ЭГЗ 2015 КАЗ.ppt
- Количество слайдов: 52
Экстрагенитальды патология және жүктілік
Мазмұны Ø Жүрек қан тамыр жүйесі ауруларындағы жүктілік пен босанудың ағымы. Ø Бүйрек аурулары мен жүктілік Ø Эндокринді жүйе ауруларындағы жүктілік пен босанудың ағымы Тыныс алу мен асқорыту жүйесінің ауруларындағы жүктілік пен босанудың ағымы.
Жүрек қан тамыр жүйесінің аурулары. Ø Экстрагенитальды патологиясы бар жүкті әйелдердің ішінде бірінші орынды алады. Ø Жүрек ауруларының жиілігі 0, 4 до 4, 7 %.
Ø Жүрек ауруларының ішінде жиі кездесетіндер: Ø ревматизм Ø Туа пайда болған және жүре пайда болған жүрек ақаулары Ø Магистральды қан тамырларының даму ақаулары Ø Миокард аурулары Ø Жүрекке жасалған операция Ø Жүрек ритмінің бұзылыстары
Ø Жүктілік ЖҚЖА ағымын ауырлатады және акушердің ғана емес терапевттіңде, кардиологттыңда, хирургттыңда көмегін қажет ететін экстремальды жағдайлардың дамуына әкеледі.
Ревматизм Ø Жүкті әйелдерде ревматизм 2, 3 - 6, 3 % жағдайда кездеседі, ал асқынуы 2, 5 - 25 % кездеседі. Көбінесе жүктіліктің алғашқы 3 және соңғы 2 айында, сонымен қатар босанғаннан кейінгі алғашқы жылында кездеседі.
Ø Жүкті әйелдер арасында жүрек ақауларының ішінде жүректің жүре пайда болған ревматикалық ақаулары 75 -90 % құрайды. Ø Ревматикалық ақаулардың барлық формалардың арасында митральды ақаулар жиі кездеседі.
Жүктілік пен босану ағымын болжау үшін Ø Келесі факторторлардың мағынасы зор: Ø ревматикалық процесстің активтілігі Ø ревматикалық ақаудың формасы мен сатысы Ø Қанайналымның компенсациясы немесе декомпенсациясы Ø Өкпелік гипертензияның дәрежесі Ø Жүрек ритмінің бұзылыстары Ø Акушерлік патологияның қосылуы
Жүрек ақаулары бар жүкті әйелдердегі жүктілік ағымына қолайсыз қауіп топтарының әсерінің жіктелуі 1 сатысы. Жүктілік кезінде жүрек жеткіліксіздігінің айқын белгілерінің болмауы және ревматикалық процесстің өршу белгілері жоқ. Ø 2 сатысы. Жүктілік кезінде жүрек жеткіліксіздігінің алғашқы симптомдарының болуы (ентігу, тахикардия), ревматизмнің активті фазасының белгілерінің пайда болуы (А 1 сатысы А. И. Нестеров бойынша) Ø
Ø 3 сатысы. Жүктілік кезіндегі жүректің декомпенсирленген ақауы, оң қарыншалық жетіспеушілік (А 2), жыпылықтаушы аритмия, өкпелік гипертензия. Ø 4 сатысы. Жүктілік кезіндегі жүректің декомпенсирленген ақауы, сол қарыншалық жетіспеушілік,
Өкпе гипертензиясының тромбоэмболиялық көріністерімен көрінетін жыпылықтаушы аритмия. Ø Осы кесте бойынша стационарға 3 ретті жатқызумен амбулаторлы кардиоакушерлік мекемелердің бақылауында қадағалау арқылы 1 және 2 қауіп тобында жүктілікті сақтауға болады. Ø
Ø Соңғы жылдары жүкті әйелдер арасында жүктілікке дейін және жүктілік кезінде жасалған операциялармен жиі кездеседі.
Ø Көп жағдайда хирургиялық емнен кейін негізгі аурудың рецидиві байқалады, мысалы комиссуротомия кезіндегі рестеноз түрінде көрінеді. Сондықтан жүктілікті сақтау туралы сұрақтар жүктілікке дейін және де науқастың жалпы жағдайын ескере отырып әр науқасқа жеке шешілуі керек.
Ø Жүрек аурулары бар жүкті әйелдер жүктілік кезінде ауруханаға 3 реттен кем жатпауы керек. Ø Алғашқы 12 аптаға дейін, мүмкіндігінше арнайы мекемелерге жатқаны дұрыс, кардиологиялық және ревматологиялық
Ø зерттеулер үшін және жүктілікті сақтау мүмкіндіктерін шешу үшін. 3 және 4 сатысында, кардиальды және антиревматикалық терапиядан кейін жүктілікті үзу көрсетіледі.
