҮРЕКТЕРІНІҢ АРАСЫН ЖАРАСТЫРДЫ, ОНЫҢ ИГІЛІГІМЕН ТУЫСҚА АЙНАЛДЫҢДАР” (ӘЛИ ИМРАН-103) ДЕП БІР-БІРІНЕ РУХАНИ ЖЕЛІМЕН КӨГЕНДЕЛГЕН БҮКІЛ ИМАНДЫ ЖАНДАРДЫ БАУЫР, ТУЫСҚАН ДЕЙ ОТЫРЫП ОСЫ БАУЫРЛЫҚТАН АРТЫҚ ЕШБІР ҚАТЫНАС ТҮРІ ЖОҚ ЕКЕНДІГІН БІЛДІРГЕН.
ДІНІМІЗДІ, ДІЛІМІЗДІ, ТІЛІМІЗДІ САҚТАУ-ҰЛТТЫЛЫҒЫМЫЗДЫ, МЕМЛЕКЕТІМІЗДІ САҚТАУ. Н. НАЗАРБАЕВ Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің “Қазақстан-2050 қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты Қазақстан халқына жолдауында: “Мемлекет пен азаматтар радикализмнің, экстремизмнің және терроризмнің барлық түрлері мен бой көрсетулеріне қарсы біртұтас шеп құруға тиіс. Діни экстремизм қаупі ерекше алаңдаушылық тудырып отыр. Біз Жаратушыға деген кіршіксіз сенімнің агрессиялы және қырып-жойғыш фанатизммен алмасуына жол бермеуіміз керек. Соқыр фанатизм біздің бейбітсүйгіш халқымыздың психалогиясы мен діліне мүлде жат. Ол Қазақстанның мұсылмандары ұстанатын ханафи мазхабына қарама-қайшы” Мемлекет басшысы: “Қазақстандағы экстремизм мен терроризмде идеялық емес, қылмыстық негіз бар. Жалған діни көпірмеліктің артында қоғамның негізін күл-талқан еткісі келетін қылмыстық іс-әрекет жасырынып жатыр. Бұл – біздің еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа шабуыл. Бұл – біздің мемлекеттігіміз бен азаматтық кемелдігіміздің мықтылығының сынға түсуі.
Секта cөзi латынның «sekta» сөзінен шыққан, алғашқыда ол eкi мағынада колданылды: біріншісі- бip заттың бөлігі де екінші мағынасы- сана образы, оқу дегенді білдіреді. Бұл сөз «secaгe» - кeciп тастау (бүтіннің бөлігі) және «sequi» - iзiнe түсу (қандай да болсын оқудың артынан ілесу) сөздерімен мағыналас. Және бұл сөздердің көрініс табу сипатына лайық «тоталитарлық секта» деген ұғым қолданылады. Демек, секта азаматтарға тек қана өз пікірін таңып мақұлдату, зорлық-зомбылық көрсету, еркінен тыс әрекет пен мүлкін тартып алу, тіпті кісі өміріне қауіп төндіру сияқты істерімен ерекшеленеді.
Экстремизм термині сөзбе-сөз (лат. extremus – шеткі) шектен тыс көзқарастар мен әрекеттерді ұстану, қоғамдағы тәртіп пен нормаларды жоққа шығару деген сөз.
Терроризм – латынша terror –қазақша қорқыныш, үрей деген сөз. Яғни, саяси мақсатты сылтауратып күш қолдану.
ЕЛІМІЗДЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН АҒЫМДАР
Қазақстан Республикасының аумағында соттың шешімімен тыйым салынған діни ұйымдар мыналар: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 15 қазандағы шешімі негізінде: 1. «Аль-Каида» 2. «Шығыс Түркістандағы исламдық қозғалыс» 3. «Өзбекстандағы исламдық қозғалыс» 4. «Күрд Халық Конгресі» ( «Конгра-Гел» ) Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімі негізінде: 5. «Асбат аль-Ансар» 6. «Мұсылман бауырлар» (Братья-мусульмане) 7. «Талибан» қозғалысы 8. «Боз гурд» 9. «Орталық Азиядағы Жамағат можәһидтер» 10. «Лашкар-е-Тайба» 11. «Әлеуметтік реформалар қоғамы» Астана қалалық сотының 2005 жылдың 28 наурызындағы шешімі негізінде: 12. «Хизб-ут-Тахрир» Астана қаласы сотының 2006 жылы 17 қарашадағы шешімі негізінде: 13. «АУМ Синрикё» 14. «Шығыс Түркістан азат ету ұйымы» Астана қаласы сотының 2008 жылғы 5 наурыздағы шешімі негізінде: 15. «Түркістан ислам партиясы» . Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы және Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотының 2009 жылғы 12 қаңтардағы шешімдері негізінде: 16. «Алла аят» қозғалысы 17. «Ата жолы» қозғалысы Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотының 2013 жылғы 26 ақпандағы шешімі негізінде: 18. «Таблиғ жамағаты» .
