Молекуляр биология ДНК репликациясы.ppt
- Количество слайдов: 11
ДНҚ репликациялануы бұл ДНҚ-ның өздігінен екі еселенуі. ДНҚ репликациялануының негізінде тұқым қуалаушылық туралы ақпарат ұрпақтанұрпаққа өзгеріссіз, бірдей мөлшерде беріліп отырады және ұрпақтардың жалғасуын қамтамасыз етеді.
ДНҚ молекуласының репликациялану қасиеті 1953 ж Уотсон мен Криктің Ф. Крик ДНҚ молекуласының Дж. Уотсон құрылысы қос 1958 жылы М. Месельсон мен спиральды Ф. Сталь, Дж. Уотсон және Ф. болатындығын Криктің бактериялық анықтағаннан кейін клеткадағы ДНҚ-ның белгілі болды. жартылай консервативті түрде екі еселенуі (репликация) жөніндегі көзқарасын E. coli жасушасында дәлелдеді.
Г. Стент ДНҚ-ның екі еселенуінің үш түрлі әдісін болжады: 1) консервативтік (лат. "консервативус" - сақтаушы, негізгі қалпын сақтау) еселенуде ұрпақтың ДНҚ-ларда аналық ДНҚ-ның материалы болмайды; 2) жартылай консервативтік түрінде ДНҚ-ның жаңа молекуласының бір тізбегі аналық ДНҚ-дан болса, екіншісі - жаңадан құрылған тізбек; 3) дисперсиялық (лат. "дисперсис" шашырау, бытыраңқы) түрінде аналық ДНҚ-ның материалы кездейсоқ шашырап жаңа ДНҚ молекуласында орын алады.
ДНҚ мынадай жолмен екі еселенеді. Алғаш спиральдың екі тізбегі бір нүктеден бастап ажырай бастайды. Сонан кейін бір-бірінен алшақтап ажыраған әрбір тізбектердің бойына, оларға сәйкес жаңа тізбек синтезделіп, жаңа тізбек жасалу барысында ажыраған екі тізбекпен өзінің азоттық негіздері арқылы байланысып, онымен өз алдына жаңа спираль құрай бастайды. Сөйтіп алғашқы ДНҚ-ның екі тізбегі толық ажырап болғанда, екі жаңа спираль да жасалып бітеді. Алғашқы ДНҚ тізбегі ажырамай тұрғанындағы екінші ескі тізбегіне толық ұқсас болады.
Әрине, бұл процесті де клеткадағы ферменттер жүргізеді. ДНҚ тізбектерінің бағыттары қарама-қарсы екені белгілі. Жұмысына өте мұқият ферменттер жаңа тізбекті тек бір бағытта, яғни 5'— >3' бағытында ғана жасайды. Олай болса, ферменттер ажыраған тізбектердің біреуінің бойымен жаңа тізбекті жоғарыдан төмен қарай, ал екіншісінің бойымен төменнен жоғары қарай синтездейді. Ең қызығы жаңа тізбектер үздіксіз жасалмайды, ескі тізбектің бойында бірінен кейін бірі шағын ДНҚ фрагменттері пайда болып отырады. Ондай фрагменттердің ұзындығы қарапайым бактерияларда 200 нуклеотидтен тұрса, күрделі организмдерде ол 2000 -ға жуық. Осындай фрагменттерді алғаш байқаған жапон ғалымы Р. Оказаки, сондықтан оларды оказаки фрагменттері деп атайды
Репликацияның басталатын жері нуклеотидтердің арнайы ретімен анықталып “инициация нүктесі” деп аталады. Репликацияның басталу нүктесінен келесі “репликация айырымен” кездесетін жерге дейінгі ДНҚ-ның бөлігі репликон деп аталады- бұл репликация бірлігі.
Прокариоттар мен органоидтардағы ДНҚ молекуласының хромосомалық ДНҚ-дан айырмашылығы – оларда тек бір “инициация нүктесі” болады. Сондықтан олар бір репликон саналады.
Молекуляр биология ДНК репликациясы.ppt