СРС Гигиена.pptx
- Количество слайдов: 32
Экология және жалпы гигиена кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: Аурухананың ішкі ортасын ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар Орындаған: Өтеш Аяжан Тобы: ЖМ 13 -04 -1 Курс: 3 Тексерген: Сламкулова С. Ш.
Жоспар: 1. 2. 3. 4. 5. Аурухананың негізгі құрылымдық бөлімшелері Аурухана ішілік инфекциялар және олардың алдын алу (жұқпалы аурулар бөлімі мысалында). Аурухананың мамандандырылған бөлімдерінің ішкі ортасының жоспарлануына және ұйымдастырылуына қойылатын гигиеналық талаптар. Ауруханалардағы қорғану режимін ұйымдастыру. Пайдаланылған әдебиеттер.
Аурухананың негізгі құрылымдық бөлімшелері: Ø Қабылдау бөлімі; Ø Стационардың мамандандырылған палаталық Ø Ø Ø Ø бөлімі; Емдеу-диагностикалық бөлімдері; Зертхана; Патологиялық-анатомиялық бөлім; Ас блогы; Дезкамерасы бар кір жуатын бөлім; Орталық стерильдеу бөлімі; Дәріхана; Әкімшілік-шаруашылық бөлімі және қосалқы бөлімдер.
Қабылдау бөлімі Қабылдау бөлімшесі– тіркеуге, қабылдауға, алғашқы тексеруге, антропометрияға , түскен науқастарды санитарлық-гигиеналық өңдеуге әзірлеуге және білікті (шұғыл) медициналық көмек көрсетуге арналған маңызды консультативті-емдік-диагностикалық бөлімше. Қабылдау бөлімінің құрамында күту, тіркеу, анықтама, кезекші дәрігердің кабинеті, қарау бөлмесі, рентген кабинеті, зертхана, қызметкерлер мен науқастарға арналған дәретханалар болады.
Емдеу-диагностикалық бөлімі Емдеу-диагностикалық бөлімдеріне функционалдық диагностика, операциялық блок, анестезиология және реанимация бөлімі, рентген-диагностикалық бөлімі, қалпына келтіріп емдеу немесе реабилитация (физиотерапевтік) бөлімі кіреді.
Стационардың мамандандырылған палаталық бөлімі Палаталық бөлімінде науқастардың сырқатының түрін анықтау, емдеу және күтім жасау жүргізіледі. Санитарлық нормаларға сәйкес, палата бөлімдерін келесі түрлерге бөледі: 1. Үлкен адамдарға арналған, жұқпалы емес аурулардың (оның ішінде психиатриялық та); 2. Аурулары жұқпалы емес балаларға арналған; 3. Жұқпалы ауруларға арналған; 4. Радиологиялық;
Жұқпалы аурулар бөлімінде тек жұқпалы аурулары бар адамдар, ал, радиологиялық бөлімде – сырқаттарын емдеуде иондағыш сәулелер қолданылатын науқастар емделеді. Жұқпалы емес аурулар бөлімдері әр түрлі мамандандырылған бөлімдерге бөлінеді: Ø терапевтік, Ø хирургиялық, Ø акушерлік, Ø гинекологиялық, Ø балалар бөлімдеріне. Мүңдай бөлімдердің әр біреуінің өзі жеке мамандық салаларына бөлінуі мүмкін. Мысалы, хирургиялық бөлімдердін ішінен нейрохирургия, кеуде және іш хирургиясы, травматология және басқада бөлімдерге бөлінуі мүмкін.
Стационардың негізгі функционалдық элементі болып табылатын палата бөлімі, әдетте, 60 төсекке есептелді және палата секцияларынан тұрады. Төсек саны аз (30) бөлімдер де, болуы мүмкін. Палаталық секция деп, сырқаттары бір түрдегі 2530 науқасты емдеуге арналған палаталардың, емдеу- қосалқы және көмекші бөлмелердің кешенін айтады.
Үлкен адамдарға арналған палаталық секцияларда келесі бөлмелерді бөледі: 1. Ауруларға арналған – палаталар, күндізгі уақытта болатын бөлмелер, холлдар және верандалар; 2. Емдік-қосалқы: меңгерушінің кабинеті, дәрігерлердің кабинеті, ем-шара бөлмесі, жара таңу (хирургиялық бөлімде), кезекші медбике посты, клизма жасау бөлмесі; 3. Шаруашылық: буфет, асхана, аға медбике және шаруашылық бике бөлмесі; 4. Санитарлық жүйе: ванна бөлмесі, қызметкерлер мен науқастарға арналған дәретхана, жуынатын бөлме, ластанған киім-кешек сақтайтын, дәрет ыдыстарын жуатын және стерильдейтін, клеенкаларды жуатын және бөлмелерді жуып-жинайтын заттарды сақтайтын бөлмелер; 5. Палата дәлізі. Әрбір палата секциясында 60%, 4 -төсектік палаталар және - 20%-дан, ауыр сырқаттанған немесе тұрақты түрде күтім қажет ететін науқастарға арналған 1 немесе 2 төсектік палаталар қарастырылады.