Ислам атын жамылған керағар ағымдар: • • Қазіргі уақытта кез келген діни тұрғыдағы террористік және экстремистік ұйымдар мен топтардың артында алпауыт мемлекеттердің мүдделері, саяси мақсаттары жатқандығы, яғни қатыгездік діни идеологиялардың қалыптасуына шетелдік арнайы қызметтердің ықпалы бар екені белгілі болып отыр. Күштеу экстеризміне қарсы тұру үшін радикалды идеялардың пайда болу себептерін, өзара жіктелуін, радикалды тұлғаларды анықтау, олардың сыртқы белгілері, пікірлері және радикалдану кезеңдерін білген орынды. Тәжірибе көрсетіп отырғандай радикалды діни идеологиялар, діни тұрғыдағы қатыгездік және күштеу әрекеттері, Ислам дінін Құран мен хадистің мазмұнын толық білместен тікелей қабылдап, адасудың нәтижесінде туындап отыр. Исламды осындай жолдармен түсіндіретін діни ағымдарға «салафизм» идеологиясын насихаттаушыларды жатқызуға болады. Олар өздерін ешқандай өзгерістер мен жаңалықтар енгізілмеген әуел бастағы «таза исламды» ұстанушылармыз деп түсіндіреді. Бұл идеологияның негізін салушы 1263 -1328 жылдар аралығында өмір сүрген, шейх-уль ислам Таки-эд-Дин Ибн Тәймия болып табылады. Қазіргі кезде көптеген террористік және экстремистік ұйымдар Ибн Тәймияның теориялық еңбектеріне сүйенеді. Ибн Тәймиядан кейін аталған идеологияны ағылшынның арнайы қызметі Саудиялық Мухаммад ибн Абдул Уәһһаб (1703 -1792) арқылы қайта жандандырып, үлкен күшке айналдырды. Бұл керағар дәстүрлі емес діни ағымның атауы “Уаһһабизм” немесе “Салафизм” атауымен танымал.
“Салаф” сөзі (алдын болу) өзінің жай мағынасында Бірінің орнына бірі келетін кез келген уақытқа қолданылады және “бұрынғы, ілгеріде” сөздерімен пар-пар, себебі кез келген уақыт аралығы соңынан келетін (халяф-кейінгі) уақыттың “алдынан келеді”. n n «салафи-суррури» «салафи-жиһади» «такфир» «салафи-мадхали»
«Мәдиналықтар» немесе (сурруриттер) деп аталады. o Бұл ұйым мүшелері шейх Абу Мусьаб ас-Сури ( «Әскери бағдарлама» деген еңбектің авторы) іліміне сүйенеді. Бұл ағымдағылардың ұстанымы бойынша мемлекет заңдылығы Шариғат заңына қарсы келмеуі керек. Мемлекетті әділ мұсылман адам басқару керек. Олар Қазақстанда бірінші болып, ҚМДБ-нан бөлек діни қоғамдастық құруға әрекеттенген, мұсылман атын жамылған бүлікші топ. o Мәдиналықтардың мадхалиттерден айырмашылығы, олар «жиһадты» ашық қолдайды.
