Джордано Бруно.pptx
- Количество слайдов: 6
Джордано Бруно Орындаған: Даниярқызы Индира Ғаниқызы Малика
Джордано Бруно Филиппо (15481600 жж. ) итальяндық материалист, философ, ақын. Сонымен қатар Еуропадағы құпия, әрі мистикалық ілім Каббалаға табынушы. Басты еңбектері: «Себептілік, бастама және біртұтастық туралы» , «Әлемнің және заттардың шексіздігі туралы» , «Ерлік интузиазмы туралы» , «Біздің заманның философтары мен математиктеріне қарсы жүз алпыс тезис» , «Монадо, сандар, фигура туралы» т. б
Бруноның поэтикалық пантеизмі жаңа жаратылыстанулық ғылыми білімдерге, әсіресе, Коперниктің гелиоцентрлік жүйесіне, эпикуреизм мен платонизмнің идеяларына сүйенілген еді. Шексіз әлем тұтастай алғанда, сол Құдайдың өзі болып табылады, ол барлық жерде ішінде де, үстінде де емес, бірақ қатысу арқылы бар. Универсум өзінің ішкі күштері арқылы қозғалады, жеке заттар өзгермелі және өзінің ұйымдасуына сәйкес келе отырып, мәңгі рухтың ырқында болады дей келе, ол табиғатты, материяны құдаймен теңестіреді (Заттардағы құдайлық). Барлық болмысты панпсихизм ретінде түсініп, гилозоизмге ойысады.
Жер тірі тіршілік иесі ретінде күнді айнала қозғалады, планеталар да өз орбитасымен оны қоса айналып жүреді, сансыз өзге дүниелер де шексіз әлемге орналасып алып жануар сияқты болып тірі тіршілік иесі ретінде өмір сүреді деп мынадай ойларын дәйектейді: әлем өзінің барлық мүшелері арқылы жанданған. Әлемдік жан әмбебап интеллект, бүкілжалпы ақыл ретіндегі ажырамас қасиетті алып жүреді. Құдай ұғымы әлемдік жан ұғымымен сәйкестенеді. Жерлік және аспандық әлемдер біртектес, пайда болмайды және жойылмайды, олар әр түрлі бірігулердің сансыз көп түрлерін құрайды. Сансыз көп күндер өзінің орналастырып алған планеталарымен қоса өзінің орбитасынан айналып жүреді (өзге әлемдер де осы әлем сияқты мекен етуге болатындай). Әлем тұтастай алғанда, орталық, ол барлық жерде. Әлем – жерді қоса есептегенде, өмірдің әр түрлі формаларының орны. Философияның мақсаты христиандықтағы сенімдіктрансцендентті Құдайға жету емес, «Заттардағы Құдайды» тану болып табылады деген ойларын байыптайды.
Бруноның пікірінше, табиғаттан тыс ешқандай күш жоқ. Ол кеңістікте де, уақытта да шексіз, ал қозғалыс оның өмір сүру тәсілі. Табиғат өз заңдылығымен дамиды. Әлем – универсум (әмбебап бастама), жалғыз ғана мәнділік. Сондықтан ол мәңгі және өзгермейді.
Джордано Бруноның негізгі түсініктері әлем мен оның құрылымы турасындағы философиялық ойтолғамдарға тоғысты. Мәселен, бесінші сұхбатынан үзінді келтірер болсақ: «БЕСІНШІ СҰХБАТ. Теофил. Әлем біртұтас, қозғалмайтын, шексіз. Бірлік деп абсолютті мүмкіндікті, шындықты, форманы немесе жанды, материя немесе денені, заттарды, барлықты айтамын. . . Әлем өзінің шексіздігі арқылы ұлғаймайды және азаймайды. Оған ешнәрсені қосуға да, алуға да болмайды, себебі, шексіздіктің бөлшектері болмайды» . Бұндағыәлемнің жалғыздығы мен бірлігі жөніндегі ұғымдар оның «бар» болып табылатындығын үстемелейді және тұрақтылығын аша түседі. Сондықтан ойшыл дүниенің универсумдық сипатын қуаттай отыра, болмыстың өмір сүруінің өзі оның бірлігі, тұтастығы арқылы қамтамасыз етілгендігін байыптайды. Әлемнің жойылмайтындығы, тұрақтылығы, қозғалмайтындығы – шынайы болмыстың мәнін аша түсетін тұжырым.
Джордано Бруно.pptx