Төсектердің ара қашықтығы 0, 8 -1 м кем болмауы керек. Сыртқы қабырғадан қашықтығы 0, 9 -1 м кем болмауы тиіс. Кезекші медбикенің қызмет орнын орналастыруда, барлық қызмет көрсету палаталары, дәліз, санитарлық жүйелер және басқа да науқастар баратын бөлмелер көрініп тұратындай жерде болуы керек. Қызмет орнынан палаталарға дейінгі қашықтық 15 м аспауы керек. Қызмет орнында қажетті жабдықтар: стол, шкаф, стерильдеуші, тоңазытқыш, қол жуғыш, телефон, палатадан медбикені шақыруға арналған және медбике мен науқас бірбірімен сөйлесу (немесе бейнелесіп сөйлесу) аппараттарынан тұратын дабыл блогы болуы керек.
2 немесе одан артық төсектік палаталардың ауданы Бөлімдер 1 төсекке есептелген ауданы, м 2 Үлкен адамдарға арналған жұқпалы аурулар, туберкулез аурулары бөлімдерінде 7, 5 Балаларға арналған жұқпалы аурулар, туберкулез аурулары бөлімдерінде 6, 5 Аналары күндізгі уақытта болатын балаларға арналған жұқпалы аурулар, туберкулез аурулары 8, 0 бөлімдерінде Аналары тәулік бойы болатын балаларға арналған жұқпалы аурулар, туберкулез аурулары бөлімдерінде 10, 0 1 төсекке есептелген бокстарда мен жартылай бокстарда 22, 0 2 төсекке есептелген бокстарда мен жартылай бокстарда 2 төсекке - 27 Ортопедиялық-травматологиялық, нейрохирургиялық, қайта қалпына келтіріп емдеу, күйген аурларға арналған , радиологиялық: Үлкен адамдарға және аналары күндізгі уақытта 10, 0 13, 0 болатын, балаларға арналған палаталарда- Аналары тәулік бойы болатын балаларға арналған Қарқынды-емдеу , операциядан кейінгі палаталар 13, 0 Балаларға арналған жұқпалы емес аурулар бөлімдерінде: аналар үшін орын бөлінбегенде 6, 0 7, 5 9, 5 аналары күндізгі уақытта болатын кезде аналары тәулік бойы болатын кезде
Секцияның гигиеналық жағдайы мен науқастарға қызмет көрсету қолайлығы, көбінесе палата дәліздің салыну түріне байланысты. Дәліз құрылысын салудың бірнеше түрлері бар: бір дәліздік (бір жақты, екі жақты тігіс тәрізді), екі дәліздік, периметралдық. Бірдәліздік, біржақты құрылыста барлық бөлмелер дәліздің бір жағында, екінші жағында тек қана терезелер орналасады. Палаталық бөлімшелердің құрылысын салудың нұсқалары. 1 - бір дәлізді, екі жақты; 2 –екі дәлізді; 3 – периметралды квадратты; 4 – периметралды дөңгелек
Жайлы ауа-жылу режимі, сырқаттардың қолайлырақ өтуіне, науқас адамның көңіл- күйінің жақсаруына ықпал етеді. Бірақ, жылдың, тәуліктің әр түрлі мезгілдерінде, әр түрлі жастағы, сырқаттары, жағдайының ауырлығы, әр түрлі науқас адамдарға жайлылық диапазоны бірдей емес. Сондықтан, аурухана микроклиматының параметрлерін осы факторларды ескере отырып, нормалайды. Қыста және жыл мезгілдерінің өтпелі уақыттарында, ауаның салыстырмалы ылғалдығы 40 -60% және ауа қозғалысы 0, 05 -0, 15 м/с болған кезде, көпшілік үлкен науқас адамдар үшін, температура 19 -22° С аралығында (жоба есебіндегі температура - 20° С) қолайлы болып табылады. 22°С дейінгі, жоғарылау температура, балаларға арналған, әйелдер босанғаннан кейінгі, операциядан кейінгі, реанимация бөлімдеріндегі палаталарда, операция жасайтын бөлмелерде және қарайтын-қабылдайтын бокстарда сақталуы тиіс. Манипуляциялық бөлмеде, жарақаттанған ауруларға және шала туған балаларға арналған палаталарда ауаның температурасы 25°С болуы қажет, өйткені олардың жылу реттеуші үрдістері жетілмеген, денесінің тез қызуы да, салқындап кетуі де мүмкін. Ауыр дәрежеде күйген ауруларға арналған палаталарда ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 55% кезінде 22 -25°С температурасы қолайлы болып табылады. Тиреотоксикозбен ауыратын аурулар, бөлмеде төменірек, 15 -18°С температура кезінде жақсырақ сезінеді, ал, гипотиреозбен ауыратын аурулар үшін жоғарырақ температура - 24°С қолайлы.