«Салафи-жиһади» ағымы 1990 -шы жылдары құрыла бастады. Қазақстандағы «салафи-жиһади» қолдаушылары аталған экстремистік ұйымдардың интернет сайттарындағы үндеулері негізінде қалыптасты. Такфир мен «салафи-жиһадшылардың» басқару құрылымдары ұқсас ( «Әмір» , «шура» , «шейх» , «қазынашы» , «жауынгер» ), екеуі де кәпірлерге қарсы «әлемдік жиһадқа» қатысуды міндет деп есептейді. Сонымен қатар, Қазақстанда билік органдары тарапынан таза мұсылмандар діни сенімдері үшін қудалануда деген ұйғарыммен «хижрат» жасауға шақырады. Сондай-ақ «салафи-жиһадистер» Қазақстан аумағында жиһад ұйымдастырғанды дұрыс деп санайды. n «Такфир» және «салафи-жиһади» идеологиясының «мадхалиттер» мен «сурруриттерден» негізгі айырмашылығы олардың түсінігі бойынша қазіргі уақытта кәпірлерге қарсы қарулы соғыс ( «жиһад» ) жасау әрбір мұсылманға міндетті ( «фарз айн» ) деп есептейді. n
«Әт-Такфир уәл хиджра» идеологиясы - өткен ғасырдың 70 -ші жылдары Мысыр университеттеріндегі студент жастардың арасында қалыптасты. «Такфир» қозғалысының негізін салушы 1942 жылы туылған мысырлық Мустафа Шукри есімді азамат. Бұл қозғалыстың мақсаты бөлек мұсылман қауымын құру арқылы зайырлы мемлекеттік қағидаларға қарсы күресу. тәкфіршілер Ислам дінін өздері бірден-бір дұрыс бағыт деп сенетін уахабилік түсінік бойынша ұстанбаған мұсылмандардың барлығын «кәпірлер» , «дінсіздер» деп жариялайды. Зайырлы мемлекет заңдылықтарын ұстанатын Қазақстанды – кәпірлер елі ( «Дар уль куфр» ) деп атайды.
Ибн Тәймияның ілімдерінен бастау алған, имам Рабия ибн-Мадхали еңбектерінің негізінде «салафи-мадхалиттер» пайда болды. l Аталған ілімді ұстанушылар қарулы «Джихад» идеологиясын ашық қолдамайды. Заңды мемлекет басшыларына қарсы шығу жолын ұстанбайды. Зайырлы мемлекет заңдылықтары Құран мен сүннетке қарсы келмейді сондықтан, мемлекет заңдарымен жүруге дұрыс болады деп есептейді. Сондай-ақ бұл жолдағылар адамды кәпір деп қателескеннен гөрі, мұсылман деп жаңылысқанды орынды деп санайды. Солай дей тұрып, мадхалидтік жамағат ислам рухани құндылықтарын бір жақты түсінеді.
Діни сипаттағы қауіп-қатер Ø Ø Ø Ø Салафиттердің Абай, Шәкәрім және басқа да қазақ ойшылдары ұстанған Қазақстан мұсылмандарының дін ұстанымына негіз болған, Матруди діни-сенім мектебін теріске шығаруы. Аллаға дене мүшелерін: бет, қол, тізе, таққа отыру, аспаннан түсуді және т. б. ұғымдарын беретін Алланың қасиеттері мен есімдері туралы үздіксіз айтыс жүргізу. Құран мен сүннет бойынша дұрыс Ислам туралы айтыс, яғни, тек солар ғана Ханафи мәзһабын теріске шығарып, дұрыс дінді ұстанады-мыс. Ғибадат етудің екінші кезектегі мәселелері бойынша ұдайы айтыс жүргізу. Тек Құран мен хадистерден үзінді келтіру, сөзбе-сөз түсіну. Олар үшін мазмұн емес, түрі маңызды. Мұсылмандар Алланы еске түсіру, әрі Пайғамбарға (с. а. с. ) салауат айту ол арқылы исламның адамзатқа ортақ, өлшеусіз құдірет-қасиеттерінің қоғамға игі әсерінің молая беруінің бір жолы-Мұхаммед Пайғамбардың (с. а. с. ) туған күніМәулід арқылы жергілікті мұсылмандарға рухани азық, адамгершілік, мейірімділік, қайырымдылық, ізгілік идеялары мен адалдық, тазалық, білімғылым, мәдени әлеуметтік өмір салтының жағымды, өркенді жолының қалыптасуына үлес қосу мүмкіндігі екенін түсіне алмайды. Өздерінің салафи шейхтары: Ибн Тәймия, Ибн Қайим, Ибн Баз, Усаймин және олармен пікірлес ғалымдарды ғана мойындайды. Мұсылман елдерінің өзге аймақтарында ислам ғалымдарының жергілікті аймқтардағы мәселелеріне орай атқарған зерттеу, ғылыми еңбектерді мойындамайды. Ислам жораларын ұстанбайтындарға шектен тыс қатал, кейде этностарды өздерінің діни ұстанымына қарай жіктерге бөлуге ұмтылады. Оларды “бір құдайшылдар” және басқалар: Намаз оқитындар, бірақ, аруақтарға сыйынатын “пұтқа табынушылар” – деп бөлу, әрекеттеріне бой алдырады.
