Лекция 4 ПО ПК.ppt
- Количество слайдов: 24
ДК бағдарламалық қамтамасыз етілуі 1. 2. 3. Дәріс жоспары Бағдарламалық қамтамасыз етудің классификациясы Жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етуге қысқаша шолуы Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етудің қысқаша шолуы
Бағдарламалық қамтамасыз ету (БҚЕ, software) – бұл барлық бағдарламалардың және әр қолданушының мүддесіне сәйкес ЭЕМ пайдалануды қамтамасыз ететін құжаттар жиынтығы. n БҚЕ құрамына бағдарламаларды және олардың жұмыс істеуіне қажетті n
Бағдарламалық қамтамасыз етудің классификациясы
Жүйелік БҚЕ қысқаша шолуы Жүйелік БҚЕ – бұл компьютер жұмысын қамтамасыз етуге арналған бағдарламалар жиынтығы. Жүйелік бағдарламалар есептеу жүйесінің жұмысын басқаруға арналған, түрлі қосымша функциялар атқарады (көшіру, анықтамалар беру, тестілеу, форматтау және т. б. ) және қолданушы мен қолданбалы бағдарламалар арасында байланыс қамтамасыз етеді.
n n Жүйелік БҚЕ өзіне қосады: Операциялық жүйелер; Бағдарламалар-қабықтар; Желістік жүйелер Көмекше бағдарламалар (утилиттер). Операциялық жүйе – компьютерді басқаруға және қолданбалы бағдарламалармен әрекеттесуге арналған негізгі бағдарлама. Дербес компьютерлерге арналған ең кең тараған операциялық жүйелер келесілер: MS(PC)-DOS, WINDOWS 95, WINDOWS NT, WINDOWS XP, OS/2, UNIX
n n Операциялық жүйе екі категорияға бөлінетін міндеттерді шешеді: Компьютердің барлық ресурстарын басқару; Компьютер құрылымдары, компьютер мен адам арасында деректермен алмасу. Сонымен қатар, дәл ОЖ компьютерді дербес дәлдеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді: ОЖ өзі орнатылған компьютерде қандай компоненттерден тұратынын анықтап, дәл осы компоненттермен жұмыс істеуге өзін-өзі реттейді.
n n n ДК арналған операциялық жүйелер бірнеше параметрлер бойынша өзгешеленеді. Ерекше, ОЖ келесідей болады: Бір міндетті және көп міндетті; Бір қолданушылық және көп қолданушылық; Желістік және желіссіз. Сонымен қатар, операциялық жүйеде басқарушылық немесе графикалық көп терезелі интерфейс (немесе екеуі де) бола алады.
IBM - тіркесетін компьютерлердің көбісі MS-DOS дисктік операциялық жүйені және WINDOWS көп терезелі графикалық операциялық ортаны пайдаланады. Операциялық жүйе көптеген функция атқарады: ақпаратты жазу мен оқуды қамтамасыз етеді, деректердің сақталуын ұйымдастырады, компьютердің бөлек құрылғылары арасында өзара әрекеттесуді жүзеге асырады, пайдаланушының барлық қолданбалы бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етеді және т. б.
Қазіргі кезде операциялық жүйенің екі типі кең таралуда. Бірінші типке Microsoft компаниясының Windows операциялық жүйелері жатады. Олар көп міндетті және көп терезелі графикалық интерфейсі бар. Дербес компьютерлерінің тауар айналысында Windows – пен UNIX типті операциялық жүйе бәсекелеседі. Бұл басқарушылық интерфейсі бар көп міндетті көп пайдаланушы операциялық жүйе. Қазіргі уақытта UNIX – ті кеңейту жасалған, олар көп терезелі графикалық интерфейсті қамтамасыз етеді.
Басқа да операциялық жүйелер бар. Белгілі компания Apple қазіргі заманғы Mac. OS операциялық жүйесі орнатылған Macintosh компьютерлерін шығарады. Бұл компьютерлерді көбінесе баспагерлер мен суретшілер пайдаланады. IBM фирмасы Windows NT сияқты берік және қорғалған OS/2 операциялық жүйесін шығарады.
n n Желістік жүйелер – ол компьютерлік желістердің жұмысын қамтамасыз ететін бағдарламалар. Мысалдар: Novell Netware, LANtastic. Бір рангті желістер үшін желістік жүйелерді операциялық жүйелер құрамына қосады. Бағдарламалардың осы түріне интернеттік броузерлер де кіреді. Мысалдар: Netscape Navigator, MS Internet Explorer. Бағдардамалар-қабықтар қолданушының жұмысына қолайлы жағдай жасау үшін арналған. Мысалдар: Norton
Көмекші бағдарламалар (утилиттер) нақты қолданушылық міндеттерді шешу үшін емес, есептеу жүйесінің тиімділігін жоғарлату және жұмыс істеу үшін арналған.
