диплом слайд.pptx
- Количество слайдов: 30
Дипломдық жұмыстың тақырыбы: Жамбыл облысындағы эндемикалық өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктерін зерттеу Орындаған: Накишева Г.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Жамбыл облысында сирек кездесетін өсімдіктердің жойылу қаупін анықтап, қорғау шараларын ұйымдастыру Зерттеу міндеттері: 1. Жамбыл облысында сирек кездесетін өсімдіктердің азаю санын анықтау. 2. Сирек кездесетін өсімдіктердің халық шаруашылығындағы маңызы мен емдік қасиеттеріне талдау жасау. 3. Сирек кездесетін өсімдіктерді қорғау шараларын ұсыну. Зерттеу нысаны: Жамбыл облысының Талас, Жамбыл аудандарында өсетін сирек кездесетін эндемикалық өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері мен олардың емдік қасиеттері. Зерттеу базасы: Берікқара шатқалы – республикалық маңызы бар кешенді мемлекеттік табиғи қорықша, аумағы 17, 5 мың га Зерттеу болжамы: Болашақта осы облыста сирек кездесетін өсімдіктерге кадастырылып есеп жүргізу арқылы, қорғау шараларын пайдалана отырып өсімдіктер санының артуына мүмкіндіктер жасау.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан флорасының 312 түрі ағаштар мен бұталар, олар жинақталып тоғайлар мен ормандар алқаптарын құрайды. Республика орман алқаптарының 19 проценті қылқан жапырақтылар, 13 процент жалпақ жапырақтылар, ал 54 проценті сексеуілдердің, ал қалған бұталардың үлесіне тиеді. Республика территориясында мал азығына жарамды 400 -ге жуық өсімдік өскен көк майса шалғынды жайылымдықтар мен шабындықтар да баршылық.
Жасыл әлем байлығы Қазақстан жерін де көмкеріп жатыр. Бүгінде республика территориясында өсімідіктердің 5600 түрі өсетіндігі белгілі. Оның ішінде 758 түрі қазақ топырағында ғана өсетін эндемик өсімдіктер. Сонымен қатар өлкемізде сонау ертедегі дәуірлерден бері жойылып кетпей, бізге жеткен, яғни реликті өсімдіктердің көптеген түрлері де өседі.
Жамбыл облысы орналасу жеріне қарай өсімдіктер дүниесіне бай келеді. Соның ішінде дәрілік өсімдіктер, халық шаруашылығында маңызы зор бірақ сиреп бара жатқан өсімдіктер саны көп. Олар осы облыстың әр территорияларында түрліше таралған. Соның ішінде басым көпшілігі далалы жермен таулы аймақтарда.
Б. Оспановтың мәліметтері бойынша Қазақстан жер қорлары, жазық бөлiгi орманды далалық, дала, шөлейт және шөл белдемдерiне (аймақтарға) ажыратылады. Орманды далалық аймақ – республика жер аумағының 2, 04%-ын алып жатыр, Өскеменнен жоғары Көкшетау мен Петропавл қалаларының маңында орналасқан. республика жер аумағы Орманды далалық аймақ 2% 98%
Жойылу себебі Бірқатар өсімдіктердің түрлерінің жойылуына ауа мен су ластануы, топырақтың өз құнарлығы жоғалуы, биологиялық жүйесінің тұрақтылығы бұзылуы жол ашады.
Олардың қатарына түрлі қызғалдақтар және басқа өсімдіктер түрлері кіреді. Тіпті кейбір түрлерді республика көлемінде кездестіру мүмкін емес. Бұл өсімдіктердің үздіксіз іздестіру ешқандай нәтиже бермеді. Бұл өсімдіктердің көбі «Қызыл кітаптарға» енгізілген
Қазақстанның ботаник ғалымы Қ. Ж. Сабанбековтың «Жабайы өсімдіктер сыры» (Алматы: Қайнар, 1986 ж. ) деген еңбегі бар. Бұл кітабында автор жабайы өсімдіктердің табиғатты, адам өмірінде, шаруашылықта да маңызы зор екендігін баяндайды, олар туралы көпшілікке белгісіз қызықты деректер келтіреді.