Қазақ халқының діни ұғым, дәстүрлеріне байланысты: 1 - Қарт кісілердің жастарға беттерін сипап, берген “батасын” теріске шығару. Сүннет бойынша бетті қолмен сипауға болмайды-мыс. 2 - Келіннің күйеуінің ата-анасына иіліп сәлем бергенін теріске шығару, бұл олардың пікірінше Алладан басқа тағы да біреуге табыну болады-мыс. 3 - Мұсылмандардың молаға зиарат етуін теріске шығарады, пұтқа табыну болады-мыс. 4 - Құранды өлген адамдарға арнап оқуды теріске шығарады. 5 - Өнерді теріске шығарады. Қазақтардың дәстүрлі ұлттық киіміне байланысты: 1 - Арабтар мен пакистандықтардың киімдеріне еліктеу (еркектердің ұзын көйлектері мен орамалдары) 2 - Балағы қысқа немесе кесілген шалбар киеді, “тірсектен түскен киім-тозақ отына барады”. 3 - Ұзын әрі күтілмеген сақал өсіру, бұл құдайдан қорыққандықтан-мыс. Олар сақал қоюды уәжіп санайды. Туыстық қатынастарға байланысты: 1 - Ата-аналары дайындаған тамақтан, олар намаз оқымай дайындады деп, бас тартып қарсыласады. 2 - Ата-ана, ағайын туыстары, дос жаран, тамыр-таныс, көрші қолаң мен қарым-қатынаста үйлену тойлары, туған күн, мерекелер, еске алулар, діни-рухани рәсімдердің бәрі олар үшін жағымсыз, шариғатқа қайшы әрекет. 3 - Әйел, қызбалалар, олар үшін бір зат немесе екінші сортты, тіпті құл-күң дәрежесінде ұғынылады. 4 - Басқа туыстарымен араласқан кезде, өздерінің Ислам туралы жеке түсінігін тықпалайды және олардың ойынша “мешіттерде сауатсыз имамдар отырғандықтан” тек қана өздерінің уәһһабилікті дәріптеуші ұстаздарын тыңдауды талап етеді.
Біле жүріңіз! “Салафизм” жақтастарының қолданылатын әдебиеттері 1. “Сборник заповедей”, авторы Маджму әл-Фарид; 2. “Китяб ат-Таухид” (Единобожие) 1 -том, авторы Мухаммад бен Абд әл-Уәһһаб; 3. “Китяб аз Зияра” (Паломничество) 2 -том, авторы Ахмад Ибн Таймии; 4. “Китяб әл Хидейа әл-иджбирия” (Праведный путь) 3 -том, “Болезнь и исцеление”авторы Мухаммад ибн Кайим аль-Джаузий; 5. “Книга единобожия”, авторы Салих ибн-Фаузан. Радикалды “салафизм” жақтастарының пайдаланатын интернет сайттарынан сақ болыңыз. Олар: www. hunafa. com, www. guraba. net, www. kavkazdjihad. com, www. generalvekelat. org, www. chechentimes. net, www. kavkazanhaamash. com
Ясауи атын жамылған зікіршілер n n n Исматулла деген кім? Исматулла 1944 жылы туған, ауғанпәкістандық азамат. Исматулла Мақсұм – қазақстандық зікіршілердің рухани ұстазы, пірі.
Исматуллашылардың адасушылығы: n n Олардың сөзі мен іс-әрекетінен «зікір» терминін тар аяда түсінетіндігі байқалады. Исматуллашылар зікір кезінде айғайлап, трансқа жеткенше бастарын бұлғақтатып, селкілдеп билейді. «Исматуллашылар» дінді «қазақиландыруға» дұрысы сопылықтың мистикалық мұратына бас идіріп, әсіресе «тәңіршілдік» , «шамандық» сияқты уақыты озып, сәні де мәні де кеткен жалған сенімге қызмет еткізуге тырысты. Шәкірттері ұстазы - Исматулла тақсырды «қасиетті әке» санап, құлдық ұрып, қолын сүйеді.
n Теология ғылымдарының докторы, дінтанушы Мұхиддин Исаұлының айтуынша, «ясауишілердің» «зікір» салу формасы дәстүрлі дінге жат. Ол «бұлайша соқыр сенімге берілуі діни фанатизімге ұрындыруы мүмкін екенін» айтады[1]. [1] “Айқын”, 07. 11. 04 ж.
