1349504284218.ppt
- Количество слайдов: 7
Дулат Бабатайұлы(1802 -1874) Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы — көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған. 1880 жылы Қазанда жарық керген «Өсиетнама» деген жинағына ақынның замана туралы толғаулары енген. Орта жүз құрамындағы найман тайпасынан шыққан. Өмірі туралы деректер толық зерттелмеген. Жаздық мекені – Ақжайлау, Сандықтас. 1874 жылы атамекенінде қайтыс болған
Шығармашылығы. . Өлеңдері ел ішіне ауызша және қолжазба түрінде таралған. Кейбір өлеңдері Қазан қаласынан 1880 жылы алғаш рет “Өсиетнама” деген атпен жеке кітап болып жарық көрген. Жинаққа ақынның сол кезеңдегі қазақ елінің саяси-әлеуметтік өмірін шыншылдықпен жырлаған ой-толғаныстары енген. Ақынның кейбір өлеңдері кеңес дәуірінде әр түрлі хрестоматияларда “XVІІІ — XІX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары” (Қазақ ССР ұылым академиясының баспасы, А. , 1962) деген жинақта, кейін “Үш ғасыр жырлайды” (Революцияға дейінгі қазақ ақындарының шығармалары. А. , 1965) жинағында басылып шықты. Ал, “Еспембет” поэмасы алғаш рет 1957 жылы “Жұлдыз” журналының 5 нөмірінде жарияланды. Дулат шығармаларын барынша зерттеп, жинап баспаға әзірлеген Қ. Өмірәлиев болды. Ақынның жеке жыр жинағы “Замана сазы” деген атпен 1991 жылы жарық көрді. Дулаттың өлең-жырларының басты сарыны — 19 ғасырдың алғашқы жартысындағы отаршылдық әрекеттерге рухани қарсылық көрсету. Ақын “Тегімді менің сұрасаң”, “О, Сарыарқа”, “Асқар таудың сәні жоқ”, т. б. жырлары мен жеке кісілерге айтқан “Сүлейменге”, “Бараққа”, “Кеңесбайға”, т. б. арнау өлеңдерінде қазақ жерінің отарлануын, ел билеушілердің отаршыл саясаттың шылауында кетуін “Сауыр жерден айрылып, Қазақ елі жұқарды. . . , Орыстың көрсе ұлығын, Қыздан дағы қылықты. . . , Майырдың алса бұйрығын, Борбайға қысып құйрығын, Ел пысығы жортады”, — деп, кекті де отты жыр жолдарына айналдырған. Д-тың ақындық өнері, негізінен, 19 ғасырдың алғашқы жартысында қалыптасты. Осы кезеңнің өмір шындығы Дулат шығармаларына арқау боп өрілді. Қазақ даласындағы дәстүрлі хандық басқару жүйесін жою саясатын орнықтырған Ресей империясының 1822 — 24 жылдары шығарған Қазақ даласын басқару жөніндегі ережелеріне қарсылық Дулат шығармаларының тақырыптық, стильдік, жанрлық ерекшелігін айқындады. Дулаттың уытты, шыншыл сөздерінің кімдерге арналғанын оның: “Халыққа емес сыйымды, Парақор баспақ биіңді, Ел бүлдіргіш бегіңді, Улы тілмен улаттым”, — деген өлең жолдары көрсетіп тұр. Туған халқының екі жақты езгіге түсіп, көз жасының көл боп ағуы, қайғысы мен мұңы ақынның жан сыры ретінде жыр болып төгілді. Дулаттың образ жасау, өлең өрнегін жетілдіру, замана сазына қарай ақындық өнерде жанрлық, стильдік, сонылық таныту ерекшелігі кейін Абай шығармаларында дамытылып, жалғастық тапқан.