ЕАМ бөлмелеріндегі температураның және ауа алмасуының нормативтері. Еселігі Бөлмелер t Үлкендерге арналған палаталар 20 енуі сорып әкетуі 1 төсекке есепте-генде сағатына 80 м ³ кем емес қажетті желдету көлемін қамтамасыз етуі тиіс Табиғи желдету кезіндегі сорып әкету еселігі Тазалығы бойынша бөлмелердің санаттары 2 таза туберкулезбен ауратын -"- 20 - «- «- 2 лас гипотиреозбен ауыратын -"- 24 - «- «- 2 таза тиреотоксикозбен ауыратын-"- 15 - «- «- 2 таза Операциядан кейінгі, реани-мация, операция жасайтын бөлмелер, күйік аурулары, әйелдер босанатын, босанғаннан кейінгі, наркоз беретін, қарқымды емдеу бөлмелері 22 Жобадағы есептеу бойынша, бірақ ауа алмасуы 10 еседен кем емес (бактери-цидтік фильтрлерде тазартылған ауа беріледі. ). Шала туған, емшек еметін жастағы, жарақаттанған балаларға арналған палаталар 25 1 төсекке есепте-генде сағатына 80 м ³ кем емес Рұқсат етілмейді қажетті желдету көлемін қамтамасыз етуі тиіс 1 төсекке есептегенде, сағатына қажетті желдету көлемі төмендегідей қамта-масыз етілуі тиіс Жұқпалы аурулар бөлімшесінің палаталық секциялары 20 80 м 3 Рұқсат етілмейді өте таза, таза өте таза лас
Инсоляция үшін терезелері қолайсыз бағытталған жағына қосалқы бөлмелерді орналастырады. Жарық жақсы түсуі үшін, палаталардың тереңдігі 6 м артық болмауы тиіс, ал тереңдігінің еніне қатынасы 2 – ден артық болмауы керек. (ені 2, 9 м кем емес); палатаның биіктігі 3 -3, 2 м. Палаталардағы және науқастар күндізгі уақытта болатын бөлмелердегі жарық коэффициенті 1: 6 -1: 7, дәрігерлер кабинетінде және ем-шара бөлмелерінде - 1: 5 -1: 6, операция жасайтын, әйелдер босанатын, жара таңатын бөлмелерде - 1: 4 -1: 5 қатынастарындай болуы тиіс. Табиғи жарықталу коэффициенті (ТЖК) 1% кем болмауы керек.
Емдеу-алдын алу мекемелері бөлмелерінің терезелері дүниенің бұрыштарына қарай бағытталуы. Бөлмелер Географиялық ендіктер С. ендіктін 45º-55º аралығында С. ендіктін 55º-наң солтүстікке қарай Операция жасайтын, реанимациия, өлікті С, СШ, СБ сойып көретін, әйелдер босанатын С, СШ, СБ, Ш Туберкулезбен және жұқпалы аурулармен ауыратындардың палаталары О, ОШ, Ш СШ*, СБ* О, ОШ, ОБ СШ*, СБ* Қарқынды емдеу, 3 жасқа дейінгі балалар бөлімінің палаталары, балалар бөлі-міндегі ойнайтын бөлмелер Батысқа бағыттауға, қарқынды емдеу палаталарын батысқа және оңтүстік батысқа қарай бағыттауға рұқсат етілмейді. С. ендіктін 45º-наң оңтүстікке қарай
Палатадағы жасанды жарық, біркелкі, жұмсақ, көзді шағылыстырмайтын, қолайсыздық туғызбайтын, сонымен қатар, медицина қызметкері өз жұмысын орындау үшін жеткілікті болуы керек. Ауруханаларды жарықтандырудың ең жақсы көздері, спектрі табиғи жарыққа жақын, люминесценттік шамдар. Олар, ауруларды қарау және кейбір ем-шараларды орындау кезінде өте маңызды түрлі түстердің берілуін бұзбайды, жылу бөлмейді, ауаның химиялық және иондық құрамын өзгертпейді. Жалпы жарық түсіретін шырақтарды бөлменің төбесіне орналастырады. Сонымен қатар, әр төсектің қасына, еденнен 1, 7 м биіктікте қабырғаға ілетін қосымша шырақтарды пайдаланады. Палаталардағы жасанды жарық деңгейі, люминисценттік шамдарды қолданғанда 100 лк, дәрігерлер кабинетінде – 300 лк болуы тиіс.
Палата бөліміндегі жасанды жарықтың нормалары. Бөлмелер Ең аз жарық деңгейі(лк) Люминесцент-тік шамдарды қолдану кезінде Қыздыру шамдарын қолдану кезінде Жарықтандыру нормалары орнатылған беттердің жазықтығы мен деңгейі Дәрігерлер кабинеті 300 150 Еденнен 0, 8 м биіктіктегі көлденең жазықтықта Палаталар 100 30 Ем-шара кабинеттері, бокстар, кезекші медбике посты 150 75 » Дәліздер, өтетін жерлер, санитарлық жүйелер 75 30 Еденде
Палаталардың, дәрігерлер кабинеттерінің, холлдардың, вестибюльдердің, асханалардың және басқа да құрғақ режимді бөлмелердің қабырғаларын силикатты сырлармен сырлайды, төбесін әкпен немесе су-эмульсиялық сырлармен ақтайды. Нитросырларды қолдануға тыйым салынады. Палаталарды сырлауға ашық-жасыл, алтынтүсті-сары, сарғылт, қызғылт-сары, ашық-сұр, немесе басқа ашық түстерді қолданған жөн. Ал, төбесін бояу үшін ақ немесе аспан түсті-көгілдір – суық түстер қолданылады. Палаталардың қабырғаларын терезелердің бағытталуына қарай сырлайды. Терезелері оңтүстікке бағытталған палаталар үшін, күн сәулесінің жарқылын жұмсартатын, суық (жасылдау, салат түсті, көгілдір, жасылдау-көгілдір) түстер, ал солтүстік румбаларға бағытталған палаталар үшін, оларға түспейтін күн сәулесіне ұқсататын, жылы (сарғыштау, өрік түстес, қызғылт-сары) түстер ұсынылады. Палаталардың едені жылы болуы керек. Ең жылы болатыны, паркет және майлы сырлармен сырланған ағаш едендер. Буфетті және асхананы ас үйден тағам жеткізілетін қызметтік баспалдаққа немесе лифтіге жақын орналастырады. Буфет бөлімдерінде бөлек, екі бөлме қарастырылуы керек, біреуі ыдыс-аяқ жууға, екіншісі, тағамдарды ысытуға және таратуға қолданылады. Буфет тағамдарды қыздыруға, таратуға және ыдыс-аяқты жууға, су ысытуға арналған барлық қажетті заттармен және тоңазытқышпен жабдықталады. Асхананы, аурулардың бір мезгілде 50% шамасында тамақтанатындай етіп, 1 науқасқа 1, 2 м 2 есебінен ұйымдастырады. Палата бөлімі элементтерінің бірі - санитарлық жүйе болып табылады, оны палата секциясының шетінде орналастырады. Санитарлық жүйе құрамына жуынатын, ванна, дәретханалар және санитарлық бөлме кіреді. Санитарлық жүйенің бөлмелерінде табиғи жарық болуы керек, едені мен панельдері глазурленген плиткалармен жабылады.