Таблиғ жамағаты n Аталған ағымның негізі 1927 жылы Үндістанның Дели қаласы маңындағы Меват елді мекенінде қаланған. Бұл діни ілімнің негізін қалаушы: Мәуләна Мұхаммед Ілияс Кандехлеви (1885– 1944) – суфизмнің диубандийлық бағытының идеологы. Мәуләна Мұхаммед Ілияс 1944 жылы қайтыс болғанан кейін бүкіл Үндістанға тарай бастады. Үндістаннан бастау алған жамағат аз уақыт ішінде Пәкістан мен Бангладешке тарап үлгерді. Бүгінде Сирия, Иордания, Палестина, Ливан, Мысыр, Судан, Ирак, Хижаз елдеріне тарап, Еуропаға дейін қанат жайды. Мәуләна Мұхаммед Ілиястан кейін оның жұмысын жалғастырушы өзінің ұлы Мәулана Мұхаммед Юсуф (1917– 1965) болды.
Теріс ықпалды әрекеттері: Таблиғ жамағаты төрт мәзһабтың ешқайсысын ерекшелеп мойындамайды, ұстанбайды. n Ислам дінінде отбасының қамын ойлау, перзенттеріне қамқорлық жасау, оларға дұрыс тәрбие беріп отыру, өмірлік жарының ақысын беру де мұсылман адамның негізгі міндеттеріне жатады. Алайда бұл топқа қосылып, дағуат жасап жүргендердің осы жағынан бірқатар кемшіліктері байқалады. Отбасылары мен бала-шағасын тастап, үш, жеті немесе қырық күнге шығып кетеді. Содан отбасыларының шырқы бұзылып, тұрмысы нашарлап, тіпті кейбір жанұя ажырасуға дейін барып жатады. n Олардың Пәкістан тұрғындарының үлгісімен киінуі жұртқа ерсі көрінеді. Тіпті, арасында өзі алқам-салқам, кір-қожалақ киініп, бірақ тазалық пен пәктікті насихаттауы Исламға кір келтіретіні де жасырын емес. n
Ұйымның Қазақстандағы қызметі мен жағдайы: n n n 1990 -шы жылдардың орта кезінде шетел әсіресе Пәкістан азаматтары өз елдерінде тұрақсыздық орнап жатқанда өз идеяларын кең көлемде біздің елге тықпалауы әрі жая бастауы түсініксіздікке әкеліп соқты. Қазір жергілікті Қазақстандық уағыздаушылары арасынан аталған ағымның теріс ықпалының зиянын зерделей білмеген кейбір азаматтар таблиғ жамағатының белсенді түрде қызметін атқарып жүр. «Таблиғ жамағаты» радикалдық қозғалыс деп алғаш сипаттаған Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев болатын. Діни фундаментализм мәселесіне қатысты көлемді зерттеуінде Президент: «Діни қауымның белгілі бір бөлігі діни төзімсіздік идеясын ту ететін шет елдегі ислам орталықтары миссионерлерінің ықпалына ілігеді. Мұндай ахуал біздің елдің оңтүстік өңірінен айрықша байқалып отыр. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының аумақтарында астыртын ұйым құрған шетелдік «Таблиғ жамағаты» радикалдық қозғалысының үгіт-насихат әрекеттері анықталған» – деп жазды[1]. [1] Назарбаев Н. Ә. , Сындарлы он жыл, Алматы, «Атамұра» , 2003 ж. 2006 жылғы қазанда ҚР Бас Прокурорының мәлімдемесі бойынша ҚР Жоғарғы Сотымен бірқатар халықаралық ұйымдар террористік деп танылып, олардың Қазақстан территориясындағы қимылына тыйым салынды, бірақ, аталмыш «қара тізімге» енгізілген барлық ұйымдардың ішінде Таблиғ жамағаты жоқ. Әрі бұл ұйым Қазақстанда тіркелмеген болып табылады. Таблиғ жамағат жөнінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арнайы пәтуасы және 2013 жылғы 26 ақпанда Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотының шешімі шығарылған. Бұл жамағат теріс әрекет етуші топ деп танылып, елімізде тыйым салынған ағымдар қатарына жатқызылды.