Эндемикалы өсімдіктерді екі экологиялық топқа таулы және тау етектерінде сирек кездесетін өсімдіктер далалы жерде сирек кездесетін өсімдіктер
Кесте 1 - Таулы және тау етектерінде сирек кездесетін өсімдіктер № Туыс аты 1 Тасағаш 15 Хантау сағызы 2 Бадам 16 Түйесіңір 3 Асаймұса 17 Жұмыртқа жапырақ түйесіңір 4 Грейг қызғалдағы 18 Қатты ұшқап 5 Арша 19 Тарғыл құртқашаш 6 Регель қызғалдағы 20 Алатау бәйшешегі 7 Корольков бәйшешегі 21 Корольков бәйшешегі 8 Кушакевич шиқылдағы 22 Кәдімгі тау сағыз 9 Сары лапыз 23 Ет жапырақ бадан 10 Жерсабын 24 Үлкен шырыш 11 Бес мүйіз склеротифия 25 Тянь-Шань шырышы 12 Шу-Іле штубендорфиясы 26 Ақшыл шырыш 13 Вавилов көбекқұйрығы 27 Қаратау түйетабаны 14 Құртқашаш
Кесте 2 - Далалы жерде сирек кездесетін өсімдіктер № Туыс аты 1 Гүлтобылғы 13 Кәдімгі адыраспан 2 Қайың 14 Балқаш түйетабаны 3 Дермене 15 Бетпақдала түйетабаны 4 Кәдімгі пісте 16 Ұлдана түйетабаны 5 Түктігүлді шренкия 17 Риандар 6 Минквиц примуласы 18 Резниченко рианы 7 Крашенинников канкринелласы 19 Бор риан 8 Қызыл жыңғыл 20 Құртқашаш 9 Ұзын жыңғыл 21 Аласа құртқашаш 10 Құм қашқыны 22 Альберт құртқашашы 11 Медуза жүзгіні 23 Қар тесер гүл
Облыстың табиғаты температураның құбылмалылығы, жауын-шашынның әр жылы әр территорияға әр түрлі түсетіндігі, ауаның құрғақтығы, қатты буланғыштығы, күн шуағының молдығымен сипатталады. Облыстың оңтүстік таулы аймағының ауа-райы жұмысақтау келеді, қысы онша қатты емес. Ылғалда біршама жақсы түседі. Облыстағы ауаның жылдық орташа температурасы 6, 5 және 10, 5 градус арасында ауытқып тұрады. Солтүстік және таулы аудандарда 6, 5 -8 градус орталық аудандарда 9 -10 градус
Талас ауданы облыстың оңтүстік батысында орналасқан әкімшілік бөлік. Топырағы сұр, шалғынды сұр, бозғылт қоңыр топырақты, солтүстігінде құмды құмайтты топырақ қалыптасқан.
Өсімдіктеріне: бақ – бақ, долана, жусан, киікоты, қалақай, қант қызылшасы, қызғалдақ, жыңғыл, жүзгін, сексеуіл, мойыл, наурызшешек, ақмалық, жантақ.
Талас ауданының «Қызыл кітабына» енген өсімдіктер Талас ауданында сирек кездесетін өсімдіктер: Қаратау ақшешегі, Қаратау жыланбасы, Қаратау кекіресі, Қаратау қауы, Қаратау маралтамыры, Қаратау тамағашөбі.
Зерттеу Жамбыл облысының Берікқара шатқалы – республикалық маңызы бар кешенді мемлекеттік табиғи аумағында жүргізілді.
Зерттеу Жамбыл облысының Берікқара шатқалы – республикалық маңызы бар кешенді мемлекеттік табиғи аумағында жүргізілді. Берікқара шатқалы (қорықша) – республикалық маңызы бар кешенді мемлекеттік табиғи қорықша, Қаратау тауының Берікқара жотасында орналасқан. Жуалы ормандарын және онда таралған жануарлар дүниесін қорғауға бағытталған мемлекеттік Билікөл орманшылығы мекемесінің ауданы 17109 гектар
Берікқара шатқалында сирек кездесетін өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері Берікқара терегі ( лат. Populus caspica, Populus berkarensis) талдар тұқымдасының теректер туысына жататын әлемде теңдесі жоқ ерекше жеке түр болып саналады. Дүниежүзінде тек қана еліміздің Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы Қаратау жотасының орманды — шалғынды-далалық белдеміндегі Берікқара қойнауында ғана өте сирек кездесетін әрі шағын алқапта таралған теректің түрі. Сондықтан да бұл терек түрі берікқара терегі деген атпен ботаника ғылымына енгізілген.
Оны алғаш рет қазақстандық ботаникғалым П. Поляков 1950 жылы ғылыми тұрғыда зерттеп жазды. Берікқара терегі ботаник-ғалым А. Усманованың деректері бойынша (1971) Сырдария Қаратауында да өсетіндігі айтылған. Бұл мәлімет ғылыми тұрғыда толық анықталмаған.
Жамбыл облысында сирек кездесетін өсімдіктердің халық шаруашылығындағы маңызы мен емдік қасиеттері Қымыздық, Мәтрөшке, Меңдуана, Мұжығын, Мүсәтір, Ойран шөп, Өгіз тіл, Рынсын, Сұлушаш, Сүзгі тарақ, Сүттіген, Торғай шөп, Томар дәрі, Тошала, Томаға шөп, Шаптұл қағы, Шерменгүл, Шаптұл гүлі, Уілдірік, Тікенді ұшқат т. б.
