Eyr_Astana.pptx
- Количество слайдов: 15
«Эйр Астана» әуекомпаниясы Орындаған: Сағындықов Данияр ҚР-232
Тарихы • «Эйр Астана» әуекомпаниясы 2001 жылы тіркеліп, ең бірінші рейсін 2002 жылдың 15 -ші мамырында Алматы – Астана бағыты бойынша орындады. Рейстің ашылу салтанатына әуекомпанияның акционерлері болып табылатын Қазақстан Республикасы үкіметінің және ұлыбританиялық BAE Systems компаниясының өкілдері – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Сэр Ричард Эванс қатысты. • Акциялық үлестің 51 пайызын үкімет ( «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқаттылық қоры» АҚ), ал 49 пайызын BAE Systems (Ұлыбритания) компаниясы иеленген біріккен кәсіпорындағы акционерлердің әріптестік қарым-қатынастары әуекомпанияның даму тарихында тұрақты болып келеді.
• Бүгінгі таңда «Эйр Астана» әуе паркі батыста жасалған 28 ұшақтан тұрады және олардың орташа пайдаланым мерзімі 6, 2 жылды құрайды. Әуекомпанияның бағдар желісі 60 -тан астам ішкі және халықаралық бағыттарды қамтиды. 4000 -ға жуық жұмыс орнымен қамтамасыз ететін әуекомпанияның жоғары білікті жұмыскерлер қатары негізінен жергілікті қызметкерлерден, сондай-ақ тәжірбиелі шетелдік мамандардан құралған. 2005 жылдың күзінен әуекомпанияны авиация саласында 30 жылдан астам басқару тәжірибесі бар Питер Фостер басқарып келеді. Әуекомпания жеке меншікке сатып алу үшін Boeing 787, Boeing 767, Airbus A 320 және Embraer 190 ұшақтарына тапсырыс берді. Бұл оның әуекемелерді 2016 жылдың аяғына қарай 33 данаға, ал 2020 жылы 43 данаға дейін арттыру мақсатына сай келеді.
Питер Фостер – «Эйр Астана» әуекомпаниясының президенті • Питер Фостер мырза авиация саласындағы мансабын Кэмбридж Университетін 1982 жылы бітірген. 1982 -1999 жылдары Cathay Pacific Airways әуекомпаниясында Гонгконг, Азия, Австралия және Еуропада менеджер, содан кейін бас менеджер қызметінде жұмыс істеп, Францияда (INSEAD) іскерлікті басқару тәлімін алды. Питер Фостер мырза Cathay Pacific Airways әуекомпаниясында жұмысын 1999 жылы аяқтап, Philippine Airlines әуекомпаниясының реанимациялық тобын басқарды. Бері келе 2002 -2005 жылдар аралығында Royal Brunei Airlines әуекомпаниясында бас атқарушы директор лауазымында жұмыс атқарып, 2005 жылы "Эйр Астана" әуекомпаниясының Президенті лауазымына тағайындалды.
Міндет, мақсаттар және құндылықтар Міндет • Клиенттердің талабына, компаниямыздың мүддесіне және Қазақстан Республикасының қажеттілігіне сай, қауіпсіздік пен қызмет көрсетудің жоғары деңгейлі стандарттарына сәйкес ішкі және халықаралық бағыттар бойынша әуетасымалдау қызметін ұсынады.