Жүктілікті үзуге көрсеткіштер Ø Кез-келген жүрек ақауларының декомпенсация белгілері, яғни жүрек жеткіліксіздігі (ентігу, ісіну, пульстің жиілеуі, жөтел, жүрек өлшемдерінің ұлғаюы)
Артериальды гипертензия кезіндегі жүктілік пен босану Ø 5% жүкті әйелдер арасында артериальды гипертензия кездеседі: солардың ішінен Ø 70% жағдай жүкті әйелдердің гипертензиясы Ø 15 -25% - гипертониялық ауру Ø 2 -5% - екіншілік гипертензия
Гипертониялық аурулардың асқынуы Ø Плацента қызметінің бұзылыстары: Ø Гипоксияға әкеледі Ø Нәрестенің құрсақ ішілік дамуының кідіру синдромына Ø Сонымен қатар нәрестенің өліміне Ø ҚОПМББ
Емі Ø Гипертониялық аурудың емінің мақсаты: науқасқа психоэмоциональды жағдай жасау, қатаң түрде күн тәртібін орындау, емдәмдер, медикаментозды ем және физиотерапия.
Бүйрек аурулары Ø Экстрагенитальды патологияның ішінде бүйрек аурулары мен несеп жолдарының аурулары жүрек ақауларының ауруларынан кейін 2 орынды алады да анасы мен баласына да қауіп төндіреді.
Жүктілік кезінде Ø гипотония байқалады және тостағанша- тұбекше жүйесі мен несепағардың ұлғаюы байқалады Ø Жатыр оңға қарай ығысады
Инфекция несеп жолдарына енеді : Ø өрлеуші жолмен (қуықтан), Ø Төмендеуші жолмен – лимфогенді (ішектен, әсіресе іш кебу кезінде), Ø гематогенді (әр түрлі инфекциялық аурулар кезінде)
Қоздырғыштары Ø қоздырғыштары – ішек таяқшасы, грам теріс энтеробактериялар, көк ірің таяқшасы, протей, энтерококк, алтын стафилакокк, стрептококк, Candida тобының саңырауқұлақтары.
клиникалық формалары Ø Жиі кездесетін клиникалық формалары - пиелонефрит, гидронефроз, симптомсыз бактериурия. Сирек жағдайда - гломерулонефрит, бүйрек туберкулезі, зәр тас ауруы, несеп шығару жолдарының даму ақаулары.
Ø Пиелонефрит – жүктілік кезінде ең жиі кездесетін ауру болып табылады (6 - 12% ға дейін), бұл кезде бүйректің концентрациялық қызметі бұзылады. Пиелонефрит жүктіліктің ағымы мен нәресте жағдайына қолайсыз әсер етеді.
Қант диабеті және жүктілік Ø Қант диабеті бар жүкті әйелдердегі жүктілікті жүргізу ерекшелігі дүние жүзіндегі өзекті мәселе болып отыр.
Қант диабеті кезіндегі жүктілік пен босанудың ағымы Ø Қолайсыз әсер етеді: Ø -нәрестенің құрсақ ішілік дамуына Ø Даму ақауларының жиілігі ұлғаяды Ø Перинатальды ауру мен өлім көрсеткіші жоғары
Қант диабетінің түрлері Øдиабет I типі – инсулин тәуелді (ИТ); II типі – инсулин тәуелсіз (ИТЗ); Ø Қант диабеті
Қант диабетінің түрлері Ø Қант диабетінің III типі – гестационды диабет (ГД), жүктіліктің 28 аптасынан кейін дамиды, жүктілік кезіндегі әйелдердегі глюкозаның утилизациясының транзиторлы бұзылуымен сипатталады.
ИТҚД. ØЕң жиі ИТҚД кедеседі. Ауру көбінесе қыз балада кездеседі және балалық шағында анықталады, әсіресе жыныстық жетілу кезінде.
ИТЗҚД жасы үлкен әйелдерде кездеседі (30 жастан кейін), және де ол ауыр өтеді. ØГД сирек жағдайда анықталады. l
Қант диабетінің ағымы Ø Жүктіліктің I – аптасы. Көптеген жүкті әйелдерде қант диабетінің ағымы өзгеріссіз өтеді. Ø Жүктіліктің II жартысында көмірсуларға толеранттылығы бұзылады, диабеттік шағымдары көбейеді. Ø Жүктіліктің соңына қарай қайтадан көмірсуларға толеранттылығы жақсарып, гликемия мен енгізетін инсулин дозасы азаяды.
