ДОМО Орындаған: Тағабаев Аят (Мех-Мат, ҒТТ-4 курс)
Алғы сөз Ештеңе де мінсіз болмас, бірақ неге соған ұмтылмасқа?
Адам баласына не қажет? Ең алдымен мемлекет құрмас бұрын: § Адам баласына не қажет? § Ол қандай жағдайда өзін бақытты сезінеді? § Қандай жағдайлар жасалғанда ол жаман ойларға бармайды? - деген сұрақтарға жауап іздеген жөн шығар. Сондықтан мен осы сұрақтарға былайша жауап берер едім:
Ақша. Бұл құны бар қағазсыз ешқайда да бара алмаспыз. Қазіргі заманда барлық дерлік қылмыстық іс-әрекеттер осы ақшаның себебінен болып жатыр десек болады. Ақша арқылы адамдар өз армандарын орындап, мақсаттарына жетеді, демалады, қалаған тамағын жейді және т. б. . Астыда айтылатын келесі элементтердің барлығына осы ақша қажет деп айта кетсек те болады. Қарны тоқ болып жүргені, яғни тамақ, ас, тағам. Оның ішінде сапалы, жақсы әрі пайдалы тағамдармен елді қамтамассыз ету мәселесі қойылады. Дені сау, 12 мүшесі дұрыс істеп, ойнап, күліп, шауып жүргені. “Ең басты байлық денсаулық” демекші, адамның өмірден алатын ләззатына тікелей байланысты ол денсаулық екен. 5 сезім мүшең сезіп, аяқ-қолың жұмыс істеп, қантамырлардан қан ағып, 12 мүшең дұрыс істеп, ауырмай, шалдықпай жүргенге не жетсін десеңші. Үй-жай. Яғни бұған тұрғылықты үй, мекен ететін жер, қонысты жатқыза аламыз. Өз үйің, баспанаң, төсек жайың болу әр адамға маңызды. Ешкімнің далада, үйсіз өмір сүргісі келмейтін шығар деймін. Бос уақыт. Бұл дегенге демалуды, қызметіңнен бөлек басқа да қызығушылықтарыңмен айналысуды, туыстар, достар және басқа адамдармен кездесіп, көңіл көтергенді, отдасыңмен қыдыруды жатқыза аламыз. Және соңғысына тұрақты өмір мен жарқын болашаққа деген сенімді айтсақ болады. Бұл деген адамдардың мемлекетке деген, оның өз халқына жарқын әрі тұрақты өмірді қамтамассыз ете алатынына деген, кез-келген қиын жағдайда өз көмегін бере алатынына деген сенім.
Әр мемлекеттің мақсаты Осындай жағдайларды жасау, менің ойымша, барлық мемлекеттің басты приоритеті, мақсаты, міндеті, жұмысы, қызметі, жаратылысының мәні болу керек. Сондықтан да менің құрған мемлекетім осыны негізге алады. Бұл тек қана жақсы ойларға толы, мейрімді, еңбекқор адамдардан тұратын және әр адам өзінің осы мемлекетке деген қосар үлесі бар, өзінің өмір барысында өзінің жағдайын жақсарта және мемлекеттің жағдайын жақсарта өзінің барлық адами қырларын ашып, өмірді сынақ ретінде көрмей, оны барынша сезініп, сүріп, рақаттанып, ләззаттанып, одан барлығын алатын адамдардан құралған мемлекет. Егер адам баласына керек қажеттеліктерді қанағаттандыратын болсақ, онда осы аспектілер бойынша адамдар ешқандай қылмысқа әдейі бармайтын болады деп ойлаймын. Әрине бұдан басқа қылмыстар болуы мүмкін, олардың ішінде адами мүдделер конфликттердің, адамдардың бірін-бірі кемсітудің, психологиялық аурулардың және т. б-дың нәтижесінде пайда болатын және тікелей негізгі адами қажеттіліктерге байланысты емес қылмыстар болуы мүмкін. Тағы да жемқорлықты жатқызуға да болатын шығар, бірақ бұл мемлекетте онымен күресудің өзіндік стратегиясы бар.