Аурухана ішілік инфекциялар және олардың алдын алу (жұқпалы аурулар бөлімі мысалында). Аурухана ішілік инфекциялар(АІИ) – бұл, ауруларды стационарда және емханада емдеу және диагностикалық процедуралар мен алдын алу шараларын жүргізу кезінде, ауру адамдар мен медицина қызметкері ауруды емдеу мекемелерінде жұқтырып алуы нәтижесінде дамитын және көрінісі, ол адамдардың ауруханада болуы уақытында немесе кейінірек білінетіндігіне байланысты емес ауру.
АІИ алдын алу шараларының кешені Алдын алу жөніндегі шаралар Шаралардың мазмұны 1. Өзіне тән емес (спецификалық емес) алдын алу Сәулеттік-жоспарлау · Секцияларды, палаталарды, операция блоктарын, бөлімдерді оқшаулау · Жүретін жолдарды таза және лас жолдарға бөлу · Аурухана аумағын зоналарға бөлу · Қабылда бөлімін ұтымды орналастыру · Бөлімдерді ұтымды орналастыру Санитарлық- эпидемияға қарсы · Инфекция көздерін, оның ішінде бактерия тасмалдаушыларды да, анықтау · Бактерия тасмалдаушыларды жұмысқа жибермеу және оларды санациялау (тазалау) · Ауруларды оқшаулау · Ауаны, заттың беттерін, саймандарды және басқаларды дезинфекциялау және стерильдеу · Қызметкер мен аурулардың гигиеналық тәртіпті сақтауы · Стационардың санитарлық жағдайы мен режимін, ауруханаішілік ортаның бактериялармен ластануын бақылау. · Қызметкер мен аурулар арасында санитарлықағарту жұмысын жүргізу. Санитарлық- тех-ық Медицина қызмет-кері мен ауру (науқас) адамдардың инфекцияға специфи-калық емес резистенттілігін арттыру · Желдету · Шынықтыру, тыныс алу гимнастикасын жасау, қосымша дәрумендер беру, УК-сәуле түсіру және т. б. 2. Өзіне тән (спецификалық) алдын алу Иммундау · Пассивті (антибиотиктер қолдану, гамма-глобулин, анатоксин және басқалар енгізу) · Активті (вакцина егу)
Егер жұқпалы аурулар бөлімі, жалпы соматикалық аурухананың құрамында болса, онда оны учаскенің түкпір жағында, бөлек ғимаратта, басқа корпустардан 30 м кем емес қашықтықта орналастырады және дуалмен қоршайды. Жұқпалы аурулар бөлімінің зонасына өз алдына бөлек, көлік кіріпшығатын жол қарастырылады. Жұқпалы аурулар ауруханасының немесе бөлімінің аумағында, бір-бірінен егілген бұталармен және ағаштармен оқшауланған таза және лас зоналарға бөледі. Жұқпалы аурулар ауруханаларының және жұқпалы аурулар бөлімдерінің ерекшеліктері, қабылдау бөлімі мен палата бөлімдерінің өзіне тән жоспарлануы. Жұқпалы аурулар ауруханаларының, жалпы соматикалық саладағы ауруханалардан айырмашылығы, қабылдау бөлімі қарайтын қабылдайтын бокс тұрінде жасалған. Қарайтын -қабылдайтын бокстар, екі есігі бар, сыртқы және ішкі, бөлмелер кешенінен (кіретін тамбур, палата, ваннасы бар санитарлық жүйе, шлюз) тұрады. Науқас боксқа сырттан, араларында тамбуры бар 2 есік арқылы кіреді. Медицина қызметкері боксқа палата дәлізінен шлюз арқылы кіреді. Шлюз, бұл қызметкер жұмыс киімін ауыстыратын, қолын жуып, дезинфекциялайтын, шағын бөлме. Шлюзде науқасқа тамақ беретін терезе, қолжуғыш, халаттар ілетін ілгіштер болады. Осындай жоспарлау шараларымен, бокстағы науқастарды бөлімде жатқан аурулардан максималды оңашалауға жағдай жасалады. Жоғарыда жазылған толық боксты, оны бірінші рет ұсынған Петербург инженеры Е. Ф. Мельцердің атымен, Мельцер боксы деп де атайды.