Ислам атын жамылған кереғар ағымдар жайлы түйін сөз. • Күллі • әлем мұсылман жамағаттары арасында мұндай әрекеттерімен түрлі үлгі-пішінде әр ғасырда орын алып отырған. Мұндай жалған ұйымдар халықты ешуақытта қоғамдық әлеуметтік, рухани діни, ғылыми-мәдени өресі биік мақсаттарға бастай алмаған. Бұл ұйымдарды құрушылардың дені мен тегі өзге құрылымдық өгей өркениеттерге жатады. Олардың өзге мемлекеттерде «штап пәтерлері» - орталықтары бар. Демек, басшы нұсқаушылары, ұйымдастырушылары жиі-жиі көзге түсіп келе беретіндігі де мұның бұлтартпас айғағы екені рас. Сондықтан бұл жалпы исламда, соның ішінде күллі мұсылман әлемін, сондай ақ, жеке елдерді де батыстың немесе одан да өзге әлемнің геосаяси, рухани-діни, мәдени-әлеуметтік экспанциясынан құтқара алатын амал немесе күшке айнала алмайды. Аталған топтар мен ағымдардың қай-қайсысы да осы құбыжықтан туған түбі мұсылман әлемінің көрін қазушы «көр соқыр» топтар.
Христиан протестанттық бағытындағы діни ағымдар: • Бүгінде христиандық ғалымдар барлығы 1000 -нан астам әртүрлі бағыттағы діни топтарды есепке алып отыр. Протестанттықтағы жаңа діни қозғалыстардың, конфессиялардың нақты санын білу мүлдем мүмкін емес, өйткені жоғарыда айтылып кеткендей, христиан теологиясында шіркеулердің бірнеше көзге көрінбейтін, көрінетін, ғаламдық, жергілікті және отбасылық түрлері өмip сүреді. • Өздерінің діни ілімдерінің мазмұнына, діни рәсімдерінің атқарылуына қарай жаңа христиандық, жаңа бағдарламалық, оккультеистік, жаңа пұтшылдық болып бөлінеді. • Дәстүрден тыс діндер белсенді миссионерлік қызметімен ерекшеленеді
Еліміздегі дәстүрлі емес діни ағымдар. Солардың бірі; Ø Жетінші күн адвентистері – адвентизмнің (латынның «келу» , «оралу» сөзінен) негізін жасаған Уилиям Миллер (1782 -1849) Иса жерге 1843 жылы оралып, мың жыл патшалық құрады деген сәуегейлік жасаған болатын. Бұл сәуегейлік жалған болып шыққан. Бұл дінге сенушілер жетінші, мейрам күні жексенбі күні емес, сенбі деп сенеді. Бұл күні жұмыс істеуді былай қойғанда, ас жасауға тіпті соған мүше ата-аналар, балдарын мектепке баруына да тыйым салынады. Адвентистерге «лас жануарлардың» (шошқаның) етін жеуге, шарап, кофе, шай iшугe, шылым шегуге болмайды. Қауымның әр мүшeci өзінің кірісінің оныншы бөлігін шіркеуге бөлуге (Оның мүшесі студент те болса шәкіртақыдан он пайызын беруге) міндетті. Орталығы - Алматы қаласы. Қазақстандағы дін жақтастары үшін айына бip рет «Благовестник» газеті шығарылады.
Ø Иегово куәгерлері – қазірде жылдам жетіліп келе жатқан шіркеулердің бipi. Діни ағым 1878 жылы Притебургте Чарльз Тейз Рассел қалап, жеке шіркey ашты. 1931 жылы бұл ұйым «Иегова куәгерлері» деп аталды. Орталығы АҚШ-тағы «Бруклин орталығы» деген ұйым. Екі жүзден астам елде жұмыс істейтін жүзге жуық филиалы бар. «Сторожевая башня» және «Пробудитесь» деген журналдары 160 тілде миллиондаған тиражбен шығарылады. Иегова куәгерлері әскерде қызмет етуге қарсы. Иегова куәгерлері ізбасарларының арасында әскери қызметін өтеуден бас тарту және бой тасалау фактілері де кездеседі. Мемлекеттік рәміздерді мойындамайтын, отан қорғауды борыш санамайтын шіркеу қан құюға да қарсы. Әрқайсы мынандай қолхат толтырып, қалталарына салып жүруге міндетті. Онда "алда-жалда маған медициналық көмек қажет боп жатса, қан құюға қарсымын. Бірден шіркеуге хабар беріңіздер" делінген.