Босану кезінде Ø Жүкті әйелдерде жоғары гипергликемия, ацидоз жағдайы, сонымен қатар гипогликемиялық жағдай кездеседі.
Жүктіліктің екінші жартысындағы акушерлік асқынулар : Ø жүктілер гипертензиясы; Ø көпсулық; Ø мерзімінен бұрын босану қаупі; Ø Нәрестенің гипоксиясы; Ø несеп жолдарының инфекцисы.
Босану ағымы асқындырады: Ø ірі нәресте болуы; Ø Босану күшінің әлсіздігі; Ø Қағанақ суының мерзімінен бұрын кетуі; Ø нәресте гипоксиясының ұлғаюы;
Босану ағымы асқындырады: Ø функциональды-тар жамбастың дамуы; Ø Иық белдеуінің туылуының қиындауы; Ø Босану кезінде эндометриттің дамуы; Ø Ана мен нәрестенің босану кезіндегі жарақаттары.
ЕМІ Ø Жүктілік кезінде қант диабетінің жеңіл түрі болса да инсулинді терапия қажет.
Қант диабеті кезінде жүкті болуға қарсы көрсеткіштер Ø қан тамырлар асқынуының тез өршуі : Ø -ретинопатия; Ø инсулин резистентті; Ø қант диабетінің лабильді формасы;
Қант диабеті кезінде жүкті болуға қарсы көрсеткіштер Ø Ата анасының екеуінде де қант диабеті болса; Ø қант диабетінің анасындағы резуссенсибилизациясымен қосылуы, Ø қант диабетінің өкпе туберкулезінің активті формасымен қосылуы
ØҚалқанша безінің аурулары және жүктілік
Қалқанша безі дегеніміз не және ол не үшін керек? Ø Қалқанша безі - бұл эндокринді мүше, организмге қажетті гормондарды бөледі - тироксин (немесе тетрайодтиронин - Т 4) және трийодтиронин (Т 3).
Диффузды токсикалық зоб Ø Жүктілік кезінде диффузды токсикалық зоб жиі кездеседі. (ДТЗ) ( 0, 2 - 8%), негізгі симптомдары гиперплазия және қалқанша безінің гиперфункциясы.
Жүктіліктің ағымы Ø Жүктіліктің I жартысында –барлық әйелдерде аурудың өршуі байқалады. Жүктіліктің II жартысында – гормон өндірілуінің бөгелуіне байланысты тиреотоксикоздың жеңіл дәрежесі байқалып, әйел өзін жақсы сезінеді.
Жүктіліктің ағымы ØЖүктілер гипертензиясы Ø Мерзімінен бұрын босану
Босану кезінде Ø Босану кезінде көбінесе ЖҚЖ декомпенсациясы тууы мүмкін, ал босанғаннан кейінгі ерте кезеңдерде қан кету болуы мүмкін.
Босанғаннан кейінгі кезеңде Ø Босанғаннан кейінгі кезеңде тиреотоксикоздың тез өршуі қажет етеді: Ø 1) мерказалилмен емдеу ( ол сүт арқылы нәрестеге өтеді) Ø 2) лактацияны басу.
Акушер-гинеколог пен эндокринологтың тактикасы Ø Толық зерттеулер жүргізу үшін 12 аптаға дейін жатқызу және жүктілікті жалғастыру туралы сұрақтарды шешу.
Жүктілік және қарсы көрсеткіш Ø Диффузды зобтың және түйінді зобтың орташа дәрежесінде, егер әйел 14 аптаға дейін операцияға барғысы келмесе
Ø тиреотоксикозды диффузды зобтың жеңіл дәрежесінде сонымен қатар дийодтирозинмен емдеген емнен нәтижесе болса жүктілікті жалғастыруға болады
Өкпенің активті туберкулезі Ø 12 аптаға дейін жүктілікті үзуге көрсеткіш : • емге нашар берілетін, өкпеденің жайылмалы деструктивті процессі; • алдыңғы жүктілікте процесстің өршуі; • өткерген милиарлы туберкулезден кейінгі 2 жылдан соң;
Алдын алу Ø ЭГА алдын алу шаралары – әйелдер кеңесінде ретті бақылап отыру: Ø акушера-гинеколог, Ø терапевт, Ø эндокринолог, Ø Міндетті түрде стационарға үш рет жату және амбулаторлы емнің нәтижелілігі.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
ЭГЗ 2015 КАЗ.ppt