Аурухананың мамандандырылған бөлімдерінің ішкі ортасының жоспарлануына және ұйымдастырылуына қойылатын гигиеналық талаптар. Хирургиялық бөлім. Қазіргі кездегі көп профильді ауруханалардағы хирургиялық төсек саны, жалпы төсек орнының 25 - 45% құрайды. Хирургиялық бөлім палата бөлімінен және операциялық блоктан тұрады. Палаталық бөлімшенің жоспарлануы мен құрамы басқа да жоғарыда аталған бөлімдердей. Қосымша, тек қана таңу-байлау бөлмесі кіреді және бір және екі төсектік палаталар саны 20% азаяды. Бірақ, хирургиялық бөлімшелерді жобалауда және орналастыруда, бөлімшенің жұмысын жақсартуда және АІИ болдырмауда мына талаптар сақталуы қажет: 1. Операциялық блок және емдеу –диагностикалық бөлімше бір-біріне жақын және олайлы байланыста болуын; 2. Операциядан кейінгі «таза» және «іріңді» сырқаты бар науқастардың қарымқатынасы болмауын; 3. Науқастардың операциядан кейінгі болу жағдайларын дұрыс ұйымдастыру; 4. Жеткілікті түрде таңу-байлау бөлмелері мен процедуралық кабинеттер болуын. Барлық хирургиялық бөлімдер таза және іріңді болып екіге бөлінеді. Іріңді бөлімдердң іріңді-септикалық(іріңді ісік, бітеу жара, іріңді плеврит т. б. ) үдерістері бар науқастарды емдейді. Инфекция таралуының алдын алу мақсатында, мұндай бөлімдерді бөлек ғимараттарда, сырт жақта немесе жоғарғы қабаттарда орналастырады. Іріңді науқастарға операцияны бөлек блоктарда жасайды. Таза бөлімдер төмеңгі қабатта орналасады.
Операциялық блоктың құрамына операция жасайтын, операция жасайтын бөлменің алдындағы, наркоз беретін, стерильдейтін, аппараттық бөлмелер, жедел анализдерді жасауға арналған зертхана, құрал-жабдықтық, дәрігерлер мен орта медицина қызметкерінің кабинеттері және т. б. кіреді. Бұл бөлмелердің тазалық дәрежесі бойынша, бірінен айырмашылығы бар, сондықтан оперблоктарды жоспарлауда оларды бірнеше зоналарға бөліп, топтастырады. Бірінші - стерильді зонаға, операция жасайтын және стерильдейтін бөлмелер жатады. Екінші зонаға – қатаң тәртіптегі (өте таза), операциялық бөлмемен тікелей байланыста болатын: операциялық бөлменің алдындағы, наркоз беретін және операциядан кейінгі барлық бөлмелер кіреді. Үшінші - шектелген тәртіптегі (таза) зонаға –қанды және тасымалданатын аспаптарды сақтауға, хаттама жазуға арналған бөлмелер, хирургқа және медбикелерге арналған бөлмелер, жедел анализдер жасайтын зертхана, санитарлық өткізгіштің «таза» зонасы жатады. Төртінші – жалпы ауруханалық тәртіп зонасы, бұған санитарлық өткізгіштің лас зонасы және т. б. кіреді. Операциялық блокты зоналарға бөлудің мақсаты, аурухана ішілік инфекцияның даму қауіпін және осыған байланысты операциядан кейінгі асқынуларды төмендету болып табылады.