Ø Баптистер - «Баптист» гректің «шомылдырамын» деген сөзінен шыққан. Олар республикада XX ғасырда ғана пайда болды. Олардың діни ілімінің жүздеген жылдық тарихы бар. Тұңғыш баптист қауымдары Голландия мен Англияда XYII ғасырда пайда болды. Кейіннен Америкаға тарады. Қaзip ол АҚШ-та христиан конфессиялары мен деноминациялары ішінде жетекші орында. Баптизм Европаға XIX ғасырда тарай бастады. Орта Азия Түркі тілдес мемлекеттері арасында белсенді түрде жұмыс жүргізіп, кеңінен таралған ұйымдасқан баптистер осы елдердегі бірнеше шіркеу мен христиандық қоғамды өз іс-шараларында құрал ретінде қолданған. Әйтсе де өздерінің мінәжат ететін орындары, шіркеулері және мәдени орталықтары да бар. Миссионерлік бағытты ұстана отырып, евангелист, иегова куәгерлері және басқа да миссионерлік ағымдармен бірлесе отырып жұмыс жасауда. Қазақстанның өзінде қазіргі таңда 250 ғибадатханалары бар.
Ø Елуіншілер – Баптизмнен бастау алатын қауымдардың бipi. Ол XX ғасырда АҚШ-та кұрылды. Қасиетті Рух Исаның тірілгеннен 50 күн өткен соң, оның шәкірттеріне қонғаны сияқты әрбip дінге ceнушігe қонуы мүмкін. Қауымның аты да осыдан алынған. Елуіншілер Қазақстанда да таралған. Қазіргі таңда республикамызда елуіншілердің 53 кауымы бар және олардың 24 ғибадатханалары жұмыс істейді. Елуіншілердің Қазақстандағы кең таралған шіркеулерінің қатарына «Сун Бок Ым» , «Құдай шіркeyi» , «Апостолдар рухындағы інжілшіл христиандар шіркeyi» жатады. Еліміздегі барлық протестанттық ағымдар сияқты елуіншілер де өз қатарына жаңа мүшелер тартуға бағытталған белсенді әрекет жүргізеді. Бірқатар белгілеріне қарап, зерттеушілер елуіншілерді секта деп санайды. Ал елуіншілер өздерін христиандықтағы төртінші бағыт ретінде қарастырады.
Саентология шіркеуі – 50 -ші жылдардың орта кезінде АҚШ-та пайда болды. Оның негізін салушы Лафайет Рон Хаббард (1911 -1986). Шындығын айтқанда, саентологияның шіркеуге ешқандай қатысы жоқ. «Шіркеу» деген олардың бүркеншік аты. Қазір әлемдегі, соның ішінде ТМД елдерінде ең ықпалды дәстүрлі емес ағым - осы. Елуінші жылдары «Дианетика» ғылымын «ойлап тауып» , оны қазіргі заманғы адамның рухани саулығы туралы ғылым деп атаған. Бірақ, Хаббардтың «ғылымын» ғалымдар теріске шығарған соң, оны дін деп атап, «шіркеу» деген атау беріп, өңін өзгерте салған. Алайда, осы күнге дейін оны ешқандай дәстүрлі дін өкілдері мойындаған емес. Еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті саентология шіркеуінің үстінен қылмыстық іс қозғады. Алматы қаласындағы саентология шіркеуіне тінту жүргізіліп, одан адамдардың денсаулығына зиян келетін, қолдануға тыйым салынған шетелдік дәрі-дәрмектер тәркіленді. Ал жақында Қарағанды қаласындағы Қазыбек би атындағы аудан прокурорының талабы бойынша ауданаралық мамандандырылған экономикалық соты «Қарағанды қаласының саентология шіркеуі» діни бірлестігін жабу туралы үкім шығарды. Онда аталмыш діни бірлестік адамдардың денсаулығына, атап айтқанда, психикасына зиян келтіретіні айтылған. Міне, он жылдан астам тайраңдаған саентология шіркеуінің «қызметіне» осылайша шектеу жасалды.
