Екіжақты салық салу Орындаған: Өміртай Амалбек Екі жақты
Екіжақты салық салу Орындаған: Өміртай Амалбек
Екі жақты салық салу – әртүрлі мемлекеттердегі бір мезгілдегі бірдей салық салу . Екі жақты салық салу жүйесін екі тұрғыдан қарастырамыз. Олар халықаралық экономика және халықаралық құқық теориясы. Әлем елдерінің салық салу жүйесінде екі түрлі принципті қатар қолданылады. 1.Әлемдегі өз резиденттерінің бәріне бірдей табыс салығын салу. 2.Жүргізілетін экономикалық операцияның орналасқан орнына байланысты салық салу немесе орналасу принципі бойынша табыс салығын бекіту.
Өзектілігі Дүниежүзі мемлекеттері келісе отырып жоғарыда көрсетілген жолдардың біреуін таңдап қолданатын болса әлемдік ШЖС ешқандай мәселе орын алмас еді. Алайда әлем мемлекетері даму деңгейіне байланысты, салық салу дәрежесіне байланысты әртүрлі әдістер пайдалануда. Бұл жағдай әлемдік екі жақты салық салу жүйесін құрды. Өзара екі мемлекет арасында, өзара қарама-қайшы салық салу түріне алып келді. Яғни өзге ел аумағында шаруашылық жүргізуші субъектінің екі елдің де салықтық колониясына айналдырады.
Екіжақты салық салуға қатысушылары: ШЖС банктер банктік емес несиелік ұйымдар заңды тұлғалар мемлекет халықаралық қаржылық ұйымдар өзге қаржылық-несиелік мекемелер
Дипломатиялық келіссөздер арқылы екіжақты салық салуды тоқтату немесе біртараптандыру мемлекеттердің экономикалық дамуына өзара ықпал жасайды.
Екі жақты салық салуды болдырмау – екі мемлекет арасында қабылданған конвенция негізінде шешімін табады. Қазақстан Республикасы дүниежүзіндегі 44 мемлекетпен қосарланған салықты болдырмау келісіміне қол қойған.
Конвенция қосарланған салық салуды жою мақсатында жасалған екіжақты халықаралық келісім болып табылады. Құжаттың мақсаты – инвестицияға қолайлы жағдай қалыптастыру арқылы Қазақстан мен өзге мемлекеттер арасында экономикалық ынтымақтастықты нығайту және кеңейту болып табылады. Уағдаласушы мемлекеттердің әрқайсысы салық төлеушіге салықты бір-ақ рет – уағдаласушы мемлекеттердің біреуінде ғана төлеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Екінші мемлекет салықтың төленген сомасын есепке алатын болады немесе басқа мемлекетте салық салынған бөлігін жалпы кірістен алып тастайды. Конвенцияда кіріс туындаған мемлекетте төмендетілген мөлшерлеме бойынша дивидендтерге, пайыздарға және роялтиге салық салынатын ережелер қарастырылған. Конвенциялардағы баптарға сәйкес, уағдаласушы мемлекеттің бірінің резиденті - заңды тұлға, егерде уағдаласушы мемлекетте тұрақты мекеме құрмай, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын болғанда қосымша құн салығынан босатылуы мүмкін.
Конвенция екіжақты халықаралық шарт болып табылады және қосарланған салық салуды болдырмау мақсатында жасалады. Бұл ретте Уағдаласушы мемлекеттердің әрқайсысы салық төлеуге бір рет әрі Тараптардың бірінде ғана салық төлеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Ал екінші мемлекет өзіне төленген салық сомасы жөнінде есеп береді немесе салық салынатын жиынтық табыстан екінші мемлекетке салық салуы жүргізілген сол кірісті алып тастайды. Осы салық конвенциясының Қазақстан мен өзге елдер арасындағы салық салу мәселелерінде заң базасы ретінде маңызды роль ойнайды. Аталған конвенцияны қабылдау екі мемлекеттің шаруашылық жүргізу субъектілеріне салық қарым-қатынастарының салыстырмалы тұрақтылығына кепілдік береді. Кірістерге қосарланған салық салудың алдын алады.
Қазақстан мен өзге мемлекеттердің екіжақты салық салуды доғару келісімдері Ұлыбритания 21.08.1996 Италия 26.02.1997 Канада 30.03.1998 АҚШ 30.12.1996 Нидерланды 27.04.1997 Германия 21.12.1998 Пәкістан 29.01.1998 Польша 13.05.1995 Турция 18.11.1996 Венгрия 03.03.1996 Украина 07.04.1997 Индия 28.08.1997 Литва 11.12.1997 Азербайжан 07.05.1997 Белорусь 13.12.1997 Ресей 29.07.1997 Өзбекстан 07.04.1997 Швеция 02.10.1998 Болгария 24.07.1998 Қырғызстан 31.03.1998 Иран 03.04.1999 Корея 09.04.1999
Қазақстан мен өзге мемлекеттердің екіжақты салық салуды доғару келісімдері Чехия 29.10.1999 Монғолия 02.12.1999 Бельгия 13.04.2000 Түркіменстан 10.03.2000 Румыния 21.04.2000 Франция 01.07.2000 Грузия 05.07.2000 Эстония 19.07.2000 Таджикстан 07.11.2000 Швейцария 24.11.2000 Молдава 25.02.2002 Латвия 02.12.2002 Китай 09.08.2003 Норвегия 24.01.2006 Австрия 01.03.2006 Сингапур 14.08.2007 Жапония 30.12.2009 Малазия 27.05.2010 Армения 28.10. 2010 Финляндия 31.05.2010 Испания 18.08.2011 Люксембург 07.10.2013
Қазақстан өзге мемлекеттермен өзара қосарланған салық салуды болдырмау мақсатында екіжақты халықаралық шарт жасауға дайын екенін баяндаған болатын.
Назар қойып тыңдағандарыңызға рақмет!
15532-two.ppt
- Количество слайдов: 12

