
экстрасистолия (2).pptx
- Количество слайдов: 13
Экстрасистола
Экстрасистолия(Э С)-жүректің немесе оның бөліктерінің мезгілінен бұрын қозуы және жиырылуы. Экстр асистолияаритмияның ең жиі түрі.
Этиологиясы. Себептеріне қарай: v. Функциялық v. Органикалық vтоксикалық түрлерін бөледі. Функциялық өзгерістеріне қарай: v. Гиперадренергиялық vвагустық болып бөлінеді
Патогенезі. ЭС-ң басты электрофизиологиялық механизмдері-эктопиялық reentry ошағының пайда болуы және триггерлік белсенділік.
I. Классификациясы. Эктопиялық ошақ орнына қарай: қарыншаүстілік және қарыншалық ЭС. II. Экстрасистолия ошақтарының санына қарай: монотопты және политопты ЭС. III. Экстрасистолияның түріне қарай: моноформды және полиформды ЭС. IV. . Тығыздығына қарай: біренсаран, жұптасқан, топтасқан ЭС және тахикардия пароксизмдері. V. Кезеңділігіне қарай: спорадиялық және жүйелі ЭС. VI. Диастолада пайда болу мерзіміне қарай: ерте, орташа, кеш ЭС VII. . Жиілігіне қарай: сирек, орташа жиілікті, жиі ЭС
Клиникасы. ЭС көбіне белгісіз дамиды. Көбіне науқас адам кеуде ішінде қатты соққыны сезеді, шалыс соғу, жүрек тұрып қалған сияқты сезімдер болады, бас айналуы, кеуденің ауыруы, ентігу байқалады. Пульсті тексергенде мезгілінен бұрын пайда болатын солқылдар немесе кезекті пульстің түсіп қалуы, сирегірекпульс тапшылығы анықталады. Аускультацияда кезектен тыс әлсіз тондар естіледі, одан белгілі бір үзілістен кейін, экстрасиситолиядан кейінгі бірінші қарыншалық комплекске сәйкес келетін, жүректің күшецген тондары естіледі.
Емі. Антиаритмиялық емді таңдағанда жедел фармакологиялық сынаманың нәтижесін есте ұстау керек: дәрінің жарты дозасын қабылдағаннан кейін 1, 5 -3 сағат өткенде ЭС жойылып кетсе немесе екі есе азайса, онда сынама оң мәнді болғаны. Сынама әсері ұзартылған дәрілермен және кордаронмен қойылмайды.
Қарыншаүстілік ЭС-ға басым әсерлі дәрілер: • Верапамил 40 -80 мг-нан тәулігіне 34 рет беріледі; • Кардил 60 мг-нан тәулігіне 3 -4 рет беріледі; • Прокорум 50 -100 мг-нан тәулігіне 23 рет беріледі; • Корданум 50 -100 мг-нан тәулігіне 3 рет беріледі; • Атенолол 50 -100 мг-нан тәулігіне 1 рет беріледі.
Қарыншалық ЭС-да тиімдірек әсер ететін дәрілер • Этмозин 100 -200 мг-нан тәулігіне 34 рет беріледі; • Этацизин 50 -100 мг-нан тәулігіне 3 рет беріледі; • Аллапинин 25 -50 мг-нан тәулігіне 3 рет беріледі; • Ритмилен 200 мг-нан тәулігіне 3 -4 рет беріледі; • Мекситил 200 мг-нан тәулігіне 3 -4 рет беріледі;
Қарыншаүстілік және қарыншалық ЭС-да бірдей әсер ететін дәрілер: • Анаприлин табл. 20 -40 мг-нан тәулігіне 2 -4 рет беріледі; • Тразикор табл. 40 -80 мг-нан тәулігіне 3 -4 рет беріледі; • Вискен табл. 5 -15 мг-нан тәулігіне 23 рет беріледі; • Бетапрессин табл. 20 -40 мг-нан тәулігіне 1 -2 рет беріледі; • Кинилентин және оның аналогтары 250 мг-нан тәулігіне 2 -3 рет беріледі.
экстрасистолия (2).pptx