Операциялық бөлмелердің қабырғалары тегіс, бұрыштары дөңгелектенген болуы керек. Қабырғаларды төбесіне дейін глазурленген плиткамен немесе басқа да, ылғалға төзімді, жеңіл жуылатын, дезинфекциялаушы заттармен өңдеуге шыдамды материалдармен жабады. Төбесін майлы сырмен сырлайды, ал еденін, трапқа қарай еңістеу етіп, плиткалардан жасайды. Едендер ұшқын шығармайтын, антистатикалық болуы керек. Операция жасайтын бөлменің есіктері тығыз жабылуы қажет. Операциялық бөлмелерді терезелерсіз немесе терезелерімен жасайды. Терезелерінің болмауы шудан, шаңнан қорғануды қамтамасыз етеді, бірақ, қызметкердің үнемі тек жасанды жарық бар бөлмелерде болуы, оларда қажу дамуын күшейтеді және ахуалын төмендетеді. Операция жасайтын бөлмелердің терезелерін солтүстікке, солтүстікшығысқа, солтүстік-батысқа бағыттайды, бұл, тікелей түсетін күн сәулесінің әсерінен көрмей қалуды, операция жасау кезінде медициналық құрал-саймандардан күн сәулесінің шағылысуын болдырмауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, микрофлораның дамуына мүмкіндік тұғызатын және микроклимат жағдайын нашарлататын, операциялық бөлменің артық қызуын болдырмауға жағдай жасайды. Жарық коэффициенті операция жасайтын бөлмелерде 1: 4 - 1: 5 қатынасындай болуы тиіс, табиғи жарықтану коэффициенті (ТЖК) – 1, 5% кем болмауы керек. Хирург пен медицина қызметкерінің көруімен байланысты, жұмысының ерекшеліктері операция жасайтын бөлмелердегі жасанды жарықты ұйымдастыруға қойылатын талаптарды жоғарылатады. Біріншіден, жарықтандырудың жоғары деңгейі қамтамасыз етілуі тиіс және операция алаңының үстінде, сонымен бірге, жараның түбінде көлеңке мүлде болмауы керек. Екіншіден, шырақ жараны және хирургтың басын қыздыратын қарқынды жылу бөлмеуі және көру аймағында тікелей және шағылысқан жалтылдауды бермеуі керек. Үшіншіден, жарық спектрі күндізгі жарыққа жақын болуы және түрлі түстерді қабылдау бұрмаланбауы тиіс. Осыған байланысты, операциялық бөлмелерде жалпы және жергілікті жарықтандыруды ұйымдастырады. Жалпы жарықтандыруға люминесценттік және қыздыру шамдарын қолданады. Люминесценттік шамдармен жалпы жарықтандыру 400 лк кем болмауы керек, бұл операциялық медбике жұмысына (инелер, тігуге арналған материалдар, құрал-саймандармен манипуляциялар жүргізуде) және науқастың терісінің, шырышты қабаттарының түрі мен көз қарашығының реакциясын бақылайтын анестезиологтың жұмысына жеткілікті болып табылады. Операциялық көру алаңын локальды жарықтандыруға арнайы көлеңкетүсірмейтін, асып қоятын немесе жылжымалы шырақтарды қолданады. Көлеңкетүсірмейтін шамдар беретін жарықтын деңгейі 10000 -30000 лк дейін жетеді. Жараның тереңдігі үлкен және операция жасайтын беттің шағылысу коэффициенті неғұрлым аз болса, соғұрлым жарықтану деңгейі жоғары болуы тиіс. Хирургтардың көзінің қажуын азайту үшін, ақ маталарға қарағанда, шағылысу коэффициенті төменірек, көгілдір-жасыл, көгілдір ақық-жасыл түсті халаттарды және ақ жаймаларды пайдаланады. Нәтижесінде, операция алаңы мен қоршаған нысандардың арасындағы кереғарлық (контраст) төмендейді, сондықтан, көзді жарадан айналасындағы фонға аударғанда, көздің тор қабықшасының элементтерінің қажуы азаяды. Операция жасайтын бөлмелерде оңтайлы микроклимат қамтамасыз етудің маңызы зор. Микроклимат параметрлері науқастардың ғана емес, операцияға қатысып тұрған медицина қызметкерлерінің де жылу реттейтін механизмдерінің зорлануын болдырмауы керек. Нормативтер бойынша, жазғы уақытта операция жасайтын бөлмелерде ауаның ылғалдылығы 50 -55% және қозғалу жылдамдылығы 0, 1 м/с дейін болған жағдайда, ауаның температурасы 20 -22° С (қыста 19 -20° С ) болуы қарастырылады. Қолайлы микроклиматтық жағдайлар жасау үшін, әсіресе, операциялық бөлмелерде асептикалық жағдайларды ұйымдастыру үшін, өте маңызды болып табылатын ауаны кондиционерлеу қарастырылады. Ауа бактерицидтік сүзгілерде тазартылуы қажет, табиғи желдету рұқсат етілмейді. Ауа алмасуы 10 -еседен аз болмауы керек (10. 2 кесте), оған қоса, енбелі ауа сормалы ауадан, кем дегенде, 20% артық болу тиіс, бұл операциялық бөлмеде ауаның артық қысымын тудырып, көрші бөлмелерден ластанған ауаны жібермейді. Операциялық бөлмеде ауа жақсы алмасуы үшін, ауа енетін саңылауын бөлменің бір қабырғасында, төбеге жақын жерінде, ал ауаны сорып әкететін саңылауын - қарама қарсы қабырғада, еденге жақын, орналастырады. Жоғары деңгейдегі асептика жағдайын қажет ететін операцияларды (сүйектерге, буындарға, жүрекке, қан тамырларына, өмірлік маңызы бар мүшелерге трансплантация жасау кезінде, т. б) жүргізгенде, одан да жоғары ауа алмасу есесі - сағатына 30 -90 -ға дейін және одан да артық болуы оптимальды болып табылады. Мұндай жағдайларда, ауаның микробтық ластануы 1 м 3 ауада 30 -100 микробқа дейін төмендейді, патогенді стафилококк анықталмайды, операциядан кейінгі іріңді асқынулардың саны 3 -4 есеге дейін төмендейді. Микробтық ластануды болдырмау мақсатында, операция жасайтын бөлмелерге әкелінетін құрал-жабдықтардың барлығы алдын ала дезинфекцияланады, аспаптар мен жара таңатын заттар стерильденеді. Операциялық бөлмедегі 1 м 3 ауада жалпы микроағзалар саны жұмысқа дейін 500 -ден аспауы, алтын түстес стафилококк және гемолитикалықстрептококк болмауы керек. Жұмыс кезінде жалпы микробтық ластануы 1 м 3 ауада колония түзуші бірліктердің 1000 дейін көбеюіне рұқсат етіледі. Алтын түстес стафилококктың мөлшері 1 м 3 ауада 4 -тен аспауы керек, ал, гемолитикалық стрептококк табылмауы тиіс. Операциядан кейін, операция жасайтын бөлме мұқият жуылып тазартылады, едені мен панельдерін дезинфекциялаушы ерітінділермен және ыстық сумен жуады, сонан кейін экрандалмаған бактерицидтік шамдардың сәулесімен 30 минут бойына зарарсыздандырады. Операция блоктарындағы кабинеттерді жалпы жинап-тазалау, аптасына 1 рет жүргізіледі. Бөлмелер алдымен сабын-сода ерітіндісімен жуылады, сонан кейін дезинфекциялаушы заттармен өңделеді. Зарарсыздандыру үшін қажетті уақыт өткеннен соң, бөлмелерді сумен жуады және 2 сағат бойына ультракүлгін сәулемен санациялайды.