n Грейс шіркеуі – Шіркеудің негізгі атауы «Грейс» , 1982 жылы Америка жерінде пайда болған. Христиан дінінің пресвитериандық протестанттық ағымдарының бірі. Өте қарқынды дамығандығы соншалық, он жылдың ішінде 35 мемлекетке тараған болатын. ТМД мемлекеттерінде «Благодать» деген атымен танымал. Бұл ағым бұқаралық ақпарат көздерінде де біраз шулап, қара пиарға ілінген. Нақтырақ айтатын болсақ, 34 жасар Астана қаласының тұрғыны кезекті рет діни ортаға барғаннан кейін «өзіне-өзі қол жұмсау қаупі өте жоғары параноидальді шизофрения» деген диагнозбен ауруханаға түскен. Осы жағдайға байланысты Қылмыстық кодекстің 103 -бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды» . Сонымен қоса, тексеріс кезінде Астаналық «Рахым» шіркеуінде заңсыз кітаптар шығарылатыны анықталып, ол кітпатарда дінаралық алауыздық тудыратын белгілер бар екендігі анықталды.
Ібілістің құлшылык ету және салтдәстүрлерін жасау қауышу жиналысында (шабаштарда) жүзеге асырылады. Шабаштарда, ереже бойынша, еркектер де, әйелдер де жиналады, жекелеген топтарға айрыкша абыздар мен абыз абиелдер басшылык жасайды. Дегенмен олардың жоралғысының үш түрі бар: жыныстык, қайырымдылық не аяушылық, бұзушылық. Аздаған және нашар ұйымдастырылған. Ібіліс топтары біздің елімізде кездеседі n Сатанизм – Ібіліс шіркеуін құрушы Антон Ла Вей (Сан -Франциско, 40 жылдары). Оның негізгі идеясы «Сатана Таурата» атты енбегінде. Ібіліс күші билік пен табысқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін күштің көзі деп жазды. Ібіліс күші «Қараңғылықтың күші» . Оның негізгі ұраны - «Әлсіздерге - өлім, күштілерге байлық» және адамдардың өз-өзін танытуында барынша еркіндік беру.
- 1986 жылы АҚШ-ның Вирджиния қаласының жергілікті кришнаиттер қоғамының басшысы Бхактипада мен оның жақын көмекшілерінің заңға қайшы әрекеттері әшкереленді. - 1995 жылы Германия Федеративтік Республикасының Елшілігінің Вербальдық нотасында Халықаралық Кришна санасы қоғамы деструктивті ұйымдардың қатарына жатқызылса. 1996 жылы Санкт-Петербургта өткен ғылымипрактикалық конференцияның шешімімен Халықаралық Кришна санасы қоғамына жалған дін деген анықтама берілді. n n Кришна – Кришна санасы қоғамы 1966 жылы Бхактивенданта Свами Прабухпаданың басшылығымен Нью-Йорк қаласында құрылды. 1970 жылдан бастап Бхактивенданта Бук Траст баспасы Прабухпаданың кітаптарын 40 тілде таратады. Қазір қоғамның дүние жүзінде 60 -тан астам мемлекетте 400 ге жуық храмдары, орталықтары бар.
Хадис: «Сенен алыстағандарға сен жақында, саған бермегендерге сен бер, саған зұлымдық жасағандарды кешір» (Абу Дауд) «Алыстаса сенен туыс-қарындас, Ей, бауырым, оларға өзің жақындас. Егер, күшті күш көрсетіп қинаса Кешір оны, діннің жолын сыйласаң» (Құтты білік, 333 бет) - Бақыт қайда барасың? - Ата-анасын сыйлаған, Ұйымшылдық ойлаған, Тату жанға барамын. - Бақыт қайда барасың? - Өсірген жақсы баласын, Сыйлаған ата-анасын, Көргенді ұлға барамын. - Бақыт қайда барасың? - Балбұл жанған көрікті, Ұл мен қызы серікті, Берекелі үйге барамын. - Бақыт қайда барасың? - Еш адамды күндемес, Өсек отын үрлемес, Әдепті үйге барамын - Бақыт қайда барасың? - Көршімен болған бірлігі, Тағат, ғибадат тірлігі, Ұйымшыл елге барамын. (Қаблиса жырау)
Қашанда бірлігіміз жарасқан ел болайық! § Орталық мамандары Сіздерге көмек беруге әрқашан да дайын! Сенім телефоны: 36 -54 -49 Жеке сайты: centre -uko. kz
Сектадан са__танайы__.ppt