
Akerke Эйр Астана.pptx
- Количество слайдов: 12
“Эйр Астана” компаниясы. МЭ-21
Эйр Астана — Қазақстан Үкіметі мен BAE Systems арасындағы біріккен кәсіпорын, оның 51% Үкімет, ал 49% BAE еншісінде. Ұшу қауіпсіздігі және жолаушыларға жоғарғы сапалы қызмет көрсету әуекомпанияның басты қағидалары болып табылады. Эйр Астана — ХӘКА-ның (Халықаралық Әуе Көлігі Ассоциациясы) толық мүшесі, Қазақстандағы ЕАҚА (Еуропалық Авиация Қауіпсіздігі Агенттігі) JAR-145 куәландырған ұшақтарға техникалық қызмет көрсететін жалғыз әуекомпания. Эйр Астана 2001 жылы тіркеліп, 2002 жылдың мамыр айында ұшу қызметін бастады. Содан бері Эйр Астана өзінің әуекемелер паркін 3 -тен 21 ұшаққа дейін ұлғайтты, 1800 -ден астам жұмыс орындарымен қамтамасыздандырды, 25 ішкі және 18 халықаралық бағыттарға ұшатын әуекөлік жүйесін дамытты. Эйр Астана жаңа ұшақтарды енгізу, ішкі және халықаралық бағыттағы рейстер жиілігін арттыру, жаңа мәзірлерді ұсыну, ұшу кезіндегі ойын-сауық жүйелерін дамыту және жолаушыларға жиі ұшу бонустық бағдарламасын таныстыру (frequent flyer bonus program) сияқты жаңартуларды енгізбек.
• Елдегі жастардың санының көп болуы да кәсіпорынның пайдасына, себебі бүгінгі күні шет елдерге кетіп жатқан жастар саны көп, бортсеріктер ретінде де тек жастар жұмысқа қабылданады. Кәсіпорын сәбилі жолаушыларға тазалық пен жайлылықты қамтамасыз етуге қажеттінің бәрі қарастырылған балалар пакетін береді. Белгілі бір рейстерде алдын-ала балалар төсегіне (бесігіне) тапсырыс беруге болады және олар ең кішкентай саяхатшыларға арнап өте дәмді және нәрлі ас әзірлейді.
• «Эйр Астана» әуекомпаниясы әуепаркінің құрамына батыста жасалған қазіргі заманғы «Боинг 767 -300 ER» , «Боинг 757 -200» , «Эйрбас А 319» , «Эйрбас А 320» , «Эйрбас А 321» , «Эмбраер 190» және «Фоккер 50» әуе кемелері кіреді. Қазіргі уақытта «Эйр Астана» әуекомпаниясы рейстерді 24 әуе кемесінде орындайды және 2014 жылы әуе паркті 34 әуе кемеге дейін көбейтуді жоспарлап отыр. «Боинг 767 -300 ER» – кең фюзеляжды, ұзақ қашықтыққа ұшатын ұшақ. Бұл әуе кеменің әрқайсысының қуаты 27 тоннаға жететін екі GE CF 6 -80 C 2 қозғалтқышы бар. Әуе кеме 10 550 м астам қашықтыққа сағатына орташа есеппен алғанда 900 км жылдамдықпен ұша алады. Әуе кеме салоны ұшу кезіндегі ойынсауық бағдарламасымен (жеке аудио- және видеожүйелері – LCD экрандар) жабдықталған 30 бизнес-класс орындары бар, ал экономкласта 190 орын бар. Осы және басқа да инновациялық технологиялар негізінде жасалған ұшақтар компания жұмысын қамтамассыз етеді.
• Эйр Астана Акционерлік қоғамының келесідей корпоративтік құжаттары бар: • Жарғы • Корпоративтік басқару кодексі • Ішкі бақылау жүйесі туралы eреже • Ішкі қаржылық бақылау саясаты • Ішкі аудит қызметі туралы ереже • Аудит жөніндегі комитеті туралы ереже • Тағайындаулар жөніндегі комитеті туралы ереже • Сыйақылар жөніндегі комитеті туралы ереже • Іскерлік этика кодексі • Корпоративтік Ақпарат Саясаты Туралы Ережесі • Дивиденд саясаты туралы Ережесі • Тәуекелдерді басқару саясаты • Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы беру саясаты
• Әйгілі, танымал жұлдыздарды тасымалдау, қызметкерлердің киім үлгілері, жылдамдық, бортсеріктердің пассажирлерге сыпайы қарым – қатынастары, мәдени қызмет көрсетулері, • аэропорттың ішіндегі тазалық, әдемілік, тәртіп жоғар деңгейде.
• Тұтынушылар. Эйр Астана ұсынатын қызметті тұтынушылар әр түрлі жастағы адамдар. Жасөспірімдер, студенттер, жұмысбасты адамдар, шетел азаматтары сондай – ақ танымал жұлдыздар.
• Бәсекелестер: • Aircompany. MEGA • Атырау әуе жолы • Беркут эйр • Евро-Азия Эйр • СКАТ
• Жабдықтаушылар: • Боинг авиаұшақ құрастырушы компаниясы (АҚШ) • Эйрбас авиаұшақ құрастырушы компаниясы (Франция) • Фоккер авиаұшақ құрастырушы компаниясы (Нидерланды) • Эмбраер авиаұшақ құрастырушы компаниясы (Бразилия)
• Маркетингтік делдалдар: Тенгри журналы. «Тенгри» ақпараттық-танымдық журналы — әуелайнерлердің борттарында жолаушыларға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша жасалған тағы бір қадам. Журнал ұшу сапарының уақытын қысқартуға көмектесумен қатар саяхатшылар үшін қызықты, есте қалатын және пайдалы ақпарат көзі болып табылады. Көптеген шетелдік қонақтар, әсіресе, Қазақстанға алғаш келетіндер үшін, «Эйр Астана» әуекомпаниясы және оның борттық журналы еліміздің визит карточкасы болып саналады.
• Байланыс аудиториялары: БАҚ Эйр Астана туралы: • Жас қазақ, № 21, 09. 06. 2011, «Эйр Астанаға» - 9 жыл • Жас қазақ, № 17, 06. 05. 2011, «Embraer 190» ұшағы Алматыға келді • Алаш айнасы, № 91, 28. 05. 2011, Жаңа кредиттік карточка тегін ушұға мүмкіндік береді • Алаш айнасы, № 14, 28. 01. 2011, Самара мен Тбилисиге жаңа рейстер ашылады • Алаш айнасы, № 12, 26. 01. 2011, Азиада кезінде қосымша 14 рейс ашылады • Түркістан, № 21, 26. 05. 2011, «Эйр Астанаға» - 9 жыл