аян экономика.pptx
- Количество слайдов: 10
Экономикалық ілім тарихының дамуының жалпы сипаттамасы Экономикалық ілім — ертедегі ең ескі және бай тарихы бар ғылымдардың бірі. Экономикалық ойдың алғашқы көзін біздің дәуірімізге дейін ІІІ-ші ғасырда ертедегі грек ойшылдары Ксенофонт (б. д. д. 430 -355 ж. ж. ) пен Аристотельдің (б. д. д. 384 -322 ж. ж. ) еңбектерінен табуға болады. Экономикалық (тауарлы-ақша) байланыстардың дамуы феодалдық тұйықтылықты жоюға және мемлекеттің пайда болуына әсерін тигізді. Ол сол кездердегі жеке иеліктерді жүргізумен шектелмей, жалпы ұлттық мемлекеттік шаруашылықты жұргізудің жалпы ережесін анықтаудың алғашқы талпыныстарымен бірге пайда болды. Мемлекеттік шаруашылықты жүргізудің жалпы ережесі «саяси экономия» деген атка ие болды. Антуан Мокретьен 1615 -ші жылы «Саяси экономия трактаты» кітабында Франция елінің шаруашылығын мемлекеттік тұрғыдан баскарудың субъектісі ретінде қарастырды. Бірақ мұны әлі де ғылым деп айтуға болмайтын еді. Экономикалық ілімдер тарихы ғылым ретінде ХVІІ-ші ғасырда пайда болып, осы кезде тауарлы-ақша қатынастары кең дамып, оның даму заңдылықтарын қарастыру мен зерттеудің бастауы болып табылады. «Меркантилизм» бірінші экономикалық ілім болып табылады.
«Меркантилизм» бірінші экономикалық ілім болып табылады. Осы ілімнің негізгі мазмұны мынада: меркантилистер байлықтың қайнар көзі мен қоғамның әл-ауқаттылығы материалдық игіліктер өндірісінде емес, ол тауар мен ақша айналымы саласында болады деп есептеді. Олардың ойынша, қоғамның әлауқаттылығына сырткы сауданы реттеу, тауарды сыртқа шығару басқа елден әкелінуінен артып тұруы мен елдегі ақша капиталы (алтын, күміс) қорлануының арқасында қол жеткізіледі. Меркантилистік саясат елге барынша көп мөлшерде алтын мен күмісті жинауды көздейді. Меркантилизмнің нағыз өкілдері — Вилья Стаффорд (1554 -1612 ж. ж. ) және Томас Мэн (1571 -1641 ж. ж) болып табылады. Қоғам байлығы сауда да емес, ол өндірісте пайда болатындығы туралы идея алғашқы рет физиократтар мектебінің еңбектерінде пайда болды. Осы мектептің басты тұлғасы — Франсуа Кенэ (1694 -1774 ж. ж. ) еді. Ол ұлттық байлықтың қайнар көзі – ауыл шаруашылығының енбегі деп есептеді. Кейінірек бұл Уильям Петти (1623 -1687 ж. ж. ), Адам Смит (1723 -1790 ж. ж. ) және Давид Рикардо (17721823 ж. ж. ) еңбектерінде де қарастырылды. Олар ұлттық байлықтың қайнар көзі тек ауыл шаруашылығының еңбегі ғана аркылы емес, барлық өндіріс саласындағы еңбекте (ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және құрылыс өндірісі) болатындығын айғақ етті. Осы идеялар классикалық (үлгілі) деген атаққа ие болды, сондықтан да бұл ілімнің өкілдері классикалық экономикалық мектептің негізін қалаушылар деп аталды.
аян экономика.pptx