Қоғам мен мемлекет – екі дос Бұл мемлекетте қоғам мен мемлекет – достар. Қарапайым екі адам секілді достар, бірі екіншісінен көмек сұраса, қолдан келгенінше аямайды. Кез-келген достар арасындағыдай олардың арасында белгілі бір этикалық заңдар жүреді. Оның ішінде досыңды сатпа, оған қастандық жасама, жақсы қарым-қатынаста бол, конфликт туса, келісім арқылы шеш деген секілді заңдар бар. Бұл дегеніміз қоғам мен мемлекет теңдей дәрежеде, бірі екіншісін қанауға, бірі екіншісіне сен маған мынанша қарызсың, мынаны істеп беру керексің дегендей талаптар қоюға және қинап бірдеңе істетуге ешқандай да құқығы жоқ. Мұндай мәселелер нағыз достар арасындағыдай шешіледі, яғни түсіністікпен. Мұнда бірі екіншісіне ешқандай жамандық ойламайды, тек бірін бірі, қоғам мемлекетті, мемлекет қоғамды жақсартуды мақсат етеді. Және осының бәрін осы мемлекетте өмір сүріп жатқан азаматтар түсінуі тиіс.
Мемлкеттік құрылыс Басшы – Амичи. Неге амичи? Себебі латын тілінен аударғанда “дос” деген мағына береді. Өйткені бұл мемлекеттің әрбір адамы бірбіріне дос, басшысы да соның қатарында. Мемлекет басшысының жанында “Амичи кеңесі” деп аталатын оның әр салалар бойынша кеңесшілері болады. Оларды “Амичис” деп атайды. Мысалға, “салықтар және бюджет амичисі”, “еңбек, жұмыспен қамту амичисі” деген секілді. Осы амичистер басқаратын салаларды кейінірек айтамыз. Амичи мен амичистер тең құқылы деп айтуға болады. Амичи осы амичи кеңесінің төрағасы деп айтуға болады. Міндетті түрде амичистер санының еселігі жұп болу керек және кез-келген амичилер кеңесінде дауыс беру кезінде теңдей дауыстар жиналса, Амичидің өзі төраға ретінде және тақыншы мүшесі ретінде шешуші дауысқа ие болады.
Ең басты заң - Конституция Әр адам баласы – индивид. Сондықтан да барлық адам бұл мемлекеттің барлық заңына көңілі толады деп айтуға болмас. Амичинің, оның амичистерінің де өмір жасы шексіз емес. Ал мемлекеттің тұрақты да әрі жарқын, жақсы болашағын қамтамассыз ету үшін осы мемлекеттің ешқашан дерлік және қанша амичи мен амичистер ауысса да өзгермейтін дерлік конституциясы болады. Әр мемлекетте қоғам мен мемлекет тең болу керек. Ал олардың өзі, достардың арасындағы этикаға ұқсас, белгілі бір заңға бағыну керек. Бұл мемлекетте ол – Конституция. Ол ешқашан, ешкімнің инициативасымен өзгермейді дедік. Ол тек бір жағдайда ғана өзгеруі мүмкін. Ол мемлекет пен қоғамның біріккен уақыт өте жинаған тәжірибесі нәтижесінде бұл конституцияның белгілі бір баптары қоғам мен мемлекеттің ары қарай оның өмірін жақсартуға кедергі жасауда деген ортақ шешімге келген кезде, 25 ке толған, есі-санасы дұрыс азаматтардың арасындағы бүкілхалықтық ашық дауыс беру нәтижесінде 99 пайыздан артық “өзгерісті қолдаймын” дауыстары жиналған кезде ғана алдын ала белгіленген өзгерістерді енгізуге болады. Бұл деген бүкіл халықтың соған деген ынтасы болу керек.
Мемлекетті жүйелерге жіктеу Ф