Акушерлік бөлім. Бөлімнің жоспарланауы сырқаты жоқ жүкті әйелдерді науқастарынан оқшаулауға, АІИ жұғуының алдын алуға мүмкіндік беруі тиіс. Сондықтан, акушерлік бөлімнің перзентхананың құрамында екі бөлімі болады: физиологиялық және обсервациялық. Бұл бөлімдерде әйелдер босануы кезінде және босанғаннан кейін болады. Физиологиялық бөлім сырқаты жоқ жүкті әйелдерге арналған, обсервациялық бөлімі (күдікті) – инфекция көзі болатын мүмкіндігі бар жүкті әйелдер үшін. Перзентханаларда, бұл бөлмелерден басқа, тағы жүктілік патологиясы деген бөлім бар.
Босану алдындағы палаталар 1 немесе 2 -4 төсектік болады. Босану блогының құрамына 2 кем емес босанатын залдар, қарайтын бөлме, қызметкерге арналған дайындық бөлме, жаңа туған балаларға манипуляция-туалет жасайтын бөлме, қарқынды емдеу палатасы, кіші операциялық бөлме кіреді. Кіші операциялық бөлмеде анамнезі ауыр әйелдер босанады және қажет болған жағдайда, кесарь тілуінен басқа, акушерлік операциялар жасалады. Операциялық блоктың бөлмелеріне, операция жасайтын бөлменің алдындағы, үлкен операциялық, стерильдеу бөлмелері және әдеттегі, операция блогының құрамына кіретін басқа да бөлмелер жатады. Үлкен операциялық бөлмелерде көбіне, құрсақ жаратын операциялар жасалады. Босанудан кейінгі палаталарды 2 -4 төсектік етіп жасайды. Палаталарды толтыруда, босанған әйелдердің түсуі мен шығуы бір күнде болатындай етіп ұйымдастырады, бұл, бөлмеге жалпы санитарлық өңдеу жүргізуді жеңілдетеді және АІИ таралу мүмкіншілігін болдырмайды. Жаңа туған балаларға арналған палаталарды оқшау бөлігінде, 20 төсекке есептеп орналастырады, оған кіреберісте арнайы бөлмеде кезекші медбике посты орналасады. Сонымен қатар, жаңа туған балаларды кішірек палаталарда анасымен бірге жатқызу немесе 3 -4 жаңа туған балаларды аналарының палаталарының арасындағы бөлек палатада орналастыру түрлерін де қолданады. Мұндай орналастыру, балаларды күтуге қолайлырақ жағдай туғызады. Шала туған балаларды 1 -2 төсектік бокстарға немесе жартылай бокстарға жатқызады. 8 төсекке бір постық медбике қызмет көрсетеді. Обсервациялық бөлімнің төсек саны, физиологиялық бөлімге қарағанда, аздау. Мұндағы төсек саны, акушерлік төсектердің жалпы санының 20 -25% құрайды. Босанғаннан кейінгі палаталарды, бокстар немесе жартылай бокстар түрінде 1 немесе 2 төсектік етіп ұйымдастырады. Перзентханаларда асептика талаптары қатал сақталуы керек, себебі, анаға да, және жана туған балаға да инфекция жұғу қаупі жоғары. Акушерлік бөлімдердегібосану залдарының, оперблоктың жоспарланауына және санитарлық режимін ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар, хирургиялық бөлімдердің операциялық блоктарына қойылатын талаптарға ұқсас. Қолайлы жағдайларда, жас босанған әйелдерді жаңа туған балаларымен босану үйлерінен ертерек шығару дұрыс болып шықты, ол АІИ-мен аурушаңдықты төмендетуге мүмкіндік берді. Перзентхана жылына бір рет дезинфекция жасау үшін жоспарлы түрде жабылуы тиіс.