Емдік қасиеті. витаминдері бар. Ащылау тәтті дәмді ауырғанды басады, терді тоқтатады. Асқазан ауырғанда, жарыққа, тер тоқтатуға қолданылады. Пайдалану мөлшері 9 -15 г. Кермектеу, сор дәмді, жағымды райлы, усыз. Тәтті дәмді, жағымды райлы, усыз. Жемісі мен томар тамыры дәрі болады. А В 1 РР Емдік қасиеттері
Қақырықты босатып, жөтелді тыяды, жел өкпенің демікпесін тоқтату ролі бар. Жел-құзды айдайды, әлсіз ыстықты қайтарады, қанды күшейтіп, тарамыстарды босатады. Ащылау кермек дәмді, жағымды райлы, үлкен дәретті айдайды, денеге жиналған сулы ісікті қайтарады. Тәтті дәмді, жағымды райлы, усыз. Шикідей пайдаланса қанды күшейтеді, қуырып пайдаланса қан тыяды. Ащы дәмді, жылы райлы, усыз. Желді айдап, қанды күшейтіп, ісікті қайтарады.
Ерекшелігі: Көп жылдық шөп тектес өсімдік, биіктігі бір метрдей. Тамыры етті, ортасынан жарып қарағанда сары түсті, сабағы тік әрі жіңішке жарышақты келеді. Түп жағындағы жапырақтары ұзын, сағақты, жапырақ алақаны тар, ұзын сопақша формалы, жиегі толқындалғанғ сабағында өсетін жапырақиары жіңішке әрі ұзын, сабағы қысқа, жапырақ қынапшасы түтікше тәрізді қабық тектес болады. Үлкен шашақты гүлі шоғырлы, аталығы 6 дана, кішілеу гүлі солғын жасыл түсті болады. Жемісі үш қырлы сопақша келеді.
Өсетін орындары. Егістіктерде, жол бойында, сәйліктерде өседі Тау ормандарының дымқыл, шөпті жерлерінде өседі. Алтай, Тянь-Шань, Күнлүн тауларына таралған. Тамыры дәрі болады. Көктем және күзде қазып алып, шашық тамырын, сабақ қалдықтарын алып тастап, кептіріп, жалпақтап турап сақтайды.
Тұзды, сулы көлдердің шетінде, өзен бойларындағы тоқтау көлшіктерде өседі. Тау ормандарының етегінде, аңғарларда, бұталар арасында өседі. Солтүстік Шинжияңның таулы райондарында таралған. Жайлаудың күнгей беттеріндегі жартас астында, қорым жиегінде өседі.
Жинау және өңдеу әдісі. Гүл шанағы (ашылмаған гүл) дәрі болады. Жаз күндерінде гүлі ашылайын дегенде үзіп алып кептіреді.
Сиреп кеткен өсімдіктерді қорғаудың ең тиімді жолы қорықтар мен табиғи парктер, заказниктер мен табиғат ескерткіштерін ұйымдастырып, ботаникалық бақтар мен хайуананттар парктерін құру.
Кесте 3 - Ақсу жабағылы қорығындағы қызыл кітапқа енген өсімдіктер № Өсімдік аты Каз СРО Қызыл кітабы сиректену категориясы (1991) 1 Борец таласский Сирек түр, саны азаюда 2 Адиантум венерин волос Өте сирек түр 3 Аллохруза качимовидная Сирек түр, саны азаюда 4 Анафалис кистеносный Сирек түр 5 Лук пскемский Сирек ареалы азаюда 6 Береза таласская Сирек ұсақ эндемикалы түр 7 Каркас кавказский Сирек түр 8 Василек туркестанский Сирек түр 9 Безвременник желтый Сирек түр 10 Кузиния жесткая Сирек түр эндемикалы түр 11 Щитовник мынжилкинский Өте сирек, Реликт эндемикалы түр 12 Бересклет Коопмана Өте сирек, реликтивті 13 Иридодиктиум Колпаковского Ареал саны азаюда 14 Можжевельник зеравшанский Сирек түр, саны азаюда 15 Юнона голубая Сирек, ареалы аз 16 Латук удивительный Сирек эндемикалы 17 Яблоня Недзвецкого Сирек эндем түр 18 Яблоня Сиверса Сирек түр, саны азаюда 19 Люцерна бледно-желтая Сирек эндемикалы түр 20 Морина кокандская Реликті түр 21 Остролодочник каратавский Сирек эндемикалы 22 Остролодочник таласский Сирек ұсақ эндемикалы түр 23 Первоцвет Минквиц Сирек, Реликт эндемикалы түр 24 Ложнопустынноколосник Северцова Сирек түр 25 Ложноочиток каратавский Сирек, ұсақ эндемикалы түр 26 Рафидофитон Регеля Сирек, Реликті эндемикалы түр 27 Смородина Янчевского Салыстырмалы сирек 28 Шренкия Культиасова Реликті ұсақ эндемикалы түр 29 Щуровския окаймленная Реликті ұсақ эндемикалы түр 30 Жестковенечник пятирогий Өте реликті түр 31 Шлемник почтидернистый Өте сирек, эндемикалы 32 Ленец Минквиц Сирек, реликті, эндемикалы, жойылуда 33 Тюльпан Грейга Сирек, эндемикалы 34 Тюльпан Кауфмана Сирек, ареалы қысқаруда 35 Угамия ангренская Сирек, жіңішке эндемикалы 36 Унгерния Северцева Сирек Тянь-Шанның Батысы 37 Медиазия крупнолистная Сирек
Назарларыныңызға Рахмет!!!
диплом слайд.pptx