Көмекші бағдарламаларға келесілер жатады: n Бағдарламалар-архиваторлар ақпаратты дискыларда қысудың арнайы алгоритмдарын қолдану арқылы файлдардың мөлшері аз көшірмелерін жасауға, сонымен қатар бір архивті файлға бірнеше файлдың көшірмелерін біріктіруге мүмкіндік береді. Бұл бағдарламалардың өкілдері – Win. Rar и Win. Zip.
n n Ақпараттың резервті көшірмелерін жасауға арналған бағдарламалар компьютердің қатты дискінде орналасқан маңызды ақпаратты қосымша тасымалдаушыларға кезең сайын көшіріп отыруға мүмкіндік береді. Оларға жататындар – APBack. Up, Acronis True Image. Вирусқа қарсы арналған бағдарламалар компьютер вирустарын жұқтыруға жол бермеуге және вирусты жұқтырып алудың салдарын жою үшін арналған. (Kaspersky Antivirus, Dr. Web, Norton Antivirus және басқ. )
n n Коммуникативті бағдарламалар компьютерлер арасында ақпарат алмасуға арналған (Venta Fax, Cute FTP). Компьютерге диагностика жасауға арналған бағдарламалар компьютердің конфигурациясын тексеруге арналған (жадтың саны, оны пайдалану, дискілердің типтері, т. б. ), компьютер құрылғыларының жұмысқа қабілеттілігін, оның өнімділігін бағалауға мүмкіндік береді (Sisoft Sandra, Norton System Information).
Дискілерді оңтайлы етуге арналған бағдарламалар әр файлдың салаларын біріне жылжытады (үзінділерді жояды, бүкіл файлдарды дисктің басына жинайды ж. т. б. ) (Norton Disk Doctor, Microsoft Scandisk). n Экранға басуға аранлған бағдарламалар экран ішіндегісін басуға шығаруға пайдалы болады (Snag. It, Hyper. Snap-DX). n
Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етудің қысқаша шолуы Қолданбалы БҚЕ – нақты пән саласының белгілі міндеттерін шешуге арналған бағдарламалар кешені. Қолданбалы БҚЕ тек жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етудің бар болғанында ғана жұмыс істейді. Қолданбалы бағдарламаларды қосымшалар деп атайды.
Олар өзіне төмендегілерді қосады: n n n n n Мәтіндік редакторлар; Кестелік процессорлар; Деректер базаларын басқару жүйелері; Ықпалдасу пакеттер (интегрированные пакеты); Суреттеу және іскерлік графика жүйелері (графикалық процессорлер); эксперттік жүйелер; Оқыту бағдарламалары; Автоматтандырыған жобалау жүйелері, математикалық есептеу, моделдеу және талдау бағдарламалары; Ойындар және т. б.
Құжаттар редакторлары – мәтіндік ақпаратты жасауға және өңдеуге арналған бағдарламалар (Multi Edit, Microsoft Word, Wordpad, Word Perfect). Кестелік процессорлар. Бүкіл кең таралған кестелік процессорлер берілген формулалар бойынша кестелер элементтерінің мәнін есептеуге, деректер бойынша кестелерде түрлі графиктер жасауға және т. б. мүмкіндік береді. (Lotus 1 -23, Super. Calc, Microsoft Excel, Quatro Pro и др. )
Графикалық редакторлар суреттерді жасауға және редакциялауға мүмкіндік береді. Редакторлардың көбісі сканер арқылы алынған бейнелеулерді өңдеуге мүмкіндік береді (Adobe Photoshop, Corel Draw, Paint. Brush и др. ). Деректер базасын басқару жүйелері (ДББЖ) үлкен ақпараттық массивтерді– деректер базаларын басқаруға мүмкіндік береді (Microsoft Access, Clipper, Paradox и др. )
Ықпалдасу жүйелері деректер базалары, кестелік процессор, мәтіндік редактор, іскерлік графика жүйесін басқару мүмкіндігін және т. б. мүмкіндіктерді өзіне біріктіреді (Microsoft Office және оның тегін аналогы Open Office, сонымен қатар Framework, Symphony және т. б. . ) Келешегі бар ақпараттық құралдар болып білім базалары мен эксперттік жүйелер табылады. Бұл жүйелер білімнің кез келген саласында немесе кәсіби қызметтегі эксперттердің тәртіп үлгісін жасайды.
Автоматтандырылған жобалау жүйелері (АЖЖ) компьютер көмегімен түрлі заттар мен механизмдерді сызу және құрылысын жасауға мүмкіндік береді (Auto. Desk фирмасының Auto. Cad , ресейлік пакет Компас). Инженерлік тәжірибеде арнайы бағдарламалық пакеттер белсенді қолданылады, мысалы, Mat. Lab, Mat. Cad, Eureka және т. б.
n n n Ерекше топты бағдарламалау жүйелері құрайды (инстументалдық жүйелер), олар жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етудің бөлщегі болып табылады, бірақ қолданбалы сипатта болады. Бағдарламалау жүйелері – жаңа бағдарламалық өнімдерді жасауға, еңгізуге арналған бағдарламалар жиынтығы. Оларға жататындар: трансляторлар; Бағдарламаларды жасау ортасы; Анықтамалық бағдарламалар кітапханалары (функциялар, тәртіптердің); отладчиктер; Байланыс редакторлары және басқалары.
ДЭЕМ арналған бағдарламалау жүйелерін жасаудың алдыңғы қатарлы фирмалары болып Microsoft Corp. және Borland International табылады. Microsoft фирмасы өзінің бағдарламалық пакеттерін таратады - Quick BASIC, Visual BASIC, Microsoft С және C++, Visual C++. Borland фирмасы- Turbo және Borland С, Turbo және Borland PASCAL. Бұл жүйелердің бәрінде әлді және әлсіз жақтары бар, сондықтан жұмысқа бағдарламалаудың түрін таңдау қолданушының сұранысы және кәсібилік деңгейіне байланысты жүзеге асырылады.
Лекция 4 ПО ПК.ppt