Балалар бөлімі. Балалар бөлімін немесе балалар ауруханасын жоспарлаудың, бірнеше себептерге байланысты, өз ерекшеліктері бар. Бәрінен бұрын, жұқпалы аурулардың жиілігіне және балалар жасында оларды жұқтыру мүмкіншілігі жоғары болуына байланысты, балалар бөлімін үлкендердің бөлімінен мүмкіндігінше максималды оқшаулау және стационарға түсуі мен ол жерде болуы кезінде, аурухана ішінде инфекцияны жұқтырудың алдын алуға мүмкіндік беретін шаралар қамтамасыз етілуі керек. Осыған байланысты, сиымдылығы 60 төсектен артық балалар бөлімі, өз алдына көлік кіретін жолдары және өзінің жеке қабылдау бөлімі бар, бөлек корпустарда орналасады. Бөлімнің өзінің жоспарлануы, карантин орнатқан жағдайда, әрбір палата секциясы толығымен оқшауланып, өз алдына жұмыс істей алатындай болуы тиіс. Стационарға жатқызылатын емшек еметін және ясли жасындағы балалар, анасының күтімінсіз бола алмайды, соған байланысты басқа бөлімдерден айырмашылығы, мұнда аналары үшін бөлек бөлмелер қарастырылады. Аналарының күндізгі уақытта болуына арналған бөлмелерінің ауданы 7, 5 м 2, тәулік бойы болуына арналған бөлмелерінің ауданы – 9, 5 м 2 болуы тиіс. Балалар бөлімінің өзіне тән ерекшелігі- жылытылатын верандалар, сондай-ақ, мектеп және мектепке дейінгі жастағы балалардың сабақ өтуіне, ойнауларына арналған арнайы бөлмелерінің болуы.
Емхана бөлімі. Емханалар және амбулатория түріндегі басқа да мекемелер, негізінен, күту орындарынан, дәрігерлік мен емдеудиагностикалық кабинеттерден тұрады. Кезек күтуге арналған үлкен залдар ұйымдастыруды, әр түрлі сырқаттары бар науқастар бір-бірімен қарым-қатынаста болуына әкеп соғатындықтан, дұрыс деп санамайды. Орталықтандырылмаған құрылыс жүйесінде, кезек күтетін орын ретінде ені 3, 2 м дейін ұлғайтылған дәліздерді пайдаланады. Олар жақсы жарықтандырылуы және желдетілуі тиіс. Фтизиатрия, тері-венерология, гинекология және рентген кабинеттерінің кезек күту орындарын бөлек ұйымдастырған дұрыс. Рентген кабинеттерінің жұмысын туберкулезбен ауыратын және осы ауруға күдікті науқастарды бөлек уақытта қабылдайтын етіп ұйымдастыру қажет. Дәрігерлер кабинетінің ауданы 12 м 2, ал мамандандырылған болса - 15 -18 м 2. Кабинеттерінің терезесі, шулы көше жаққа қарамауы керек, олардың бағытталуы нормаланбайды, бірақ солтүстікке қарай болғаны дұрыс.
Ауруханалардағы қорғану режимін ұйымдастыру. Емдеу мекемелеріндегі қорғану режимі, науқастардың ауруханада болуы үшін қолайлы гигиеналық жағдайлар жасаумен қамтамасыз етіледі: · Аурудың жасына, сырқатына, жалпы жағдайына және т. б байланысты қолайлы микроклимат жасаумен; · Ауа ортасының сапасын жақсы етумен; · Бөлмеде жеткілікті инсоляция табиғи және жасанды жарық деңгейін жасаумен; · Таза химиялық және биологиялық ластаушы заттар жоқ ауамен, бөлменің жақсы санитарлық жағдайымен; · Әр түрлі тітіркендіргіштердің (шуды, психологиялық факторларды және т. б. ) жоюмен немесе әсер ету қарқындылығын төмендетумен; · Тыныш және қолайлы, эстетикалық жағынан ұнамды жағдай жасаумен; · Таза ауада, көкжелектер зонасында болуымен; · Рационалды және қауіпсіз тамақтану ұйымдастырумен; · Аурухана ішінде инфекция жұғу мүмкіншілігін төмендетумен;
Ауруханаларды жылыту үшін негізінен, орталықтандырылған сумен жылыту жүйесі қолданылады. Жылу тасымалдаушы ретінде тек қана су қолдануға рұқсат етіледі, басқа сұйықтарды қолдануға тыйым салынады. Қыздыратын құрал қызметін бөлменің сыртқы қабырғасында, терезелердің астында орнатылған радиаторлар (конвекциялық жылыту) немесе бетон панельдер (сәулелік жылыту) атқарады. Қыздыратын құралдың температурасы 85ºС аспауы керек. Ауаның қызуы біркелкі қамтамасыз етіліп және зиянды заттармен ластанбауы керек. Панельді жылыту операция және реанимация залдарында, операция залының алдындағы, наркоздық, әйелдер босанатын бөлмелерде, күйік ауруларымен және иммунитеті төмен науқастарға арналған палаталарда және басқаларда орнатылады. Ауруханаларда желдетуді қолайлы микроклимат жағдайын және бөлме ауасының бактериалдық, химиялық ластану деңгейін төмендету мақсатында қолданады. Операциялық залдан басқа барлық бөлмелерде, жасанды желдету түрінен басқа, терезелер, желкөздер, фрамугалар арқылы қамтамасыз етілетін табиғи желдету түрі де болуы тиіс. 1 адамға есептелген, енетін ауаның көлемі сағатына 80 м 3. болуы қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: http: //studopedia. org/9 -115097. html Жақашов Н. Ж. «Жалпы гигиена» Большаков А. М. , Маймулов В. Г. Общая гигиена - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2006. -729 с Большаков А. М. , Новикова И. М. Общая гигиена. Изд. 2 -е, перераб. и доп. - М. : Медицина, 2002. 384 с
СРС Гигиена.pptx