Дулат өлеңдерінің ерекшелігі Дулат - жыраулық мектептен шығып, ақындық мектепті күшейткен суреткер. Бұл жыраулықтың төмендігінен, әлсіздігінен емес, заман талабынан туған бетбұрыс. 19 ғасырдағы қазақ поэзиясы үшін енді өлең арқылы ақыл-насихат дидактикалық сипат пен заман, қоғам, адам туралы жалпы философиялық толғаныстар аздық етеді. Еңдігі жердегі поэзиядан нақтылыққа көшіп, заманға ілесіп отыру, жалпы насихаттан гөрі сынау, күйіну, сүйіну сияқты нақты суреттерге бару талап етіледі. Дулатты кейде, тіпті, жырау деп атағанымен және сырт қарағанда өлең-жырлары 7 -8 буынды жыр өлшемімен келгенімен, ол жырау емес, ақын. Өйткені, құрылымдық және тақырыптық бітімі жағынан Дулаттың өлеңдері бұрынғы жырауларды былай қойғанда, тіпті кешегі Бұхар толғауларынан, одан қалды езімен тұстас ақындардың туындыларынан мүлде өзгеше құрылған дүниелер. Жазба поэзияның өлең әдісі ауызша дамыған өлең-жырлардан ерекшеленетін болса, сол өзгешеліктің бірі - шығарманың белгілі мақсатпен ажыратылатын ірі бөліктерге, ғылым тілімен айтқанда, шоғыр (тирада) дегендерге бөлінуі. Әр бөлік бір шағын идеяны (тақырыпты) білдіруі шарт, сонымен қатар әр бөлікті шоғыр етіп тұратын құрылымдық белгілері болуы қажет. Шоғырлардың тармақ сандары біркелкі болмайды және әр шоғырдың соңғы жолындағы ұйқас өзге шоғырлардың ең соңғы жолындағы ұйқаспен бірдей түсіп, сол елеңді тұтас дүние етіп құрастырып тұруы керек. Демек, өлеңдегі шумақ пен шоғырды шатастыруға болмайды: шумақ - қазақ поэзиясы құрылымында бұрыннан бар тәсіл, оның тармақ сандары біркелкі болады. Өлеңді шоғырларға бөліп құрастыру тәсілі қазақтың ауызша дамыған өлең-жырларыңда жоқ. Ол - жазба әдебиетке тән өлең құрылымы. Бұл құрылым қазақ поэзиясында Дулаттан басталады. Ақынның «Тегімді менің сұрасаң» деп басталатын өлеңі 6 шоғырдан тұрады.
"Дулат Бабатайұлы атындағы қазақ орта мектебі" Алғаш ашылуы – 1946 жыл. Қайта тіркеуден өтуі – 1999 жыл. Дулат Бабатайұлы атындағы мектеп болып тіркеуден қайтадан өтуі – 2005 жыл. Мектеп ғимаратының салынуы: екі қабатты үйі – 1975 ж. үш қабатты үйі – 1979 ж. спорт залы – 1980 ж. Информатика кабинеті – 2 Оқыту пән кабинеттері – 2 Оқыту шеберханалары: ағаш өңдеу – 1 темір өңдеу – 1 іс тігу – 1 Лаборатория – 2 Ұстаздар саны – 71 Оқушылар саны – 700 – ге жуық Мектеп мұражайы – 2 Абай мен Мұхтар Дулат Бабатайұлы
Дулат шығармашылығының басты тақырыбы – өз заманының ащы шындығы мөкіметінің қанаушылығы – бәрі де Дулат өлеңдерінде тура, ашық айтылған. Мысалы, оның Барақ төреге жазған арнауында: О, Барақ жас, Жегенге тоқ, ішсең мас. Жақсы болса ұлығы, Өз елін жаудай таламас, делінген. Екі жақтан езгіге түскен қазақ халқының қиын жағдайын Дулат ақын: Лашын өрлеп ұша алмай, Үлкеннің тілін кіші алмай Елдегі жақсы бұзылды, деп елде асыл азаматтар қалмағанын налып айтады. Алайда, ақын халықтың болашағынан күдер үзбейді, қазақ халқының өткен тарихына да көз жібереді. Ол бұрынғы мен болашақты салыстыра отырып, қазіргі заманның, яғни өзі өмір сүрген заманның жағдайын ашып көрсетеді. Халқына осыншама аяушылықпен, сүйіспеншілікпен қараған Дулатты да, халқы өмірінің соңына дейін құрметтеп, өмірден өткеннен кейін де даңққа бөлеген. ен халқының ауыр жағдайы. Оның жырларынан сол заманғы өмірдің шынында қандай болғандығын біле аламыз.
Ш. Әбенов Шәкір Әбенов (19372005)зерттеуші. Ол Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Дулат Бабатайұлының шығармашылығын зерттеген. Дулат Бабатайұлының қазіргі заманға жеткен 1500 жол өлеңдері бар.
1349504284218.ppt