экономика.pptx
- Количество слайдов: 12
Экономикалық өсудің қазіргі типтері. Макроэкономикалық тепе-теңдік. Жиынтық ұсыныс, жиынтық сұраныс.
Экономикалық өсу экономиканың бірқалыпты оң қозғалысын және оның әлеуметтік-экономикалық прогресін көрсетеді. Бұл прогрестің жалпы критериі өндіргіш күштердің даму деңгейі болып табылады. Қозғаушы күші – қайшылық болады. Өндіріс пен тұтыныс арасындағы қайшылық жалпы негізгі және қозғаушы күш болып табылады.
Экономикалық өсудің қазіргі типінің өзіндік ерекшелігі бар. Оның артта қалуы ХХ ғасырдың 50 -жылдары басталған ҒТР дамуының сәйкестігімен байланыстырылады. ҒТР-ның қазіргі дәуірі технологиялық революция айдарымен жүзеге асады. Өз кезегінде бұл мынаны байқатады. Еңбекті сақтандыратын технологияны кеңінен қолдану, яғни робототехниканы кеңінен қолданатын жұмыскерсіз технология, машинасыз технологияны қолдануөнімді машинаны қолданбай-ақ дайындау. Ресурсты сақтау технологиясы, шикізат пен материалды кешенді өңдеу арқылы аз қалдықты және қалдықсыз технологияны қолдану, қоршаған ортаны ластамау.
Экономикалық мүдделер Экономикалық ресурстар Ынталандыру Экономика өсуінің қайнар көзі Атқаратын қызметтің көлемін ұлғайтуға және сапасын арттыруға белгілі уақыт кезеңінде барынша мүмкіндік жасайды.
Экономикалық дамудың ерекше қайнар көзі – инвестиция болады. Бүгін салынған қаржы көлемі келешектегі табысты ұлғайтуды көздейді. Бұған Жапония елі айқын дәлел: халық шаруашылығын дамытуға жұмсалған жоғарғы деңгейдегі инвестиция әлемдік қауымдастықта оны дамыған мемлекеттің қатарына көтерілуге ықпал жасады
Экономикалық өсудің тұрақты динамикасы оның өсу қарқынының төмендеуіне байланысты теңселуі мүмкін. Сондықтан оның осы құбылысты тудыратын себебін талдау қажет. Бір жағынан – нарықтық экономиканың қалыпты қызмет жасауы экономикалық өсуді тұрақты динамикалық қаматамасыз етуі керек, яғни оның “экономикалық динамикасы” тұрақты байқалуы қажет. Екінші жағынан – нарықтық экономиканың қызмет жасауында тұрақсыздық байқалуы мүмкін; экономикалық өсудің тербелуі және қарқынының төмендеуі. Бұл өз кезегінде “экономикалық тепетеңдікті” қамтамасыз ететін факторларды анықтау қажеттілігін тудырады.
Тепе-теңдік динамикасы Экономикалық тепе-теңдік Экономикалық динамика Тепе-теңдік динамикасы моделі классикалық және кейнстік болып бөлінеді. Классикалық моделдің өкіліне француз экономисі Жан Батист Сэйді жатқызамыз. Нарықтық экономика құрылымы әлдеқайда күрделі: тұтынушы саны ылғи да өндіруші санына асып отырады – табыс толық жұмсалмайды.
Бірақ нақты өмірде Жан Батист Сэй моделінде көрсетілгендей, “сұраным ұсыным болып табылады” яғни баланстанбайды Себебі сұраным жинақтау мөлшеріне кемиді, ал ұсыным несие мөлшеріне артады. Осыдан барып өте маңызды тұжырым жасауға болады: жиынтық сұраным мен жиынтық ұсыным тепе-теңдігі жинақталған инвестиция мен несиеленген инвестиция теңдігін талап етеді.
Кейнстік модель табыс қозғалысының басқаша құрылымын қарастырады: “табыстар--сұраным”, бірақ “табыстар—жинақтау емес”. Жинақтау инвестицияның негізін құрайтынын және жинақтау мен инвестиция ылғи да бірбірімен тең екендігін Дж. Кейнс дәлелдеген. Дж. Кейнс мынаны көрсетті: тепе-теңдік жағдайына жету инфляция, жұмыссыздықпен және өндірістің төмендеуімен сайма-сай келеді.
Жиынтық сұраным – тауар мен қызмет көрсетудің әртүрлі көлемін байқататын модель. Сондықтан тұтынушы, кәсіпорын және үкімет кез келген баға деңгейінде сатып алуға дайын. Жиынтық ұсыным - кез келген баға деңгейіндегі нақты өндіріс көлемі деңгейін байқататын модель.
Практикада мынадай жағдайлар кездеседі Егер өндіріс деңгейі ресурстарды толық қолдануды қамтамасыз еткенде ЖҰӨ тепе-теңдігін құруға талап еткен деңгейден жоғары болып келеді. Егер ол жоғары болса, онда ЖҰӨ тепе-теңдігіне жету үшін өндіріс көлемін қысқарту қажет, яғни өндіріс ресурстарын толық қолданбау жағдайына бару керек. Бұл кезде еңбек ресурстарын толық қолданбау қажет, сөйтіп ол жұмыссыздыққа алып барады. Егер өндіріс деңгейі ресурстарды толық қолданғанда ЖҰӨ тепе-теңдігін құруға талап етілген деңгейден төмен болса, онда сұраным ұсынымнан тұрақты түрде артып отырады. Ұсыным ешқандай арта алмайды, себебі ресурстар толық қолданылып біткен. Ал сұранымның шексіз артық болуы инфляцияға ұрындырады.
Назарларыңызға рахмет!!!
экономика.pptx