каз ЛЕКЦИЯ экология 1.pptx
- Количество слайдов: 22
Экологияны ғылым ретінде анықтау. Экологияның қысқаша тарихы.
ЖОСПАР Экологияның тарихы. Экологияның мақсаты және міндеті. Экологияның бөлімдері. Экологияның негізгі әдістері. Экологиялық білімнің мәні.
«Экология» термині грек тілінен: «ойкос» - үй; «логос» - ғылым.
Аристотель (б. ғ. д. 384 ж. ) Көне грек философы және ғалымы. Платонның шәкірті. Б. ғ. д. 343 жылдан бастап — Александра Македонскидің тәрбиешісі. Аристотель алғаш рет жануарларды өмір сүру және тамақтану әдісі бойынша жіктеген.
Гиппократ ( Б. з. д. 460 – 370 жылдарға жуық) Көне грек дәрігері «медицинаның атасы» ол философиядан жеке ғылымға бөлінген. Гиппократ орта факторының адам денсаулығына әсері туралы ойды жеткізген.
Карл Линней ( 1707 – 1778) Швед ғалымы және натуралист, өсімдік және жануарлар әлемінің бірлік жүйесін ойлап тапқан. Тірі ағзалардың ғылыми жіктелуіне негізі болып табылған өсімдіктер мен жануарлардың жасанды жіктелуінің авторы. Бір жарым мыңға жуық жаңа өсімдіктер түрлерін және жануарлардың көп түрлерін сипаттаған. К. Линней ғылыми жүйенің негізін қалыптастырған.
Чарлз Ро берт Да рвин (1809 — 1882) Ангылшын натуралисті мен саяхатшысы, барлық тірі ағзалар жалпы шығу тегіне қарағанда жылдар өте келе өзгеретіндігін дәлелдеді. « Түрлердің табиғи сұрыпталуымен пайда болуы немесе өмірге күресу нәтижесінде басым болған түрлер» теориясының авторы болып табылады. Эволюцияның негізгі қозғаушы күші ретінде табиғи сұрыптауды атады. Ч. Дарвин түрлердің пайда болуын қалыптастырды.
1866 ж. Эрнест Геккель Эволюциялық ілімді ілгері дамыту бағытындағы “Организмдердің жалпы морфологиясы” (1866), “Дүние жаратылысының табиғи тарихы” (1868), “Антропогения немесе адамның даму тарихы” (1874), “Тіршіліктің кереметтері” (1904) атты ғыл. еңбектері белгілі. Геккель бірінші болып ғылымға “экология” терминін енгізді (1866).
Владимир Иванович Вернадский (1863— 1945) академик, жаратылыстанушы, биологиямен геологияның сферасындағы мәселелермен айналысқан. Геохимия, биогеохимия, радиогеологияның негізін калаған. Космизм философияның өкілі. Биосфераның ноосфераға өту заңдылығын зерттеген.
1877 г. К. Мёбиус «биоценоз» - бұл барлық тірі ағзалардың популяциялар түрлері, олар белгіленген географиялық аймақта орналасқан, бұл басқа аймақтардан жердің, судың химиялық құрамы бойынша айрықша белгілерімен ерекшеліктерін енгізді.
В. В. Докучаев (1846 -1903 гг. ) топырақ зерттеуші орыс ғалымы, осы заманғы топырақ генезисі мен табиғатты комплексі зерттеудің негізін салушы. Ол 1846 жылы 17 ақпанда Смоленск губерниясында Милюково селосында дүниеге келген.
ХХ ғасырдың басында – экология ғылымының белгілі жақтары дамыды. Жануарлар экологиясы. Өсімдік экологиясы. Микроорганиздер экологиясы. Жәндіктер экологиясы. Орман экологиясы. Көл экологиясы.
1910 г. Брюссель Ботаникалық конгрессте өсімдіктер экологиясы особьтар экологиясы аутэкология және экология қауымдастығына популяция экологиясы –демэкологияға бөлінді.
Экология пәні ағзалар мен ортаның арасындағы байланыс құрылымы немесе бірлігі болып табылады. Экологияның басты зерттеу объектісі – экожүйелер, демек тірі ағзалар және өмір сүру ортасынан пайда болған табиғи білрік кешені.
Жалпы экологияның құрамы: Аутэкология , аутэкология – (грекше autos – өзім және экология) – қоршаған орта факторларының жеке организмдерге, популяцияға, түрлерге әсерін зерттейтін экологияның бір саласы. Демэкология – жеке түрлердің құрылымын және динамика популяциясын зерттейді. Синэкология (грекше syn — бірге және экология) — популяцияның, табиғи бірлестіктердің және экожүйенің бір-бірімен өзара және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін экология бөлімі.
Экология дифференцирленеді: Тарихи және эволюциондық. Зерттеудің нақты объекттері бойынша. Инженерлік, математикалық, ауыл шаруашылық, ғарыштық, әлеуметтік және т. б. Жан жақты экология. Адам экологиясы.
Ғылыми – тәжірибелік көз қарасы бойынша экология бөлінеді Теориялық экология – өмірдің ұйымдастырудың жалпы заңнамаларын зерттейді. Қолданбалы экология – адамның биосфераны бұзу механизмін зерттейді, бұл процесті болдырмау әдістерін және табиғи ресурстардың рационалды қолдануын өңдейді.
Экологияның жалпы теориялық жоспардағы міндеттері : Экожүйелердің жалпы беріктік теориясын өңдеу. Қоршаған ортаға экологиялық механизмдердің бейімделуін зерттеу Популяциялар санының регуляциясын бақылау Биологиялық түрлерді зерттеу және оларды қолдау механизмдері Экожүйелердің күйін моделдеу.
Экологияның негізгі қолданбалы міндеттері: Адам әсерінен кері жағымсыз жағдайларын болжау және бағалау. Қоршаған орта сапасын жақсарту. Табиғи ресурстарды сақтау дайындау және рационалды қолдану.
Экологияның негізгі әдістері. Дала байқаулары. Табиғи жағдайлар негізіндегі тәжірибелер. Популяцияларда, бтоценоздарда және экожүйелерде кездесетін процесстер және жағдайларды санау техникасы арқылы.
Экологиялық білімнің мәні Қиындықтардың туындау себептерін тоқтатуды тек қана білім көмегімен қалпына келтіруге болады. Экологиялық білім әрбір адамға көпшіліктің арманы орындалу үшін қоршаған ортаның лайықты болуына қажет, сол үшін әдемі қалалар салу, адам мен табиғат гармониясын қамтамасыз ету үшін табиғаттың күшін арттыру қажет.
Әдебиет Степановских А. С. Экология. - Курган, 1997 – С. 252 -276. Бродский А. К. Краткий курс общей экологии. СПб, 1999 – С. 178 -186. Воронков Н. А. Экология общая, прикладная, социальная. -М. : Изд-во Агар, 2000. -215 с. Щукин И. Экология для студентов вузов. Ростов-на. Дону: Феникс, 2004. -224 с. Ишмуратова М. Ю. , Улжибаева Ж. Б. , Коржумбаева А. Т. экология и устойчивое развитие. Караганда, Болашак. Баспа. 2014. -226 с. Никаноров А. М. , Хоружая Т. А. Экология. – Москва, 2001 – С. 11 -23.
каз ЛЕКЦИЯ экология 1.pptx