• Мақсаттар мен құндылықтар • «Эйр Астана» әуекомпаниясы пайдалану қауіпсіздігінің халықаралық стандарттарының жоғарғы деңгейіне жетуге міндеттенеді. • Жолаушыларға қызмет көрсету деңгейі және қауіпсіздік сенімділігі бойынша аймақтағы жетекші әуекомпания боламыз. • Үнемі компания және клиенттеріміздің мүддесін ескере отырып, әуекемелер паркін және ұшу бағыттарын кеңейтіп, қызмет көрсету сапасын жақсартып және бизнес процестерді жетілдіріп отырамыз. • Іскерлік этика қағидаларын ұстана отырып, акционерлерімен, серіктестер, клиенттер және әріптестерімен қарым-қатынасты жауапкершілік негізінде дамытамыз. • «Эйр Астана» командасын нығайтуға үлес қоскан қызметкерлердің, сіңірген еңбегі мен кәсіби біліктілігіне, жетістіктеріне қарай басын қосып, бағалап, сыйақы беріп қызметте өсулеріне мүмкіндік туғызамыз. • Үзіліссіз оқыту бағдарламасы арқылы әрбір қызметкердің жеке дамуы мен ортақ мақсаттарға жетуі үшін барлық мүмкіндіктер жасаймыз. • Міндетерімізді іске асыру, сонымен қатар, қоғамдық, мәдени бастамаларды қолдау және қоршаған ортаны қорғау бойынша Қазақстандағы мәртебесі жоғары компаниялар арасына кіру үшін барлық күшімізді саламыз.
Корпоративтік құрылым
Корпоративтік басқару • • • «Эйр Астана» әуекомпаниясы корпоративтік басқаруды компания қызметінің тиімділігін көтеру, оның беделін нығайту және капитал тартуға арналатын шығындарды төмендету әдісі ретінде қарастырады. «Эйр Астана» АҚ корпоративтік басқару жүйесі компанияны басқарудың айқындылығын арттыруды қамтамасыз ету және тиісті корпоративтік басқару стандарттарын қолдануға компанияның бұлжымас дайындығын дәлелдеу мақсатында үнемі жетілдіріліп, дамытылып тұрады. «Эйр Астана» АҚ-ң корпоративтік басқаруы келесі түйінді қағидаларға сүйенеді: Акционерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау қағидасы; Директорлар кеңесінің тиімді басқаруы; Атқарушы органның тиімді басқаруы; Компания қызметінің дербестігі қағидасы; Компания қызметі туралы ақпаратты айқын және әділ мәлімдеу қағидалары; Заңдылық және әдеп қағидалары; Тиімді дивиденд саясаты қағидалары; Тиімді кадр саясаты қағидалары; Қоршаған ортаны қорғау қағидасы; Корпоративтік жанжалдар мен мүдделер қақтығысын реттеу саясаты; Жауапкершілік қағидасы.
Акционерлер • «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ – акциялардың 51%. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ 2008 жылғы 3 қарашасында Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы қаулысына сәйкес «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ және «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ біріктіру жолымен құрылды. Тіркелген мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 23 BAE Systems (Kazakhstan) Limited – акциялардың 49%. BAE Systems (Kazakhstan) Limited – әуе, жер үсті, теңіз және космостағы озық қорғаныс пен аэрокосмостық жүйелерді әзірлеу, жеткізу және қолдаумен айналыстаын BAE Systems plc британ корпорациясының еншісіндегі компания. Тіркелген мекен-жайы: PO Box 87 Warwick House Farnborough Aerospace Centre Farnborough Hampshire GU 14 6 YU United Kingdom
Дивидендтер • «Эйр Астана» АҚ (бұдан әрі – Қоғам), орналасқан мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 050039, Алматы қ-сы, Закарпатская ксі, 4 А (СТН 620 300 022 100, банктік деректемелері: IBAN: KZ 18 6010 1310 0004 7928 АҚФ-да № 139900 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, Алматы, БИК HSBKKZKZ, КБЕ 17, БИН 010 940 000 162), Қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы шешіміне сәйкес 2012 жылдың қорытындысы бойынша жай акциялар бойынша Қоғам акционерлеріне дивиденд төлеуі туралы хабарлайды (2013 жылғы 30 мамырдағы № 93 хаттама). Бір жай акцияға есептегенде дивиденд мөлшері 187 496 теңге 65 тиынды құрайды. Дивидендтерді төлеу 2013 жылғы 1 тамыз күні басталады. Дивидендтерді төлеу Қоғам акционерлерінің қолданыстағы шоттарына тиесілі ақша сомаларын банк аударымы тәсілімен жүзеге асырылады.
Eyr_Astana.pptx